Қызайдағы кереихәннің ұрпақтары

 

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

 

 

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

 

Жолданған уақыты: 18:56 – 2016/03/07

Қызайдағы кереихәннің ұрпақтары

Қосымша қайнары:http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=1366
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=1366

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=1366

Мақала жолдаушы: Erganaat
Мақала апторы:
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download – Жұктеұ – Скачать – ءتۇسىرۋ

Ресурс Facebook Twitter Google+ WhatsApp Mail.Ru SMS VK WeChat baidu Email Qzone Renren Viber

Қызай ана, шағыр және «қойшы аға» балаларының жәйі яғыни қызайдағы кереихәннің ұрпақтары. бұнда төріт қызайдағы итемген мен меңіс матай шағыр атаның ұрпақтары болса, бегімбет пен дербіс кереихәннің ұрпағы нүржігіттен (қойшы аға) тарағандығын айтады. шағырға іні болған «қойшы аға» лақапты кісі кім, тоқтарма әлде нүржігіт?

«қазақ шежіресі» кітәбінің «шыңғысхан» дастанында (нұрболат оспан) қызай жәйлі мынадай жыр шұмақтары келеді әрі онда найман құттыболат, оның баласы шағыр батыр және қызай ана жәйлі дерек былай айтылады:
………………………………………………
быр мың төрт жүз елу алты жылы еді,
қазақ ханы олардан бөлінеді.
қаратты бір хандыққа босып жүрген
кереи менен жәнібек елін енді.
шетіне моңғұлстан келіп кірді,
жәнібек келе салып хандық құрды.
қазақ ханын тұңғыш рет жаря етіп,
жиырма төрт жыл жәнібек хан боп тұрды.
қазақтар келіп жатты әр тараптан,
790. кез еді бұл бас құрап, есін тапқан.
абылқайыр ұдайы соғыс бастап,
озы ақыры соғыстан қаза тапқан.
өсімен қазақ ханы күшеиіпті,
топтасып әрбір жақтан есеиіпті.
жан саны екі жүз мың болған екен,
құралып барған сайын көбеиіпті.
быр мың төрт жүз сексенінші жылы еді,
жәнібек хан осы жыл өліп еді.
[color=Red]кереидің ұлы мұрындық таққа отырып,
800. отыз бір жыл ел сұрап тұрып еді.
мұрындықтан жалғыз ұл әлімқөжә,
самарқанның сұлтаны болған жаңа.
көп жылдар шәйбәнимен соғыс ашып,
қырқысқан жер талас боп хандар ара.
быр мың бес жүз төртінші жылы келді,
шайбани хан самарқанға басып кірді.
алымқожа сұлтанның басын кесті,
ұш ұлы жанын қорғап қашқын болды.
толымқожа, тоқтарқожа, қызырқожа
810. қолға түссе бәрі хақ, өлім – жаза.
қазаққа жан сауғалап барады олар,
қорғайтын адамдардан тілеп пана.
толымқожа байыс биды тапты барып,
атақты адам еді елге қанық.
тоқтарқожа барғаны құттыболат,
сөніменен қуанды жаны қалып.
құттыболатқа тоқтарқожа іні болды,
ұй тігіп, қатын алып семя болды.
жалғыз ұлы нүржігіт туғаннан соң,
820. тоқтарқожа оқыстан қаза болды.
нүржігіт, міне, осылай қалды жетім,
бырталай жетімдіктің тартты дертін.
шағырдың малын бағып есеиеді,
атанды қойшы аға боп, дүние, шіркін.
ақыры қызай анам қосылады,
шағыр өліп қайнына беріп еркін.
толымқожаға байыс би қызын берген,
жәнжігіт, бәйжігіт деп екі ұл көрген.
кеиін келе түркістән тынышталып,
830. қайрылып толымқожа кеткен елден.
жәнжігітті толымқожа алып кетті,
бәйжігітті мақта апайға беріп кетті.
басында жақсы жар боп қосылса да,
бұларды тағдыр ақыр бөліп кетті.
бәйжігіт байыс бидың бір баласы,
болыпты өз кезінде ер данасы.
қызырқожа ұлы жүзге паналаған,
ол да болды бәйдібектің бір баласы.[/color]
…………………………………………
«шыңғысхан» дастанының толық нұсқасы мына арада:
мақаланың келу қайнары: http://www.elarna.com/kitap.php?id=4665&oku=30550#ixzz42F3PmhpC

шыңғысхан баласы жошының тұқымнан шыққан қазаққа алғашқы хан болған кереихән (қарахан – қарайхан) еді, одан кеиін жәнібек хан болып, ол қайтыс болған соң кереи ханның үш ұлының үлкені бұрындық қазақта 31 жыл хан болып жүреді, жәнібек ханның баласы қасымхан (ол милионнан артық әскер ұстайды, жошы ханнанда қуатты армя құрады, алайда кеиінгі бірлес ханның (тахиыр ханның бауыры) тұсында қазақта 20 мың ғана әскер қалады, тіпті 1533-жылы (бұйдаш хан тұсында) қазақ хандығы тарап кетеді, тарихи рашидди-мүқәмет хайдар дұлати еңбегінен) бүріндіқпен ұқыққа таласты еді, бұрындықтан кеиін қасым хан болады, қасымхан бұрындық ханды (1511-жылдар қайтыс болған) самарханға сүргінге айдайды. ал бұрындық ханнан жалғыз ұл әлімқөжә қалған еді, әлімқөжә сұлтан болып жүргенде 1504-жылы бұрыннан қазақ хандарына кекті шайбани ханы самарханға басып кіріп, әлімқөжәні (әкесі бұрындық ханнан бұрын өлген) өлтіреді, мүхәммет шайбани ханды қазақтар 1510-жылы жеңеді, мүхәммет шайбани ханды иран шахы исмайыл ұстап, басын алады, бас сүйегіне алтын құйып, арақ ішетін ыдыс жасап, ойын-сауықта арақ-шарап құйып ішетін-ды, ал денесін көп бөлекке бөліп әр жердегі сұлтандарға силыққа береді. бұрындық ханның баласы әлімқөжәнің толымқожа, тоқтарқожа, қызырқожа атты 3 ұлы бар еді, олар қасым ханға симайтын, себебі олардың атасы бұрындық ханды қасымхан самарханға қуалап жіберген. осы аласапырандарда, шайбанидан қашып мұрындық хан немересі толымқожа наймандағы байыс биды паналайды, қызырқожа үйсіндегі бәйдібекті паналайды. аттарын шайбани ханнан жасырып кетуі керек. тоқтарқожа болса наймандағы құттыболатты паналайды, тоқтарқожа құттыболатқа бір тумасада інідеи болады, басына шаңырақ ұстап, жағдайы оңалады. тоқтарғожа қайтыс болғанда жалғыз ұлы нүржігіт (кереи ханның баласы бұрындық ханның шөбересі) қалған еді, нүржігіт наймандағы құттыболат баласы шағыр батырдың малышысы болады әрі осы себепті оған «қойшы аға» деген лақап ат қойылады. шағырдың қызай анадан бұрын адай деген үлкен әйелі болған екен, адайдан бір ұлды болып, одан 6 ұл немере сүйеді. шағыр қайтыс болғанда әмәнгерлік түзім бойынша қызай ана «қойшы аға» нүржігітке тұрмыстанады. ал «есенгелді» дастанында:
қызайдың осы жерлер- өрісі екен,
шағырдан итемген мен меңіс екен.
шағыр өліп, қызайды қойшы аға алып,
бегімбет, одан туған-дербіс екен.
деп айтылады. осындағы «қойшы аға» нүржігіт болып, кереи ханның баласы бұрындық ханның шөбересі болып келеді. төріт қызайдағы қойшы ағадан туған бегімбетпен дербіс тер кереихән ұрпағы болып келеді, басқа еңбектердеде «қойшы ағаң» найман емес, қыиын кездерде найманның арасын паналап келген бәзбір қазақ хандарының ұрпағы еді делінген. екі әке, бір шешеден туған бегімбет, дербіс, итемген, меңіс деген төрт ұл бір–бірінен бөлініп кетпеу үшін бұлар найман ішінде төрт қызай аталады. бұл шежіре-дерек бойынша қазақ хандығының алғашқы ханы кереихәннің үлкен бір көзі төріт қызайдағы бегімбетпен дербістерді атауға болады. басқа дерктерде «қойшы аға» шағырдың бір әкеден туған тоқтар деген кісі делінеді, алайда шағырдың әкесі құттыболаттан шежіре таратқанда одан құтым мен шағыр туды деп екі ақ ұрпақты айтады, тоқтар немесе «қойшы аға» туды демеиді, тастап кетеді, ал кеи шежірелерде кеиін тоқтар туды деп қосып қояды. түйін. шағырға іні болған «қойшы аға» лақапты кісі кім, найман құттыболат баласы тоқтарма әлде кереихәннің ұрпағы нүржігіт пе?

пайдаланған деректер:
«қазақ шежіресі, шыңғысхан дастаны» (нұрболат оспан) , «есенкелді дастаны», «қызай шежіресі», «қазақ хандарының баяны», «бабырнама».
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=1366

Қызайдағы кереихәннің ұрпақтары