АЙҒАНЫМНЫҢ ЖАҢА ОРДАСЫ

   АЙҒАНЫМНЫҢ ЖАҢА ОРДАСЫ ЖАЙЫНДА БІР ӘҢГІМЕ

      1994 жылдың қоңыр күзі еді. Биғаңның (Бейімбет Майлиннің) Қостанайдағы тойына жолымыз бірге түскен Алтыншашпен, кәдімгі халық қалаулысы, жазушы Жағановамен «сапар оң болсын» айтысқан соң оның салтанаттан кейін аз күн тынығып алғала Оқжетпеске бара жатқанын білдім.

  • О, онда Көкшеге де жолымыз бірге түсті ғой. Жол-жөнекей Ақан серінің жаңа ауылына соғамыз. Сәл бұрыс болады.
  • Ой, Айғаным анамыздың ордасын міндетті түрде көруіміз керек. Мүмкіндік болса бейітінің басына барып, зиярат етіп, дұға оқып қайтқан жөн. Әйтпесе әруақ аттағандай боламыз. «Айғаным-ананың басына міндетті түрде барамыз», – деп ол ойын айшықтай түскісі келгендей «міндетті түрде» дегенді шегелей тағы да қайталады.

Айтқандай-ақ, той аяқталысымен тура Көкшетауға тарттық, ұлы  жазушының жүз жылдық мерейтойына Бурабай басында демалып жатқан жерінен арнайы келген Сәкен Жүнісов пен Қалдарбек Найманбаев Қостанайдан бізбен бірге қайтты. Шекарада Борлық өзенінің үстіндегі биік көпірдің тұсында бізді Айыртау ауданының әкімі Армия Әбілқайыровтың өзі қарсы алып, Шоқан салған суреттер бойынша қалпына келтірілген ордаға бірден бастай жөнелді. Ханшаның зираты соның тап түбінде екен. Жолай аятты Ақан серідей сұңғылана, Науан хазіреттей ғұламаны ертеден зерттеп жүрген Сәкен оқымақ боп келе жатқан-ды. Бейіт басына келгенде ол «әй, күліп қойып, құран сөзін шатастырып алармын»-деп қипақтауға айналды. «Онда рұқсат етсеңіздер өзім-ақ оқиын» деп шарта жүгініп отыра қалған Алтыншаш «ясиннен» бастап, «құлһуалланы» үш қайтарды: мақамы да, мәнері де әп-әдемі. Бұрнағы жылы Президентпен бірге бір топ қаламгер Түркияға барып, Ыстамбұлда болғанымызда Ая-София мешітінде садақа беріп, ұлы Отан соғысында опат болған әруақтарға құран бағыштатқаны есімде. Зайсандағы зілзала зардабын шеккендер үшін шыр-пыры шығып, шырылдап жүретіні,  аналар мен балалардың жағдайын жақсарту жөнінде талай толғақты мәселелер қозғап, дамыл, тыным таппайтыны, қазір де мәдениетіміздің қам-қарекеті көп толғанатыны ойыма оралып, «осы Алтыншаш та Айғаным сияқты ел анасы болуға бет бұрып барады-ау, шамасы!» деген пікір қылаң етті. Осынау ойдың әсері ме, ендігі бір әзірде оның аты аузыма түспей «Айғаным!» деп қалғанымды өзімде аңғармаппын.

Айғанымның жақында қалпына келтірілген ордасы Шоқан шығармаларын зер салып оқығаннан бері көз үйренген суреттерді тірілтіп, қаз-қалпында алдымызға алып келгендей. Биік күмбезді мешіт, қаңылтыр  шатырлы үлкен қонақ үй, ұзынша келген әсем медресе ғимараты, уыз қарағайдан қиып жасалған ас үй мен сарайлар, аула ортасындағы қайыңнан бұрап шегенделген тұтқалы құдық, айнала сырғауыл шарбақ – бәрі-бәрі көзге оттай басылатын таныс суреттер сияқты. Міне, есіктен төрге дейін тай шаптырым дағарадай қонақжай. Кезінде қазақтың хан мен қарасы, жақсы мен жайсаңы жиылып  мәжіліс құрған құттыхана. Осының төрінде сөз салыстырып, жыр жарыстырып, Орынбай мен Арыстанбай, Ақан сері мен Есенбай секілді ақын-жыраулар мен әнші сазгерлер де отырған ғой. Ән әуелетіп, күй күмбірлетіп, жыр селдетіп отырған сол сал-серілердің саңқылдаған үні қазір де құлақта жаңғырып жан тебіренететін тәрізді. Орыс саяхатшыларының жол жазбаларын еске алсақ , анау төргі бұрышта терезеден түскен жарыққа қарай түсі сан құбылып, сәуле шашатын биіктігі екі метрдей үнді вазасы тұрған. Түстікке қараған төрт терезенің түбінде жиырм пьесалық орган болған. Органның Алматы консерваториясыны жетпісінші жылдары әпең келгенін ескерсек, бұдан екі жарым бұрын жасаған орда иесінің мәдениет деңгейі қандай екенін бағдарлауға болады. Есіктен төрге дейін тұтас алып еднде түсі тотының қанатындай алуан бояумен құлпырып түрікпен кілем жатады екен.Оны мешітке әдейі арнатып, Абылай ханның өзі түрікпен шеберлеріне тоқытса керек. Бір өзі бір нарға жүк сол кілемді беретін бандылар тығып қойған жерден тауып алып, он екіге бөліп, қиып-қиып тастапты. Сәбит Мұқанов оның бір бөлігін өз көзімен көргенін, сол екі құлаштай шаршыдан-ақ кілемнің түсі көздің жауын қалай алғанын жазады.

Оң жақ бұрыштағы ханымның жатын жайына бас сұққанда жиегі оюланған кимешектің үстіне қарқарадай күндік салған, мамырларға мама қаздай мол денелі ақ әженің тізесіне басын сап еркелеп жатқан шәкірт Шоқанның шашын сипап шұқылап шаһар тұрмысын сұрап отырған кескін-кейпі  көз алдында келгендей. Аруағына тағызым етіп, үнсіз бас идік, әрине  қазақ әйелдерінің арасынан алғаш хан міндетін атқарып, Орта жүздің біз кездегі билеушісі болған Айғаным анамыз ғой ол.

       Ресей әкімшілігінің ресми құжаттарында Уәлидің ханша Айғанымы деген атпен әйгілі ханым хан тұқымынан емес, қара халықтан шыққан. Атығай елінде қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген.  Әкесі Сарғалдақ Құдайберді-Бәйімбет арсында бала оқытқан ұстаз молда.  Атасы Мәлім қожада оқыған, көзі ашық, кезіндегі білімді адам болған. Ол өз білгенін балаларына үйретіп, сауатын ашып  қана қоймай, олардың ілгері,іргелі жерден оқып, білімді де білікті азамат боп шығуына көп көңіл бөлген. Сондықтан да сол Сарғалдақтан сонау Қара Бұқарада оқытқан. Он екі пәнді түгел тәмәмдап елге ғалыұстаз болып оралған баласы ел ішінде бірден зор абырой беделге ие болып, кейін билікке де араласқан. Жұрт оны айтқаны айна қатесіз келетін көріпкел, әулие деп құрмет тұтқан. Озық ойлы Сарғалдақ ұлдарының ғана емес, қыздарының да оқып,білім алуына айрықша мән берген.  Соның арқасында Айғанымда жүйелі білім алып, жеті жұрттың тілін біліп өстті. Ол әкесінен араб,парсы, шағатай тілдерін үйреніп, шығыс ойшылдарының шығармаларын көп оқиды.

Осылай алаңсыз оқып, жауқазындай желкілдеп бой жетіп келе жатқан  шағында ауылға Абылайдығ тағына ие болған баласы,атақты Уәли хан өз нөкерімен.  Ханға еріп келген әнші-күйшілер мен саятшы-серілердің өнерін тамашалауға жиналға жұрттың ішінен  өңі аршыған жұмыртқадай аппақ, сұңғақ бойлы ботакөз бойжеткен ханның көзіне оттай басылды.  Тарам-тарам етіп өрілген қою қара шашы, күлкі үйірген кірпігі мен әдемі қыр мұрыны сирек кездесер сұлудың сымбатын айшықтап аша түскендей. Жасының біразға келіп қалғанын, бұрын да үш әйелі барына қарамастан, хан қызға құлап түседі де, атасы Сарғалдаққа сөз салады.

Қыздың құны қырық жеті деп, кім мал берсе, сол алатын кез. Оның үстіне хан қолқа сап тұрған соң қожада қарсылық көрсетер хал бола ма  бірден келісім бюереді. Бірақ өткір, өжет Айғаным бұйрықтысына шартты өзі қояды.  «Бурабай баурайында Уәлидің бір емес, әлденеше баласы бар көрінеді. Оларға апарып қоңсы қондырмасын, мен десе мекенін осы жаққа ауыстырсын» дейді. Хан келеісіп, қатын-балалрын Көкше етегіндегі мекендеріне қалдырып, өзі Есілге жақын жердегі Сырымбет тауына кеп қоныс тебеді.

            Уәлимен отасқан жиырма шақты жылдың ішінде Айғаным оннан астам құрсақ көтеріп, Әбен, Мәмке,Шепе,Шыңғыс, Қанқожа, Әлижанды атты ұл мен Рақия, Нұрилла атты екі қыз өсіреді, төрт нәрестесі жастай дүние салады. Қанша балабасты болғанымен табанына о т шыққан уытты, ажарына ақылы сай алғыр Айғаным ханның өзін ғана билеп-төстеп қоймай, оның елінде бірге басқарысады. Кең пйілі мен кемеңгерлігі, мейірмандығы мен меймандостығы алыс жақынға бірдей жағып,орта жүздің игі жақсыларының ғана емес, патша әкімшілігінің келім-кетім өкілдерінде баурап алды.

Қазақтың арғы-бергі тарихында билік айтқан әйел аз болмиағандақтан, хан атанып, таққа отырғаны жоқ. Болса да олардың аты бетінгі ұрпаққа жетпей, ғасырлар қойнауында қалып қойғанды.  Сол себепті Айғанымды орыс патшалығы хан деп білгенімен қазақтың өзі билеушіміз  деп танығысы келиеді. Онынң үстіне айбынеды да айдынды Абылай ақыл айламен басын біріктіріп, егеулі найзамен жат жұрттан қоғап іргесін бекітіп кеткен хандық  Уәлидің сен тимесенң мен тимен дегендей сылбыр саясатының салдарынан бұрынғы беделіне айрылып,  ауа жайылып, азайып ыдырауға бет алғанды.

Ол 1830 жылы наурыздың 16 жұлдызында Қөқшетау округінің бастығынын Ресей үкіметіне адал берілген ұлы сұлтан Шыңғыс Уәлиевтің орысша оқып, жазуымен, саясатпен шұғылданғысы келетінін, ханшаның өтініші бойынша облыс бастығы оны Омбы училещесіне қабылдаға келісім беріп, оқитын деріне жетуіне ауызша рұқсат еткенін айтып, Омбыға барар көлігіне көмек көрсетіп, мұқсат беруін өтінеді. Келесі жылы бір хатында оның Омбының облыс бсатығының орысша оқып, білім алуы, пайдалы ғылымдарды үйренуі үшін балалары Шыңғыс мен Төрежанды сондығы училещеге қалдыруын өтініп,  Омбының азиялықтар училещесіне тобыл татры, молда Уәли Оразымбетовтың ұлы- Мұқаметқалиды да шәкірт етіп түсіруін сұрйды.

Осы өтініштерінің өзінен-ақ  Айғанымның жастарға деген қалтықсыз қамқорлығы,ұлтқа, жікке, текке бөлмейтін,  алалықсыз ақкөңілділігі мен мұңдалап тұрған жокқ па.

Мұқам етқали молда татардың баласы болса, Төрежан  Уәлидің басқа әйелінен туған ұл, былайша айтқанда, күндестен туған томарбас.

Омбыға барғанда биік мәртебелі үкімет алдындағы айрықша еңбегімен көге түскен қазақ, қырғыз атқамінерлерінің награда алып жатқанына куә болған ханша  Омбы облысының бастығы  Де Сент-Лоранға Сіздің мәртебеңізге мына жәйді жеткізуді парыз санаймын.  Келесі кезекте сый-сыяпатыңызды  ынталы да ықтияқатт ықызмет атқарып жүрген Иманқұловты ұмыт қалдырмасаңыз екен.  Деп жазады.   Бала болащағының ұстасы-ұзтас еңбегінің еш болмауын, елеусіз қалмауын  айғаным сонда-ақ ескерген. Ұстазын елемейтін елдің ертеңі жоқ, мектебін құнттамайтын халықтың болашағы бұлдыр.  Ал ханша өзі ашқан мектебінің  оқу бағдарламасын жасауға тікелей араласып, оның орындлуын ұдайы бақылап отырған. Соның арқасында ұлдары мен қыздарына сапалы білім, саналы тәрбие берген. Шыңғыстың арғы-бергі тарихын, салт-дәстүрінтерең білетін білімдар, Қанғожаның  скирпка тарқанның теңдесі жоқ топ жарған күйші болуы да осыдан.

Жаратылысынан жаңашыл Айғаным қазақтардың мал щаруашылығымен қатар жер сүмесін еміп, егіншілікпен айналысуына да қатты көңіл бөлген.  Жерме жұмыс істеп, егінщіліңпен щұғылданудың қыр халқы үшін пайдалы екенін баяндап, жоғарғы жаққа талай өтініш түсірді.

Әрине, егіншілікпен түбегейлі айналысу үшін ел ең алдымен отыршылдыққа ауысып, бір орында тұрақтап тұруы керек. Бұл бағытта да алғашқы  үлгіні Айғанымның өзі көрсетеді. Патша әкімшілігіне қолқа салып., Сырымбет тауның етегінен қыстау тұрғызып, тұрақты мекен-жай  салып беруін сұрайды.  Ол өтініш Батыс Сібірдің генерал губернаторы П.М Капцевтің патшаның өзіне жеткізіп, бағалы бастаманың мәнін ашар мәлімхат жолдайды.

      Александр патша Айғанымның тілегін қанағаттандырып, игі ниетінің жүзеге асуына жан-жақты көмек көрсету туралы жарлық шығарады. Ханымның өзіне төрт жүз теңге зейнетақы тағайындайды. Алайды патшаның  жарлығына қарамастан құрылыс жұмысы  табандаьқан он жылға созылып, мың сегіз жүз отыз төртнші жылы ғана аяқталды. Қазір қалпына келтіріп, мұражайға айналдырғалы отырған мекен-жйдың іргесі алғаш осылай қаланған еді. Оның құрылысына ханшаның өзі тікелей араласып, қонақжайдың ішке қабырғаларын сылатпай, ақ қозының жүнінен басылған жұқа қатырма киізбен қаптаттырған.

Өз зманының қоғамдық-саст ахуалын жетік білген ол ел өмірінің ең бір күрмеі қиын мәселелріне шешуге іркелмей кірсіп не нәрсенің  болсын әділет тұрғысынан таразылануын қарастырады. Әділдігімен, алғырлығымен асқан абырой-беделге ие болған ол ел басқарушылардан әділеттің ақ жібін атауын талап етеді.

Осыған қарағанда Айғаным патша өкіметі ойлағандай айтқанға көніп, айдағанға жүретін қой аузынан шөп алмас көп момақанның бірі болмағанға ұқсайды. Қажет жерінде тиісті талабын қойып, қалтықсыз орындатып та отырған. Әсіресе қахақ-орыстарының баса көктеп қазақ жеріне қоныс салуына жол бермеуге тырысты.  Онда оқиға кездессе, табан аузында жоғарғы жаққа хабарлап, шұғыл талап етеді. Есіл өзенінің төменгі ағысынан жоғарғы жатқан қалмақ-өткел алқабындағы бағы заманнан бергі қазақтарға тиесілі екінші полктың қазақтары басып кіріп, жалпақ жаьқан жайылымдық жерді жайлап, тұрғылықты халықты ығыстырп жатқан көрінеді. Осынау өтінішке тізімді қоса тіркеу отырып,  сіздің биік мәрт ебелі құзырыңызға шекарадағы кардон бастықтары мен земство полициясының қазақтардың рұқсатынсыз олардың жайлау жайылымы бар жерде ағаш кесуіне, шөп шабуына жол берілмеуін ұсынамын.

                       Әрбір ескертпесінен осындай нәтиже шығарып отыруының өзі Айғанымның жоғарғы ұлықтар алдында айбын-беделі мол болғанын ағ\ңғартса керек. Сондықтан да патша үкіметі оның еңбігін еркеше бағалап, барлық іс-қимылын қолдап отырды.

Акерке Ауганбаева