-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әмір Молдабеков
“ХАБАРДЫҢ” БЕС БЕЛЕСІ
Оқу құралы
Алматы
“Қазақ университеті” 2000
АЛҒЫ СӨЗ
“Хабар” ақпарат агеттігі: даму проблмалары деген тақырыпта зерттеу жүргізіп жүрген Ә. Молдабековтың назарларыңызға ұсынып отырған “Хабардың”бес белесі” атты бұл оқу құралын болашақ үлкен еңбектің алғашқы желісі, іргетасы деп білгеніміз жөн.
Көптеген жылдар қазақ телвизиясында қызмет істеп, одан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекттік ұлттық уиверситетінің журналистика факультетіне оқытушылыққа ауысқан Әмірдің бұл сала бойынша тәжірибесімен қатар теориялық дайындығы да мол.
Кітап ғылыми тілде, нақты деректер негізінде жазылған. Автордың өзі “Хабар” агенттігінің қызмет қыр-сырын, ішкі жұмысын, жетістіктері мен кемшіліктерін жан-жақты қарастырған. Өзі әңгіме қылып отырған телеарнаның басшыларымен қатар көптеген қызметкерлерімен де сөйлесіп, олардың ойларын оқырманына ұтымды жеткізеді. Сондай-ақ, бұл еңбекте телекөрермендердің де, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалым-жазушылардың да осы агенттік туралы әр кездерде айтылған ой-пікірлері келтірілген.
Зерттеуші “Хабардың” бес жыл ішінде істеген істерін жалаң баяндап қана қоймайды. Күнделікті берілетін шағын жаңалықтардан бастап, ірі-ірі бағдарламалардың сценарийлерін талдау арқылы сол хабардың мән-мазмұнын, жетістігі мен кемшілігін оқырманына нанымды түрде нақты деректер арқылы баяндайды. “Тәуелсіздіктің ауыр жүгі” деген алғашқы тарауда автор көп мәселенің басын қайырған. 1995 жылдан арнайы үкіметтің қаулысымен құрылған агенттіктің бірте-бірте 400-ден астам қызметкерлері бар үлкен ұжымға әрі республикадағы телеарналардың көшбасшысына айналғанға дейінгі тыныс-тіршілігін толықтай ашып берген. Сондай-ақ айналдырған бес жылдың ішінде 60 миллионнан астам көрермен жинап, қосымша таза ұлт тілінде “Хабар-2” арнасын ашуы да үлкен ерлік, жасалып жатқан істердің нәтижесі. Әйтсе де, “Хабарда” әлі де болса шешілмей жатқан проблемалар мен кемшіліктер де жоқ емес екен. Оны да автор көбінесе агентіктің өз қызметкерлерінің аузымен айтқызып, оқырмандарды сендірудің жақсы жолын тапқан.
Мысалы, “Хабар-2”-нің ашылуына байланысты “Хабардағы” казақ тіліндегі хабарлар азайып кетуі; күнделікгі “Хабардан” еститін жаңалыктарды “Хабар-2”-ден қайталануы; “Хабар-2” де беріліп жүрген “Қырық өтірік”, “Мың бір мақал”, “Деген екен…” ток-шоу, телеойындарының сценарийлері бір адамның қолынан шыққандықтан бәрі де мазмұн және түсірілім жағынан бір-бірінен ерекшеленбеуі кейбір тілшілердің таяздыкқа салынуы… т.б.
Алайда осының барлығьша қарамастан “Хабар” агенггігінің республика көрермендері үшін жасап отырған жақсылық істері өте көп. Зерттеуде солардың барлығы да жан-жақты қамтылып, көрсетілген. Бір сөзбен айтқанда, автор қазір төртінші билік иелері аталып отырған республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып саналатын “Хабар” агенттігінің 5 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын оқырмандарына салиқалы түрде жеткізе алған.
Сағымбай Қозыбаев,
тарих ғылымдарының докторы, профессор.
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бірі – Қазақстанның әлемдік дидарын қалыптастыру.
Адамзаттық қарым-қатынастар орнап, мәдени-тарихи, этникалық ерекшеліктер қалыптасатын орта қоғам болып табылады. Ал, ондағы ақпарат көздері хабар алмасудың аралас-құралас болудың басты арқауы. Таратып айтар болсақ, “indopmutio” (латын тілінде) – түсіндіру, құлағдар ету деген мағынаны береді. Бұл ұғымның аясында адамдардың бір-бірімен ауызша, жазбаша және т.б. жолдармен хабар алысуы жатыр.
Бұл турасында кибернетиканың негізін қалаушы Н. Биннер былай дейді: “Ақпарат – біздің сыртқы әлемге деген бейімделу процесінің көрінісі”. Демек, бұл анықтаманың журналистік қызметте ақпарттың алатын орыны ретінде біздің зерттеуімізге тікелей қатысы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық өмірдің айнасы екендігі, оның алып қуаты жердің тартылыс күшінен кем түспесі зердесі ояу азаматқа белгілі нәрсе. Баспасөз, радио, теледидар рухани тәрбие беруде аса маңызды роль атқарады. Әр заттың, құбылыстың себеп-салдарын анықтауда да, әлеуметтік тегін тануда да оның маңызы ерекше.
Күллі жер шары ақпараттар толқынының алақанында. Оны шартты түрде “бейнелік” және “дыбыстық” деп екі топқа бөлуге болады. Бейнелік топқа теледидарды, ал дыбыстық топқа радиохабарды жатқызамыз. Бұл екі топтың да табиғатына шұғылдылық пен репортаждық қасиеттер тән.
Басқа бұқаралык ақпарат құралдарына қарағанда теледидардағы ақпарат тарату пішіні бейнелік көрініс табуымен ерекшеленіп, оны қабылдаушы көрерменнің ақпаратқа деген сенімін арттыра түседі.
Өзгелермен салыстырып қарағанда, бұкаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі теледидар міндеттерінің ұлғая түсуі оған деген ел сұранысының арта бастауымен тікелей байланысты. Осыған орай теледидар хабарларында ақпараттык сарынның молырақ болуы күн тәртібіне қойылды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес телеарналарда ақпараттық хабарлардың толыға бастауы сөзіміздің дәлелі болмақ. Мысалы, “Хабар”, “Ақшам”, “Тәулік тынысы”, “Әйел және уақыт”, “Информбюро”, “Панорама дня”, “Күн дерек” және т.б. телеэфирдегі ақпараттык, хабарлардың сандық сипатының арта түсуі сапалык реңіне кедергі жасап отырған жоқ. Себебі, нарықтық қатынастар салтанат құрган қазіргі заманда өзара бәсекелестік қағидалары – заңды.
Қазақстан тәуелсіз ел аталғалы 10 жылға аяқ басты. Тарих керуенімен ілесіп келген бай мұрамыз, асыл қасиеттеріміз, ортақ құндылық-тарымыз кайта жаңғырды. Дербес мемлекет ретінде қоғам бағытын баска арнаға бұрып, көптеген зандар да қабылданып үлгерді (әрине, кейде қабылданған заңдарды орындау үшін де “арнайы заң” қабылдап жататын тұстарымыз бар).
Негізгі зерттеу объектіміз бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистикаға қатысты болғандықтан, “Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң” атты маңызды құжатқа салмақ сала сөйлеген жөн болар. Өйткені, баспасөз бостандығы қоғамдағы демократия мен жариялылықтың деңгейін анықтайды. Республикамыз егемендік алғалы көптеген тәуелсіз және жекеменшік баспалар, газеттер, радио, телеарналар ашылып, өз жұмыстарын түрлі бағытта жүргізіп келеді. Бірақ, олардың үкімет саясатына, әлеуметтік-экономикалық реформаларға көзқарасы қандай бағытта өрбімесін, кез келген арнаның (теле немесе радио) назарда ұстайтын басты принципі – өз көрермендері мен тыңдаушыларын жаңа, әділ, сенсациялық ақпаратпен камтамасыз ету болып табылады. Әр телеарнаның ақпараттық хабар тарату бағдарламалары өзіне тән ерекшеліктері бойынша құрылған. Біреуі ресми жаңалықтарға ықылас білдірсе, екіншісі – қалалық шеңбердегі жаңалықтармен шектеледі (әсіресе, хабар тарату диапазоны тек қана қалалық аймақты қамтитындары), үшіншісі – экономика, бизнес әлеміндегі жаңалықтарға молырақ уақыт бөледі.
Қазіргі нарық заманында аталмыш ақпарат құралдарының көбісі дерлік демеушілер ақшасымен, жарнама беруші мырзақолдардың каржылық көмегімен өмір сүруде. Кім ақшасын төлесе әуелгі тапсырысты сол береді.
Әртүрлі ақпараттық бағдарламалардың пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес. Жаңадан ашылған арналар парасат деңгейіне, көзкарас біліктілігіне, жас ерекшелігіне, мамандық сипатына қарай өзіне тән аудиториясына ие. Бұлардың ішінде “Хабар” мемлекеттік агенттігі ғана республикалык көлемде хабар таратса, қалғандары қалалық, аймақтық шеңберден әріге аспайды. (“КТК”, “Рахат”, “Таң”, “31 арна”, “НТК”, “Шаһар”). Бір өкініштісі, отандық теледидар ресейлік телеарналардан артта қалып келе жатқан сияқты. Және де бұл теріс құбылыс соңғы бес-алты жылдың ғана еншісіндегі нәрсе емес, оның аттаныс нүктесі осыдан он бес-жиырма жыл бұрын басталғаны ақиқат. Сондай-ақ, бізге қазақстандық, ұлттық бояуы басым теледидар қалыптастыру керектігін ешкімге дәледдеудің қажеті жоқ.
БІРІНШІ ТАРАУ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АУЫР ЖҮГІ
Биыл XX ғасырдың соңғы жылында қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына 130 жыл толды. Оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының тарихына келетін болсақ, Қазақ радиосына 87 жыл, Қазақ телевизиясына 42 жыл толып отыр. Яғни, мұның өзі қазақ журналистикасының аяқ астынан пайда болмағандығының, оның Шоқан, Ыбырай, Абай одан кейінгі Ахмет, Әлихан,
Міржақып, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы Секен, Бейімбет, Ілияс, бертін келе Ә. Нұршайықов, Ү. Бағаев, Ж. Алтайбаев, К. Смаилов,
Ш. Мұртаза сияқты біртуар көшбасшылары болғандығын дәлелдейді. Міне, сөйтіп, мерзімді баспасөзден гөрі бұқаралық ақпарат құралдары кешірек пайда болып, дамыған қазақ журналистикасы мол тәжірибе мен
XX ғасырдың басынан жинақтала бастаған ұлттық теорияның негізінде жалғасын тауып, Ахаң (А. Байтұрсынұлы) айтқандай: “Халықтың көзі мен құлағына һәм тіліне” айналып отыр. Бұл туралы белгілі сыншы, Қазақ телевизиясының жарық жұлдыздарының бірі – С. Әшімбаев өзінің “Шындыққа сүйіспеншілік” деген еңбегінде: “Дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіретті еш нәрсе жоқ. Бәрі де сөзден басталып, бәрі де сөзбен аяқталады. Сөз сан ғасырға жетеді. Жарым сөзге жарты әлемнің тағдыры сыйып кетеді. Сөзден от шығып, сөзге от та тоқтайды. Адамзаттың тарихы да сөзбен сомдалып, азаматтық тағылымы да сөзінен көрінеді. Асыл мен масылдың айырмасы да бір ауыз сөзінен танылады. Сөзінің дәмі жоқтың ойының нәрі де жоқ. Сөзі олақтың – ойы шолақ. Сөздің нарқын білу – өмірдің парқын пайымдауға жетелейді. Сөзі тереңнің – ойы телегей”, – десе, қазақ сөзінің зергері, ғүлама ғалым, академик 3. Қабдолов өзінің “Сөз өнері” кітабында: “Ой мен сезім – құс десек, тақырып – аспан; ой мен сезім – елік десек, тақырып – тау; ой мен сезім жол десек, тақырып – сол жол алып баратын Шаһар”, – дейді.
Бұдан шығатын қорытынды – сөз, баспасөз, яғни бұқаралық ақпарат құралдары да түгелдей сөз құдіретіне бағынышты. Газет, журнал, кітап беттері арқылы немесе радио, телевизия хабарларында өз ойын оқырмандарына, көрермендері мен тыңдаушыларына толық жеткізе алмаған журналист, жазушы, жүргізуші қанатынан қайырылған құспен тең.
Міне, осы жайды жандарына құран сөзіндей түйген қазақ тележурналистері – Совет Масғұтов, Рафайел Жумабаев,Қадыр Даутов, Марат Барманқұлов, Сұлтан Оразалин, Құсман Игісінов, Амангелді Жақсыбеков, Ғаділбек Шалахметов, Сағат Әшімбаев, Камал Смаилов, Шерхан Мұртаза, Диас Омаров, Рабат Жанибеков,Жанна Ахметова, Жұмаш Кенебай, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қынабай Аралбаев, Серік Байхонов және т.б. 40 жыл ішінде соңдарына мол мұра қалдырып, қазақ телевизиясының дамып, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты.
Алайда, кеңестік идеология кезінде ұлт қамын ойлап, тарих, салт-дәстүр мәселесін тереңірек қазып көрсету мүмкіншілігі жоққа тән болатын. Теуелсіздік, дербестік, тіл, дін туралы ауызға алу мүмкін емес сді. Сонда да, “Мың да бір рахмет”, “Өнерпаз болсаң”, “Туған жер түлектері”, “Замандасым – сырласым” хабарларын жасап көпшіліктің ықыласына бөлеген журналистер болды.
Замана жүгі қашан болмасын, кімдер үшін болмасын оңайға соқпаған. Бірақ туған халқының қамын ойлап, күндіз-түні не ұйқы, не күлкі көрмеген біртуар азаматтар болған. Және бола береді. Сонау “Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұламадан” бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі ғасырларға созылған аламан кезеңдерден ұлт ретінде қалыптасып, халық ретінде сақталып қалуымыз солардың арқасы.
Ал сол рухани байлықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жаңартып-жаңғыртып отыратын мерзімді баспасөз, оның ішінде бұқаралык, ақпарат құрал-дары деп білеміз. Әсіресе, егемендік алғаннан бері елдің, жердің, мемлекеттің, халықтың, үкіметтің, тыныс-тіршілігін білдіретін, ішкі-сыртқы хабар-ларды дер уақытында жеткізіп, сараптан еткізіп отыратын телерадио жүйелері болып отыр. Оның ішінде құрылғанына биыл бес жыл толып отырған “Хабар” агенттігінің де өзіндік орны бар десек, артық айтпағанымыз. Аз ғана уақыт аралығында көрермендердің ықыласына бөленіп, дүниежүзілік ақпарат таратушы арналарының арасынан берік орын алып үлгерген, осы бір 400-дей қызметкері бар үлкен ұжымның бүгінгі танда жүргізіп отырған ісі құптарлық.
Біріншіден, олар тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қатаюына барынша үлестерін қосуда. Күн сайынғы берілетін жаңалықтары мен апталық “Жеті күн” бағдарламасында елімізде және шетелдерде болып жатқан негізгі оқиға-ларды сарапқа салып, жетістіктер мен кемшіліктерді ашық түрде көрсетуге қол жеткізген.
Екіншіден, нарықтық кезеңнің қыр-сырын сол күйінде жеткізіп, оның қиын түйінін шешу жолында “Бизнес хабар”, эзіл-оспақ түрінде болса да “Жетпіс жеті күн” және т.б. бағдарламаларда соншама әділ дәлдікпен көрсете білуге деген тырысушылықтары қуантады.
Үшіншіден, “Хабар” агенттігінің күшімен дүниеге келген таза қазақ тілінде хабар тарататын “Хабар-2” бағдарламасының тынымсыз ізденгіштігі оның болашағынан мол үміт күттіреді. “Мың бір мақал”, ” Дін мен діл”, “Тарих тағылымы” бағдарламалары қазірдің өзінде көрерменнің сұранысына ие деген агенттік қызметкерлерінің сөзіне сенуге болар.
Жасырып керегі жоқ, жалпы біздің осы еңбегіміздің жарыкқа шығып, оқырмандарына дер уақытында жетуіне игі ықпал жасаған “Хабар” агенттігінің бас продюссері Қайнар Олжай болды. Ол бізді агенттіктің ұйымдастыру және ішкі-сыртқы жұмыстарымен таныстырып, өзінің бұл салада да білгір маман екендігін көрсете білді. “Хабардың” бес жыл ішінде қол жеткен табыстары туралы, ішінара кемшіліктер және олардьг жою жолдары жайында да өз ойларын ортаға салды.
Ал “Хабар” агенттігі” жабық акционерлік қоғамының қалай өмірге келгендігі туралы оның президенті Д. Назарбаева: Қазақстандағы телевизия тарихының тамыры бірнеше ондаған жылдарға терендегенмен, тоқсаныншы жылдардың басына дейін ол мәуелі жеміс бере қоймады. Бүкіл қазақ қоғамы басындағы томаға-тұйық, қатаң кеңестік-коммунистік бақылау телерадио комитетін де айналып өтпеді. Қайта қырағы көздер алдымен теледидар арқылы ештеңе айтылып кетпеуін қадағалады. Соның өзінде Сағат Әшімбаев сияқты ағаларымыздың ұлт намысын оятуға деген талпыныстары болып жатты. Бүгінгі буын – біздер ондай қадам-дарды ерлік деп есептеп, ұмытпай, санада зерделеп отыруға тиіспіз.
Тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікке қол жеткенмен, сананы азат, ойды еркін ету процесі бірнеше жылға созылды. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде телевизия ескі соқпақтардан шығып кете алмады. Іргелес Мәскеуде тың ойлайтын телеқайрат-керлер тобы күрт ілгері басқанда біздің қаншалықты шабандығымыз байқалады. Түсіру тәсілдерін айтпағанда ойлау жүйесінің өзі тым қысаң болды. Техникасы мен мүмкіндіктері, шеберлігі мен тәжірибесі қарыш-тап дамыған Батыс пен Щығыс дүниесіне жету арман еді. Сол арманды ақиқатқа айналдыру қажеттілігінен де 1993 жылғы 23 қазанда “Хабар” агентгігі дүниеге келді. Агенттік қызметіне қажет лицензиялар толық алынды”, – деп еске алады.
“Хабар” телеарна ретінде өз жұмысын 1998 жылы бастаған болатын. Бұған дейін 1994 жылы “Қазақстан” телеарнасынан күніне бөлінген 4 сағат арқылы эфирден шығатын көрермендердің “Шарайна” ақпараттық бағдарламасы ғана бар еді.
1995 жылдың қазан айының 23-жұлдызында Қазақстан Республикасының үкіметі “Хабар” агенттігі туралы төмендегідей қаулы қабылдады:
“Республикамызда мемлекеттік ақпарат қызметін дамыту және елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын күшейту үшін “Қазақстан Республикасы үкіметі “Хабар” ұлттық Телевизиялық Ақпарат Агеінттігі” республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы қаулы етемін:
- 350 млн. теңге жарғылық қоры бар “Қазақстан Республикасының үкіметі “Хабар” Ұлттық Телевизиялық Ақпарат агенттігі” республикалық
мемлекеттік кәсіпорнын құру; - Мемлекетгік кәсіпорынның жарғысын бекіту;
- Қазақстан телеарнасынан “Хабар” агентгігіне аптасына 34 сағат көрсетілімдік уақыт бөлу;
- ҚР мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің “Хабар” агент-тігіне белгіленген қор шамасында мемлекеттік мүлікті пайдалануға рүхсат беруі және ғимарат белгілеуі;
5.Әділет министрлігінің белгіленген заңдық тәртіп бойынша кәсіп-орынды тіркеу үшін жағдай жасауы;
6.Қаржы министрлігіне кәсіпорынды қаржылай қамтамасыз ету;
7.Көлік және коммуникация министрлігіне материалдарды тұрақты тасымалдауға жағдай жасау;
- Облыс және қала әкімдеріне, “Хабар” агенттігі және оның қызметкерлерінің қызметтерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының премьер-министрі
Міне, осы уақыттан “Хабар” агенттігі өз жұмысын тұрақты бастап, кәсіпорын басшысы болып Дариға Назарбаева тағайындалды. Агенттіктің негізгі мақсаты тек ақпараттық сипаттағы бағдарламалар ғана дайындау болатын. Бұл туралы Д. Назарбаева “Аргументы и факты Казахстан” газетінің 1994 жылғы 40- санында берген сұхбатында: “Мен көп жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын қадағалап келемін. Байқағаным, тәуелсіз ақпарат құралдары сатылып даму үстінде болса, мемлекеттік ақпараттың құрылымы артта қалып бара жатқан секілді. Сондықтан да менің алға қойған мақсатым – күшті мемлекеттік ақпарат қызметін жасау және әлемдік ақпарат кеңістігіне шығу”, – деген.
Құрылған мезеттен бастап агенттік жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, журналистердің қызмет етуіне жағдай жасалынды. Сол кездің өзінде-ақ бағдарламаларының сапасы басқа арналармен салыстырғанда өте жақсы еді. Қазақстан Республикасы үкіметі жанынан құрылғандықтан жаңалықтарының көбі ресми кездесулер мен іссапарлар, елбасы төңірегіндегі шараларға арналды.
Бес жыл ішінде “Хабардан” қалықтап ұшып, көрермен жүрегінен берік орын алған тілші, репортерлердің бірі ол сөз жоқ, жаста болса өз ісінің шебері атанып үлгерген Айдос Үкібаев деп білеміз. Ол бізбен әңгімесінде мынадай мәселелерді көлденең тартты:
- Менің журналист ретінде өсуіме ең алдымен білім алған қара шаңырағым – ҚазМҰУ-дың журналистика факультеті үлкен әсер етті, – деп білемін.
- Тәжік-Ауған шекарасында екі мәрте болғаным. Ауғанстандық дала командирімен кесдескен сәтім.
- Түркияда өткен жылы болған жер сілкінісінде құтқару жұмыстарын көзбен көріп, дайындаған репортаждарым.
- Адам етін жеген адаммен болған сұқбат.
- Шығыс Қазақстан облысында бүлік салмақ болған “Пугачев тобы” қолға түскендегі іссапарым.
- Ташкентте жарылыстар ұйымдастырған террористердің Алматы мен Талдықорғанда ұсталғандықтары жөнінде берген алғашқы хабарларым.
Қазіргі таңда “Хабар” агенттігі “ЖАҚ” (Жабық Акционерлік Қоғам – Ә.М.) ретінде халыққа хабар тарату ісімен айналысып отыр. Бұрынғы ақпа-раттық бағдарламалардың қатарына сараптамалық, өдеби, мәдени, көңіл көте-руге арналған, әзіл-оспақ хабарлары қосылды. Агенттік техника, кадр мәселесі болсын, қай салада да басқа арналарға қарағанда көш ілгері. Бүгінгі тамырын жайған бәйтерек секілді “Хабар” агенттігі еліміздегі ірі телеарналардың біріне айналды. “Хабар” агенттігінің жанынан “Хабар-2” ұлтгық арнасының ашыл-ғанына біршама уақыт болды. Тек қазақ тілінде берілетін бұл арнаның болашағы зор десе де болады.
Себебі, осыған орай Президент Н. Назарбаев:
“…Біздің көп ұлтты мемлекетіміз үшін маңызы кем емес өзге де мәселе бар. Бұл республикалық ақпарат арналарын өз ойын айта білу үшін, мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, ұлттық тілді сақтау проблемаларын шешу үшін пайдалануына мүмкіндіктер туғызу керек” деген болатын.
Республикалық “Жас алаш” газетінің 1998 жылғы қазан айының
8-жұлдызы күнгі санында Ғ. Сәрсенұлының “Хабар” – өзгерістер айнасы” деген мақаласы жарияланды. Онда автор белгілі Ресей тележүргізушісі
В. Познердің: “Мемлекет барлық арнаны жарылқай алмас, бұл ақылға сыйымсыз, ал теледидарды ұлттандыру оны кедейлікке душар етеді. Бұл сөз жоқ, шындық. Дегенмен, басқа да ақиқат бар. Мемлекет енді ғана қалыптаса бастаған кезде, телевизия елдің өткеніне кеткен бір тармағы болады, осы орайда басқа бір ақиқат айқындалады. Егер теледидар жоқ болса, оны құру қажет, әйтпесе, мемлекет құрылмайды”, – деген пікіріне сүйене келіп, Міне, “Хабардың” дүниеге келуі содан”,- дейді.
Яғни, жаңа агенттікті дүниеге келтіріп отырған, В. Познер айтып отырғандай қажеттілік деген ойға келеді мақала авторы. Бұл пікірге біздіңше толық қосылуға болатын сияқты. Сөйтіп, ұлттық арнаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтті. Жоғарыда айтқанымыздай жаңалықтан жасалған бағдарламалар оның алғашқы адымы еді. Бұрын Қазақстан азаматтары көбіне әлем және өз елі хабар-ошарларын шетел қайнарларынан алатын. Алайда, “Хабар” материалдарды беруде фактілер дәлдігі мен жеделдікке тез жетті. Қазір арада көп уақыт өтпесе де бәсекелестік уағында “Хабар” ақпараттар өрісінде ілгері келеді. Уақыт өте тек жаңалық бағдарламасымен тұйықталып қалуға болмайтындығы айқындалады. Ел экономикасының, ауылдың, ғылым мен мәдениеттің жай-күйін әңгімелейтін бірқатар жаңа үрдістер үн қатты.
Шетелдерден телевизиялық бағдарламаларды сатып алу “Хабардың” мерейін үстем ете түсті. Айырықша тиянақтылықпен іріктелген тұңғыш
сериалдар мен алғашқы деректі, танымдық бағдарламалар көрермендер көңілінен шықты. Шетел өнімдері хабарлар кестесіне дендеп енді.
ТМД көлемінде бірегей және алғашқы “Тоғысқан тағдырлар” (“Перекресток”) сериалы қазақстандықтардың көпшілігі үшін демін ішінен алып көретін дүниеге айналды. Кейіпкерлер тағдыры ғана емес, сонымен қатар өтпелі кезенде олардың тұйықтан шығудың ұсынып отырған сан-қилы жолдары көрермен қауымды ынтықтыра түсті.
“Хабардың тартымдылығы оның белгілі бір кездейсоқтығында жатса керек. Сәт сайын жаңа сапа, жаңа жүргізушілер, жаңа бағдарламалар ұсынылады. “Жеті күнді” мындаған көрермен тағат таппай күтетін болды. Бағдарламалардың жүргізушілері аптаның негізгі оқиғалары жайында толыққанды түсінік бере отырып, тілшілер мен қонақтардың түсіндірмелерімен толықтыруды дағдыға айналдырды. Ал “Жеті күннің” меймандары ретінде әйгілі саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері, мәдениет пен өнер өкілдері, ғалымдар қатысып отырады.
Әрине, “Хабар” агенттігінде құрыла салып, бәрі дайын болды дей алмаймыз. Техникалық база жағынан жетіспеушіліктер мен білікті, білімді кадрларға деген тапшылықтан жаңа агенттік те айналып өте алған жоқ. Десек те, “Хабар” өте қысқа мерзімде-ақ бүл проблемаларды шешті, техникалық жағынан жабдықталды және кадрларының кәсіби деңгейі жағынан Қазақстаңдағы теледидардың көшбасшысына айналды.
Ұйымдық және құқықтық шаралар шығармашылыққа қажет уақыттың біразын алып кетті. Елмен бірге есейіп келе жатқандықтаң Қазақстан дамуындағы өзгерістер “Хабардың” да басынан өтеді. Тек заң шеңберінде әрекет ететің агентгік болғандықтан, еліміздегі құқықтық талаптарға дер кезінде сөйкестене білу керек.
Агенттіктің құқықтық негіздері туралы біраз түсінік алған сияқтымыз. Енді оның мүмкіндіктерімен танысып өтсек. Қазіргі кезде “Хабар” агенттігі тәулігіне 15 сағат хабарлар бағдарламасын “ИНТЕЛСАТ-703” жасанды Жер серігі арқылы цифрлық режим жүйесінде таратады. Телекөрермендер аудиториясы да өте ауқымды дей аламыз. “Хабар” арнасы Қазақстан аумағын айтпағанда, Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының және Орта Азия мемлекеттерінің бізге іргелес аймақтарына таралады. Бүгінгі таңда “Хабар” көрермендерінің жалпы саны
64 миллионға жетеді деп жобалануда. Осынша көрерменді “Хабар” агенттігі небәрі үш жылдың ішінде-ақ қамтып үлгерді. “Ресми және тәуелсіз сарапшылардың әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесі біздің телеарналарымыздың рейтингі өте жоғары екенін айғақтайды”, – дейді бұл жөнінде “Хабар” агенттігінің президенті Дариға Назарбаева.
Одан әрі Агенттіктің президенті Д. Назарбаева өзінің “Егемен Қазақстан” газетінің 1998 жылдың қазан айының 23-жұлдызында жарияланған “Азаматтарға арналып, қоғамға қызмет ету” атты мақаласында өз ойын: “Бірақ қол жеткенге масаттануға болмайды. Алға қойып отырған стратегиялық мақсатымыз – бес жыл ішінде елдегі және Орта Азия мемлекеттеріндегі ең қуатты және басты телерадио ақпараттық орталығына айналу. Ақиқат дыбыстық және бейне ақпараттар өндіру мен оны тұтынушыларға жеткізу міндеттердің талайын атқаратын қуатты корпоративтік жүйе деңгейіне жетсек дейміз. Қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы дәнекерлік ролін атқаруға тиіспіз. Қазіргі “Телекөрермен уақыты” мен “Майдан” бағдарламалары соның алғашқы қарлығаштары іспетті. Жаңағы Орталық Азияның алып аумағында басты арна мәртебесіне жету үшін Ресейдің «ОРТ-1» қоғамдық телевизиясымен адал бәсекелестікке түстік. Қазақстан аймағындағы бұқараның басым бөлігін басқа елдің телеарнасы өзіне қаратып отырғанымен іштей келісуің қиын. Әлбетте, білікті кадрлар командасынсыз, сан тораптардағы тілшілер тіректерінсіз және осы заманғы техника құралдарынсыз ондай бәсеке болмақ емес. Үш жыл аталмыш талаптардың барлығы бойынша және жоспарлы жұмыс жүргізілді. Қазіргі кезде қызметкерлеріміздің жалпы саны төрт жүз адамнан асты. Олардың орташа жасы тура отызда. Ендеше бізде егемен елдің еңсе көтерген шағында шындалған, кеңестік-коммунистік машинаға сығымдалмаған әрі тапталмаған, алыс-жақын шетелдер үлгілерін көріп тәрбиеленген кадрлар тобы қалыптасты. Талантты журналистеріміз бен тележүргізушілеріміз жас та болса ел назарына ілігіп, еңбектері лайықты құрметке ие болып келеді. Қазақстан тележұлдыздары ортасынан ойып орын алған: Владимир Рерих, Махат Садық, Асылбек Абдулов, Ләззат Танысбай, Динара Егеубаева, Дана Нұржігіт, Светлана Коковинец, Әлішер Сүлейменов, Жайна Жақсылықова, Серік Жанболат, Марат Мұхамедсалиев, Серік Абас-Шах, Сергей Пономарев, Айдос Үкібаев сияқты қыз-жігіттеріміз әрі “Хабардың” қалыптасуына лайықты үлес қосты, әрі өздері де халыққа танымал болды”, – деп одан әрі жалғастырды.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан теледидарлары да көп нәрсені бастарынан өткерді. Әсіресе, телерыноктың дамуы мемлекеттік және басқа арналар арасында бәсекелестік тудырды. Алайда, байыпты объективтілікке жүгінсек “Хабардың” айтарлықтай артықшылықтары байқалады. Тілшілер жүйесінің дамыған торабы, журналистердің жоғары” деңгейі, бағдарламалар жүргізушілерінің зейіні мен зердесі “Хабарды” биік белестерге жетеледі. Осы арада “Хабардың” тілшілер жүйесінің торабына да тоқтала кеткен жөн сияқты.
Сөйтіп, 1996 жылдың күзінде Ақмолада ең алғаш тілшілер қосыны ашылып, оның меншікті тілшісі болып Сайын Шәймерденов (Есмағи) тағайындалады. Көп ұзамай осы Ақмола тілшілер қосының негізінде Орталық бюро құрылып, күні бүгінге дейін жемісті еңбек етуде. Сол 1996 жылдың соңыңа дейін Қарағанды мен Семейде, тағы да екі тіл-шілер қосыны ашылады. Қарағандыда Ерлан Жаңабеков пен Сағат Батырханова, Семейде Қадырбек Қарашолақов меншікті тілші қызметін атқарады. Ал,1997 жылдың қаңтар айынан бастап “Хабар” мемле-кеттік ақпарат агенттігі өз алдына бөлек отау тігіп, Ресейдің ОРТ теле-арнасы шығып тұрған жеке арнадан Република көлемінде эфирге шыға бастауына орай Тараз, Қостанай, Атырауда тағы да үш тілшілер қосыны ашылады. Меншікті тілшілер ретінде Алма Оразбаева, Валентин Лосев, Жасұлан Кожековтер қызмет атқара бастайды.
Бірте-бірте тілшілер жүйесі көптеген облыстарды қамтып ұлғая түседі. Сөйтіп, 1998-1999 жылдары “Хабардың” өкілдіктері шетелдерде де – Вашингтонда (Нана Гонгадзе), Пекинде (Нейля Иманбекова), Москвада (Мұрат Қожамқұлов), Ташкентте (Сағындық Нұрекеев пайда болды. Сондай-ақ бұларға Ақтауда (Татьян, Соломина), Ақтөбеде (Мұрат Дүмбаев) Павлодарда (Күлпаш Қоңырова), Өскеменде (Мира Берікболова), Оралда (Тамара Есламова мен Азамат Қалымбетов), Қызылордада (Талғат Маханов), Шымкентте (Қалыбек Атжан) тілшілер қосыны келіп қосылды.
Төрт жылдың ішінде “Хабардың” 16 тілшілер қосыны ашылды. Әрине, түрлі өзгерісте нәтижесінде тілшілер жүйесі көптеген ірілі-ұсақты өзгерістерге ұшырады. Нақты себептерге байланысты Вашингтон мен Пекин, Қызылорда, Семей мен Өскемендегі тілшілер қосыны жабылды. Бірақ жаңалары пайда болды. Мысалы, 2000 жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қызылжар қаласында (Сергей Куянов) тілшілер қосыны ашылды. Қазір “Хабардың” 14 тілшілер қосыны бар. Оның екеуі шетелдерде болса, он екісі облыстарда. Таяу арада “Хабардың” филиалдары Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да жұмыс істей бастайтын болады. Сондай-ақ Агенттіктің штаттан тыс авторлары да баршылық.
Осы бір азғантай деректен-ақ біздер “Хабарға” көрермен үшін күрес жеңіл болмағандығын байқаймыз. Ақпараттық рыноктың қа-лыптасуының алғашқы кезеңіндегі популизммен объективтілік “Хабардың” ілгерілуіне тежеу салды, әйтсе де, нарық жағдайындағы шынайы ақпарат баяу болса да, өзінің позицияларын орнықтыра түсті. Қазір “Хабар” көрермендер көңіліне жол тапқанын және оның Қазақстанда алдыңғы арна санатында жүргенін ешкім жоққа шығара алмайды. Осы күресте біздің рынокта үстемдік құрған Ресейдің және өзіміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес арналармен де бәсекелесуіне тура келді.
Міне, осы орайда агеңттіктің қысқа мерзімде қол жеткізіп отырған қомақты табыстарына кәсіподақ комитетінің де қосып отырған үлестері баршылық. Бұл жөнінде осы комитеттің төрайымы Райса Сағындыққызы Ахметова былай деп әңгімелейді: “Күшті кәсіподақ комитеті бас ауруының ең жақсы дәрісі” демекші адамдар аяқасты қиын жағдай-ларға душар болғанда қай жақтан көмек күтетінін білгенде ғана ешбір уайымсыз еңбек ете алатын болады. Агенттіктің президенті Д. Назарбаева-ның қолдауымен 1996 жылы құрылған біздің кәсіподақ комитетіміз өткен жылдан бастап “Қоғамдық бірлестіктер туралы” заңның негізінде өз алдында тәуелсіз комитет болып қайтадан құрылдық. Біздің одақтың мүшелері негізгі қызметтерінен қол үзбей жұмыс істейді. Кәсіподақ комитеті ешқашан да ұжымның әлеуметтік және қызметкерлердің жеке бастарына қатысты мәселелерден шет қалып көрген емес. Олар қызметкерлердің санаторийлер мен демалыс үйлерінде дем алуларын ұйымдастырып, мәдени-демалыс іс-шараларын өткізеді.
Жоғарыда айтқанымыздай, агентіктің әкімшілігі кәсіподақ комитетін үнемі қолдап отырады, әсіресе, қызметкерлерді денсаулықтарына байланысты. Біздің агенттік қатарынан екінші жыл “Байланыс” емханасына бекітілген. Мұнда әркім тегін тексеруден өтіп, емделе алады. Сондай-ақ биылдан бастап Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығымен де келісім жасалып, онда көптеген хабарлықтар тегін хирургиялық көмек алып, емделіп шықты. Жазғы демалыс кезінде ең кемі 35-40 адам өз уақыттарын Ыстықкөл жағасында өткізеді.
Биыл яғни 2000 жылы жиырмадан астам журналист, режиссер, оператор, видеоинженер, дыбыс инженері және жүргізушілер тегін және жеңілдік жасалған жолдамамен “Ақ қайың”, “Щучинск”, “Оқжетпес”, “Бурабай”, “Сарыағаш”, Түркменстандағы “Байрам-али” саноторийлерінде дем алып, денсаулықтарын түзетгі. Сондай-ақ мұндай жеңілдіктерден Алматыдан алыста екендіктеріне қарамастан Астанадағы Орталық бюро және облыс-тардағы меншікті тілшілер де құр алақан қалған емес.
“Хабар” агенттігінің ұжымы қандай да бір мерекені болсын ұмыт қал-дырмауға тырысады. Мейлі ол жаңа жыл, 8-март, Наурыз немссе туған күн, үйлену тойы болсын. Бұл тұрғыда “Хабарда” жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларына да көп көңіл бөлінеді. Биылғы жазғы демалыста 40 оқушы емдеу орындарында тегін дем алды. Осыған орай мектепке алғаш баратындарына түрлі сыйлықтар беріледі.
ЕКІНШІ ТАРАУ
ІС ПЕН СӨЗДІҢ БІРЛІГІ
Иә, “Хабар” журналистерінің ішінен әсіресе жүргізушілер ролін ерекше атап өткен жөн. Арнаның бет-әлпеті нақ солардың жұмысының нәтижесі. Эфирде жұмыс істеп келе жатқа байырғы мектептің үздік дәстүрлерінің де шоқ-тығы биік. Сонымен қатар халықтың әрбір категориясы “Хабардың” өз кумир-лерін тапты. Арнаның әрбір жүргізушілері бүгінде елге танылып, әрбір бағ-дарламаның өз көрермені бар. Олар Р. Аманжолова, Ә. Бөлебаев,
Н. Нұрғазин, Ә. Сүлейменовтер. Бұл журналист, жүргізушілер “Хабар” агенттігінің аяғынан тік тұрып кетуіне өзіндік үлес қосқан тәжірибелі мамандар. Кезінде “Әнші балапанды” жүргізген Р. Аманжолова да, “Жаңалықтар”мен “Жеті күнді” жүргізген Ә. Бөлебаев та, М. Садық,
Н. Нұрғазин, Ә. Сүлейменовтер де қазір басқа жер-лерде қызмет етсе де, олардың “Хабар” агенттігінің қалыптасу, даму тарихында өзіндік үлесі бар” деп білеміз. Сондай-ақ , көрермендер Л. Танысбай, А. Сқабылұлы, С. Жанболат, Н. Иманғалиұлдарының күнделікті эфирге шығуларын асыға күтіп, отырады. Осы орайда алдымен тікелей эфир блоктарына тоқталып өтейік. “Бетпе-бет” – “Горячая студия” екі тілде аптасына үш рет бері-ліп жүр. Мысалы осы жылдың 22-тамыз күні Нұртілеу Иманғалиұлы Білім және Ғылым министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бөлімінің бастығы Д. Битуовамен 23 минуттық сұхбат жүргізді. Ал, ертеңінде болса Серік Жанболат республикамызға танымал жазушң Әкім Таразимен жүздескен болатын. Бұл екі хабарда да оқу, білім және мәдениет мәселелері сөз болып, түйіні қиын мәселелер күн тәртібіне шығарылды деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда орыс тілінде берілетін тікелей эфир хабарларын алғаш жүргізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген жандардың бірі-қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының директоры Ермұхамет Ертісбаев болатын. Оның әсіресе, Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің төрағасы Г. Марченко, Алматы қаласы әкімінің орыбасры М.Дүлқайыров, саясаттанушы-ғалымдар Нұрлан Әмірқұлов, Лидия Карамзиналармен жүргізген хабарлары өзіндік мазмұн, әсерлілігімен ерекшелеленеді. Қазір бұл хабарды С. Тараканова да ойдағыдай, мол ізденістермен жүргізіп жүр. Ал, тәулігіне қос тілде бірнеше рет шығьш, халық игілігіне айналып отырған жаңалықтар, олардың жүргізушілері Л. Танысбай, 3. Әліпбек, С. Коковиннец, Қ. Хангелдиналар күннен-күнге өз тәжірибелерін арт-тырып, жемісті еңбек етуде. Жоғарыда біздер әрбір бағдарламаның өз көрермені бар дедік. Иә, шынында да солай. Мысалыға, “Хабардың” берілетін бір ғана “Жетпіс жеті күн” әзіл-сықақ бағдарламасын алайық. Бұл жөнінде “Хабар” агенттігінің президенті Д. Назарбаева өзінің “Азаматтар үшін қызмет ету” деген мақаласында: “Күнделікті жаңалықтардағы өткір материалдар өз алдына, “Жетпіс жеті күн” бағдарламасында біздің қоғамның, сол қоғамда атқамінер аталып отырғандардың қызметіндегі, ортасындағы олқылығы мен кемшілігі әжуа етіледі. Кейде тіпті шамданып телефон шалатындар да табылады. Бірақ біз шығармашылық топқа шідер салғымыз келмейді. Қайта осы бағдарламаны одан әрі нанымды және өмірге жақын ете түсу үшін шетелде арнайы маскалар жасаттық. Кейін турлі бастықтарды сол маскалардан көрермен қауым танып жатуы мүмкін. Ол тұста да өкпе айтушылар шығатынын қазірден шамалап отырмыз”, – деп жазса; осы бағдарламаның продюссері Серік Абас-Шах: “Тамаша”, “Бауыржан шоу бағдарламаларынан “Жетпіс жеті күннің” басты ерекшелігі – көбінесе саясат мәселесін көтеруінде. Содан соң әр отбасының сүйікті бағдарламасына айналуына байланысты халықтың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмайды десек те, негізгі тақырыбы саясат мәселесі болып отыр. Алғашқы кезде бағдарламада сатира көп қолданылатын, қазір сатира мен юморды бірдей қолданамыз. Тағы бір айта кететін жайт, “Жетпіс жеті күн” ақпаратты, сараптама-сауықтық бағдарлама болғандықтан, біз ешқашан қоғамда болып жатқан жаңалықтардан алыстап кетпеуіміз керек. Біз сол аптада, аптаның алдында болған оқиғаларды талдап, сарапқа салып, сынап отырамыз. Бағдарламада күнделікті жаңалықтардағы өткір материалдар талданумен қатар, біздің қоғамның, осы қоғамда атқамінер атанып отырғандардың қызметіндегі, ортасындағы олқылығы мен кемшілігі әжуа етіледі”, – деп өздерінің мақсат-міндеттерімен таныстырады. Шындығында бүгінде қазақ тілді бағдарламалардың дені дерлік көрермен көңілінен шыға бермейді. Осыған орай А. Жолаушы деген автор өзінің “Егемен Қазақстан” газетінің 2000 – жылғы сәуір айының 26-жұлдызы күнгі санында жарияланған “Телміргенмен қазақшасы мардымсыз” деген мақаласында “Қазақстан-І”, “31-канал”, “КТК” арналарындағы қазақша хабарларды сынай келіп: “Хабардың” жөні әрине, бөлек. “Қорытынды жаңалықтарын”, “Жетпіс жеті күнін” үзбей керемін. Расында журналистік ізденіске толы. Машықтанған жас журналистер шоғыры қалыптасып келеді. Әсіресе, әзіл-сықақ хабары көптің ойынан шығып жүр”, – деп сыр шертуі бағдарламаның қазақ тілді хабарлардың ішінде ерекше көзге түсіп жүргендігі дәлел болғандай.
Көріністік қатардың жұтаңдығы мен ізденудің жетіспеушілігінен қазақ тілді хабарлардың кейбірінің өзге ұлт өкілдері түгіл, өзімізді де жалықтырып жіберетіні жасырын емес. Осы жайында Ә. Шорманов деген автордың “Егемен Қазақстан” газетінің 1999 жылғы 17-наурыз күнгі санында жарияланған “”Жетпіс жеті күнді” көресіз бе?” атты мақаласында: “Жетпіс жеті күн” тек қазақ көрерменін ғана емес кейбір орыс тілді жұртшылықты да кешкі сағат сегізде теледидардың алдына байлап қойып жүр”, – деп ой толғауы артықтау көрінсе де, түбінде бір шындықтың жатқаны айқын.
Бағдарламаның аудиториямен байланысы тығыз. Хабарда көрермендер хаттары өте көп келеді. Оларды төмендегідей бес топқа бөліп қарастыруға болады:
- Көбінесе актерлерге арнап жазылған ғашық хаттар. Ондай хаттарда көрермен Шынар меи Дулығаға сезімдерін жеткізуге тырысады. Бұл хаттар қара сөзбен жазылады десек те, ара-тұра хат иелері сезімдерін өлеңмен де білдіріп тұрады. Бұл жөнінде Дулыға Ақмолада: “Қыздарды маған ғашық етіп жүрген шығармашылық топқа ризашылығымды білдіремін. Егер олар болмаса маған қыздар ғашық болмас еді. Өйткені, қыздар менің өнеріме ғашық”, – дейді.
- Әділеттік іздеп, бағдарламаның көмектесуін сұраған шағым хаттар;
- Бағдарламаның игілікті ісін қолдап, тілек айтатын хаттар;
- Хабардың саяси кейіпкерлерді сынағанын айып көретін көрермендер хаттары;
- Мәселе қозғап, тақырып ұсынатын көрермендер хаттары.
Сондықтан да болар шығармашылық топ көрермендер хаттарын басты назарда ұстайды Бағдарламаның көпшілік көңілінен шығуының бір мәні осында да болуы мүмкін.
Қазір әлемдік журналистикада ақпарат беру бірінші орынға шықты. Ол дегеніміз – тез арада халыққа жаңалық жеткізу, аз сөйлеп, көп мағлұмат беру. Телехабардың әр минуты өзінше қымбат. Тіпті, секундтап өлше-нетін кездері бар. Міне, сол әр минутты, әр секундты кәдеге жарату үшін өте оперативті түрде жұмыс істеп, жедел түрде ақпарат жинап, халыққа бірінші жеткізген абзал. Сондай факторларға байланысты репортаж да кесіліп-пішіліп, қазіргі заман адамдарына ыңғайлы етіліп берілуі зандылық, қажеттілік. “Хабар” агенттігінің алға қойған негізгі міндеті осыларды жүзеге асыру болып табылады. Ондағы қызметкерлер қазақ журналистикасын бүгінгі күнге негіздеу үшін бар мүмкіндігін салып отыр. Ақпараттық хабарламаның мақсаты-жаңалықты неғұрлым көрерменге тезірек жеткізу. Оқиғадан түсіріп әкелінген материалдарды тез арада монтаждап, мәтінін құрап сыншыл әрі аяусыз көрермен аудиториясына ұсыну. Міне, осы мезеттерде жанрлық элементтердің еленбей, сюжеттің, оқиғаның репортер ырқынан еріксіз шығып кетуі әбден мүмкін. Осыған орай, “Хабар” агенттігінің бірнеше тележурналистерінің қазіргі репортаж туралы ойларын тыңдап көрелік:
Жайна Жақсылықова: “Көбінесе шұғыл оқиғалардан беріледі. Негізінде репортаж жанры қазір бірталай өзгерістерге ұшыраған. Уақыттың тығыздығы сонша, бір-екі минуттан артық берілмейтін бейнематериалдарға репортаждың толып жатқан белгілерін сиғызу қиын”.
Серік Жанболат: “Біздін берерімізді мен өзім негізі жаңалық деп қана қабылдаймын. Сол жаңалықтың ішінде репортаждың да, басқа жанрлардың да элементтері жүреді және “қысқа әрі нұсқа беріледі”
Тілеуқабыл Мыңжасаров: “Қазіргі репортаждар жедел әрі нақтылығымен ерекшеленеді. “Бүгін” немесе “жаңа ғана”, “осыдан бірер сағат бұрын”, “біздің хабарымыз жүріп жатқан сәтте” деген сөздермен бастаған репортаждар керерменді де, тындаушыны да еріксіз өзіне тартады. Кешегі оқиғаны бүгін жеткізу ақпараттық редакцияға абырой әпермейді. Жалпы, жақсы репортаж техникаға және журналистке байланысты”.
Шынында да ертеңгі XXI ғасыр жаңа технологияның заманы. Оны ұтымды пайдалана білгендер ғана сәтті туындыларды дүниеге келтіреді. Жоғарыдағы сөздері келтірілген агенттік журналистерінің ойларын бақылап, зер сала саралап салмақтасаңыз, олардың кәсіпкерлікке, бейімделіп бара жатқандығын байқауға болады. Мұның біздіңше ешқандай артықшылығы жоқ. Тілеуқабыл Мыңжасаров өз сөзінде “репортажды беруші журналист өзін тойда жүрген “тамада” секілді сезінуі керек”. Ал, Жайна Жақсылықова “журналистика мамандық емес, кәсіп секілді екендігін, оған себеп репортер агенттікке пайда әкелу үшін жүгіреді”, десе Серік Жанболат дайындалған материалдың неғұрлым әсерлі (эффективный) болуын қалайды. Қалай десек те, бүгінгі эфирдегі журналист уақыт тынысымен бірге тыныстап, соның тіршілік базарына бейімделіп жатқанын байқау қиын емес.
Ал, репортаж жанры туралы белгілі ғалым, профессор марқұм Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың пікірі төмендегідей: Теледидарда көп кездесетін репортаж ол оқиғаның өзі Репортердің рөлі мұндай жағдайда жоққа шықпайтыны сөзсіз. Ол оқиғаны тандау, көріністің мінез-құлқын ашып берумен анықталадн. Ал газеттегі репортаж ол болып кеткен оқиғаны әңгімелеу“. Бәсекелестікте жеңіп шығу үшін қандай кәсіпорын болмасын (оның ішінде жеке тұлғалар да) барын салады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Мәдениет, Ақпарат жене қоғамдық келісім министрі А. Сарсенбаев өз ойын: “Орыс баспасөзінің бар артықшылығы, бақыты – бұларда журналистер белгілі бір салаға, тақырыпқа маманданады. Экономика саласын қазып, қаузап жүрген журналистің сіз өлең туралы макала жазғанын көрдіңіз бе? Керісінше, сөз өнері туралы жазып жүрген журналист мүнай туралы мәселеге қалам тартпайды. Ал, біздегі журналистер шетінен “бесаспап”, бармайтын, қозғамайтын тақырыбы жоқ; алайда көбіне-көп біреуін де терең талдап, тамаша игере алмайды. Міне, қазақ журналистеріне осы қойыртпақ қабілеттіліктен құтылу қажет. Біздің де мамандануға, шынайы кәсібилікке көшетін уақыт жетті. Журналистеріміз жеке-жеке маманданып, өзі білетін, бейімі бар салаға машықтанса скен. Бұл реттегі арнайы жоғары оқу орнында ойлау шеберлігіне, өмір тәжірибесіне жетілу: адамның ізденісіне, білім терендетуіне, талаптың ұшталуына тікелей байланысты. Маманданбау, жайдақ бесаспаптық қазақ журналистикасының қазіргі заманғы ең негізгі, бірінші номерлі мәселесі. Біз осы кесірден айықпай қазақ баспасөзі “баландығынан, жадағайлығынан, азусыз әлсіздігінен де айырыла алмайды”, – деп білдірген болатын. Міне, осындай жайларды есепке алған, әлемдегі ақпарат таратушы арналарды назарға алып, олардың қатарына жетуді көздеген “Хабар” агенттігі ілгерілеп, даму үстінде. Сонда ондағы көрініс тауып отырған материалдарға қойылған талап – әлемдік ақпарат кеңістігінің мақсат–мүдделері ғой, яғни, жанр-лық бетбұрыстар қазіргі заманға сай жасалынып отыр десек асыра айтпағанымыз.
Бұл тұрғыда “Хабардың” қамтымайтын саласы жоқ. Нарық экономикасы – ұшқан құс, жүгірген аңға дейін тіршіліктің қатал сынына салып қойған осынау кезеңде қыбырлаған жанның бәрі күнін көру қамымен әр қилы тірлік жетегінде кетті. Жұмыссыздык етек алып, тепсе темір үзер жігіт, еңкейген кәрі, еңбектеген бала, сол баланы тәрбиелеген от басының берекесі, ошақ иесі болар ана таңның атысы, күннің батысы үй бетін көрмей, шемішкеден бастап, әр түрлі ұсақ-түйектер, спирттік ішімдікгер сатып, бұрыш-бұрышта отыратын болды. Олар әдетте камераны көрсе болды заттарын асыға жинап, бет-бетіне қаша жөнеледі. Өмірдің осындай көлеңкелі жақтары да “Хабардың” назарынан тыс қалған емес. Мысалы, шұжық сатып отырған орта жастар шамасындағы әйелге жақындап микрофонын іске қосқан тілшінің:
– Апай, қазір көктем айлары, күн жылынып кетті, алдыңыздағы шұжықтың бұзылыл кетпегеніне кім кепіл? Алушылар уланып қалар-ау деп қорықпайсыз ба? – деген сөзіне естімеген адамша басын көтермеді. Сәл-пәл сұрақ күтіп, бөгелген журналист екінші рет даусын көтере:
– Айтыңызшы, рұқсат қағазыңыз бар ма? – дегендс ашынған әйел басын жерден кетеріп алып, сөйлеп қоя берді.
– Үй шаруасындағы адаммын, қарағым. Өзім ауылдан келдім. Бар малымды арзанға сатып, қант, шай, сабынға айырбастап бітірдім. Өзім қант диабетінен зардап шегемін. Ал дәрі сатып алуға ақшам жоқ. Бес рет пышаққа (операцияға) ілінген жанмын, әйтсе де зейнетақы алмаймын, жеңілдіктер тағы жоқ. Қалтырап, 5-10 теңгеден нанға ақша жинап отырған жайым бар. Нан демекші, оған тиіспесе болар еді, өте қымбаттатып жібереді. Көп балалы қазақтар жанұясы кебінесе нанмен жан бағады.
– Өкіметтен не тілегің бар? – деген сұраққа арақ сатып тұрған жас жігіт:
– Жұмыс тауып берсе мен үшін одан үлкен жақсылық жоқ еді, қой бақ десе, қуана бағар едім, – деді.
Сондай-ақ әлеуметтік қорғау мәселесі де “Хабардың” күн тәртібінен түспейтін тақырыптарының бірі десек артық айтпаған болар едік.
Енді, осы тұрғыда “Хабар” агенттігі туралы республикамызға белгілі журналист ғалым, тарих ғылымдарьшын докторы, профессор С. Қозыбаевтың пікірін тыңдап көрелік: ‘Тарих дөңгелегі бір орында тұрмайды, ол үнемі алға жылжиды. Бірақ, өткен тарихтын бүгінгі мен ертеңге берер тәлім-тәрбиесі мол. Қазіргі ұрпақ өткеннен үйреніп, болашаққа көз салады. Қазақ, қазақ болғалы не бір киын заманнан өтпеді дейсің. Оны әрбір көзі ашық адам жаксы біледі. Ұзақ жылдарға созылған Жоңғар шапқыншылығы, қос ғасырға иек артқан Ресей бодандығы, әрине, соңына ұмытылмас мол жара салып кетті. Әтсе де, халқымыздың өшпес рухы, қайсар ерлігі, телегей-теңіз білімі біздерді XXI-ғасырдың табалдырығынан егемен ел ретінде аттатқалы отыр. Мұның өзі атам қазақтың аттың жалында, түйенің қомында жүріп қол жеткізген үлкен табысы. Сондыктан ертеңгі ұрпақ –бақытты ұрпақ. Олар туған халқының қайғы-қасіретке, бақытты шаққа толы таразы басы тең тарихын ешқашан да ұмытпаулары тиіс. Сонда ғана еліміздің ұл-қыздары шын бақытқа жете алады. Сонда ғана ата-бабаларының қанына суарылған көк байрағын мәңгілік желбіретіп, өркениетті елдердің қатарына қосылмақ.
Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері тарихқа көп бара бермейді. Барса да тегі беткі жағын қалқитын сияқты. Әріге баруға күш-қуат, өрелері жетпейді. Бірін-бірі қайталау да көп. Осы орайда теле зерттеулер, телеэкспедиция, ертеректе болған “Қазақстан ғылымы” сияқты
бағдарламалар жоқтың қасы. Әйтсе де, “Хабар – телеарнасы ашылғалы сондай бір үміт пайда болғанға ұқсайды. Әзімбай Ғанидың “Тарих пен таным” және Нұртілеу Иманғалиұлының “Дін мен ділі”. Меніңше осы хабарды келешекте ғылымиландырып, тарихиландырса көп шаруаның басын құрауға болар еді.
Жалпы, маған “Хабар” агенттігінің ақпараттық хабарларды таратудағы аяқ алысы ұнайды. Өкінішке орай қазақшасы аз. Ал, “Хабар-2» ауыл тұрғындарына арналса, сонда қазақ интеллигенциясы, оқы-ғандары нені көрулері керек? “ОРТ” мен “Вести” немесе “Сегодняны” ма? Бұл ойланарлық мәселе. Түбінде ана тілімізге қарай ойысуымыз керек. Ол болмай қоймайтын нәрсе. Сондықтан, оған қазірден бастап кіріскен жөн. Сөз соңында айтарым “Хабардың ” халық алдындағы мәртебесі арта берсін, онда қызмет істейтіндердің журналистік шеберліктерінің ұшталуына тілектестік білдіремін”.
ҮШІНШІ ТАРАУ
БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ
Меншікті тілшілер торабы және жұмысқа тартылған стрингерлер іс жүзінде республиканың барлық аймақтарын қамтыған. Қазақстанның жаңа астанасы – Астанада болып жатқан жаңалықтарды жариялап отыруды он төрт білікті журналистерден тұратын “Хабар” агенттігінің орталық бюросы қамта-масыз етеді. Ресей (Мәскеу) мен Өзбекстаңда (Ташкент) екі жылға жуық уа-қыттан бері екі меншікті тілші қосыны жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ “АРTN”, “Penters” және “Интерфакс” сияқты халықаралық ақпараттық агентіктер тұрақты жаңалықтар көзі ретіңде қызмет атқарады. ТМД телеком-панияларының ішінде алғашқы болып “Хабар” агенттігі ағылшын тілінде жаңалық бюллетенін жасақтай бастады. Шетелдік инвесторлар кеңесінің қолдауымен құрылған. “Khobok News Weerly Revew” телебағдарламасы эфирге әр жексенбінің кешінде шығады.
Енді осы мәселеге кеңінен тоқталатын болсақ, онда ел орталығы Астана қаласында 1997 жылдың күзінен бері “Хабар” агенттігінің орталық бюросы құрылып, жұмыс істеуде. Мемлекеттік мекемелердің жаңа Астанаға көшуі мен орналасуынан бастаған материалдар содан бері толастаған жоқ. Саяси және экономикалық өзгерістерді орталық бюро журналистері Қазақстан халқына дер кезінде жеткізіп келеді “Хабардың” орталық бюросында он төрт білікті журналист қызмет етеді. Осылардың арасында Роза Темірғалиева, Дархан Әбдік, Сайын Есмағұл, Еркін Байғабылұлы, Талғат Әлімжан, Мұрат Мұхамедсалиев сияқты белгілі тілшілер бар.
Жоғарыда айтқанымыздай “Хабар” агенттігінің республикамыздың барлық дерлік облыстарында тілшілер қосындары немесе меншікті тілшілері бар. “Хабар” жергілікті жерлердегі өз тілшілерін облыстардағы түрлі мемлекеттік органдардан толық тәуелсіз болуын қамтамасыз еткен. Байланыс, көлік қызметінен бастап барлығы агенттіктің өз қаржысына шешілгендіктен, “Хабардың” тілшілері жалтақсыз жұмыс істеп, бұрмасыз сөйлеуге мүмкіндік алған. Агенттік басшылығы жасап отырған осындай мүмкіңдіктерді дұрыс пайдаланып, өзінің журналистік қызметіне адал қарап, жергілікті жерде болып жатқан кемшіліктерді батыл хабарлап жүрген меншікті тілшілер де жоқ емес. Солардың алғы легінде деп “Хабардың” Батыс Қазақстан облысындағы меншікгі тілшісі Азамат Қалымбетов пен Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Қалыбек Атжанды атауға болады.
Агенттіктің осындай қол жеткен кейбір жетістіктері туралы оның президенті Д. Назарбаева: “Жалпы қоғам мен мелекеттік институттар арасындағы дәнекерлік қызметіміз нығайғанына “Хабар” агентгігіне күн сайын республиканың барлық түпкірлерінен жүздеген хаттар, жеделхаттар түсетіні дәлел болады. Оның көбі жергілікті әкімдер мен басқа да байшікештер тарапынан қиянаттар мен қысымдар туралы арыз-шағым әділетті қамтамасыз ету мен сақтау органдары қызметінің салақтығы, сыбайластық әрекеттері жергілікті жерді де тұралатып отыр. Көп жағдайда “Хабар” агенттігің тілшілері іске араласуға, арнайы материалдар әзірлеуге мәжбүр болады. Егер одан кейін әділет орнығып жатса, біздің ғана мерейіміз емес, ел мерейінің салтанат құрғаны деп қабылдау керек…
Біздің агенттік әлемнің бірқатар елдерінде тілшілер пунктін ашу арқылы жер-жаһан жаңалықтарына дереу үн қосып, өз тыңдармандарына түсінікті ақпарат беру мүмкіндігін алды. Мәскеуде, Вашингтонда, Ташкентте, Пекинде және Тель-Авивте “Хабар” агенттігінің тілшілері ресми түрде тіркелді. Алдағы уақытта Түркияда, Батыс Европада, ТМД елдерінің бір қатарында жаңа тілшілер қосындарын ашпақшымыз. Шетелде тілшілер ұстау қаржы жағынан қымбатқа түссе де, моральдық және рухани жағынан өте қажетті іс деп білеміз. Өйткені, біз бірнеше ондаған жыл бойы әлем жаңалықтарын Мәскеу арқылы алып келдік. Ресей ақпарат агенттіктері де әлі сол ықпалын сақтауға жанталасады. Ресей сүзгісінен өтіп, олардың саясатына қолайлы етілген ақпараттың қажеті жоқ. Әлем оқиғасына баға бере қалған күнде біз оған Мәскеудің не Вашингтонның емес, тек Астананын призмасы арқылы қарауға тиістіміз. Қазір біз тәулігіне төрт рет ел мен әлем жаңалықтарын эфирге шығарып отырмыз. Негізінен ақпараттық арна болғандықтан – “Хабардың” жаңалықтар қызметі барынша нығайтылған. Reutog WTN, CNN әлемдік ақпарат агенттіктерімен келісім жасалған. Солар арқылы “Хабар” тілшілері қатыспаған оқиғалардың өзінен сол сәтінде хабардар болып, бейне жәнс дыбыстық материалдарды қажетінше ала алады. Бір айта кетерлігі, жаңалықтар қызметінің аудармашылары әлгі ақпаратты ағылшыншадан қазақшаға тікелей аударады. Тағы басқа агенттіктермен электронды пошта байланысы бар. Интернет жүйесі де тілшілер мен аудармашылардың игілігінде. Жақын болашақта тәулігіне жеті, ал түбінде он рет жаңалық таратпақшымыз. Олардың тек ақиқат болуы, жедел алынуы және халқымызға түсінікті жеткізілуі басты талап болып қала береді”, – деп әңгімелейді.
Жаңалықтардан кейін түрлі саяси сараптау, талдау және түсіндіру бағдарламалары дүниеге келді. “Жеті күн” апталық саяси сараптау бағдарламасы рейтинг жағынан жоғары орында. Кейінірек одан басқа “Хабар” агенттігінің “Парламент апталығы”, “Хабар-Жер”, “Хабар-Әскер”, “Суыт сұхбат” студиясы дүниеге келді. Биліктің қай бұтағында отырмасын шенеуніктерді тілге тартып, қажетті деректерді табуда және түсіндірме талап етуде тележурналистер айтарлықтай ысылған. Бұған баспасөз туралы және кейінгі қабылданған қылмыстық кодекстің тиісті баптары арқылы қол жеткізілді.
Әңгімемізді “Парламент апталығынан” басталық, оны күні бүгінге дейін Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізіп келеді. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын түсірілген хабарға көңіл аударайық. Студия ішінде жүргізуші
Н. Иманғалиұлы. Хабарға Сенат төрағасы Өмірбек Бәйкелді және Межіліс депутаты Ермек Келімсейіт қатысқан. Бөлме ішінде мониторлар орнатылған. Сол арқылы Мәжіліс залымен байланысады. Онда мынадай өзекті мәселе қамтылады:
- Сайлау жайлы депутаттар пікірі.
- Қос палаталы Парламенттен бастау алған президент сайлауы.
Хабардың режисері Ж. Оспанова, операторлары Д. Балтабеков,
М. Қырықбаев, А. Әбділдин. Журналистер Т. Ілімжан, Д. Әбдік.
“Парламент апталығының” 2000 жылғы екінші бір хабары дүниеден ерте кеткен, белгілі қоғам қайраткері Марат Оспановқа арналған. Экранда М. Оспановтың қаралы портреті, кадрден тыс журналист дауысы естіледі: “Тағдырдың пешенеге жазғанына не шара қыларсың. Кеше ғана ортамызда жүрген азамат, көрнекті қоғам қайраткері, салмақты саясаткер Марат Оспанов дүниеден өтті”.
Бұдан соң орталық мешіт имамы марқұмға арналған құран-аят оқыды. Хабар белгілі ақын, журналист Смағұл Рақымбековтің:
“Шаңырақтан бір мықты уық,
Мезгілсіз сынғаны-ай!
Жас қарағай тік тұрып,
Құлап түсті, бұл қалай?”-
деген өлең жолдарымен аяқталады. Хабарды дайындағандар Сайын Есмағи, Тұрсын Ыдырысова, Данияр Балтабеков, Адай Әбділдиндерден тұратын шығармашылық топ.
Ал, “Хабардағы” “Хабар-Жер” бағдарламасын “САLА-ТV дайындайды. Мұнда көрермен 90-жылдардан бергі ауыл шаруашылығында болып жатқан өзгерістерді өз көздерімен көріп, осы хабарды жүргізушілер Болатбек Қожан мен Олжас Наргазиевтер бір хабарында Қызылорда облысына қарасты Арал ауданының әкімі Алашыбай Баймырзаевпен жолығып әңгімелесті. Мұнда экологиялық аудандардың біріне жататын елдің әкімі ауыл өміріне қатысты көптеген проблемаларды көтерді. Сол арқылы көрермен ел өмірімен хабардар болды.
Бұл тұрғыда ауыз толтыра айта кетуге болатын тағы да бір бағдарлама ол – екі тілде бірдей жүргізілетін “Хабар-Әскер” болмақ. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде түрлі әскери реформалар жүргізіліп жатқандығы белгілі. Осыған орай қазір “Хабар-Әскер” көп жұмыстар атқаруда десек жаңылыспаймыз. Жақсы істерді насихаттап, кемшіліктерді баса көрсетіп, дабыл қағатын бұл хабардан біздер келешекте мол үміт күтеміз. “Хабар-әскердің” жүргізушілері Андрей Гальцев пен әскери журналист Әбубәкір Смайылов бірде “Отар” дивизиясынан хабар жүргізіп тұрса, екінші күні “Қорғас” немесе “Жаркент” шекара отрядынан төбе көрсетіп, жауынгерлер арасында жүреді.
Жаңалықтардан кейінгі әңгіме – бағдарлама қызметі. “Хабар” әу бастан жоғары эстетикалық талаптарды ұстанған арна ретінде танылды. Атыс пен шабысты сипаттап, ар мен иманнан жұрдай кинолар көрсеткен емес. Басқа арналар сол арқылы көрермен жинаймыз деп күпініп отырғанмен “Хабар” арзанға қызықпады. Саннан гөрі сапаға ұмтылды. Қымбат та болса, әлем киносының інжу-маржанын сатып алып отыр. “Хабар” аталып, жеке отау тіккелі бір де-бір рет лицензиясыз, жабайы жолмен кино көрсеткен емес. Оған жол берілмейді де, “Хабар” сатып алған көркем және деректі фильмдерді қазақ және орыс тілдеріне аударып келеді. Дубляж студиясы жабдықталған, оған Нұрлан Өнербай басшылық етті.
Енді осы мәселе төңірегінде біраз ой қозғасақ, ең алдымен “Хабар” телеарнасындағы танымдық фильмдерге тоқтайық. Бұл бағдарламада берілетін фильмдер шығармашылық және көркемдік тұрғыдан іріктеліп алынады. “Хабар” агенттігінің тележурналистері жүргізіп отырған мұндай саясаты – басқа телеканалдарға үлгі боларлық тәжірибе. Олардың бағдарламасы сапалы, тартымды шығуы, көрерменнің көңіліне жетуі, ондағы тележурналистердің кәсіби шеберлігі мен ой орамдылығының нәтижесі деп білген дұрыс.
Сонымен “Хабар” бағдарламасында телевизиялық деректі филъмдер күн сайын сағат 9 бен 10, 15 пен 16, 17 мен 18 аралықтарында
30 минут көлемінде беріліп тұрады. Мәселен, ғылыми-танымдық теле-фильмдерді “Хабар” телеарнасы ертеңгілік “Окно в природу” деген
айдармен береді. Дәлірек айтсақ, 9 бен 10-ның арасында көрсетеді. Бұл фильмдер табиғат туралы, аңдар мен жәндіктердің тіршілік-тынысы жайлы
баяндайды Бұған мысал ретінде “Көлсай”, “Кусто командасының су асты сапарлары”, “Ителгі өмірінен бір күн”, “Париж көшесі” және т.б.
фильмдерді айтуға болады. Осы арада жоғарыда аталған “Көлсай” фильмінің 1997 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио-кешенінде жасалғанын айта кету керек. Қазір бұл өндіріс бірлестігі түсірген фи-льмдердің жалпы саны жүзден асып отыр. Және халықаралық кинофес-тивальдерінде алдыңғы жүлделі орындарды иемденіп жүр.
Мысал ретінде олардың “Жол жиегіндегі үй” (Дом на обочине) және “Жәңгір хан” фильмдерін айтуға болады. Алғашқы фильм көп балалы отба-сының тұрмыс-тіршілігі жайлы сыр шертеді. Бұл үйдің иелері Омар Айшах пен Ирина Полежаева. Орта жастан асқан бұл кісілердің өз балалары бесеу екен. Олардың үстіне балалар үйінен және басқа да ата-аналарынан тірідей айырылған жетімдерден тағы да тоғыз бала асырап алған.
Ал, екінші фильм болса кезінде Махамбет Өтемісұлының:
“Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын” –
деген өлеңінің кейіпкері Жәңгір хан туралы.
Филъм авторлары кезінде осындай жаман атқа іліккен, бірақ туған халқы үшін біршама жақсы істер де тындырып кеткен Жәңгір ханның жағымды образын жасау үшін көп тер төккен.
“Хабардан” берілетін телевизиялық деректі фильмдердің екінші бір легі “Ғасыр құпиялары” деген айдармен көрерменге ұсынылатын шетелдік журналистер түсірген – құқық қорғау қызметшілері мен полиция, өрт сөндірушілер, апаттан құтқарушылар жайлы фильмдер. Мәселен “Хабар” өткен жылдың желтоқсан айының бірінші жұлдызында “Спид в семье” деген дерекгі фильм керсетті. Ондағы қаралған мәселе, атынан да байқалып тұрғандай, өте күрделі, қорқынышты, жан түршігерліктей қайғылы. Оны көрген адам жан күйзелісіне ұшырамай қоймайтын сияқты.
Фильмнің оқиғасы бір отбасының отағасы СПИД ауруына шалдыққан. Онша кәрі де емес. Оны бәрі жақсы көреді. Бірақ қолдан келер көмектері жоқ. Бірақ ауру өзінің өлетінін біліп жатса да бұл ісіне онша қайғырмайтын сияқты Бала-шағасының алдында да еш кінәсі жоқ сыңай танытады. Осының бәрі көрерменге ерекше бір толғаныс па, өкініш пе, әйтеуір бір жан дүниені елең еткізбей қоймайтын әсерге қалдырады.
Енді “Бетпе-бет” – “Горячая студио бағдарламасы туралы аз-кем айта кетейік. Тікелей эфирге шығып, көкейтесті мәселелерді көтеру “Бетпе-бет” – Горячая студия” бағдарламасының бағы жануына септігін тигізеді. Алыстағы-жақындағы көрермендер өздерін мазалаған сұрақтарына тікелей эфирден жауап алумен қатар, телефон соғу арқылы түрлі оқиғалар, әкімшілік шешім немесе шенеуніктің жұмысын бағалау нұсқасын өз бетінше таңдап алу сияқты интерактивті дауыс берудің “электронды демократиясы” тікелей эфир бағдарламасының қызықты түйініне айналып келеді.
“Хабар” агенттігі тек шеттен келген бейнетаспаларды қанағат тұтып отыра бермей, өздері өнім шығаруға кіріскен. Агенттіктің бұл талабы елімізге ғана емес, одан тыс жерлерге де танылып үлгерді. “Тоғысқан тағдырлар” атты көп сериялы телефильмі 1998 жылы Мәскеуде өткен ТМД және Балтық елдерінің “Содружество” телефестивалінде бәйгені шаппай алды. Сол кездерден басталып түсірілген, бүгінде теледидардан көрсетіліп жүрген “Алдар көсе” атты сериялды мультфилмдер “Хабар” агенттігінің өз өнімдері. Бір өкініштісі осі екі дүние де ана тілімізде емес, орыс тілінде түсірілген. Сондай-ақ жоғарыда айтқанымыздай, “Хабар” өздерінде көркем және деректі фильмдер түсіруді де қолға алған.
Жалпы ұрпақ тәрбиесі мен таным әлемі Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы жауапты міндет болуы керек. Жауыздыққа, бұзақылыққа итермелейтін ленталарды емес, көрерменді биязы сөйлеп, әдептен аспай жүріп-тұруға, мәдениетті өмір сүруге үйрететін, жаманнан жирендіріп, жақсылыққа тәрбиелейтін фильмдер ғана көрерменге ұсынылуы керек. Өкінішке орай, әзірге Қазақстандағы бірде-бір телеарна бұл талаптың үрдісінен шығып отырған жоқ.
Агенттіктің дизайн қызметі де дұрыс жолға қойылған. Оны арнаның беташар белгілерінің үнемі жаңарып, жақсарып тұратындығынан-ақ байқауға болады. Дизайн қызметі туралы айтқанда біз “Хабардың” әр жүргізушісінің кескін-келбетімен жеке-жеке жұмыс жүргізілетінін де, олардың өзін-өзі табуының ар жағында үлкен ұжымдық жұмыс жасалатынын да айтуға тиістіміз. “Хабардың” бәрі әдемі болу керек” деген девизіміз бар. Биік эстетикалық талғамға оңайлықпен қол жетпейді. Қаржы да қажет. Сөйте тұра біз ең жедел, ең шыншыл болумен бірге ең әдемі телеарна атағына лайық болсақ дейміз”, – дейді агенттік президенті.
Қорыта айтқанда, бар-жоғы бес жыл ішінде Қазақстаннан тыс Ресей, Орталық Азия және Қытайдың іргелес аймақтарын да қамтып, Шамамен 64 миллиондай телекөрермен жинап алған “Хабар” агенттігінің алдағы уақытта бағытынан жаңылмай, тәулігіне он бес сағат таратып, халыққа қызмет жасай бермек. Телекөрермен күн сайын республикамызда шетелдерде, өкімет дәліздерінде, еліміздің түпкір-түпкірлерінде болып жатқан оқиғалардан мағлұ-мат алып қана қоймай, өз ой-пікірлерін де эфир арқылы тиісті орындар мен ел азаматтарының жеткізе алатындай мүмкіндіктер жасалады деп күті-луде. Күн сайын “Хабар” агенттігі қазақ және орыс тілдерінде 10 бірегей жаңалықтармен эфирге шығады. Эфир уақытының едәуір бөлігін, дәл
айтсақ үштен бірін ақпараттық хабарлар алады. Тілшілер, редакторлар, талдаушылар, режиссерлер продюсерлерден тұратын жүздеген адамдар елдегі
және әлемдегі болып жатқан оқиғаларды көрермендерге жеткізу үшін тынымсыз еңбек етеді. Меншікті тілшілер торабы және жұмысқа тартылған стрингерлер іс жүзінде республикамыздың барлық аймақтарын қамтыған Қазақстанның елордасы Астанада болып жатқан жаңалықтарды жариялап отыруды он төрт білікті журналистерден тұратын “Хабар” агенттігінің орталық бюросы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Мәскеу мен Ташкентте екі жылдан бері меншікті тілшілер қосыны жұмыс істеп келеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек “Хабардың” Өзбекстандағы меншікті тілшісі Әбдез Рахманұлының өз кәсібіне берілгендігі, міндетін жан-тәнімен адал атқаратындығы, әсіресе, шекара мәселесінің әрбір түйткіліне шейін назардан тыс қалдырмай, көрерменге жеткізіп отырған тынымсыз қызметі үшін жұртшылық дән риза. “Хабар” агенттігі “APTN”, “Peutes” және “Интерфакс” сияқты халықаралық ақпараттық агенттіктермен жүйелі байланыс орнатқан. Олар тұрақты жаңалықтар көзі ретінде қызмет атқарады. ТМД телекомпанияларының ішінде алғашқы болып “Хабар” агенттігі ағылшын тілінде жаңалықтар бюллетенін жасақтай бастады. Шетелдік инвесторлар кеңесінің қолдауымен құрылған “Khabar News Weekly Review” телебағдарламасы эфирге тек сенбі сайын, кешке шығып тұрады. “Хабардың” бағдарламалары көрермендердің сан түрлі топтарына қызықты қоғамдық телеарнаға айналуға тырысып бағуда. Хабарлар кестесінде авторлық, ақпараттық-публицистикалық және көңіл көтеретін бағдарламалар, мультфильмдер және балаларға арналған хабарлар, телесериалдар, деректі және көркем фильмдер, музыкалық клиптер кеңінен қамтылған. “XXI ғасырдың лидері” бағдарламасы өзіне жас ұрпақтың неғұрлым дарынды өрендерін анықтау сияқты игілікті міндет артып отыр. “Бизнес-Хабар” экономика және қаржы жаңалықтарының жедел тасқыны. Бұл бағдарламаның да жүгі жеңіл емес, көрерменнің авторлардан айтарлықтай сұранысын, қажеттілігін қанағаттандырып отыр.
Сондай-ақ көрермендердің асыға күтетін бағдарламаларының бірі де бірегейі жоғарыда тоқталып өткен “Бетпе-бет” – “Горячая студия” тікелей эфирі болып отыр.
Әр аптаның жексенбісінде кешқұрым эфирге шығатын “Жеті күн” бағдарламасының аптаның басты жаңалықтары мен оқиғаларын, жоғары деңгейде болып өткен саяси-экономикалық іс-шараларды көрерменнің есіне салып қана қоя салмай, тақырыпты кеңірек таратып, талдап баяндауымен жұртшылықты қызықтырады. “Жет күннің” соңғы кездері қолға алып, облыс басшыларының қызметіне әр сала бойынша талдау жасап, баға беруі, олардың ел ішіндегі абырой-беделін таразылауы, рейтингтерін анықтауы құптарлық-ақ үрдіс.
“Хабар” агенттігінің бесжылдығына орай біздер республикамыздың белгілі журналистерінің бірі, ғалым, ұстаз әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашевпен тілдескен болатынбыз.
“Жалпы мерзімді баспасөз, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, яғни, радио мен телевизияның бүгінгі таңдағы қоғамда алып отырған орны ерекше. Себебі, шетелдерде, сондай-ақ бізде де төртінші билік иесі атанып, саяси істерге белсене араласып, халықтың көзі мен құлағы, үніне айналып отырған электронды ақпарат құралдары XX ғасырдың соңында суырылып алға шықты. Міне, қазіргі тәуелсіз еліміздегі өзіндік орны бар, құрылғанына азғана уақыт болса да Орта Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының көш басшысына айналып отырған “Хабар” агенттігі соның айғағы. 1995 жылы Үкіметтің арнайы қаулысымен дүниеге келген ақпарат агенттігі айналдырған 5 жыл ішінде 64 миллион көрерменге ие болып, елімізге шекаралас таяу шетелдерге де өз хабарын тарата бастаған. Сондай-ақ, техникамен жабдықталуы да анау-мынау іргелі мемлекеттерден кем емес. Ең бастысы онда қызмет істейтін 400-ден астам тілшілердің көпшілігі біздің журналистика факультетін осыдан 5, 10, 15 жыл бұрын бітірген түлектеріміз.
“Хабардағы” жаңалықтар “Жеті күн” және “Жетпіс жеті күн” сараптық, сатиралық бағдарламалары, “Бетпе-бет” т.б. бір жүйеге түскен, пісіп-жетілген, журналистік ізденіске толы хабарлар деп айтуымызға болады. Оның үстіне, жаңа наурыз айынан бастап дүниеге келген “Хабар-2” бағдарламасы да бірден додаға түсіп, өзінің өміршең болатындығын дәлелдеп отырғандай. Мәселен, “Дін мен діл”, “Мың бір мақал”, “Қырық өтірік” бара-бара үлкен дүниеге айналатындықтарында сөз жоқ. Оны қазірден бастап-ақ сезініп жүргендейміз.
Тәулігіне 15 сағат хабар тарататын агенттіктің болашағы мол, оның президенті Д. Назарбаеваның болашаққа құрып Отырған жоспары да қуантарлықтай. Мысалы, бірте-бірте “Хабар-2”-нің уақыты 12 сағатқа жетіп, болашақта ұлт тілінде (солай болатынына кәміл сенемін) “Хабар-3”, “Хабар-4” арналарының республика көлемінде тарай бастайтындығында дау жоқ. Осы орайда біздің басты мақсатымыз жалпы қазақ журналистикасына, оның ішінде электронды бұқаралық ақпарат құралдарына арнап білікті мамандар даярлау арқылы еліміздің жарқын болашағына өз үлесімізді қосу болып табылады.
“Хабар” агенттігінде кемшілікгер жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ олардың барлықтары да жүре бара түзелетін кемшіліктер. Бірі жаңа техниканы дұрыс игере алмаудан болса, екіншісі көптеген журналистеріміздің тәжірибелерінің аздығынан болып жатады. Егер болашақта ұжым осы жағына мән беріп, қосалқы жұмыстар атқаратын болса, онда олардың өз мамаңдықтарына деген сүйіспеншіліктері артып, белгілі бір дәрежеде жемісін берер еді.”
“Хабардың” ең басты үлкен қызметі – бұл жан-жақты жаңалықтар беру. Сондықтан, техниканың ең көп бөлігі де, бүкіл облыстардағы, одан соң айтылған шетелдердегі меншікті тілшілер де алдымен осы жаңалықтар үшін жұмыс жасайды. Ең әуелі саяси мәні бар жаналықтар беріледі. Одан кейін ресми жаңалықтар Президент аппаратындағы, Үкіметтегі өзгерістер, жаңадан тағайындалғандар, кім қандай қызметке келді, кім қызметінен босатылды, оның қандай себептері бар дегендей мәселелер хабарланады. Бұл орайда “Хабардың” мәліметтерді тікелей Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің баспасөз қызметтерінен алады.
Келесі әлеуметтік-экономикалық мәндегі жаңалықтар. Мұндай хабарларды негізінен облыстардағы тілшілер береді. Олардың ішінде бәрі бар – жергілікті жерлердегі әлеуметтік жағдай, халықтың наразылығы, басшылардың озбырлығы, жаңадан іске қосылған кәсіпорын, қазандықтар, құбырлар, тағысын-тағылар. “Хабар” болған оқиғаны сол күйінде көрсетеді. Соған қарай оның халық арасындағы ықлалы да ерекше. Шағым айтып, әділеттілік іздеген адамдар “Хабардың” араласуы, меншікті тілшілері арқылы істің ақ- қарасын ажыратып көрсетуі нәтижесінде онда колдау табады. Оны мына төмендегі бір-ақ материалдан айқын байқауға болады.
“Хабар” агенттігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново елді мекенінің тұрғыны Р.Бірімжановадан аудан орталығындағы қазақ мектебінің қиын жағдайы туралы шағым хат келіп түскен. Бұл хат Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігіне жіберілген. Көп ұзамай “Хабар” агенттігіне вице-министр Ә. Ахметовтың атынан “Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазакстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново елді мекенінің тұрғыны Р. Бірімжанованың қазақ мектептерінің мәселелері туралы хатымен толық танысты.
Білім беру ұйымдары жергілікті бюджеттен қаржыланатындыктан, мектептің материалдық базасын жақсарту жергілікті өкімет органдарының құзырына жатады. Сондықтан хат тиісті шешімін табу үшін Солтүстік Қазақстан облысының білім департаментіне қарастыруға жіберіледі” деген жауап алынады.
Араға апта сап “Хабар” агенттігіне Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті атынан төмендегідей жауап келіп түседі.
Құрметті “Хабар” Агенттігі!
Сіздің 28.06.00 ж. 1-29/815 бойынша білім департаментінің қызметкері Аққайың ауданы Смирново поселкесінде тұратын хат иесі Бірімжанова Рауза Мәжитқызымен сұхбаттасып, аудан әкім орынбасары Риде Валерии Рейнгольдович және мектеп директоры Мейрамова Сәуле Сейтжанқызымен жалпы қазақ мектеп мәселелері туралы сөз қозғады.
Смирново поселкесінде қазақ мектебінде 80 бала оқиды. Оның ішінде:
- сыныпта – 9 бала 5 сыныпта – 2 бала
- сыныпта – 15 бала 6 сыныпта – 6 бала
- сыныпта – 4 бала 7 сыныпта – 10 бала
- сыныпта – 9 бала 8сыныпта-5бала
10 сыныпта – 20 бала
Расында, Смирново поселкесіндс қазақ мектебі үшін бөлінген ғимаратта, осы мектелтің материалдық базасы да заманның талабына сай емсс.
Әзірге жаңа мектеп салуға қаражат болмағандықтаи, аудан орталығындағы орыс мектептің бір қанатын бөліп, қазақ мектеп атағына беруді аудан әкімі Гордо Сергей Антонович мәселенің ең жөнді шешімі деген тұжырымды білім департаменті де қолдайды. Білім басқармасының бастығы Ф.И. Ваховский:
Міне, “Хабар” агенттігінде осы мектеп мәселелеріне араласып, оң жауабын тауып жаткан істер баршылық. Әсіресе, екі сәбиді – бірі қос иекті, екіншісі ерте қартайған балалар тағдыры жұртшылықтың назарын аударып, емдеуге қол ұшын созған да солар.
Бұл тұрғыда белгілі тележурналист “Хабар” агенттігінің жүргізушісі Нұртілеу Иманғалиұлының жүрек жарды әңгімесін тыңдап көрейік:
“Мен өзі қазақ телевизиясымен бірге жасап келе жатырмын десем өтірік айтпағаным болар. Оқу бітіріп, онда келгенімде мен де жап-жас едім. Қазір “Хабар” агенттігіндегі ересектердің бірімін.
Көптеген жас іні-қарындастарым білмегендерін сұрап, тәжірибеңізді бөлісіңіз деп жатады. Оған к.уанғаннан басқа амал жоқ. Бірақ кезінде өзіміз де солай өстік қой. Қадір Дауытов, Марат Барманқұлов, Сұлтан Оразалин, Құсман Игісінов, Ғаділбек Шаяхметов, Сағат Әшімбаев және т.б. ұстаз ретінде санап, ақыл-кеңес сұрап жүретінбіз.
Мен “Хабарға” келгенше “Қазақстан-1” арнасында ұзақ жылдар қызмет істеп, тәжірибе жинақтадым. Оны көрермендердің көпшілігі біледі. Сондықтан өткенді көп қопара бермей, жаңаны айтқым келеді. Қазір тәуелсіздігімізбен бірге келген “Хабар” агенттігінде қызмет істеймін. Өзім жүргізіп жүрген хабарларым ұнайды. Әсіресе “Бетпе-бет” пен “Дін мен діл” хабарларына өте жауапкершілікпен дайындаламын. Өйткені, тікелей эфирде жұмыс істеу оңай шаруа емес. Теледидардан барлығы да көрініп тұрады. Мен көбіне өзім бүге-шүгесіне дейін білмейтін тақырыптардан қашқақтаймын. Жұрт алдында жалған білімпаз атанғым келмейді. Нені болсын түп-тамырына дейін жеткізіп, шындықты айтқанға не жетсін.
“Хабар” күннен-күнге өсуде. Оны былай да байқауға болады. Әсіресе “Хабар-2” ашылғалы біздің журналистеріміздің ынта-жігері еселене түскен сияқты. Оны эфирден де байқап жүрген боларсыздар. Жалпы, біздің журналистеріміздің ішкі мүмкіндігі өте мол. Сондықтан оларды беле-жарып айткым келмейді. “Алмас қанжар қап түбінде жатпайды” дегендей өздері-ақ көпті жарып шығьш, ертең-ақ көрінеді. Бізде қазірдің өзінде ондай тележурналистер бар деп ойлаймын.”
Жаңалықтардың келесі бір үлкен блогы шетел жаңалықтары. “Хабар”, “Ruitezs” агенттігімен келісімге отырған. Сол келісім бойынша әйігілі агенттіктің бүкіл жаңалықтары бейне көшірме және мәтін ретінде тікелей алынады. Сонымен қатар мұндай ақпараттар WTN бүкіләлемдік теледидар жаңалықтары қызметінен де алынып беріледі. Яғни «Хабарда» дүние жүзінде болып жатқан өзгерістерді бұрынғыдай Мәскеу арқылы алып, Мәскеудің көзқарасымен бермейді, тікелей еш өзгеріссіз, болған оқиғаны сол қалпында жеткізеді. Бұған байланысты айтарымыз “Хабар” аударма қызметі жақсы жолға қойылған. Мұндағы 6 аудармашының үшеуі ағылшын тілінен тікелей қазақшаға, қалған үшеуі ағылшыншадан орысшаға аударады.
Ақпараттар қызметінің төртінші блогы – бұл таза әлеуметтік жаңалықтар. Мұнда тікелей елдің әлеуметтік тұрмысына қатысты проблемалар медицина қызметі, ауыз су, білім беру, зейнетақы, еңбекақы беру мәселелері беріледі.
Тағы бір жаңалықтар блогы қылмысты әрекеттерге арналған. Бұл тұрғыда арна жан-жақты ақпараттар беріп отырады. Бірақ оның, мысалға КТК тәрізді телеарнадан бір ерекшелігі өлген адамның бет-жүзін, денесін бадырайтып тұрып көрсетпейді және сот залынан берілетін ақпараттар да солай. Қылмысқа тартылған адамның, сот үкімін шығарып, қылмысы нақты ашылмайынша, жүзі көрсетілмейді. Адамгершілік, этика тұрғысынан алғанда бұл өте дұрыс шешім. Онсыз да күнделікті тірлік ауыртпалығынан қажыған көрермен санасын түршіктірудің қажеті жоқ екендігі түсінікті.
“Хабардың” басқа арналардан тағы бір ерекшелігі үстіміздегі жылдың 22 наурызы ұлыстың ұлы күні жаңа телеарна “Хабар-2” дүниеге келді, қазақ тілінде хабарлар бере бастады. Алдымен оны Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары, Семей мен Қызылжар қалалары, Астана тұрғындары тамашалады. Еліміздің басқа аймақтары да таяу күндері бұған қосылмақ».
Енді осы “Хабар-2” телеарнасына байланысты агенттігінің бас продюсері, белгілі журналист Қайнар Олжайдың “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Айнаш Есалиге берген сұхбаттан үзінді келтірсек: “– Қазір біраз дүниелер жасалынып жатыр. Бәрін бірдей бүге-шігесіне дейін жайып салғым келмейді. Бірақ, жаңа арнадағы “Қырық өтірік” телешоуы туралы айта кетуге болады. Жұрттың көзін бақырайтып қойып, көзін жұмбай, әдемі қиыстырып, берілген тақырыпқа қатырып тұрып өтірік айтып беремін дейтін жан болса, бізге хабарлассын.
“Мың бір мақал” дейтін телеойынның жобасы жасалынып, түсірілуде. Қазақтың мақалына мүдірмеймін дейтін кісі болса тағы да бізге хабарлассын.
Халқымыздың тарихының әрбір кезеңінде небір айтқыш кісілер болған ғой. Соған орай “Деген екен…” деп аталатын жоба бекітіліп, ол да жасалынып жатыр. Жиырма минөттік бұл бағдарламада кешегі батыр Баукең секілді кісілерден бастап, бүгінгі көзі тірі Қасым Қайсенов, Дулат Исабеков секілді кісілердің атар әңгімелерін жұрттың назарына ұсынбақпыз. Көзі жоқ кісілерді келістіріп тұрып актерлер, ойнайды. Ел ішіндегі ең күлдіргі, айтқыш кісілерді облыстардағы тілшілеріміз арқылы бейнетаспаға түсіріп алуға толық мүмкіндігіміз бар».
Міне, содан бері де жарты жылдың қарасы өтіпті. “Балапанды күзде санайды” демекші алғашқы есеп берер сәт те тақаған сияқты. Ендеше, бұл оқиғаға көрермендер хаттары арқылып жауап беріп көрелік. Алғашқы сөз 73 жасар ана Нұрбану Рай Кемпірбай келініне:
Жаңа арна құтты болсын, дарқан елім,
Бұл жолы “құтты болсын” айта келдім.
Халқымыз гүлдей жайнап өркендесін,
Кеңпейіл, ақ дастархан шалқар елім.
Есігін жаңа арнаның аша келдім,
Қуанып алға қадам баса келдім.
Балалар үлкендерден үлгі алсын деп,
Құттықтап жырдан шашу шаша келдім.
Ал енді дінім келді, тілім келді,
Біздерге мұндай Бақыт Тәңірім берді.
Бақытқа, еркіндікке қолы жеткен,
Қараңыз салтанатты біздің елді.
Екінші хат тараздық көрермен Мейрам Ноғайбаевтан келген.
Құрметті, ұлттық “Хабар-2” телеарна қызметкерлері, жүргізушілері! – деп бастайды автор хатын. – Бүкіл Қазақстан атты байтақ елдің өз елін, тілін сүйер қауымдарын шексіз қуанышқа бөлегендеріңізді білерсіздер ме? Өз басым осы телеарна жұмысын бастайды дегенді елегізіп, асыға күтіп жүр едім. Қалай шығар екен, қалай болар екен деген екіұдай ойда жүргенімді де жасырғым келмейді.
Телеарна өз жұмысын бастағалы бойыма тың бір күш, қуат құйылып жүр-гендей әсердемін. Лайым, ұзағынан сүйіндіргей. “Есіңде ме сол бір кез”, “Қара сөз”, “Деген екен”, “Дін мен діл”, “Мың бір мақал” жүргізушілері мен осы бөлімдердің бағыты мен мақсаты сүйсіндіруде. Адам қуанғанда да аузына сөз түспей қалады екен-ау!
Үшінші хат “Хабар-2”-нің жүргізушілері Дана мен Ақылбектің атына Монголиядан келген оралман, зейнеткер Дакен Қойгарбайұлынан келіпті.
Данаға!
Еліме таныс Данасың,
Жүргіздің хабар жаңасын.
Жоғарылап өссін мәртебең,
Халқыма болар панасың!
Қызысың «Хабар-2»-нің,
Болашақта өзің анасың.
Қырандай самғап аспанға,
Көтерші ұлттың санасын!
Ақылбекке!
Беделді тілші Ақылбек,
Өзіңде толған ақыл көп.
Қазақтың таза хабарын,
Қолдаймын өзім, мақұл деп.
Қазақтың ұлттық хабары,
Қолдауын толық табады.
Көп ұзамай өз тілім,
Жұлдыздай жайнап жанады.
Әсерлі болсын сөздерің,
Беретін мәнер өздерің.
Қолыңнан бәрі келетін,
Кемелденген кездерің.
Келесі хат Қызылорда қаласынан “Хабар-2”-нің жанашыр көрермені Жақсылықова Раушан Орынбасарқызынан келіпті. Хат иесі “Хабар-2” арнасының жүргізушісі, журналист, қызметкерлеріне төмендегідей ұсыныстар жасайды.
1). Қазіргі отбасы проблемалары жайында көп балалы аналар, тастанды балалар, тәлім-тәрбие мәселелері жөнінде айтулы мамандарды қатыстырып хабарлар циклын жасаса;
2). Туған тіліміздің мәртебесін арттыра түсу үшін “Ана тілі” деген бағдарлама жасалып, оған тіл мамандары шақырылып, жаңадан шыққан кітаптардың авторларымен кездесулер өткізіліп тұрса;
3). Қазіргі жасөспірімдерге арналған “Баланы жастан” деген бағдарлама ұйымдастырылса;
4). Қазақтың халық әңдерінің тарихына арналған “Қызыл тілім сайра” деген музыкалық бағдарлама болса.
Енді осындай тілектерге орай және жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты “Хабар-2”-де не жасалып жатыр деген жайға келсек, онда төмендегі хабарларға тоқталамыз.и
“Көз көрген” – белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің 60-жылдығына арналған кеш туралы. Хабарға мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі А. Сәрсенбаев, халық жазушысы Қ. Жұмаділов, ақын С. Иманасов, академик М. Қозыбаев және т.б. қатысып, жазушы М. Мағауиннің шығармалары, оның қоғамнан алатын орны жайында сөз қозғады. Хабарды Қайнар Олжай, Асылбек Ықсан, Эльмира Жолтанова, Сәуле Көмекбаевалар дайындаған.
“Деген екен” – “Қазақы қалжындар” және Жарасқан Әбдірештің қойын дәптерінен алынып қойылған бейне қойылым. Ол “Журналистер туралы”, “Шекарашылар туралы”, “Экзамен”, “Париж-Нью-Иорк” деген хабарлар. Хабардың сценарийін жазған Қайнар Олжай, режиссері Гүлнәр Мейірбекова, продюссері Айдос Аманбай, дыбыс режиссері Мәжит Рахымов.
“Дін мен тіл” хабарды жүргізіп, сұрақ қойып отырған журналист Нұртілеу Иманбайұлы. Хабарға қатысқандар: Қазақстан мұсылман әйелдер төрайымы, ғалым Әмина Нұғманова және Қазақстандағы түрік ұйымының төрайымы, ғалым Асыл Османова. Хабарды тіл, дін, оның жастарға ықпалы туралы сөз болды.
“Қырық өтірік” – жартылай сахналық қойылым. Жүргізушілерінің іс-қимылдары не Қожанасыр мен Алдаркөсе, не Қарашаштарға ұқсамайды. Жасандылық басым. Бұл жолғы хабарға сатириктер Мыңбай Рәшев пен Еркін Жаппастар қатысты. Екеуі де өмірден ойып алған “шындықты” шырқыратып, көрермендерге майын тамызып жеткізуге тырысқанымен, кейбір жерлері не өтірікке, не шындыққа ұқсамай жатты.
Алайда, халқымызда “Көш жүре түзеледі” деген аталы сөз бар. Біздер осыған тоқталуымз керек. Өйткені “Хабар-2”-ден берілетін әр хабар бір-біріне ұқсамайды. Ізденушілік бар. Ал ізденушілік болған жерде табыстыда болатыны ақиқат. Сондықтан бұл арада біздер “Хабар-2”-нің ұжымына тек қана шығармашылық табыс тілейміз.
Сондай-ақ “Хабар” агенттігіңде спорт мәселесіне де көп көңіл бөлінетіндігі де мәлім. Ал, агенттіктің бұл тақырыпқа жазатын журналистерін айтқанда ең алдымен тілімізге Дияс Омаров пен Аманкелді Сейітқановтардың есімі оралады. Осы еңбекті жазу барысынла біздерге республикамызға танымал спорт шолушысы Д. Омаровпен әңгімелесуіміздің сәті түскен болатын.
“Қазір спорт десе ішкен асын жерге қоймайтындарды сирек кездестіруге болады. Бұл орайда оларға көмекке “Хабар” агенттігі жиі келеді. Көптеген көрермендердің “Хабармен” бірге футболдан дүниежүзілік және Еуропа чемпионаттарында болып, XVII жазғы Азия ойыңдарында сырттай болса да Бангкоктың спорт ареналарында көптеген ойындарды қызықтағандары естерінде болар. Енді міне, Сиднейдегі XXVII олимпиаданың ойындары. Одан 34 сағат трансляция жүргізілді. Халық, жанкүйерлер спортшылармен бірге сонда болып қайтқандай, бәрін де өз көздерімен көргендей әсер алғандықтарында дау жоқ.
Алда тұрған мақсат-міндетіміз бұдан да қомақты. Келешекте “Хабардан” тұрақты спорт бағдарламасын ашу. Оған қос тілде хабар жүргізетін әріптестерім жетерлік. Әсіресе жастар жағы өсіп, жетіліп тәжірибе жинақтап келеді. Бізде әзірге қазақтың ұлттық ойындары өз дәрежесінде насихатталмай келеді. Ат спорты, күрес, тоғыз кұмалақ және т.б. Оның үстіне спорттың қазіргі түрлерінде футбол, хоккей, волей-болды ұлттық түрде жүргізіп, ауылдық жерлерге тарату ісі де кезек күттірмейтін жай деп білеміз.
Ал “Хабарда” қай жағынан болса да техникалық, журналистік мүмкіндік мол. Тек оны жүзеге асыратын, спортқа шын жүрегімен берілген
азаматтар керек.
Сондай-ақ интернетте “Хабар” веб-сайт виртуалды телеарнаның таяуда құрылуы да агенттіктің айрықша атап өтер мақтаныштарының бірі. Бұдан басқа былтырдан бастап “Хабар” агентгігінің “Хит ФМ-Хабар” радиостанциясы да тындаушыларын қуантып келеді. 102,8 әуе толқынында жұмыс істейтін бұл радиостанция әзірге Алматы каласының тұрғындарына ғана тарайды. Болашақта хабар таратудың көлемі мен мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда.
Радиостанция әр сағат сайын қазақ және орыс тілдерінде соңғы жаңалықтарды ұсынады. Онда елімізде және шетелдерде болып жатқан тың оқиғалар таныстырылады. Қалай болған күнде де информациялық жаңалықтар 3,5 минуттан аспайды. Әрбір сағаттың 35-минутында ауа райы болжамдары беріліп тұрады, басшысы Сергей Баскин.
Мұнда орыс тілінде “Доброе утро”, “Народ”, “Хит ФМ едины”, “Викторина” “Большое ухо”, “Барышня”, “Аллергопрогноз” және т.б. тақырыптарға арналған ақпараттық, танымдық және музыккалық хабарлар беріледі. Ал қазақ тілдеріндегі жаңалықтардан басқа “Хит ФМ Хабардағы көтеріңкі көңіл-күй” деген ойын-сауық бағдарламасы бар. Оны жүргізушілер Ләззат Әбдіреева мен Мәулен Садықбековтар. Бұл хабар мерейтой, қуаныш иелерін құттықтауға арналған. Сондай-ақ, сүйікті қаламыз Алматы туралы сұрақ-жауап ойыны мен алдағы аптаға арналған жұлдызжорамалы бар. Бағдарлама әр сенбі сайын 18.00 мен 19.00 аралығында жүреді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ “Хабар” өте үлкен мүмкіндіктері бар телеарна. Осы мол мүмкіндіктерін төртінші билік жолындағы күресіне пайдалана алды ма, жоқ әлде осыған да тәуба деп, өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын қаллымен жүре бере ме? Оны уақыт көрсетеді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
КӨШ ЖҮРЕ ТҮЗЕЛЕДІ
Диссертация жұмысының алғашқы параграфында “Хабар” агенттігінің құрылуы мен даму және жетістіктері туралы айтылып, оның бүгінгі танда Қазақстанда ғы телеарналардың көшбасшысы екендігі нақты мысалдармен дәлелденді.
Бірақ, бұл, әрине, “Хабар” агенттігінің проблемалары жоқ деген сөз емес. Еліміздегі қаржы тапшылығы, нарықтық жағдай «Хабарды» да айналып өтіп отырған жоқ. Теледидар мен радионың шұғылдылығы және т.б. талаптар тұрғысынан келгенде төртінші билік – бұқаралық ақпарат құралдары ішінде алар орнының ерекше екендігі, шоқтығының биіктігі, аудиториясының кеңдігі о бастан-ақ мәлім. Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстан жағдайының қиындығы, халықтың әл-ауқатының нашарлығы, мерзімді басылымдарды жаздыртып алуға мүмкіндікте-рінің жоқтығы баспасөздің мүмкіншіліктерін шектеп, тынысын тарылтып-ақ тастады. Осыдан он жыл бұрын жүз мындаған данамен таралған қазақ газет-журналдарынын бүгінгі данасы, салыстырмалы түрде айтқанда, саусақпен санарлықтай-ақ болып қалуының жоғарыда біз айтқаннан да өзге себептері бар. Ол – бір сөзбен айтқанда, қазақ баспасөзінің жалтақтығы дер едік. Енді, қиыншылық радионың да үнін әлсіретіп, тыңдармандарының қатарын селдіретіп, аясын тарылтты. Бұл пікірлеріміздің дәлелі ретінде радио желілері тартылған бағаналардың тоналып, әлдекімдердің қажетіне жарап кеткендігін айтсак та жетер деп ойлаймыз. Қазір ауылды жерледе радио нүктелері жоқтың қасында. Бұл нені көрсетеді? Бұл – бүгінгі таңда халқымыздың басым көпшілігі қажетті ақпаратты теледидардан ғана алып, теледидарға қарап ой-пікірін түйетіндігін көрсетеді. Яғни, бүгінгі Қазақстан теледидары қандай болса, халқы да сондай деп айтуға болады. Еліміздегі телеарналар басшылары мен қатардағы жауынгер-журналистері, теледидардың бұл артықшылықтарын өздерінің алдындағы, халық алдындағы жауапкершілігіміз деп қарап, жауырды жаба тоқымай, басшылардың сүрінгенін секіргені деп, түймедей ісін түйедей етіп дәріптеп, елдің мұң-зарын тұншықтырып, тұмшаламай, ащы да тұщы ақикатты, ақпаратты бұрмаламай, дәл беріп жатса құба-құп.
1991 жылдың 16 жедтоқсанында еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялай отырып, “Қазақстан демократиялық, құқықтық мемлекет болады” деп жалпақ әлемге жар салдық. Одан бәрі де “демократиялык, кұқықтық мемлекет құрып жатырмыз” деп айта беруден танбай келеміз. Бірақ та қоғамымызда демократияның әлі де болса ұшқыны болса да, жарығы жоқ деңгейде қалып отырғаны да жасырын емес. Міне, осы әлсіз демократияны соңғы уақыттарда “терендетіп жатырмыз” деген пікірді де жиі-жиі еститін болдық. Бұған сену әзірге ертерек сияқты. Өйткені, ешқандай үкімет өздігінен демократияны орната салмайды. Оған мүдделі де болмайды. Неге дейсіз ғой? Олай дейтініміз, демократия – үкіметтің билігін шектеу болып табылады. Демократия дегеніміз – мемлекеттік биліктің қайнар көзі де. Оның негізі халықта және халықта ғана болуы керек. Халық шектеулі мерзіммен, шектеулі ғана билікті өзінің сенген өкілдеріне береді және қатаң бақылауда ұстайды. Қажет деп тапса, мерзімі бітпей жатып-ақ, берген билігін қайтарып алады. Бұл қандай үкіметке ұнайды? Әрине, ешқандай билік иелеріне ұнамайды.
Біз бұл жерде үкіметті ғана кінәлаудан аулақпыз. Өйткені, демократия – халықтың билігі болғандықтан, оны сол халықтың өзі ғана жүзеге асыруға тиіс. Үкімет қаншалықты әділетті, каншалықты қабілетті болып, мемлекетті жұмаққа айналдырмасын, бұл игілік демократиялық болып табыла алмайды. Бұдан шығатын қорытынды – қоғамымызда демократияның өспей жатуына басты кінә жарияланған заңды өз билігіне жүргізе алмай отырған өзімізде жатыр. Әрине, бұл үкіметті ақтау да емес. “Апама жездем сай” дегендей халық пен үкімет бір-біріне сайма-сай.
Еліміздің ертеңінің қандай болатыны демократиямыздың қандай дәрежеде болатынына байланысты. Қазақстанның болашғы демократияда. Басшы да, қосшы да талас тудырмай мойындайтын бір шындық осы. Ал тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жоқ жерде демократияның өмір сүре алмасы – аксиома. Біз, егер, шын мәнінде, тәуелсіз, демократиялық, құқықтық өркениетті мемлекет құрғымыз келсе, бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарына тәуелсіздік беруіміз керек. Бұқаралық ақпарат құралдарына коррупцияға былғанған, әшкере болып қалудан қорқатын шенеуніктердің бақылауын, ықпалын жоюға тиіспіз. Онсыз БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары – Ә.М.) тәуелсіздігі дегеніміз бос сөз болып қала береді. Ал тәуелсіз БАҚ жоқ жерде жоғарыда атап өткеніміздей демократия да бола алмайды. Олай болса салык голеп, осы үкіметті, БАҚ-тарға қаржыландырып отырған халық қажетті ақпаратын ала алмай, өз үнін үкіметке т.б. тиісті орындарға жеткізе алмай, үкіметтің; әлеуләйінен соң, хәләуләйін тындап, алданып отыра береді.
Бүгінгі Қазакстан тірелген тығырық бір адам алып шыға алатын нәрсе емес. Бұған бүкіл халық болып жұмылуымыз керек. Ал халықта осынау ұлы іске жұмылдыру үшін, шынайы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары ауадай кажет.
Егер, біз Қазақстанда шынайы тәуелсіз БАҚ жоқ десек, біздің бұл пікірімізге қарсы дау айтушылардың табылары сөзсіз. Және даулары негісіз де емес сияқты. Олар Қазақстанда жүздеген тәуелсіз БАҚ-тардың бар екендігін тілге тиек етеді. Бұған біз де келісеміз. Бірақ мәселе онда емес, сапада ғой. Сондай-ақ тәуелсіз бұкаралык. акпарат құралдары дегеннің өзі не? Ол қандай болуы керек? Бұл сауалдардың жауабына келген кезде қоғамымызда қате пікір, жеке түсінік үстемдік құрып келе жатыр.
Біздің “тәуелсіз” деп жүрген БАҚ-тарымыз-жай ғана мемлекеттік емес БАҚ-тар. Тәуелсіз БАҚ-тар өздігінен демократиялық болып есептеле алмайтын сияқты, мемлекеттік емес БАҚ-тар да шынайы тәуелсіз болып санала алмайды. Яғни, мемлекеттік емес БАҚ дегеніміз әлі тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралы деген сөз емес. Бірақ бұлар бір-біріне алғы шарт бола алады. Мемлекеттік емес БАҚ-тар тәуелсіз БАҚ-тарға, тәуелсіз БАҚ-тар демократияға алғы шарт бола алады. Міне, біздің бүгінгі демократия деп жүргеніміз сол демократияның алғы шарты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігінің жоғарғы өлшемі деп азаматтардың мемлекет басшысына қатысты ашық айтылған ой-пікірлерінің алаланбай, мағынасының өзгертілмей жариялануын, еркін таратылуын айтуға болар. Осы өлшеммен қарар болсақ, бүгінгі танда Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-тар жоқ деуге болады. “Тәуелсіз газет”, “тәуелсіз телеарна” деген сөздердің өзі тәуелді БАҚ-тардың бар екендігін анықтап тұр. Бірақ олар “тәуелді” деп емес, “мемлекеттік” деп аталады. Осы мемлекеттік БАҚ-тардың тәуелділігі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары басшылары да, қаржы беріп отырган атқарушы билік иелері де ашык айтып жүр. БАҚ басшылары өздері басқарып отырған ақпарат құралдары қаржы беруші үкіметтің немесе облыс, аудан әкімдерінің шотын жабуы тиіс деп есептесе, қаржы беріп отырған, аудан, облыс әкімдері мен үкіметтің де ойы осы. Міне, осындай қате түсінік мемлекет байлығын әкесінен қалған мұрадай қалауынша иеленіп, шашып-төгіп жүрген шенеуніктерді әшкерелеп, ащы шындықты халыққа жеткізіп жатса да мемлекеттік қазынадан қаржы алмайтын БАҚ-тарды “тәуелсіз” деп шатасуға себеп болуда. БАҚ-тардың тәуелсізідігін меншік түрлеріне қарамай бір тұтастықта қарау керек. Бүгінгідей оларды меншік түрлеріне қарап “тәуелді”, “тәуелсіз” деп жіктеу де кате. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет басшыларын, үкіметті сынамасын деген заң жоқ. Ата заңымыз цензураға тыйым салып сөз бостандығына, баспасөз бостандығына кепілдік береді. ҚР Конституциясы 20-бабының 1-тармағында “Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады” деп жазылған (1).
Сондай-ақ 1991 жылдың 28 маусым күні қабылданған “Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары ерікті. Бұқаралық хабарламаға цензура жасауға жол берілмейді” (2), – деп тайға таңба басқандай етіліп, атап көрсетілген. Бұл құқыққа мемлекеттік БАҚ-тарда, өзге мемлекеттердегі БАҚ-тарда ие. Егер мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттен қаржы алып отырған себепті тәуелсіз бола алмайды, деп бұл мәселеге кешіріммен қарар болсақ, онда мемлекет қаржысына өмір сүретін заң шығарушы және сот биліктерінің де тәуелсіздігі жөнінде әқгіме қозғау артық болған болар еді. Заң шығарушы, сот биліктерінің тәуелсіздігі де көңіл көншітерлік болмағанымен, құдайға шүкір, бұл жерде жоғарыдағыдай теріс түсінік жоқ. Қаржыны қайдан алатындығына қарамастан, заң шығарушы және сот билігінің тәуелсіз болуы қажет екендігі ешқан дай талас тудырмайды. Олай болса, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары да үкіметтен қаржы алатындығына қарамастан, тәуелсіз болуы керек. Өкінішке орай, бұл мәселе қазір БАҚ өкілдерінің де, басқаның да ойларына кіріп-шығып жүрген жоқ. Демократиялық коғамда БАҚ-тардың тәуелсіздігі жөнінде сөз қозғау артық. Онда бұқаралык ақпарат құралдары бақылаушы орган болып табылады және шын мәніндегі төртінші билік болып есептеледі. Біздің ақпара-құралдарымыз төртінші билік атануы үшін бүгінгідей жауырды жебе тоқушылыктан арылып бақылаушылыққа, әшкерелеушілікке бет бұруы керек. Бұл бүгінгідей қоғамымызды сыбайлас жемқорлық жайлап, мемлекеттілігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп туғызып тұрған жағдайда ауадай қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік деңгейде күрес жарияланғанына екі жарым жыл уақыт өтсе де, нәтиже болмауы сол тәуелсіз БАҚ-тардың, демократияның жоқтығынан, әлсіздігінен деп білеміз.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын шөміштен қағып, әр түрлі тәсілдермен Атазаңда айшықталған құқықтарын ұмыттырып, жетекке алып, сойыл соғушыларына айналдырған атқарушы билік “тәуелсіз” деп аталып жүрген мемлекеттік емес БАҚ-тарды да «жөнге» салып қоюға қабілетті. Содан да болар, көптеген ақпарат құралдарының “тәуелсіз” деген аты болмаса, заты шынайы тәуелсіз БАҚ-тарға қойылатын талаптарға сай емес.
Бүгінгі танда Қазақстанда негізгі оншақты телеарна ішінде “Хабар” агенттігі” бір төбе де, қалғандары бір төбе десек, бұл пікірімізге ешкім де дау айта қоймас. Әйтсе де бұл агенттіктің де жоғарыда айтқанымыздай, өз проблемалары жоқ емес. Ол туралы “Хабар” агенттігінің” президенті Дариға Назарбаева: “Қаржы тілге оранған соң осы мәселеге түсінік бере кеткенді парыз санап отырмыз. “Хабар” мемлекеттің мол акшасын оңды-солды жұмсап отыр”, – деген сөзді кей-кейде құлағымыз шалып жатады. Бұл орайда нақты цифрларға жүгінсек, нақты жағдай басқаша екенін дәлелдеуге болады. “Хабар” агенттігіне биылғы жылдың бюджетінен 1393 685 мың теңге бөлінуі тиіс еді. Осы бюджет бойынша Қазақстан Республикасы Телерадио Корпарациясы бізге қарағанда 2,2 есе артық қаржыландырылып отырғанына әлі күншілдер көңіл бөле қоймайды. Оның үстіне бізге әлі қаржы толық берілген жоқ. Қараша айына дейінгі тиесілі қаржының 16 проценті берілмей қалды. Жоғарыдағы милиард та тікелей “Хабарда” қалмайды. Оның 75,3 проценті телесигналды қабылдау үшін жұмсалады. Демек, миллиардқа жуық теңге біз аркылы өткенімен, оның игілігі телесигнал тарату мекемелеріне тиесілі. Сонда бізге қалатын қаржы тек бюджеттік жалақыға, коммуналдық және байланыс кызметтерімен есеп айырысуға және республикадағы тілшілер пунктерін ұстап тұруға зорға жетеді. Ал телевизияны техникалық жағынан дамытуға бюджет аздық етіп отыр”, – дейді (1).
Ал “Хабардың” жүргізушісі Ләззат Танысбай “Ана тілі” газетінің тілшісі Нұрлыбек Сапарғалимен сұхбатында былай дейді:
Сұрақ: – Өзің қызмет ететін “Хабар” агенттігінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы не айтасың?
Жауап: – “Хабардың” 2 жыл ішінде өзге арналар арасынан суырылып шығып, алдыңғы қатарға жетуі жетістігіміз. Бәлкім оған мықты редактор мен техникалық мамандардың бізде шоғырландырғандығы әсер еткен шығар. Ал, кемшіліксіз даму жоқ. Теледидарда үнемі қарбалас тірлік. Мереке күндері жұмыс тіпті қызып кетеді. Кейде эфирде отырғанымызда саған таныс емес ақпаратты әкеледі. Қателесу, мүдіріп қалу осындайдан болады. Сын айту басталады.
– Сұрақ: – Басқа арналарда жүргізушілер қалыптасып келе ме?
– Жауап: – Әрине, бірақ бізде әзірге өзара бәсеке жоқ. Ең жамаы сол. Бәсекесіз даму болмайды.
Біз осы кандидаттық жұмысымызды жазу барысында «Хабардың» айтулы жүргізуші, тілшілері Нұртілеу Иманғалиұлы, Зейін Әліпбек, және Бибігүл Жексебаймен екі арада болған сұхбатқа назар аударайық.
– Бибігүл, өзің қызмет жасап отырған “Хабардың” қандай проблемалары бар? Әлде мәселенің бәрі өз шешімін тапқан ба?
– Еліміздегі өзге телевизиялармен салыстырмалы түрде айтсақ проблемалар жоқтың қасыда деп айтуға да болар еді. Бірақ, Қазақстада жағдайлары мүшкіл телевизиялар еліміздің бетке ұстар ұлттық арнасына өлшем бола алмас деп ойлаймын. Сондықтан біз өркениетті, дамыған елдердің айтулы телекомпанияларына, солардың мүмкіндіктеріне қарап, өзімізге-өзіміз баға беруіміз керек. Мұндай жағдайда, әрине, шама-шарқымыз білініп, проблемаларымыз да, кемшіліктеріміз де, жетіспеушіліктеріміз де көрініп қалады. «Мәселенің бәрі өз шешімін тапқан ба?» деген сұрағыңызға айтарым, біздің жағдайда ешқашан да мәселе толығымен шешіліп бітпейді. Өйткені, біз қауырт, қызу қимыл үстіндеміз. Күнделікті-ақ ірілі-ұсақты қиыншылықтар мен проблемаларға кезігіп жатамыз. Кейде осындай кездейсоқ жолыққан мәселенің өзі қиындап, үлкен проблемаға айналып жатады. Оның үстіне қазіргідей өте шұғыл техникалық прогресс дәуірінде мықты деген техниканың өзі ертең-ақ өзге бір жетілген техникалардың шаңына көміліп қалып қояды.
– Кадр мәселесі қалай? Өз әріптестеріңе көңілің тола ма?
– Бұл сұрағыңызға да бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қиын. Кез келген нәрсеге дұрыс баға бере білу сол баға беріп отырған нәрсеңді басқалармен салыстырғанда мүмкін болады. Салыстырусыз бір жақтылыққа ұрынған болар едік. Міне, аса салыстырмалы тұрғыдан келгенде, әрине Қазақстандағы білікті, білімді журналистердің, басқа да телевизияға қажетті мамандық иелерінің дені «Хабар» агенттігіне шоғырланған. Бірақ сол шоғырланғандардың бәрі бірдей «сен тұр, мен атайын» дейтіндей өз кәсіптерінің майталмандары деп айта алмаймыз. Олай деп айтсақ, онымыз- асылық болар еді. Асылық, астамшылық еш нәрсені де алға бастырмайды, қайта тоқырауға алып келеді. Бір данышпанның сөзі бар. Мағынасы мынаған саяды: «Арманы таусылған, өзіне-өзі риза адам өлуі керек». Бұл сөздің жеке адамдарға ғана емес, кез келген шығармашылық ұжымдарға да қатысы бар деп ойлаймын.
Ал “Хабарда” өз кәсіптерін жақсы меңгерген өзін бағалайтын,үлгі тұтатын аға буын әріптестерім де, өз қатар-құрбыларым да баршылық. Олар:
Н. Иманғалиұлы, М. Садық, В. Рерих, Серік Жанболат, Айдос Үкібаев, Григори Беденко, Сергей Пономарев, Зейін Әлібек, Жайна Жақсылықова, Сергей Насыров, т.б.
– Бибігүл, “хабарлықтардың” пікіріне қарасақ. ең шыншыл теледидар “Хабар” дегенге саяды. Осы сөзде қаншалықты шындық бар? Жалпы “Хабардың” шьшшылдығына да салыстырмалы түрде баға берген жөн шығар?
– Әрине, солай еткен жөн. Қазақстандағы телеарналардың ішінде ең батыл, ең шыншыл телеарна “Хабар” екендігін мойындау керек. Мәселен “Жетпіс жеті күн” бағдарламасын алайық. Жоғары деңгейдегі шенеуніктердің ішіп-жеп койғандарын, тамыр-таныстықпен істеп жатқан “бармақ басты, көз қысты” әрекеттерін әшкерелеп-ақ жатқан жоқ па? Мұндай батыл бағдарлама еліміздегі басқа арналарда жоқ. Өкінішке орай “Жетпіс жеті күн” бағдарламасының көтеріп жатқан мәселеге назар аударып жаткан тиісті құзырлы органдар жоқ. Тағы бір екінішті нәрсе “Жетпіс жеті күн” сияқты батыл, бірақ әзіл-әжуа емес, таза саяси-талдау бағдарламасы бізде, яғни “Хабарда” жоқ. Сол “Жетпіс жеті күңде” айтылып жүрген мәселелер саяси-ақпараттық, талдау бағдарламаларында сөз болып жатса, бұл көреремендерге де, сол сыналып жатқан шенеуніктерге де басқаша әсер еткен болар еді. Және ол мәселеге құқық қорғау органдары да көз жұмып қарай алмас еді. Өйткені, таяқтың бір ұшы өздеріне барып тиеді. Ал «Жетпіс жеті күнді» қарап «Хабардың» қаншалықты шыншылдығын өзің-ақ пайымдай бер. Ал өзімнің жеке пікірімді айтсам, бар” әділдікке сусаған халықтың, кажетті талап-тілегін әзірге толық қанағаттандыра алып отырған жоқ.
“Хабардан” туған соң қайдан оңсын?” – дейді қызылордалық
Қ. Бердімұратов. “Алтын Орда” газетіне осындай тақырыппен мақала жазған автор “Хабар” агенттігін” біраз сынға алыпты.
“Хабардың” казақ тілінен ақсап жатуына сондағы журналистер мен жүргізушілердің де аздаған кінәсі бар. Соның бірден бір себебі олардың өзі дұрыс сөйлем құра алмайтындығы, мысалы, “Хабарда” Жайна Сламбекқызы деген қарындасымыз қызмет істейді. Өзі көркемдеп кестелеп сөйлеуге құмар-ақ. Мұнысын жөн делік. Бірақ оның нақты ақпараттан гөрі айқайы басым Бір әйтеуір өкпелі жан. Үнемі зекіріп, ұрысып, әлдекімдерге ренжіп жүргені.
Жүргізуші Ләззат Танысбай бір күннің маңызды оқиғаларын хабарлау үшін емес, көгілдір экранға қасы-көзін керіп, қылық көрсету үшін ғана шығатын сияқты. Ол жалпы өзінің қорытынды жаңалықтарында “Миссиясын” еркектерге ғана арнайды, білемін. Бұртия ма, еркелей ме, наздана ма… көріп болғанша есің кетеді.
Ал “Хабардың” “Жеті күні” құр әншейін қызыл сөз. Ешқандай журналистік сараптаманы көре алмайсың. Бары “Жас Алашта” жазылған жайттардың жаңғырығы ғана. Осы бағдарламаны неге Зейін Әлібекке бермейді? Салмақты, мәселенің мәнісіне де әріден қарайтыны көрініп тұр. Бет өлпеті талапқа сай. Бастан-аяқ қазақша сөйлейді деп асыға күткен “Хабар-2”-ден қазірдің өзінде жалыққандаймыз. Неге? Содан кейін “Қазақфильмнің” қорындағы шетел киносын аударып бергені несі? Тәржімасы мықты болса, соңғы он жылдың көлемінде шыққан шедеврлерді қазақшаламай ма? Сонымен айналыл келгенде бұл арада әйтеуір оборигендер аузын жапқанша деп жасала салған дүние болып шықты. Оны мына бетіндегі еліміздегі ақпарат нарығын жайлап алған орыс тіліңде БАҚ-қа тойтарыс деу – ұят. Ал шындап келгенде осыған кім кінәлі?”.
Біз “Хабардың” ең басты проблемасы оның қоғам, халық аддындағы жауапкершілігінде жатыр деп ойлаймыз. Бәлкім “хабарлықтар” мұны біздің проблемамыз емес деп айтар. Олай болса бұл жауапкершіліктен жалтару болып шығады. Егер “Хабар” үкіметтік ғана емес, шын мәнінде халықтық телеарна болғысы келсе, онда бүгінгі халықтық проблемалардың барлығы “Хабардың” да проблемасы болуы керек. БАҚ жоғарыда айтып өткеніміздей бізде бір теріс түсінік бар. Үкіметтен қаржы алған БАҚ үкіметтікі делінеді. Ал үкімет қаржыны қайдан алып отыр? Онда ешкімнің шаруасы жоқ. Шындығына келсек, Қазақстан мемлекетін құрып отырған да, мемлекеттің басшы органдарын сайлап, мемлекеттің билік органдарының бәрін қаржылаңдырып отырған халық емес пе? Біріншіден, БАҚ өкілдері осы мәселені неге терең түсінбейді? Екіншіден, БАҚ өкілдерінің “біз төртінші билік иелеріміз” дей отырып, өздері бір билікке (атқарушы билікке) тәуелді болып, соның “жақсысын” асырып, жаманын жасырып, сойылын соғып жүрсе, онда бұқаралық ақпарат құраладырның төртінші билік екендігі қайда қалды? Мұндай жағдайда БАҚ төртінші билік емес, атқарушы биліктің халықты алдап-арбауы үшін пайдаланатын жолбикесіне айналмай ма?
Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болуы керек. Бұл, әрине, БАҚ үкіметтен қаржы алмай, өз күнін өзі көрсін деген сөз емес. “Байырғы да ізгі Англияда мемлекет телеарнаны қолданғанымен, оның ішкі ісіне араласпайтынын бәрі түсінеді”, – дейді
Ғ. Сәрсенұлы “Хабар” – өзгерістер айнасы” деп аталатын мақаласында. – Ал бізде мемлекеттік шенеуніктердің қол сұқпайтын жері жоқ. Халықтың ақшасын алып, оның кішкене бір белігілі біреуге, тіпті халықтың өзіне бергенін міндет қылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жетегіне алып алған. “Жетектеген ит аңғармайды” дейді атамыз қазақ. Бұл жерде кінә атқарушы билікте ғана емес. Атазаңда айшықталған құқықтарын пайдалана алмай, атқарушы билікгің жетегінде кетіп жүрген БАҚ өкілдері де кінәлі. Бұқаралық ақпарат құралдары қаржы алғаны үшін біреуге тәуелді болуы керек болса, ол – халық. Өйткені, “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық”. Бұл менің сөзім емес, ҚР Конституциясының 3-бабы. Бұқаралық ақпарат құралдары қандай бір заманның жетік техникаларымен жабдықталып, қаражатпен қамтамасыз етілмесін, егер, оның тірегі халық болса, ол БАҚ-тың болашағы жоқ. Біз “Хабардың” “Халықшыл, шыншыл боламыз” деген ниетін қолдаймыз. Бірақ бұл, ниет күйінде қалмас үшін батыл қадамдар керек-ақ. “Хабардағы” тіл проблемасы басты проблемалардың бірі. “Хабардың” тәулігіне 15 сағат таратып жатқан хабарларының 71.8 проценті орыс тілінде, ал қазақша 28,2 процентгі ғана құрап отыр. Мұны қалай түсінуге болады? Осы елдің, жердің иесі қазақ халқы екендігін айтпағанда, Қазақстандағы халықтың 50 процентен астамын қазақ ұлты құрап отырған жоқ па? Мұны аз десеңіз “Қазақстан Респуб-ликасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі” емес пе? Сондай-ақ Ата заңымыздың 93-бабыңда “мемлекеттік тілді еркін әрі терең меңгеру үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін алуға міңдетті” деп ана тілімізге үлкен мәртебе берілген. Бұл 1997 жылдың 11-шілдесіндегі “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңында да бекітілді. Аталмыш Заңның 18-бабының 2-тармағында былай делінген: “Мемлекеттік тілдің толыққанды қолдануы мақсатында меншік нысанасына қарамастан телерадио арналары арқылы мемлекеттік тілде берілетін хабардың көлемі уақыты жағынан басқа тілде берілетін хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс”. Бұл түжырым 1999 жылдың 23-шілдесінде күшіне енген “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңның 3-бабының 2-тармағында (1) тайға таңба басқандай етіліп жазылған. Міне, қазақ тілін дамытудың осындай заңдық базалары жасалған. Өкінішке орай Заң орындалып жатқан жоқ. Осы тұста қозғау салып, кедергілер мен кінәліларды ашып көрсетіп, мүсәпір күй кешіп отырған ана тілімізге сүйеу болудың орнына “Хабардың” өзінің қазақ тілінен сырт айналуын қалай түсінуге болады?! “Хабардың” заң аясында ғана жұмыс істейтіндігі қайда?! Хабарлықтар қазақшасының “Шаһар”, “31 канал”, “Таң”, “КТК”, “НТК”, “Рахаттардан” артықтығын қанағат тұтып отыра бермей, тіл мәселесінде, басқа да ұлтымыздың өзекті мәселелерінде өзге арналарға үлгі болып жүрсе жараспай ма?
Сондай-ақ “Хабардағы” тәуір бағдарламалардың дені орыс тілінде. Мысалы керек болса, “Город будущего” сияқты жастарымызға өте қажет бағдарлама орыс тілінде. Осы бағдарламаны орыс тілінде жүргізу арқылы “Хабар” көрермендерінің санасына “Болашақ орыс тілінде” деген ойды да салып отыр. Мұнан кейін онсыз да кім боларын білмей жүрген көптеген қандастырымыз қазақ тіліне қолдарын бір-ақ сілтемей ме?
“Қазіргі кезде мемекеттің қалыптасуы теледидарсыз мүмкін емес. Егер, бұрын ұлттар тарихымен, аңыз-дастандармен, мәдениетімен, тілімен қалыптасса, бүгін тұтастықты қалыптастыру бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді жұмысын талап етеді”.
Ресейдің, тағы басқа шетелдердің телекомпанияларымен бәсекеге түсеміз деп отырған “Хабар” еркіндігінің аз, өлшеулі ғана екендігі. “Сөз бостандығы билік орындарына да керек. Сын айтып, қатесін көрсетемін сөздің аузына қақпақ қойылса, ол қоғамның келешегінен ешқандай үміт күтуге болмайды”.
Америка демократиясының атасы Томас Джефферсон былай деген екен: “Біздің еркіндігіміз баспасөз еркіндігіне тікелей байланысты, ол баспасөз еркіндігін шектеу дегеніміз – оны толық жою деген сөз”.
Сөз бостаңдығы қазақ үшін таңсық нәрсе емес. Қайта сөз бостандығының айшыкты үлгілері бізде осыдан бірнеше ғасырлар бұрын-ақ болған деп мақтана айтуымызға толық негіз бар. Біздің ауыз әдебиетіміз бұған толық негіз береді. Небір от тілді, орақ ауызды ақындарымыз бен шешендеріміз талай қаһарлы хандарды сынап-шенеп жөнге салып отырған. Бір Бұқар жыраудың айбарлы Абылайханға айтқандарының өзі көп нәрседен хабардар беріп тұрған жоқ па? Бүгінгі біздің жүздеген бұқаралық ақпарат құраладарымыз жабылып бір Бұқардың орнын баса алмауы өкінішті-ақ.
“Хабар” агенттігін” алдағы уақыттарда халықтың деңгейін көтеріп, атамыз қазақтың “бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген қанатты сөзін басты қағидасына айналдырып, қызмет етіп жатса құба-құп.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әлі де болса “Хабар” мемлекеттік телеарнасында қызмет істейтін тележурналистердің көптеген міндеттер атқаруына тура келеді. Республикамызда күнделікті алуан түрлі жаңалықтар болып жатқаны белгілі. Халық көңілінен шығу үшін ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымы хабарды жедел де, жүйелі түрде ұйымдастырып, халық шаруашылығындағы жетістіктерді, кетіп жатқан кемшіліктерді, өнеркәсіпте, алып құрылыстарда қажырлылықпен жұмыс істеп жатқан еңбекшілердің өмірін олар үшін шешімін күтіп тұрған проблемаларды жүзеге асыруға атсалысып отыруы шарт. Өйткені, әрбір хабардың әсерлілігі, мәні де осында.
“Хабар” телеарнасының ақпараттық бағдарламаларының ресми жаңалыктарға баса назар аударып отыруының да өзіндік заңдылығы бар. Себебі, біз мемлекет құру үрдісі жүріп жатқан кезде өмір сүріп отырмыз. Қоғам арнасын, экономикалык, сипатын мүлдем баска бағытқа бұрдық. Бұл да казақстандықтар тарапынан басып өтуге тиіс кезең екені белгілі. Өтпелі, уақытша дәуірге тән қиыншылыктар да жоқ емес. Ал, оның барлығын түрлі әлеуметтік ортаға шынайы ақпарат күйінде жеткізу, себеп-салдарын анықтау, ақиқат құбылысын тану журналистер мойнына артылған жүк болып отыр.
Қазакстан өз тәуелсіздігін алып, тарих керуенімен ілесіп келген асыл байлық, қазыналарымыздың қадір-қасиетін екшеп, оларға деген әділ көзқарастар қалыптаса бастағанын да оншақты жыл толып қалыпты. Президентіміздің бастамасымен ел астанасы ауысты. Мұның геосаясат, өндірістік қатынастар, демографиялық мәселелер тұрғысынан алып қарағанда оңтайлы, парасатты қадам болғаны аық.
Әрине, әр мәселенің екінші қыры бар. Бір кездері көп ұлтты деп мақтаныш сезіммен айтылған Қазақстан үшін көп дінді, көп құдайлы мемлекет болып қалу қатері тұр. Оған халықтың әлеуметтік тұрмысының төмендеуін, денсаулық, «ақ көңіл» ана тіліміздің қолданыс аясының тарылуын, казачество және т.б. көптеген мәселелерді қосыңыз.
Жоғарыда айтылғандарды саралай келсек, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына бейтарап бағыт ұстануға, идеологиялық насихат жұмыстарынан тысқары тұруға болмайды. Өркениетті дамыған батыс елдері тәрізді қоғамдық пікірді таратумен ғана шектеліп қалу, оны қалыптастыруға ешқандай әрекет жасамау біздің өзіміздің қазіргі болмыс-бітіміне сәйкес келмейді.
Біз бұл еңбегімізде «Хабар» телеарнасындағы ақпараттық бағдарламаларды теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырып, оған ғылыми анықтама беруге, эфирден өткен хабарларды талдап-таразылау негізінде қорытындылар шығаруға әрекеттендік. Ең бастысы, «Хабар» ақпарат агенттігінің әлемдік ақпарат агенттігімен салыстыра отырып, орын алған кемшіліктер мен ізгі жалғасын тауып келе жатқан басты-басты жетістіктеріне тоқталдық. Еңбекте хабар дайындаудағы ерекшеліктер мен жанр табиғаты да қамтылды.
Сөз реті келіп тұрғанда мынаны да айта кеткіміз келеді. Ғасыр басында пайда болған теледидар бүгінде бүкіл әлемді жайлап отыр. Оның жауламаған саласы қалмаған шығар. Бірақ, көп ұзамай-ақ теледидардың өзімен бірге ала келген салдары да аян болды. Мысалға, американдықтардың бірнеше ұрпағы көгілдір экранның тәрбиесін көргендер. Бұл жайында көп айтудың қажеті шамалы. Арнайы әдебиеттерді бір шолып шықса, жеткілікті. Бұл күнде Батыс Европа мен Америкада теледидарды “Ұлы жендет”, – дейді Зворыкин деген орыстың белгісіздеу ғалымы.
Әрине, социализм кезінде сөз бостандығы болған жоқ. Оны қоғамдық ойды бағдарлап отырудың асқынған түрі деуге болады. Бірақ, сол кездегі бір жақсы дәстүр осы теледидардағы цензура еді, жүйелі тәртіп еді. Телевизордан осы күні көрсетілетін шетелдің “порнухасы”, рок-поп ансамбльдері ол кезде де болған. Бірақ оны бізде насихаттамайтын. Ол кездегі цензураны Батыстың селдей тасыған жуынды-шайынды мәдениетін жібермей ұстап тұрған темір бөгет деп бағалауға болады.
Қазір теледидарды көруге адамның дәті шыдамайтын, айтсаң аузың былғанатындай әсер қалдыратын небір сұмдықтарды көрсетіп жатыр. Бұрын былық ақ сарайлардың қабырғасынан тысқары шықпайтын. Бұл бостандық емес-анархия. Идеология мен мәдениет жүйесі, оның ішінде теледидар да, қандай да болмасын нақұрыс идеяларды насихаттай беруге болатын керуен сарайға айналып барады.
“… 80-жылдары Жапонияда балалардың математикалық өрісінің түсіп кеткендігі проблема етіліп көрсетілді. Кеңес баспасөзі бұл жайында қуана жазған.
Мәселенің кілтипаны мынада екен: электрондық калькуляторға әбден сеніп алған жапон балалары кәдімгі қарапайым математикалық есептерді шығара алмайтын дәрежеге жетіпті. Яғни, сана бәрін дайын күйінде алғандықтан қарапайым интеллектуалдық машықтан айырылған”.
Бұл келтірілген мысалдан ғылыми-техникалық жетістіктердің, соның ішінде теледидардың да қоғам өміріне әкелетін кері ықпалы, зияны баршылық. Оның адам денсаулығына, мінез-құлық психологиясының қалыптасуына тигізетін, тигізіп үлгерген зардаптарының өзі бір бөлек әңгіменің арқауы болары анық.
Қорыта келгенде айтарымыз – “Хабар” агенттігінің бес жыл ішінде басып өткен жолы “соқтықпалы, соқпақпыз” болғаны ақиқат. Десе де ұлттық психологияны қалыптастыруда “Хабардың ” ақсап жатқан тұстары жетерлік. Ресейге, Батысқа жалтақтай бермей, өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізге бет бұратын уақыт жеткен сияқты.
Сөздік
Агрегат Aggregate, unit
Ағымдағы тапсырма Active job
Адаптер (байланыстыру құрылғысы) Adapter
Адрестік белгі Address mark
Адрестік тіркегіш Address register
Ажырату, өшіру Detach
Ажырату, сөндіру Deactivate
Акустикалық модем Acoustic modem
Ақпаратты анықтама жүйесі Inquiry system
Ақпаратты қайта жазу Overwrite
Ақпараттық канал, арна Channel
Алмалы-салмалы Connector
Алфавит (әліп-би) Alphabet
Алфавиттік-цифрлық пернелер тақтасы Alphanumeric keyboard
Алфавиттік-цифрлық, мәтіндік Alphanumeric
Алып тастау Delete
Аппараттық сәйкестік Hardware compatibility
Аралас тақша Combintion card
Арна, канал Channel
Ауыстырғыш Switch
Ашу Zoom in
Әлемдік желі өрмегі World wide web
Әр түрлі түстер жиымы Color
База Base
Базалық (негізгі) Host
Базалық (негізгі) желі Backbone network
Базалық бағдарламалық жасақ Basic software
Базалық жад, негізгі жад Conventionl memory
Базалық регистр Base register
Байқаудан өткізу Dry run
Байланыс арнасының өткізу мүмкіншілігі Channel caoacity
Байланыс желісін іске қосу Eneabling a line
Байланыс арнасы Communication channel Байланыс панелі Link panel
Байланыс сеансының ұзақтығы Connect ime
Бақылау Check
Басы Home
Бейне мәтінінің бөлігі Display context
Бейнеграфикалық матрица Video graphics array
Бейнелерді өңдеудің дербес жүйесі Personalimage
processing system
Бейнелерді, суреттерді өңдеу Picture processing
Белгі Sign, label, feature
Белгіше, шартты белгі Icon
Видеобейнелерді цифрлау адаптері Video capture adapter
Генератор Generator
Графикалық кесте Graftable
Графиктің мәтіндік режим (тәртібі) Graphic text mode
Дайындық дабылы Redy signal
Диапазон, ауқым Range
Жазу уақыты Write time
Жазылу қатесі Write error
Жазылу бұйрығы Write instruction
Жай сан Prime number
Жалпы торап Wide area network
Жалпы, бәрін қамтитын Global
Жанама Tangent
Жарық беру Highlight
Жебелікті (тіл сызықты) перне Arrow key
Жиілік Freguency
Жұп (сан) Even
Жыпылықтау (жанып-сөну) Blink
Кабель (бірнеше сымнан тұратын өткізгіш) Cable
Кері байланыс Feedback
Бұйрық батырмасы Command button
Бұйрық (команда) Command
Кіру Entry
Қарап шығу, қарау Scroll, scrolling
Қоңырау Bell
Қоректену көзі Power supply
Қоректену қосқышы Power connecor
Құндақтағы есте сақтау Cassete recorder
құрылғысы
Құндақтағы магниттік таспадағы
жинақтауыш Cartridge tape unit
Мәтіндік редактор Text editor
Мәтіндік символ (рәзім) Alpha character
Мәтіндерді өңдеу Word processing
Оператор бұйрығы Operator command
Оператор пульті Console
Пленка, қабықша Tape
Синхронды режимді қосу Sunch mode
Сканер, із кескіш құрылғы Scanner
Таза таспа Virgin tape
Тақырып Head, heading
Тақырып мәтіні Title bar text
Таспа, лента Tape
Таспаның басы Load point
Ток көзіне қосылу индикаторы Power on indicator LED
(көрсеткіші)
Толық экран Full
Түймеше батырма Button
Түрлі түсті графикалық адаптер Color disolay
Түсініктеме Comment
Уақыт Time
Цифрлық аналогтық түрлендіргіш Digital-toanalog
converter
Цифрлық аудиокомпакт дискілер Compact disc-digital
audio
Цифрлық индикатор Digital readout
Шамадан тыс жүктеу Overloading
Шапшаң On-line
Экран Screen
Экрандық редактор Full screen editor
Электрондық шам Tube
Эффект Еffect
Қысқартылған сөздер
- Прямой эфир – тікелей эфир
2.Теле-кино – Кино пленкадан телевизиялық
электронды сигналға айналдыру
- В.М.З -Бинемагнитафон
4.Об/пл -Жалпы план (көрініс)
- Ср/пл -Орта план (көрініс)
6.Кр/пл -Жеке план (көрініс)
7.Д -Диктор
8.Корр -Корреспондент
9.К/кадр – Кино кадр
10.Радиомикрофон -Радиомикрофон
11.Стереоэффект -Стереоэффект
12.Усиление -Дыбыс күшейткіш
13.Фильтровация -Дауысқа қосылған керексіз
шуларды алып тастау
14.Интершум – Белгілі бір (стадион, темір көше)
15.Эхо -Жаңғырық
16.Телесуфлер -Дикторға арнап текст беруші
- Врезки – Бір көріністен екінші бір көрініске
жылдам көшу
18.Наплыв -Бір көріністен екінші көрініске
көшкендей
- Шторка -Көрініс бір нүктенің сырықтап
жоғала бастап оның орнын келесі
көрініс басады
- Двойные эксплуатации – Брактерды екі камера мен немесе
екі түрлі түсіріп экранда көрсетілуін
айтады
- Видео ряд -Бейне қатар
22.Аудио ряд -Дыбыс қатары
23.Подвесной микрофон – Аспалы микрофон
24.Журавль -Құрыққа ілінген микрофон
25.Заставка -Хабардың мәнін ашатын сурет
26.Видео режисерский пульт -Бинережиссерлік пульт
- ТВЦ-телевидения высокой -Жоғары айқындықтылы
четкости теледидар
- Студия -Хабар тарату ұйымдарының
бағдарламалық-редакциялық қызмет студиясы
29.АВВ -Бейнематериалдарға көрсету
ақпараттары арқылы хабарды
эфирге шығару
30.АВЗ -Бейнежазу аралығы
- АВП – Редакторлар мен техниктер
үшін бейнематериал көру залы
- АГКЛ -Қалалық кабельдік жүйе
- АКГ -Компьютерлік графика бөлімі
34.АМВ -Бейнематериалдарды құрастыру
бөлімі
- АОВ -Бейнематериалдарға дыбыс жазу
бөлімі
36.АПБ -Бағдарлама орталығы
- АТК -Техикалық қадағалау бөлімі
- ПВС -Жылжымалы бейнежазу стансасы
39.ПЗС -Жылжымалы дыбыс жазу стансасы
- МТВС -Жылжымалы телевизиялық
бейнежазу станциясы
41.ПЭС Жылжымалы электр қуат көзі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚР Конституциясы, 20-бап, 1-тармағы. – Алматы, 1995 жыл.
Барманқұлов М.К. “ТВ, деньги или власть”. – Алматы: Санат, 1998.
Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992
Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. Әлем баспасөзінің тарихынан. – Алматы: Санат, 1998.
Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1991
Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. – Алматы: Мектеп, 1976
Назарбаев Н.Ә “Қазақстан 2030”. – Алматы: Білім, 1995
Ученова В. Публисцистика и политика. – М.: Наука, 1973
Голдовская М. Творчество и техника. – М: Искусство, 1986
Көшім Д. Демократия негіздеріне кіріспе. – Алматы, 1997
Любосветов Д.И. По законам эфира. – М.: Искусство 1979
Назарбаева Д. Азаматтарға арналып, қоғамға қызмет ету // Егемен Қазақстан. 23.10.1998.
Сарсенұлы Ғ. “Хабар”-өзгерістер айнасы // Жас алаш, 08.20.1998.
Танысбай Л., Сапарғали Н. Барлығына бірдей ұнау мүмкін емес // Ана тілі, 25.06.1998.
Бердімұратов Қ. “Хабардан” туған соң қайдан оңсын? // Алтын Орда, 25.05.2000
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңы” // Егемен Қазақстан, 23.07.1999.
Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы” // Егемен Қазақстан, 23.07.1999
Сабалин А. ОРТ-ның орын “Хабар” басты //Жас алаш, 30.01.1997
“Хабар” агенттігінің 1995-2000 жылдардағы бйнематериалдары.
Шыңғысова Н. Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.
Тараз Ә. Теледидар көргім келеді // Алматы Ақшамы. – 1997, 18- сәуір.
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.
Әбженұлы Қ. Көгілдір дидар көркі не?// Егемен Қазақстан. -1998.
23-қазан.
Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993.
Телевизионная журалистика. – М.: МГУ.1994.
Багиров Э.Г. Методы документального исследования в телевизионной журналистике. – М., 1998.
Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. – Алматы: Жазушы, 1993.
Аманбаев К. Создаие и развитие ТВ в Казахстане. Автореферат. –Алматы 1971.
“Хабар” мемлекеттік агенттігінің 1999-2000 жылдары эфирден өткен материалдары.
Хат бөліміне 1995-2000 жылдары келіп түскен хаттар.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………5
Бірінші тарау
Тәуелсіздіктің ауыр жүгі…………………………………………9
Екіші тарау
Іс пен сөздің бірлігі…………………………………………………27
Үшінші тарау
Болашақ бүгіннен басталады…………………………………..39
Төртіші тарау
Көш жүре түзеледі……………………………………………………67
Қорытынды……………………………………………………………..85
Сөздік………………………………………………………………………89
Пайдаланылған әдебиттер…………………………………………96
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.