Құжаттар негізінде дайындаған
Секен ҚҰСАЙЫНҰЛЫ
Парасат журналы 2006жыл,мамыр
Сайын Болат кім?
Тарихқа Иван Грозный Қаһарлы Иван деген атпен енген орыс патшасы Иван Васильевич жөнінде әралуан пікірдің қалыптасқаны рас. Көбінесе оны жауыз, қатыгез патша ретінде суреттеп келдік.Шындығында да солай ма? Оған жауап бермес бұрын мына бір кезеңді саралап көрелік. ”Менің асқақтап кеткен дәнеңем де жоқ,өйткені мен бар болғаны өзімнің патшалық міндетімді ғана орындадым, – депті Қаһарлы Иван өзінің князь Крубскиге жазған хатында. – Әміршінің жауыздыққа да бара қоймайтынына, үн-түнсіз қарап отыра алмайтынына сен қалайша түсінбейсің? Аса қайырымды патшалар тұсында да, хан құйлы жазалаулар болып тұрған – олай етпесе ешқашан таусылмайтын оспадарлық пен барымта-қарымталардан бүкіл патшалық тас-талқан күйрер еді”. Осы жолдарды оқығанда қатыгездігі мен қаныпезерлігі арқылы аты тарихта қалған Иван Васильевич, яғни, кейде жексұрын аталған Ұлы патшаның ішкі жан дүниесін біршама түсінгендей боласын. Өйткені ел басқару, оның үстіне ұсақ князьдіктерді біріктірген патшалықты уыстан шығармай ұстап тұру онай шаруа емес. Сондықтан да болар орыстарды біртұтас патшалыққа біріктірген Қаһарлы Иван өз кіңдігінен тараған ұрпақтарының ойынн ел басқарар қабілетті көре алмай, іштей аласұрады. Аласаұрады да, мемлекет мүддесін баршасынан жоғары қойғандықтан, астындағы тақты қабілетсіз ұлдарына мұра етсе онда өзі негізін қалаған патшалығының қатадан күйрейтінің түсініп, 1575 жылы барша билітен бас тартады да, тақты татар әулетінен шыққан Саин-Болатқа мұра ететді.
Осы құбылысты тарихшылар қазір сан-сақа жүгіртеді. Бірақ қалай дегенмен де, Қаһарлы Иван патшаның түпкі мақсаты – орыс патшалығын сақтап қалу әрі нығайту болғаны ешбір талас тудырмайды.
Сонымен христиан дінің қабылдап, Симейон Бекболатович атанған Саин-Болат, яғни Қасым тұқымынан тараған ханзада енді «патша әрі бүкіл Ресейдің ұлы князьі» атанада. Ал, Қаһарлы Иван өз мәртебесіне соншалықты төмендетіп, Мәсеку Иваны аталады да, Кремльден Петровкадағы өз иелігіндегі сарайға қоныс аударады. Бұрынғы құрметтердің баршасынан бас тартып, Мәскеуді қарапайым жұрт секілді жалғыз ат жекілген кәдімгі арбамен аралап жүреді. Семейон патша тақта бар болғаны 1 жыл отырады. Осыдан соң күтпеген жерден өз еркімен Мономахтын бөркін Қаһарлы Иванның өзіне қайтарып береді де, патшалықтан бас тартады.
Мұндай құбылысқа сарай төңірегіндегілердің таң қалғаны, әр түрлі жорамалрдар жасағаны анық. Біреулер өзіне «орынбасар» тағайындап алған патша сарайындағы астролог Елисей Богомеляның болжамынан үрейленді десе, екіншілері патша мұндай ірекетке әдейі барып, «адамдардың өзі жайында не дейтінің білгіс келіп, арандатыудың амалын қарастырдыә дейтіндей әңгіме өрбіткен болатын. Ал Елисей көріпкел шындығында да Ресей әміршісі дәл биыл қайтыс болады деп сәуегейлік жасаған екен.
Ал, үшішілері Сигизмінт, ІІ-ші қайтыс болғаннан кейін босаған Речь Поспоританың тағын иелену үшін Қаһарлы патша тақтан бас тартты дейтін әңгіме таратты. Расында да, Қаһарлы патша Польшалық атақты шляхтичтермен үш жылдан бері келіссөздер жүргізіп келген болатын. Алайда Иван ІV-ші Сеймнің көмейін бітеуге келгенде ақша шығындағысы келмей, сарандық танытып, ақыры бұл келісім аяқсыз қалды. Қаһарлы Иванның орнына поляктар әскербасы Стифан Боториді сайлап алды. Польшаның тағынан айырылғандығына байланысты болса керек, әйтеуір орыс патшасының тағына қайта отырған ол Польшаға қарсы жаңа соғыс жариялады.
Қаһарлы патшаның басқа елге кеткісі келуінің өзге де себептері болғанға ұқсайды. Үздіксіз соғыспен ел ішіндегі тартыс-керістерден шаршаған ол жан тыныштығын уздеген секілді. Сол кездін өлшеміміен есептесек 45 жас деген аз ғұмыр емес еді. Оған қосы үш бірдей әйелінің қайтыс болғаны паштаға оңай болмайд, қалжырап, қартайған ол аурауға шалдықты. Бұрынғы жауыздықтарынан арылып, тәубасына түскенің жария еткісі келгендей Иван Ваильевич опричнинаны – қазіргі тілмен айтқанда – арнайы қызметті жойды. Бұған қоса Англия королевасы Елизаветадан баспана сұрады. Королева бас тартқан жағдайда қапысыз калмауды ойласа керек, астананың маңындағы барлық жер мен бірнеше аса бай сауда қалалары – Ростовты, Великие Устюк пен Вологданы өзінің жеке меншігіне аудартып алды.
Қалай дегенмен де Қаһарлы патша астындағы тақты Симейонға мәңгілік бергісі келмегенге ұқсайды. Ағылшын елшісі Д. Сильвестерге жазған: «лауазымды… қайтып алу үшін біз патшалықтан басыбайлы бас тартқан жоқпыз…» дейтін хат жолдаррында осыны айғақтай түскен.
Алайда Мономахтын бөркі Симейонға шын мәнінде тым ауыр соқса керек. Оның тақтан өз еркімен бас тартқаны рас. Бірақ патшалығын қайтып алған Иван Ваильевичке төңірегіндегі бойарлар: «Басурманды қадаға отырғызу керек» деп кеңес бере бастайды. Бірақ бұған құлақ аспаған бұл Симейонға Тверь мен Торжда қазына есебінен 13500 десятина егін себілетін жер бөлгізіп, Тверьдің ұлы князьі атағын бергізеді. Ол кезде Қаһарлы патшадан өзге бірде бір адам ұлы князь атағына ие болмаған еді. Осыған қарап Симейонның Қаһарлы Иванға әлі де қажет болғанын түсіну қиын емес.
Олай дейтініміз, Қаһарлы патша қайтыс болған соң бірқатар әйгілі бойарлар «мәселен, Романовтардың патшалқы әулетін орнықтырушының әкесі Федор Романов немесе Рюриктұқымынан тарайтын Иван Бельский» Тверьдің ұлы князьі Симейонды таққа отыруға шақырады. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартыпты.
Дәл осы кезде Симейонның таққа ие болатынынан үрейленген Борис Годонов боярлардан мынандай ант қабылдауды талап етеді: «патша Симейон Бекболатұлының және оның балаларының Мәскеу патшасы болғаның көргіміз де, ойлағымыз да келмейді. Олармен достаспаймыз Симейонды немесе оның ұлын Мәскеу мемлекетінің патшасы қоюды кімде-кім ойласа, соны іздеп тауып, әміршіге жеткізсін…»
Бұрынғы тарихшылар Симеон Бекболатұлын қанша жерден дәрменсіз,Қаһарлы патшаның қолындағы ойыншығы ретінде көрсеткісі келгенімен,қазіргі зерттеушілер бұл пікірді жоққа шығаруда.Оның бірнеше себебі бар.
Біріншіден,тарихшы Александр Зимин атап көрсеткендей,Симеон орыс монархты секілді барша қажетті рәсімдерді сақтай отырып,шіркеу басшыларының қатысуымен Кремльдің Успен соборында патша тәжін киген болатын.
Екіншіден,татардан тарайтын Симеонның (шоқынғанға дейінгі аты-Сайын Болат) арғы тегі Шыңғыс ханның өзінен бастау алатындықтан,Қаһарлы Иванға қарағанда тақ мұрагері болуға құқы да аса мол еді.Оның әкесі Алтын Орданың соңғы әміршісі Ахмет хан болатын. Иванның ата-бабалары князьдік атақты содан сұрап алатын еді. Сөзіміз жалаң болмас үшін мына бір дерекке жүгінелік “Шыңғыс хан әулетінен тарайтын хандар Рустегі таққа отыруға бірден бір әрі тумасынан әділ ” патша есептелініп келген болатын,-деп жазады академик Роберт Виппер,- ал мәскеулік әміршілерге келсек,олар бар болғаны патшаның рұқсатымен ғана ел басқаратын ұлы князь саналатын”. Симеон секілді ақсүйектер орыстарды тектен-тек басқарған жоқ. Өйткені Алтын Орда құлағанымен,орыс боярларының жартысына жуығын татардан шыққан құрайтын. Апраксиндер,Глинскийлер,Юсуфуфтар,Карамзиндер-осылардың баршасының арғы тегі татарлар болатын.
Қаһарлы патшаның өз мұрагерлерін таққа жолатпауының бұдан басқа да себептері болды.Ол өзінің үлкен ұлы Иванды аса жаратпады. Себебі- ол әкесімен поляктар арасына от жағып,екі елді араздастыруға ден қойды. Кіші ұлы Федорды босбелеу,ынжық санады. Ал Симеон болса,Ливон соғысында полк басқарып,Балтық маңындағы шайқаста орыс жауынгерлерінің жорығына басшылық жасады. Жауынгерлік ерліктері үшін патша татар ханзадасын ерекше марапаттап, мұсылман Сайын-Болатта православие дінін қабылдауға мәжбүр етті (Христиандық есімі Симеон болып өзгертілді) де,бұдан соң оған аса ықпалды боярдың қызы,өзінің немере қарындасы Анастасия Мастистлавскаяны айтырады. Осылайша татар ханзадасын патша әулетінің толық мүшесіне айналдырады.
Жоғары да айтып өткеніміздей,енер Симеон 1-ші тақтан бас тартпаса,онда орыстар үшін тарих тоңғалағ қай жаққа қарай домалар еді? Бұған нақты жауап бермес бұрын 1576 таққа Қаһөарлы Иванның қайта отырған сәтінен бастап өріс алған елдегі жағдайды қайтадан саралап көрелік. Бір жылдан соң Ливон соғысы басталды да,іле шала орыстар Сібірді игеруге кірісті. Осы жерде Симеон 1-нің қандай роль атқарғанына зерттеушілер былайша баға береді: “Симеон патша өзінің нағыз реформатор екенін танытты,- деп жазады белгілі тарихшы Руслан Скринников.- Өзі билік құрған аз уақыт ішінде ірі жер иеленуші –олигархтардың мемлекет ісіне араласуына тиым салып,дар патшалық билікті қамтамасыз етудің негізін қалады. Сонымеен берге жер бөлісімен ұзаққа созылған Ливон соғысынан торалаған Ресей экономикасын қалпына келтіру жөнінде батыл қадамдар жасады ”.
Шындығында да, 1570 жылдар птша қазынасы сарқылған еді.Опричниктер (Қаһарлы Иван патшаның ішкі саясатының жиынтық атауы) билік тұтқасынан айырылмау үшін өз жақтастарын көбейте түсу мақсатында монастырьларға,жер иелерімен пайдалы өнеркәсіп иелеріне қожайын екенін куәландыратын салық имунитетін,тархан-құжаттарын үлестіре бастады. Симеон болса,салық реформасының жобасын бекітті. Осыған байланысты тархандар енді бұрынғы мәртебелерінен айырылды да,белгілі бір жерге немесе өнеркәсіпке иелік етеін адамдар қатарына жатқызылды. Бұл өз кезегінде жемқорлықты айтарлықтай тізгіндеДІ. Сонымен бірге кәсіп орындар салықты патшаның жергілікті жерлердегі өкіліне емес,Мәскеуге патшаның өзіне тапсыратын болды. Айтарлықтай табыстан қағылған боярлар,орталыққа барыннша тәуелді болды да,оның есесіне патша қазынасы қосымша 15-20 пайыз пайда көрді.
Экономиканы нығайту мен “жоғарыдан төмен қарай басқару” жүйесін орнату жөніндегі реформасы одан әрі жалғаса түуі ықтимал еді.Ресейлік өзге де, “ұлы реформаторларға” қарағанда Симеон бірінші аса парасатты,кең пейіл,орнықты адам болған екеН. Соған қарамастан олбірде күш қолдануға дейін барыпты. Косимовкадағы сырахананың иесі Еникей мен салық мәселессіне байланысты Симеон өзі хан болып тұрғанда келісе алмай қалады. Патша болған соң,сол кабакты жауып тастауға әмір етеді.
Тарих дөңгелегі демекші, Симеон 1-нің Рессей тағына отырған кезде атқарған көптеген игілікті істерінің бұл бір мысалы ғана. Бірақ,1284 жылы Қаһарлы Иван қайтыс болған соң билік Борис Годуновтың қолына көшпесе осыдан соң аласапыран уақыт басталып, 1605 жылы Лжетмитрий 1, 1607 Лжетметрий 2 патша тағғыа таласпаспа еді кім білсін?! Әйтеуір Лжетметрий 2 тұсында елге басып кірген поляктарды араға 5 жыл салып, 1612 жылы Мәскуден қуып тастаған соң,таққа Михаил Романов отырмаса онда осы әулет 300 жыл бойы Ресейді билеп, Сан-Петербург қаласының салынуы да не ғайбыл. Бірқатар трихшылар тұжырымдағандай, мінезі жұмсақ Сайын-Болат патша шындығында да халқының қанын төгіп, солардың қураған сүйегі үстіне әсем қала тұрғызбас кәдік.
Орыстардың патшасы атанған Сайыен-Болаттың кейінгі тағдыра аса қайғылы болыпты. Годуновтың бұйрығымен оны шараппен улаған көрінеді. Осының салдарынан жанарынан айырылады. Белегілі тарихшы Николай Костомаровтың жазбасына сүйенсек Лжетметрий 1-нің бұйрығымен 1606 жылы оны Мәскеуге жеткізеді. Жалған патша жер мен алтын беріп,Симеон бірінші сатып алғысы келеді де, өзінің тақ мұрагері екенін куәландыруды сұрайды. Бірақ әділдіктен атауды ар санаған Сайын-Болат бұдан бас тартады. Көнбеген Симеон Кирилло- Белозерский монастырәне қоныс аудартады. Ол жерден патша тағына қайтып оралу әсте мүмкін емес еді. Лжетметрий өлген соң Симеонды Соловкаға жер аударады. Бұл сол кездің өзінде аса қауіпті мемлекеттік қылмыскерлер қамалатын түрме болатын. Оның үстіне сарай жазалаушысы бас кесер Василий Шуйский бұйрығымен оның алты бірлей баласы өлтіріліп,патшайым Анастасияның шашы күшпен қырқылады да,монастырьге жіберіледі. Құсаға шыдай алмаған соң ол Симеон монастырьінде көп ұзамай көз жұмады.
Соловка түрмесінде алты жыл отыған Симеонды князь Дмитрий Пожарскийдің шешімімен қайтадан Мәскеу түбіндегі монастырьше ауыстырады.1616 жылы қайытс болған ол әйелінің қасына жерленеді. Қазір зират орнында Зил-дің Мәдениет сарайы тұр.
Құжаттар негізінде дайындаған Секен ҚҰСАЙЫНҰЛЫ
Парасат журналы 2006жыл,мамыр
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.