Ұлы суреткер тағылымы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

аға оқытушылары П.Қ. Бисенбаев,

Е.М. Солтанаева 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде аға оқытушы П.Бисенбаев және Е.Солтанаеваның ұйымдастыруымен 2 курс «Қазақ тілім мен әдебиеті» мамандығы студенттері арасында ағылшын әдебиетінің классигі У. Шекспир шығармашылығын талқылауға арналған әдеби кеш өтті

 

Ұлы суреткер тағылымы

 

Шекспир құдіреті – оның қаламынан туған ғажап образдарында. Жасампаз мәңгілік бейнелердің айтар идеясы сан қырлы және көбіне астарлы болып келеді. Оған жүктелген ой мен сыр ғасырлар қойнауында там-тұмдап ашылып, айқындала түспек. Жаңа дәуірге аяқ басқан сайын классикалық образдың өзгеше сипаты, ішкі мүмкіндігі табылып, Уильям Шекспир - Сонеты, стихилайықты бағасы беріліп отырады. Мәселен, он тоғызыншы ғасыр көрермені Гамлетті сыртқы ықпал-әсерге қарсы тұра алатын интеллигенция өкілі ретінде таныды. Ал 20-ғасыр көрермені кезең рухына сай Гамлетті күрескерлер санатына қосты. Кеңес заманында түсірілген фильмдегі Гамлет өңделген, түзелген, қысқарған эпизодтарына қарамастан, зұлымдық атаулыға қарсы қайрат қылған адам болып көрінеді. Әрине, мұндағы екі тұжырым да негізсіз емес.

Шекспир қаламынан туған сондай айтулы бейнелердің бірі – Король Лир. Зерттеушілер оның трагедиялық тағдырына, кесек тұлғасына тоқтала отырып, қайталанбас бейненің идеологиялық тұғырнамасына назар аударады. Яғни Лир трагедиясының түпкі себебін іздестіреді. Осы образдың сахнадағы өмірі үш ғасырға созылды. Содан бері аталмыш мәселеге қатысты қаншама тұжырымды ойлар айтылды. Біреулер «Король Лир» қайырымсыз қыздар мен дінбұзарлықтан туған отбасылық трагедия десе, енді біреулер «Король Лир» трагедиясын саяси мәні бар мәселелермен байланыстырады, яғни Лирді тарихи қалыптасқан жағдайға орай, елді біріктірудің орнына бөлшектеп тастағаны үшін айыптайды. Менің ойымша, Лир трагедиясының өзегі – жұтап, әбден жауыр болған жалған идеологияда. Небір ұғым-түсініктерден бастау алатын түрлі талдауларға қарамастан, Лир тағдыры тұтастығымен, образдылығымен терең идея ұсынып тұрғандай көрінеді.

Ромео мен Джульетта болмысынан кейіпкер өмірінің ақиқат шындығын танимыз. Олардың күллі әрекеті кейіпкер мінезінен туындап жатады. Мәселен, Джульетта күтушісінің: «Оның аты Ромео, ол – Монтеккидің, сіздің жауыңыздың ұлы» деген кесімді сөзінен кейін де оған деген қатынасын тіпті өзгертпейді, сырт көз не айтады деп қысылып-қымтырылмайды. Оның  әрекет-амалдарына қозғау салатын күш – қыздың өзі, оның мінезі, жаратылысы, Ромеоға деген махаббаты.

Өмірді сол қалпында көрсету, бәрін ішкі себептерге сүйеніп түсіндіру –міне, Шекспир шығармаларында көрініс тапқан жаңа заман реализмінің ұстанымы осы.

  1. Гамлетте трагедиялық бейне айрықша тұрғыда жасалады. «Гамлет» трагедиясының сыры оның басынан өткен оқиғаларда тұрғандай көрінеді. Бірақ осындай ауыр жағдайлар Лаэрттің басында да бар, алайда оның трагедиясы туралы ешкім жақ ашпайды, өйткені Лаэрт белсенді тұлға емес. Ал Гамлет болса трагедиялық жағдайларға саналы түрде қарсы тұрады. Ол қалайда «мыңмен жалғыз алысқанды» жақсы көреді.

Б.Шоудың «Ақылды адамдар заманның ыңғайына бейімделеді, ақымақ адамдар болса оны өзінің ырқына көндіреді» деген сөзі бар. Келешегін ойлаған адам өз заманының ұғым-түсінігін басшылыққа алып, әр нәрсені ақылға салып әрекет етеді. Таргедиялық тұлға ешқандай кедергілерге қарамастан, өзінің ойын, мақсатын іске асыруға кіріседі. Басты бағытын, түпкі мақсатын айқындап алған Гамлет еркін қимылдайды. Осы жағынан алғанда, кейіпкер ажалына оның белсенді өмір салты мен Құдай берген мінезі себеп болады. Трагедиялық шешім – тұлғаның ішкі әлемінде, бітім-болмысында.  

Қайта өрлеу дәуірі алғаш рет трагедиялық тартыстың әлеуметтік табиғатын айқындап, махаббат пен ар-ождан, өмір мен өлім, қоғам мен тұлға мәселесін өзінше шешті.

Қазақ драматургиясының бір ғасырлық тарихы бар. Театрларымыз осы уақыт аралығында даралық сипаты айқын үлкен мектеп қалыптастырды. Қандай шығармаға да жан бітірер тәжірибелі актерлеріміз де жетерлік. Біздің байқауымызша, театр репертуарларының қоржыны да күн санап қалыңдап келеді. Оларда біраз жылдардан бері рухани құндылықтар мен ұлттық мүддені насихаттайтын мәнді дүниелер сахналанып жүр. Бүгінгі заман тақырыбына жазылған пьесалардың да идеялық мазмұны терең. Облыстық театрларымыз да еңсесін көтеріп, ұлттық драматургиямыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келеді.

Дегенмен Д.Исабеков, М.Сәрсеке, И.Сапарбай сынды қаламы қарымды драматургтеріміздің жақсы бастамаларын әрі қарай жалғастырар Д.Рамазан сияқты жас драматургтердің көзге шалынбай жүргені алаңдатады. Бүгінде қойылымдарға тиесілі бағасын берер сыншыларымыз да жоқтың қасы. Қойылым – театр ұжымы жасаған жұмыстың жемісі. Сондықтан театрдағы психологиялық ахуал, қаржы мәселесі, кадр (маман) жайы, т.б. көпшілікке ұсынылатын дүниенің сапасына әсер етпей қоймайды. Тек мықты шығармашылық ұжым ғана көрермен талабын қанағаттандырмақ. Негізі, шығармаға ғұмыр сыйлайтын театр ұжымы болғандықтан, келешекте сахналанатын жақсы дүниелерге санаулы шығармашылық топтардың өздері тапсырыс бергені жөн дер едім.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

аға оқытушылары П.Қ. Бисенбаев,

Е.М. Солтанаева 

Уильям Шекспир


Имя Уильяма Шекспира известно во всем мире, как величайшего поэта и драматурга Англии. Благодаря его работам, его часто называют также национальным поэтом Англии, а сонеты и стихи Шекспира переводятся на многие языки и ставятся во всех известных театрах по всему миру.

Основными формами произведений Уильяма Шекспира были сонеты, поэмы и пьесы. Стиль его произведений был крайне специфичным, что часто затрудняет игру актеров в театрах, которым крайне сложно передать все эмоции лирических героев. Язык же перегружен метафорами и другими литературными приемами, особенно в стихах