Жанабергенова Лаура
Сахна әлемі
Қазіргі Сахна үлгісі драматургияның эволюциялық даму жолымен байланысты қалыптасты. Ол Ежелгі Грекия театрларында орхестра, эллинизм дәуірінде проскений, Ежелгі Рим театрында нросцениум деп аталды. Орта ғасырда қала мен деревнядағы ашық алаңдарда Сахна сияқты діни жанрларының тууымен байланысты Сахнаның алуан түрі (педжент, т.б.) дүниеге келді. 17 ғ-да Англия театрларында Шекспир сахнасы деп аталатын Сахна түрі пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда сахна төрін кеңейте түсетін нерспективалық планшеттер қолданылып, оған декорациялар орнатылды.
1539 ж. Виченцада (Италия) Сахнасы алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінген театр ғимараты (арх. СахнаСерлио) түрғызды. Осы театр Сахнасы кейінен пайда болған қораб-сахнаның негізін құрады. Бертін келе: кулисалық жабдықтау (1585, Франция), кулисалық машиналар (1619, Пармадағы Фар- незе театры), айналмалы (1896, Мюнхен) сахна сияқты дамыған Сахна түрлері туды. Қалыптасқан классик. Сахна түрі көрермендер залы жағы ашық (сахна айнасы) тұйық қорап іспетті болып келеді. Сахнаның үлкен-кіші болуы сахна айнасының (мыСахна, Сахна биіктігі сахна айнасынан 2,5 – 3 есе биік, ені 2 есе артық болады) көлеміне байланысты. Сахна алаңы: ойын алаңы, авансцена, аръерсцена және екі қапталдағы кулисалардан тұрады. Сахнаның қаптал-қабырғаларына бірнеше қабатты жұмыс галереялары орнатылады да, оған Сахнаға жарық түсіретін электр техникасы, түрлі механизмдер және оларды басқару тетіктері қойылады. Бұл екі қапталдағы жұмыс галереяларына аспалы көпір арқылы қатынайды. Әдетте драма театрлары Сахнасының еденіне айналмалы шеңбер алаңдар жасалады. Қазіргі кездегі театрлардың көбінің Ссында сахна қалталары бар. Оған көтергіш механизмдер арқылы спектакль декорациялары қойылады. Бұл спектакльді үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Сахна тілі (орыс. сценическая речь) — театрда коюға арналған көркем драмалык шығармаларды актерлердін сахнада айту, орындау формасы. Сахна тілінін калыптасуы екі түрғыда карас- тырылады.
- Бірінші, актердін сөзді айту техникасын жетілдіруі: оған кажетіне карай дауысты көтеріп не баяулатып айту, дауысты күбылтып (қорқу, қуану, ренжу т.б. күйлерге байланысты), оған бояу косып айту, дауысты кідірту, жылдамдату сиякты сахнада айтылар сөз үдесінен шығатын шеберлік жатады.
- Екінші, сахнада айтылатын сөз мәдениетін жетілдіру: оған сөздін дүрыс, айкын айтылуын, күлакка жағымды, әсерлі естілуін талап ететін шеберлік түрлері жатады. Сахна тілінін сәтті шығуы актермен катар шығарма авторына, сценарийшіге, режиссер мен шығарманы сахнада коюшыға да байланысты.
Кез келген ортаның өз бағынатын заңы не мәдениеті болады. Театр – нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау – әбестік. Сонымен, сіз сақтауға тиіс 10 қағида:
- Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Егер жағдайыңыз келіп жатса, билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс. «Қазақпыз ғой, кешікпейік десек те, кешіге береміз» деген сылтауды қойып, ертерек қимылдаңыз.
- Өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіріп келіңіз. Үстіңізге гардеробыңыздағы ең әдемі деген киіміңізді киіңіз. Әрине, киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз. Барынша өзіңізді жайлы сезінетіндей киім түрін таңдағаныңыз жөн. Ер адамдар фрак немесе смокинг киіп келсе орынды. Әйелдер театрға үлкен шаш үлгісімен келмегені дұрыс, онысымен артқы жақта отырған көрермендерге кедергі келтіреді. Иісі өткір иіс суларды сеуіп келуден қашыңыз.
- Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани ләззат алып, жаныңызды жайландыру. Сондықтан ашу мен реніш жан-жақтан қолқалап бара жатса да, оны ішіңізде жасырыңыз, не ол жайында ұмытыңыз. Әйтпесе, сіздің эмоцияңыз жаныңызда отырған көрерменге де әсер етуі әбден мүмкін. Ал егер ауырып жүрген болсаңыз, театрға келмегеніңіз дұрыс-ау.
- Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Өз билетіңізде көрсетілген орынға жайғасып алсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды. Ал өзгенің орнына отырып қалсаңыз, орын иесі келсе, түсініспеушілік туындап қалары сөзсіз. Өзгеге тиесілі орынға тек театр қызметшілері рұқсат бергенде ғана отырғаныңыз жөн. Орныңызға өтерде көрермендерге бетіңізді бері қаратып өтіңіз.
- Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз. Сырттан келген қоңырау сізді ғана емес, қасыңызда отырған көрермендерді де мазалайды. Одан қала берсе, сахнада өрбіп жатқан тіршілікке де айтарлықтай кедергі жасайтыны даусыз.
- Қойылым басталысымен-ақ, басқа шаруаның бәрін доғарыңыз. Досыңызбен сөйлесуді, не жаңа таныстықты, бәрін-бәрін доғарыңыз. Өйткені сіз үшін киелі сахнаның саңлақтары барын салып өнер көрсетпек. Театрға келіп алып, қойылым көрудің орнына басқа шаруалармен айналысып кетсеңіз , ол сіздің, біріншіден – өнерді, екіншіден – сахнаны, үшіншіден – өзіңізді сыйламағаныңыз. Егер сүйіктіңізбен келсеңіз, көпшіліктің арасында жасауға ерсі көрінетін қылықтарды қойыңыз, ұялыңыз!
- Қойылым барысында әртістердің дауыстары естілмей, не басқа да қылықтарын ерсі деп қабылдасаңыз, сол үшін көрермендер залында айқайлаудың тіпті де қажеті жоқ.Күлкілі көрініс болмаса, қатты дауыс шығарып күлмеңіз. Олай жасасаңыз, сахнада ойнап жатқан әртістердің өз образынан адасып қалуына себепкер боласыз. Қойылым жайында сыныңыз бен пікіріңізді қойылым аяқталған соң немесе антракт кезінде айта жатарсыз. Тек сахнада тіршілік жүріп жатқанда, өнердің тынышын алмаңыз. Қойылым көңіліңізден шықпай жатқанның өзінде көрермендер залынан шығып кетуге асықпаңыз. Соңын күтіңіз!
- Театр қызметшілерімен сөзге келудің керегі жоқ. Олар барынша залдағы тыныштық үшін қызмет етеді. Егер қызметші сізге қайта-қайта ескерту айта берсе, демек сіз театр мәдениетін бұзып отырсыз.
- Қойылым біткен соң, көрермендермен бірге тұрып, қошемет көрсетіңіз.Әртістің қуанышы – халқының қошеметіне бөлену. Ендеше сіз үшін саф таза өнерін паш еткен сахна еркелерін қошеметке бөлеңіз.
- Егер әлеуметтік жағдайыңыз көтерсе, өнер иелеріне гүл сыйлаңыз.Оларға гүлден артық сый жоқ. Гүлдің бағасы маңызды емес, бастысы, шын көңілден табысталса болды. Бірақ гүл сыйлаймын деп бет алды сахнаның ортасына қарай көтеріліп кетпеңіз. Гүлді сүйікті әртісіңізге халқына иілуге шыққанда ғана табыстаңыз.
Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпаңыз!
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.