Шермуханбетова Сабыржан
Режиссер Абдулла Қарсақбаев
Аты аңызға айналған Кеңес Қазақ кинорежиссері көзі тірісінде ұлттық киномотографияның классигі болып саналған суреткері. Абдулла Қарсақбаевтың өнерге шарықтап шығу жолы өткен ғасырдың 60-жылдары басында Хрущевтың кезінен басталды.Сол жылы Андрей Тарковски, Василий Шукшин және Абдулла Қарсақпаевтың өнері жоғары бағаланып бірден совет кино өнерінің алтын қорына енген болатын. Әр түрлі жанрда кинотуындыларын жасаған режиссер ғұмыр жолында тап келген небір қиын қыстау шақтарда таршылықты, идиялогиялық қысымды қайсарлықпен жеңіп өнер туындыларын жасаған. Бұл елім деп соққан жүрекке ғана тән.
Олжас Сүлейменов бір сөзінде: «Абдуллада табиғат берген, үнемі шыңдалатын, шалқар өнер болатын. Ол біліммен, ақыл кеңеспен, тәжірибемен келген емес, өнер оның қанында, тегінде бар еді» деп баяндайды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-ның жетекші киностудиолары «Леньфильм» мен «Мосфильм» көшіріліп әкелініп, солардың негізінде орталық біріккен киностудио құрылды. Сол жылдары осы киностудияда әлемге аты танымал кинорежиссер Сергей Эйзенштейн жұмыс жазап Алматыда Иван Грузни фильмін түсірген екен. Абдулла Қарсақбаевтың өнер жолының басталуына тұспа-тұс келеді. Ол біріккен студио дайындайтын мектепке оқуға түседі. Соғыс біте сала, Абдулла Қарсақбаев актер ретінде КСРО халық әртісі Марданскийдың «Артил тауға кетеді» фильміне түседі. Онда чукчалардың рөлін қазақтар ойнаған. Осы картинаға Абдулланың өнеріндегі және өміріндегі жан достары К.Байғожабеков және Н.Жантөрин де түскен.
Арада жылдар өтіп Алматыға арнайы келген Марданский ескі достары, сүйікті актерімен арқа-жарқа танысып меймандос көңілдеріне риза болады. Осы кең дастархан басында Абдолла ағаның досы Нұрғиса Тілендиев күй тартады.
Қазақ жерінің бағына жаралған Абдолла Қарсақбаев 1926 жылы 2 қазанда, Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүние есігін ашқан.
Абдолла Қарсақбаев 1950–1955 жж аралығында Мәскеудегі Бүкілодақтық киноинститутына Перияевтың шеберханасында режиссерлік факультетте оқиды. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң, ол деректі фильмдер түсіреді. Олардың бірі «Қазақтың халықтық қолөнері» деп аталатын фильм 1957 жылы жарық көрді. Бұл фильмі Монрияда өткен «ЭКСПО 67» де көрсетіліп, содан кейін оны әлемнің 60 мемлекеті көріп, оны сатып алған. Абдулла Қарсақбаев халық ішінен шыққан дарын иелерін дәріптеп, қадір тұтты. Оның дәлелі ретінде біртуар суретші Әбілхан Қастеев туралы шығарған деректі фильмінен байқауға болады.
Абдулла Қарсақбаевтың жеке түсірген алғашқы көркем фильмі «Менің атым Қожа». Бұл – Қазақстанның ең үздік балалар фильмдерінің бірі. Бұл – Қазақстанның ең үздік балалар фильмдерінің бірі «Менің атым Қожа».
Фильмі желісіне Бердібек Соқпақбаевтың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Менің атым Қожа» атты әйгілі повесі арқау болған. Жазушы фильм сценарийін Ниссон Залеранскиймен бірге жазған. Фильмнің көркемдік жетекшісі – кинодраматург және кинорежиссер, 1920 жылдардың соңында шыққан «Түрксіб» фильмі авторларының бірі Ефим Арон.
Кинематографияға енгізген жаңалықтарынық бірі:
- балаларға арналған көркем фильімнің тұңғыш ретмультипликация элементтерін қолдану болды. Осы фильімнен кейін ғана кино ертегілер жасаудың майталманы Александр Птушко бұл тәсілді «Жоғалған уақыт туралы» атты ертегісінде алғаш 1964 жылы қолданады.
Менің атым Қожа фильімі кейіннен шетелде Канн фестивальінде жеңімпаз атанады. Өкінішке орай Абдулла Қарсақбаев бұл сыйлықты өзі ала алмады, сол кездері шетелге шығуға рұқсат етілмеген.
«Алпамыс мектепке барады» фильмінен
Бұл Қазақ ССР-інде кейін ұлттық кинематографияның классикасына айналған картина болып табылады. Кейін ол сегіз көркем фильм түсірген. Үшеуі – балалар фильмі.
Режиссердің философиялық туындысы
«Қилы кезең» фильмі 1966 жылы түсірілген. Осы туындыда КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов барлаушы рөлін сомдаған. Халықтың қоғам қайраткері Ыдырыс Ноғайбаев та осы туындыда шеберлігін шыңдаған. Актерлер бірлесе отырып Қазақстанның қуғын-сүргін жылдарындағы ашаршылықты көрерменге шынайы жеткізген. Осыдан кейін А. Михаилков-Кончаловский «Абдоллаға арналған 7 оқ» атты фильм шығарған.
Абдулла Қарсақбаев «Қилы кезең» туындысында алған шет «Елім-ай» әнін қойған.
Қазақстан көрермендеріне режиссердің тағы бір керемет туындысы – «Алпамыс мектепке барады» (1976 жыл) фильмі жақсы таныс.
«Балалық шаққа саяхат» 1968 жылы түсірілген. Осы фильмінде Болат Қалымбетов басты рөльде ойнаған. Бұл оның тұсаукесер рөлі болған. Сонымен қатар Абдолла Қарсақбаевтың «Біздің Ғани» (1971жылы), «Жүйрік болсаң озып көр» (1974жылы), «Бандыны қуған Хамит» 1979 жылы шықты. Киноның орысша атауы – “Погоня в степи”. “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің авторы – Сәкен Сейфуллин.
Абдулла Қарсақбаевтың шеберлігі оның сол фильмді жан-тәнімен сезініп, халыққа ашық бүкпесіз әрі еш боямасыз жеткізуінде. Оған дәлел ретінде ұлы Тоқтар Қарсақпаев түсірген «Подлинно народный» фильміне Болат Қалымбетов мынадай пікір айтқан: «Абдулла Қарсақпаев
Абдолла Қарсақбаев 56 жасында 1983 жылы 31 тамызда өмірден өтті.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.