Е.З.Қажыбек
Алматы, Қазақстан
Халықаралық түріктану орталығы
Қыпшақ өркениетінің әлемдік өресі
Қазіргі кезде өзін Түрік деп атап жүрген ұлы ұлыс, көптеген халық пен мемлекеттер жиынтығы, ұланғайыр ұлттық өркениет – адамзат даму ерекшеліктеріне сәйкес басқа атау мен аттарға да ие болғаны тарихтан маман қауымына жақсы мәлім құбылыс. Скиф, сақ, массагет, ғұн деп аталатын, тағы да көптеген басқа этнонимдері мен ру-тайпа аттары, ықылым замандарда түрлі сипатта болған. Олардың бірі әрі бірегейі – қазақша (түрікше) Қыпшақ, орысша (славянша) Половец, византийша (европаша) Құман, мажарша (венгрше) Құн, арабша Мәмлүк деп аталатын көне түрік атауы жөнінде сөз өрбітелік.
Тілдік тұрғы. Бүгінгі компаративистік тек- (прото-) және түп- (пра-) тарихи-салыстырмалы зерттеулерде тектүрік пен түптүрік деңгейде негізгі байырғы диалекттерінің бірі ретінде тек- пен түпқыпшақ архетиптері – толық әрі жүйелі түрде қолға алынбаған тақырып.
Түпқыпшақ лексикологиялық – Т.М.Гарипов, А.А.Чеченов, көнетүріктік – С.Б.Байчоров, Дж.Клосон, Осман Ф. Сертқая, А.Рона-Таш, жалпы алтайлық – К.М.Мұсаев, К.С.Кадыраджиев, И.М.Қоңыр, текбұлғар – М.З.Закиев пен Н.И.Егоров, түп- пен текқазақтық – Ә.Т.Қайдаров, палео ортағасырлық – Э.Р.Тенишев, Э.Н.Наджип, Ф.Хәкімзянов, этно-топо-ономастикалық – А.Г.Шайхулов, ареалдық – Н.З.Гаджиева, т.с.с. сынды бастамалары болмаса, мынадай көкейкесті сұрақтарға:
- Тек- пен түпқыпшақ арасындағы грамматикалық (морфология – сөзжасам – синтаксис), лексикалық, фонетикалық, семантикалық, морфонологиялық айырмашылықтары;
- Текқыпшақ (протоқыпшақ) пен алтай (тек-, түпалтай, оралалтай, жалпы алтай) тілдерінің арақатынасы;
- Тек- пен түпоғыз, тек- пен түпқарлұқ және тек- пен түпчуваш пен түпсақа тілдерінде түп- пен текқыпшақ элементтері мен архаизмдердің жүйесі;
- Тек- пен түп- – басқа тілдік топтарға жататын тілдерде (дравид, палеоазиат, қытай, үндіеуропа, иран, араб, картвел, армян т.б.) түп- пен текқыпшақ элементтері мен архаизмдердің жүйесі;
- Ең байырғы тілдік жүйелерде тек- пен түпқыпшақ сарқыншақтары (шумер, этруск, авеста, викингтер тілі т.б.) ж.б.
– әлі де көңілге қонымды монографиялық зерттеу немесе басқа типтес жанжақты ізденістер, не ғылыми мақалалар топтамасы жауап беріп көрген емес.
Ал, жоғарыда келтірілген сұрақтар сияқты мәселелерге уақытында тиісті өз жауабын бермей, яғни түп- пен тектүріктің ажырамас бір бөлшегі ретінде есептелетін тек- пен түпқыпшақтың табиғатына тән кешенді жанжақты зерттеу жүргізбей, жалпы түп- пен тектүріктік те, тіпті, түп- пен текалтай реконструкциясы да толық болып шықпауы түсінікті.
Фоно-морфо-лексико-семантикалық гомогендік ұялар (түбірден өрбу кестелері) арқылы белгіленген түпнұсқа (праформа) бұтақтарын хронологияландыру – болашақтың үлесі.
Сөзімізді дәлелді ету мақсатымен, істің күрделілігін әрі түрленгендігін көрсету үшін тек бір ғана моносиллабтық *oŋ // *aŋ // *es // *uy ~ *uq / *us / *oŋ ~ *oy / *ög ‘түсіну’, ‘ойлау’, ‘сезу’ D ‘түсінік’, ‘ой’, ‘сезім, сезік’ ұя-қатарына тоқтала өтейік.
Аталмыш ұя-қатардың жалпы кестесі («ағашы»):
an
k
; *aŋ > ank ”
h m
h ağ > ay // as / äs / *es / is ~ äş / eş / iş
h
h ; oğ / *oy / od / ot / oδ / oz
h h
*oŋ g on ~ [ *oŷ ] g *‘ой’ D *‘ойлау’
i i
i 9 uğ / *uq / uw / uy / uz / *us
i
i ög / ök / öy / öd / öt / öz < *bög
i k
9 ” ön ”
m
üy
Аталмыш *oŋ // *aŋ // *es // *uy ~ *uq / *us / *oŋ ~ *oy / *ög ‘түсіну’, ‘ойлау’, ‘сезу’ D ‘түсінік’, ‘ой’, ‘сезім, сезік’ ұя-қатардың – тармақталған 5 бағытына («бұтағына») зер салалық.
1-ші бағыт: *aŋ ~ an / *oŋ ~ on ~ *oy / *uy ‘ойлау’,’толғану’, ‘есте сақтау’, ‘еске түсіру’, ‘түсіну’, ‘есін жинау’ D ‘ақыл’, ‘сана’, ‘ес’, ‘түсінік’, ‘ой’. Тектүр. синкр. *aŋ ‘толғану’, ’ойлау’, ‘есте сақтау’, ‘еске түсіру’, ‘түсіну’ D ‘ақыл’, ‘сана’, ‘ой’, ‘түсінік’, ‘ес’ – кең тараған түбір-сөз Наджип I 123,250; ФЗ 267; ЮКЛ I 71; САГ 365; ЩФ 129; ЭСТЯ I 153-154, 756; ҚТҚЭС 39, 40 ж.б.‘Білу’, ‘түсіну’ мағынасындағы хак. oŋna-, сол. алт. oŋno- және жалпы түр. aŋla- формасына қосымша onga- түрі а:ң ~ аң ~ ан мен ой ‘ой’, ‘ақыл’ арасында тікелей байланыс бар екенін анық көрсетеді. Бұған қосымша дәлел ретінде – кәдуілгі ойан- мағынасындағы … оңдан- ‘ояну’, ‘ес жинау’ формаларын қарастыруға болады ЭСТЯ I 153-154. Сал. мәндес: қыр. oyğor-, қаз. uyğar-, хак. oŋar-, қаз., қарақ. aŋğar- ж.б. Түпнұсқа мағынасының күрделілігі жөнінде: *aŋ- ↔ *aŋ САГ 421, Калужиньски I 11 т.т.
2-ші бағыт: *oy ~ *oğ / *od ~ *ot ~ *oδ ~ *oz / *on ~ *oŋ / *uy ~ *uz ‘ойлау’,’толғану’, ‘есте болу’, ‘ұйықтамау’ D ‘ой’, ‘сана’, ‘ақыл’, ‘түсінік’, ‘толғау’. Жалпы түр. *oy ‘ой’, ‘түсінік’ БСл I 162 ж.б. түбірінің етістік сыңары да тіркелген: D *oy- ‘терең ойлану’, ‘толғану’ РСл I 970. ЭСТЯ бойынша (I 428-432) реконструкцияланған қатарға назар салыңыз: *oy ~ *uy / *ot / *on ~ *oŋ (oŷ ?) ‘ой’, ‘ақыл’, ‘сана’ D *oy- / *oğ- / *od- ~ *ot- ~ *oδ– ~ *oz- / *uy- ~ *uz- ‘ұйықтамау’, ‘ойлану’, ‘есте болу’. Тағы қ..: БМ 150 ж.б. Жоғарыдағы корреляттардың түпнұсқасы *oŋ < хак. oŋar-, қыз. oŋār-, тув. oŋğar- (жоғарыдағы 1-ші бағыттағы *aŋ ~ an / *uy ~ *uq / *oŋ ~ on ~ *oy құрамында кездескен түпқып. – қыр. oyğor-, қаз. uyğar- ж.б. сал.) ‘түсіну’, ‘ұғу’, ‘есін жинау’ және оңдан- ‘ояну’, ‘есін жинап алу’ Баскаков Туба 140.
3-ші бағыт: *oy ~ *oğ / *od ~ *ot ~ *oδ ~ *oz / *on ~ *oŋ / *uy ~ *uz ‘ойлану’,’ойлау’, ‘есін жоғалтпау’, ‘ұйықтамау’ D ‘ой’, ‘ақыл’, ‘сана’, ‘түсінік’, ‘толғау’. Түрік *uq- ‘түсіну’, ‘ұғу’, ‘тыңдау’, ‘білу’ түбірінің есім сыңары көне ұйғ. тілінде кездеседі – Р Сл I 1065: uq ‘пікір’, ‘мән’, ‘түсінік’. Жалпы “ұғу”, “тыңдау” және “түсіну”, “бабына бару” мағыналары бір ортақ түпнұсқаға саяды: ЭСТЯ I 584. Сондықтан хак. ух- ‘есту’ D ‘құлақ’, сөзсіз, *uq- D *uq кешенінің бір тармағы болып табылады. Кейбір ғалымдар uq- ‘түсіну’ (MK Dizin 687; қ. тағы: Battal 79) мен ö:k ‘ақыл’, ‘түсінік’ (MK Dizin 453; қ. тағы: Battal 54) формаларындағы дыбыс алмасудың өзінің сөзжасамдық (есім ~ етістік таптарға бөлу) қасиеті бар деп есептейді САГ 434-435. Яғни, нәтижеде uq- ‘түсіну’, ‘ұғу’ ДТС 613 және ög ‘ақыл’, ‘ой’ ДТС 378 – бір арнаға тоғыстырылады.Н.А.Баскаков кезінде көне түр. u- ‘шамаға ие болу’, ‘шыдау’, ‘күші жету’ ДТС 603 түбір сөзді uq- ‘түсіну’, ‘ұғу’ моносиллабпен салыстырған БМ 150-151: *uq- > *u-. Дж. Клосон, e- / i- < er- ‘бар болу’ сықылды, көне түр. u:-‘ны да осылайша «қысқартылған» тұлға екенін мойындайды Clauson ED 2, 193. Сал.: u- ~ як. uy- ‘шамаға ие болу’ Рамстедт 135. Ұқтас ұстаным: u- ‘шама-шарқысы жету’ < түр. uγ- / ж.-ұйғ. uq- ‘түсіну’ Котвич 15. وا ‘күшті болу’ түбірін Ибн әл-Мұханна ‘Өте күшті (Алла Тағала сипаттамасы ретінде)’, ‘Алла Тағаланың атауы, бір аты ретінде’ қолданылатын ﻥﺎﻏوا сөзінде табады: وا + ﻥﺎﻏ есімше жұрнағы АФТ 051; П.М.Мелиоранский бұл салыстырудан күмәнданса да: “кореньوا неизвестен» аталғ. еңб., бізше Ибн әл-Мұханна жорамалы шындыққа саятын сияқты – сал.: көне түр. есімше түріндегі ūğān ‘барлығын билеп-төстеуші Алла Тағала’ Clauson ED 2 ж.б. Қорытынды *yuŋ- түпнұсқасы үшін Н.А.Баскаков екі фонетикалық әрі семантикалық даму жолын ұсынады:
uŋ- ~ un-
↗
*yuŋ- →
↘
uq- ~ uγ- > uw- > uu- > u-
– алғашқыда бір жалпы *‘түсіну’, *‘шамаға ие болу’ мағынасында, дами келе ерекшеленген екіленген түрде:
un- ~ uγ- > uw- > uu- > u- ‘шама-шарқысы жету’
↗
*yuŋ- →
↘
uq- ~ uγ- ‘түсіну’ БМ 150-152.
Және морфема *yuŋ- (етістік), Николай Александровичтың ұстанымы бойынша, жалпы түр. *aŋ ‘сана’, ‘ақыл-ой’, ‘ой, пікір’ (есім) сөзінің синкреттік сыңары болып табылады бұл да сонда. Осыларды ескере отырып, *aŋ ~ *uq ж.б. ‘түсіну’ D ‘түсінік’ мағынасындағы гомогендік ұя-қатарлардың – бізге әзірге тек қана етістік мағынасына ие ‘шамаға ие болу’, ‘шама-шарқысы жету’ қолданымдардың да есім сыңары болуы ықтимал екенін “хабарлағандай” ақпар береді. Сал.: көн. түр. uquş ‘ақыл’, ‘саналылық’, ‘зеректік’ D uquş- ‘түсіну’ ДТС 613 сықылды дериваттарды ж.б.
4-ші бағыт: *us // *es ‘ойлау’, ‘білу, ұғу, түсіну’ D ‘білім’, ‘ой’, ‘пікір’, ‘ақыл’, ‘сана’. Түр. us- ‘ойлау’, ‘ұғу, түсіну’ D us ‘ой-пікір’, ‘ес’ бірер нұсқада жолықса да Clauson ED 240-241 ж.б., көбінесе бір ғана тілде немене бір ғана ескерткіште екеуі де бірден сирек кездеседі: us- ‘ойлау’ ДТС 616 және us ‘ақыл-ес’, ‘ой’, ‘сана’, ‘ақыл’ Курышжанов 210; Ибатов 223; ﺱﺍ us – Махмұт Қашғарлыда оғыз деген түсініктемесімен ‘жаман мен жақсыны айыра білетін адам, есті’, Әбу-Хайанда ﺹﻮﺍ us ‘ақыл, біліктілік’, Ибн әл-Мұханнада us- (usmaq) етістігі ‘ниеттену, талпыну’ ж.б., сал: Наджип I 324-326; ЭСТЯ I 606-607. Аталмыш түбірдің жалпы түр. *es нұсқасына жақындығын мойындай келе, Э.В.Севортян төркіні бір екі түбірдің қолданысына байланысты нақты салалануды, жіктелуді, бөлшектенуді ұсынады:
us – оңтүстік-батыс түрік тілдерінде
↗
*ортақ түпнұсқа →
↘
es – солтүстік-батыс түрік тілдерінде және өзбек
пен ұйғыр тілінде
Оy- ‘ойлау’ D oy ‘ой, түсінік’ ұя-қатарында кездесетін кең қолданысқа ие түр. uz- / oz- және мамандарға жақсы таныс y ~ d / t ~ ϑ ~ z / s дыбыс үйлесімі – бұл пікірге еш қайшы келмейді.
4-ші бағыт: *es ‘ұғу’ D ‘ақыл-ес’, ‘сана’, ‘сана-сезім’.
Қорытынды түйін: түпқыпшақ тіліне нұсқаның екеуі де – *us та *es те еңгізілсе, түпоғыз тіліне тек қана *us кіреді (орта ғасыр ескерткіштерде таралуын сал.: ЭСТЯ I 607).
Тарихи тұрғы. Қыпшақ тарихының хронологиялық классификациясын жасағанда, біріншіден, дәстүрлі қыпшақ кезеңі мен жалпы “қыпшақтық” этно-глоттогенізінің аражігін бір-бірінен ажыратқан жөн. Дәстүрлі “қыпшақ” кезеңі IX-XIII ғғ. аралығына тап келсе, қыпшақ этно-глоттогенез желісі бізді жазба пайда болу заманынан (“дописьменный”) әлдеқайда көне (“доисторический”) дәуірлерге жетелейді.
Ең байырғы скиф-сақ, массагет-савромат, шумер-этрусск деңгейінде “қыпшақ” атрибуттері, жұрнақтары болу мүмкін бе, әлде жоқ па? Мүмкін болса, олардың бүгінгі біз білетін қыпшақ сұлбасына, жобасына ұқсастығы мен алшақтығы неде? Түпқыпшақ тілі ғұндардан ежелгі заманға тән болса, онда текқыпшақ пен түптүрік тілі осы сақ пен скиф кезеңдерге тұстас келмей ме?
Сөзсіз, қыпшақтықтың ең байырғы, ең көне тұстарын зерттеп, жүйелеу – болашақта ғалымдардың қолға алатын ең қомақты ісі болып табылады. Олай болмаса, елтаңбамызға орналастырылған “Алтын адам” атрибуттері де, алтын адамның өзі де, басқасын айтпағанда және бүгінгі дәстүрлі ғылымда әлі де едәуір көпшілік “қолдаған”, ғылыми орта мақұлдаған пікірдің өзі – біздің төл тарихымызды, шынайы болмысымызды анықтауға бағытталмағаны айдан анық. Мен бұл жерде толып жатқан ғылымисымақ және ғылымнан тыс талай еңбектерді айтқым келіп отырған жоқ. Мамандар мойындамаса, мамандар мойындайтын тілде, сол деңгейде жазылған еңбек болмаса, оны еңбек деп те атаудың қажеті шамалы.
Бізге қазір “ура патриот”, көрінгенді қазақтан шығаратын сауаты төмен “сәуегейлерден” гөрі, инемен құдық қазғандай, тапжылмай тар, нақты бір салада жұмыс істейтін жоғары дәрежелі көп жас мамандар қажет: шумерологтар, индологтар, көне қытай мамандары, скифтік әлемінің әр саласы бойынша – мифологі, тілшісі, өнертанушысы, археологі, зергері, антропологі, т.т.
Бір ғана мысал келтірейік. Норвегия, Дания мен Швеция елдері өздерін аты шулы викингтерден таратады. Сол викингтердің шығу тегін анықтау – күні бүгінге дейін шешімін таппаған мәселе. Атақты Тур Хейердал дүниежүзін салымен де, атпен де, жаяу да аралаған басты себебі де осы сұраққа жауапты іздеуі еді: біз, викингтер, кімбіз, кімнен тараймыз, ата-бабаларымыз кім, қайдан келген елміз?
Өкінішке қарай, Тур Хейерал, көп елді араласа да, түрік халықтарына жетіп үлгірмеді. Мына фактілерге зер салып қараңызшы.
Тарихи-мифологиялық дәлел. Викингтердің ресми ата-бабаларының бірі – ғұндардың көсемі Аттила. Тіпті, керек болса, ол қаһраман ретінде олардың скандинав жырларында да бас кейіпкердің бірі болып орын алады.
Этнографиялық дәлел. Қайтыс болған викингті атпен бірге жерлейді екен, орнына үйіп қорған орнатады, қорған басына тасты қояды.
Палеографиялық дәлел. Викингтердің төл жазуы – біздің орхон-енисей жазбаларымыздың сыңары. Дат (Даниялық) Вильгельм Томпсеннің бірінші болып көнетүрік руна тілін дешифровка жасағаны кездейсоқтық жағыдай емес екені баршаға мәлім мәлімет: ол бірден өзіне жақсы таныс құдай аты “Тәңірі” деген викинг сөзін таныды. Бізде де тәңірі, оларда да тәңірі екен, айтылуы да, жазылуы да бірдей болып шықты.
Гастрономиялық дәлел. Викинг ұрпақтарының бүгінгі ұлттық тағамы – мүшеленген қойды пісіріп, қонаққа етті қойдың басымен бірге ұсыну.
Тілдік дәлел. Тіл ғылымында, компаративистикада мынадай заң бар. Сөздер түрлі тілдерде бір-біріне сәйкес келе беруі мүмкін. Оларды кірмелік немесе басқа бір ауыс-түйістің нәтижесі дей салуға болады. Алайда, грамматикалық ұқсастықтарға келгенде, яғни морфологиялық форманттардың сәйкесуіне – бұндай жағыдайда тілбілімінің үкімі өте қатал: бұлар, сөзсіз, туыс, тегі бір тілдер болып шығады.
Олай болса, бір ғана мысалды назарларыңызға ұсынайын. Қазіргі норвеж, дат, швед тілінде -ter деген жұрнақ бар. Кәдімгі көптік жалғау қызметіндегі аффикс. Мысалы: норвежше biletter, toaletter – яғни көп билет (сататын жер), көп әжетхана (орналасқан жер). Ең ғажабы – *-ter жұрнағы мен “қойдың басын қонаққа ұсыну” палеорәсімінің ап-анық түпқыпшақтық сипатында болып отыр. Түптүрікте *-ter жалғауы диалект ретінде (е. түпқып.) көрініс табу әбден мүмкін болса да, *“қойдың басын қонаққа ұсыну” палеорәсімінің – түптүрік деңгейіне орнығуы мүлде мүмкін емес, өйткені, түпоғ. бен түпқарл. реликттеріне бұл рәсім (сырттан келген бір көршілес өңірлерде болмаса) етене, қанға сіңген, төл әрі тән ежелгі салт емес екені этнограф ғалымдарға жақсы таныс жәйт.
Түпқыпшақ тілдерінің текқыпшаққа (түптүрікке әлі жетпеген тұста) айнала бастаған кезеңнің – Ғұн империясының ең алғашқы бастауларынан бірәз ілгері (көне) орналасқанын ескерсек – тарихи-мифологиялық дерегінің жаны бар екенін мойындауымыз керек.
Алысқа бармай-ақ, тек қана осы ғұн тарихына бір көз жүгіртіп көргеннің өзінде – Еуропа елдерінің ұлыстық, ұлттық, мемлекеттіліктің ірге тасын қалаған өр өркениет – осы Еділ бабамыздың атымен тікелей байланысты екені нақты көрініс табады. Қаншама зерттеу жұмыстары, фильм, роман, пьесалар жазылды – еуропа тілдерінде, қытайша, орысша да. Өркениетті елдердің бәрі, байырғы Рим мен Грекия, Германия да, Франция да, тіпті, мына Ресей де ғұндарды кезінде иемденгісі келген. Бірақ, амал нешік, тайға таңба басқандай дәлелдерден ешкім аттап өте алмады. Ғұндар – түріктер, көне түріктер. Бұған қазір ғылымда дау жоқ. Шетелдіктер (өз қалаулары бойынша) шеттетілді, біздер ше, тікелей ұрпағы, түріктер – бір сүйем де тақырыпқа жақындай түспедік, бұл келелі мәселені келер ұрпақ үшін қолға алғанымыздың түгі жоқ, бұрынғы (надан) сарын, әсіре сөз бен бос бөспе тұжырымдар әлі де жалғасуда… Бұрынырақта да ынталы түрде жігерін сарп еткен Ерекең мен Саматтан басқа қоғамдық санада (проф. Ереңғайып Омаров пен тарихшы Самат Өтениязовты айтып отырмын) осы проблемаға байланысты кімдер танымал? Мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік қамқоршылық, мемлекеттік ғылыми саясатымыз қайда қалды?
Жарайды, тым ескіні қойып, дәстүрлі Қыпшақ дәуіріне көшелік. Ол, әлбетте, Қимақ заманынан бастау алады. Қимақ кезеңі – Қыпшақтықтың алғышарты.
Ұлы “Дешт” мемлекеті, ұлы қыпшақ мәдениеті, ұлы қыпшақ өркениеті – көнетүрік қағанаттары, ғұн империясының төл мұрагері, қарашаңырақ ұрпағы…
Осы ретте, бірінші, еске марқұм бауырымыз, мажар ғалымы Иштван Мандоки Қоңыр оралады… Сонау, фашист-коммунист, анти-түрік идеологиясының қылышынан қан тамған уақытта, жарқын ағамыз жүрегін шүберекке түйіп, қуанышынан жасын тыймай, қыршын жас шақта елге қайтып халқымен қауышқаны әлі есімде… Сол келістен Қоңыр мажар еліне қайтпады, бізде қалды, мәңгі Кеңсай баурайына отауын тікті…
Еуропа тарихын, әсіресе, Австрия, Германия, Франция, Болгария, Венгрия, Румыния, Словакия, Финляндия, Эстония, Босния мен Герцеговина, Македония, Сербия, Хорватия, Черногория, ж. көптеген б., Азия мен Еуразиядағы – Орта Азия мемлекеттері, Қытай, Монғолия, Кавказ тұтасымен, Балқан өңірі, Мысыр мен Сирия, Түркия мен Грекия, тіпті, Ресей мемлекеттілігінің тарихын, керек болса, Америка құрлығындағы маңызды тарихи оқиғаларды – Қыпшақтың ұйыстыру, біріктіру, қалыптастыру, орнықтыру, құрастыру рөлісіз елестету мүмкін емес.
Грузияның тарихында Қыпшақ факторы шешуші мәнге ие болған. Орта ғасыр заманынан бастап мың жылға жуық уақыт бүкіл Кавказда бір ортақ ресми, әдеби тіл болған. Осетиндер де, армян-грузиндер де, аварлар да – бәрі сол тілде іс қағаздарын жүргізген, сот үкімдерін, бұйрық хаттарын, ресми хаттасуды, салық есептесулерін осы тілде атқарған. Ол тіл – кәдуілгі қыпшақ тілі. Оны құмық тілі, қазақ тілі, ноғай, қарашай тілі десек те болады.
Ресей тарихындағы елбасыларының бірінші Иван Калиталарынан бастап (“Калита” сөзін де таза қыпшақша “карман” [ < *qalta ] деп аударып турады орыс ғалымдарының өзі; оғ. “карман” jep, қарл. yançuk) XIX ғасырдағы Шуйскийлерге дейін қыпшақ саясаты бұл алқапта басым болғаны тарихта жақсы зерттелген сала. Тіпті, атышулы Владимир княздігінің патшасы Александр Невскийдің өзі сол қыпшақ тілінде ана тіліндей сайрағаны туралы мәлімет сол тұстағы орыс билеушілеріне жат құбылыс болмағаны тарихшыларға аян [1, 80-81 б., ж.б.] мәселе.
Тоқетеріне келсек, қазақ халқының төл тарихын, қазақ мемлекеттілігінің тарихын, қазақ этногенезін осы Ұлы Қыпшақ Ұлысының тарихымен тікелей байланыстырмай зерттеу – бүгінгі ұлттық тарихимыздың ең осал жері.
Қазақ хандығының бастауын кешегі Жәнібек пен Керейдің бір көшкен әрекетінен емес – осы ұлы бағдардан, қыпшақтық сара жолынан бастау керек. Басқа тарих – жалған тарих, келте тарих, жұпыны тарих.
Соңғы жылдарда, еліміз егемендік алған соң, кейбір ғалымдарымыздың қытай, араб, парсы деректерін біраз ақтаруға мүмкіншілікке ие болғаны баршаға жақсы таныс. Осындайда табылған тың деректердің бірін ғана келтіре кетейін. Тегерандағы Қажы Хүсейін Мәлек кітапханасынан табылған құнды қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – атақты Ысмайыл Хүсейін Мараши Тәбризи. Ол өз ортасына Мір Мүләйім Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘уа» деген лақап аты да белгілі… Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек… «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды қалай атайды екен? Осы мәселеге назарыңызды ерекше аударғым келіп отыр. Ысмайыл Хүсейін Мараши Тәбризи Қасым ханды атағанда – оны екі түрде айтады екен. Біріншісі, Қасым хан – Дешті Қыпшақтың ханы, екіншісі – Қасым хан Дешті Қыпшақтың патшасы [қ.: 2]. Яғни сол кездегі Қазақ хандығының мазмұны – Дешті Қыпшақ көлемі болып табылады. Міне, Қазақ хандығының қыпшақ дәуіріне тән территориясы осындай болған. Кейін, Алтын Орда ыдыраған соң, солтүстік бөлігі бөлектеніп, Орта Азия мен бүгінгі Қытай жері жеке ірі ел болып қалады – тарихта оны Түркістан деп атаған. Міне, Қазақ хандығының – екінші тарихтан белгілі жері осындай кең аумақты болған. Бұлар әрдайым көптеген түрік халықтары мен тайпалары қоян-қолтық бірлесе өмір сүрген саяси-мәдени-тарихи бірлестіктер түрінде болған.
Қазақтың «Қасымхан салған қасқа жолы» мен «Есімхан салған ескі жолы» ұлттық дала кодексінің негізінде сол замандағы мемлекетімізге құрамдас қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікпен, өзбек, тәжіктер – бәрі де Қазақ хандығының ішінде болғаны бесенеден белгілі. Керек болса, кезінде, Ғұн, Түрік, Қыпшақ сияқты, Қазақ сөзінің негізгі мағынасы да – ортақтықты, бірлікті, ұйымшылдықты білдіретін этноним. Қазақ деген ру жоқ, қазақ сөзі – мемлекеттің аты, елдің атауы, жердің қасиеті, ұлттың ұйысқаны, ерлік пен ердің белгісі.
Қыпшақ дәуірі – тікелей қазақтықты қалыптастырған, қазақ елдігінің іргесін қалаған батыр бабалар заманы, алтын тарихымыз, баға жетпес мемлекеттілігіміздің қайнар көзі.
Осыны ұмытпасақ деймін.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Белинский В. Страна Моксель или открытие Великороссии. Киев, 2007
- Қамбарбекова Ғ. Иранда Қасым хан туралы қолжазба табылды. – Алаш айнасы, 26 наурыз, 2011
ҚЫСҚАРТУЛАР
е. түпқып. – ерте түпқыпшақ түптүр. диал.
диал. – диалект, диалекттік
жалпы түр. – жалпы түрік
ж.-ұйғ.– жаңа ұйғыр
көне түр.– көне түрік
көне ұйғ.– көне ұйғыр
қ.– қараңыз
қаз. – қазақ
қарақ. – қарақалпақ
қарл. – қарлұқ
қыз. – қызыл
қыр. – қырғыз
оғ. – оғыз
сал. – салыстырыңыз
синкр. – синкретті; әрі есім, әрі етістік (көне)
сол. алт.
текқып.– текқыпшақ (протоқыпшақ)
тектүр. – тектүрік, прототүрік
тув.
түпқарл.– түпқарлұқ
түпқып. – түпқыпшақ (прақыпшақ)
түпоғ. – түпоғыз
түптүр. – түптүрік (пратүрік)
түр. – түрік
хак.
як.– якут (сақа)
АФТ – Мелиоранский П.М. Араб-филолог о турецком языке. СПб., 1900
Баскаков Туба – Баскаков Н.А. Современные диалекты алтайского (ойротского) языка: Диалект черневых татар (туба-кижи). Грамматический очерк и словарь. М.: 1966
БМ – Баскаков Н.А. Историко-типологическая морфология тюркских языков. М., 1979
Battal – Battal Aptullah. İbnü-Mühennâ lûgati. Ist., 1934; Ankara, 1988
БСл – Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Т. I-II. СПб., 1869-1871
ДТС – Древнетюркский словарь. Под ред. В.М.Наделяева, Д.М.Насилова, Э.Р.Тенишева, А.М.Щербака. Л., 1969
Ибатов – Ибатов Ә. Қутбтың «Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі: XIV ғасыр. А., 1974
Котвич – Котвич В. Л. Исследование по алтайским языкам. Под ред. Н.А. Баскакова. М., 1962
Курышжанов – Курышжанов А. К. Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника XIII в. – «Тюркско-арабского словаря». А., 1970
ҚТҚЭС – Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. А., 1966
MK Dizin – Divanü lûgat-it-Türk Dizini «Endeks». Yaz. Besim Atalay. Ankara, 1943
Наджип I – Наджип Э. Н. Историко-сравнительный словарь XIV века. На
материале «Хосрау и Ширин» Кутба. Кн. I. М., 1979
Рамстедт – Рамстедт Г. И. Введение в алтайское языкознание: Морфология. Под ред. и с пред. Н. А.Баскакова. М., 1957
РСл – Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречий. I-IV. СПб., 1893-1911
САГ – Севортян Э. В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке. М., 1962
Clauson ED – Clauson G. An Etymological Dictionary of Pre-Thirteenth-Century
Turkish. Oxford, 1972
ФЗ – Фазылов Э. И., Зияева М. Т. Из ысканный дар тюркскому языку. Ташкент, 1978
ЩФ – Щербак А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков. Л., 1970
ЭСТЯ – Этимологический словарь тюркских языков. T. I-IV с указанием автора: Э.В.Севортян, т. V-VII – без. М.,1974-2003
ЮКЛ I – Юнусалиев Б.М. Киргизская лексикология. Ч. I: Развитие корневых слов. Фрунзе, 1959