Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі

Ләйла Мұсалы,

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

 

 

                                                   

                                     Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі

 

 

          ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚазҰУ-ДЫҢ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «КӨКЖИЕК» ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН, СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН, ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТУ МАҚСАТЫНДА  «ҮШ БӘЙТЕРЕК» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ.

Кешке белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұстаз Күләш Ахметова, әдебиетші ғалымдар Сағындықов Нұрлан, Бақытқожа Баязитов, филология факультетінің магистранттар мен студенттері қатысты. Кешті «Көкжиектің» жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиетші Ләйла Жұматайқызы « Құрметті студенттер! 26 ақпан – қазақ әдебиетінің тарихындағы қаралы күн. Бұл күні қазақ әдебиетінің үш бірдей көрнекті өкілдері, бала кезімізден өлең-жырлары құлағымызға таныс үш бірдей ақын Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров жазықсыздан жазықсыз атылған күн.

Бүгінгі жиынымызда сол ардақты қаламгерлердің рухына тағзым ету мақсатында  1 минут үнсіздік жарияланады» деген сөздермен ашты.  Келесі кезекте Үш бәйтеректің өмірінің соңғы кезеңіне арналған бейнебаянды көрсетілді, Осы шараға дейін «Көкжиек» клубы Үш бәйтеректің шығармаларына әдеби талдау ұйымдастырған еді. Қаламгерлердің шығармаларына 1 курс студенттерінің жасаған талдауларына Ләйла Жұматайқызы шолу жасап, талдау мәтіндерін экраннан көрсете отырып, әр шығарманың жетістігі мен кемшілігін атап өтті. Талдауға қатысқан барлық студентке алғысын айтып, сыйлыққа кітаптар тапсырды. Кеш барысында «Поэзия минуттары», «Үш бәйтерек» атты шағын көрініс көрсетілді. Сәкентанушы ғалым, ардақты ұстаз, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің Сейфуллин туралы еңбектері жөніндегі бейнебаян көрсетілді. Кеш қонағы белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұстаз Ахметова Күләш апайға сөз алып, әдебиет пен руханият жайында жастарға үлгі-өнеге болар әңгімесін айтты.

Бұл кештің жастарға берер тағылымы мол болды.

Ләйла Мұсалы,

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

 

 

 

 

 

 

Ләйла Мұсалы,

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті