Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
аға оқытушылары П.Қ. Бисенбаев,
Е.М. Солтанаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде аға оқытушы П.Бисенбаев және Е.Солтанаеваның ұйымдастыруымен 2 курс «Қазақ тілім мен әдебиеті» мамандығы студенттерімен «Жазушының шығармашылық лабораториясы» атты пән ауанында қазақтың классик жазушысы Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті
Өміршең туынды
Сан қырлы дарын иесі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы өзінің ғажайып көркемділігімен қазақ әдебиеті тарихынан ерекше орынға ие. Онда адамзат соғысы жылдарындағы қазақ елінің шындығы суреттеліп, айтылмай қалған ақиқат әшкере болады. Қаншама қаламгердің қаламына ілікпей қалған трагедиялық жағдай шығарма өзегіне айналған. Бұл жайттардан автордың ұстанымы айқын аңғарылады.
Қаламер құдыреті – тарихи деректі жазушы ретінде зерттеп, өмір құбылысын көркем бейнемен көрсетуінде. Аймауытов үшін айыпты – аласапыран уақыт. Кінәлі мылтық кезеңнен қашқан орыстар мен бірін – бірі жау көрген қазақтың алтыбақан – алауыздығы. Белсенді Мұқаштың опасыздығы бірліктен айырылған Мамырбай ауылының тірлігі болмаса, Ақбілек қасіреті туындамас еді.
Жүсіпбек романында кейіпкерлердің жақсылығы да, жамандығы да мінез табиғатынан, әлеуметтік ортадан, тартыс атаулыдан тыс тұрмайды. Нағыз өмірдегідей шынайы қалпында бейнеленеді. Адам жаратылысы қаншалықты күрделі болса, Жүсіпбек сомдаған қаһармандардың жан – дүниесі соншалықты күрделі. Сондықтан да, «Ақбілектеі» кейіпкерлерді бірыңғай жағымды, жағымсыз деп бөліп, бағалауға келмейді. Әрине, кезең, дәуір қайшылықтары олардың да бойынан көрініс табады. Монархия үшін майданға кірген ақ гвардияшылар кеңес үкіметі толық жеңіске жеткен тұста жаңа билікке мойынсұнбай қарақшылықпен күн көреді. Кісі өлімі, зорлық – зомбылық олардың қазаққа жасаға кесір – кесапаты империялық талғам түсініг шығарма желісінде әшкере болады. Орыс атымен танылатын есімдер белгісіз кейіпкерлер «Жиренсары», «Қарамұрттарды» осында кездестіреміз. «Ақбілек» осындай ақиқат шындықты әйгілегені үшін орыс халқына қарсы жазылған шығармалар қатарына қосылды. Автор болса, «халық жауы» ретінде қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Қазақ прозасына ішкі монологты молынан ендіруде Ж. Аймауытов еңбегі айрықша көзге шалынады. Жиырмасыншы жалдар басындағы шығармаларда өте сирек кездесетін бұл тәсіл «Ақбілекте» жүйелі түрде көзге шалынады. Басты кейіпкердің қарақшылар қолына түскен сәтіндегі, елге оралғандағы қалада оқып жүрген мезеттердегі, түрлі жайттарға байланысты ойлары, толғаныстары бұған дәлел болса керек. Ж. Аймауытовтың адамның нақты күйі мен мінез – құлқын берудің өзіндік қолтаңбасын, соның ішінде монологтары жайында Г. Пірәлиеваның «Ішкі монолог» атты зерттеу еңбегінде сөз болғанын вйта кеткен жөн.
Басты кейіпкер Ақбілектің бөтенге білдіре бермейтін сыры мен мұңы тек монологтармен көрінген. Қалай дегенмен, бұл тәсіл шығарманың реалистік бітімін, психологиялық талдауын күшейте түскен. Ж. Аймауытов сомдаған әйелдер бейнесі оқырманды сендірмей қоймайды. Қаламердің пайымдауынша әйелдер жақсылықтың да, жамандықтың да бастау көзі. Жазушы қазақ әйелін асқақтата дәріптемейді. Керісінше, оған сын көзімен қарайды. Кей тұстарда сықақ ете суреттейді. «Саулы бозінген» дегенге түйе екен деп қалмаңыз. Түйеден кісі ұн сұрай ма? Бұл қазақтың жыны бар ғой, әжептеуір кісіні Бозінген деп шығарып. «Бұт жимас» демегеніне де шүкіршілік. «Саулы бозінгеннің» кім екенін айта кетеміз бе? Неміз кетіп барады? Бос сөзге жанысыз қмар ғой, айтсақ айта кетейік» (196 – бет).
Сонымен «Ақбілек» романының кемел – кесек туындыға айналуына Ж. Аймауытовтың көп жылдық тәжірибесі соның ішінде әсіресе психология ілімін зерттеп және пьеса жазуы зор ықпал етті. Аталан тақырыптың жазушының негізгі нысанына айналуы уақыт сыры жайында түрлі жанрда қалам тартып төселуі «Ақбілек» романының табысты дүние ретінде танылуына әсері күшті болды.
Оның үстіне автор «Ақбілек» романын жазушылық еберлігі әбден жетілген кезде жазған. «Әйел теңдігі» журналының 1927, 1928 жылдарындағы сандарында жария бола бастаған тұста – ақ қазақ әдебиетіне өзгеше бітімді мазмұны терең, көркемдігі биік туындының келгенін әйгіледі. Расында, «Ақбілек» романының ақталғанына жиырма бес жыл уақыт өтті. Содан бері неше қайтара оқысақ та, одан алар әсеріміз бір кемитін емес. Қайта бұл шығарманың өміршеңдігін, көркемдік әлемін анығырақ оқығандай боламыз. Жазушының өзіне тән стилі, қйталанбас қолтаңбасы «Ақбілек» романында толығымен тұтастай танылғанын көреміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
аға оқытушылары П.Қ. Бисенбаев,
Е.М. Солтанаева
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.