Әмір Молдабеков
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ –нің
журналистика факультетінің оқытушысы
ӨМІРІ ӨНЕРМЕН ҰШТАСҚАН ДАРА ТҰЛҒА
Жуырда ғана Алматы қаласындағы №119 мектеп – лицейінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, актер, термеші Бекжан Тұрыспен «Өмірі өнермен ұштасқан дара тұлға» атты кездесу болды. Мектеп оқушылары Бекжан Тұрысқа арнаған өлеңдерін оқып кездесудің шымылдығының ашты. Ұстаздарының айтуынша, кездесу болатынын естіген күнен бастап, әр оқушы өз өнерін Бекжан Тұрысқа көрсетуге дайындалып жүріпті. Мың бұралған биші қыздар биін билеп, әнді де өз деңгейлерінде шырқады. Бекжан ағасын әр қайсысы асыға күткені көрініп тұр. «Телеарна мен сахнада көру басқа да, бетпе – бет жүздесу мүлде басқа» – деп ағынан жарылды оқушылар. Сонымен қатар, Бекжан Тұрыспен кездескендеріне қатты қуанғандарын, өздерінің де «Актер, актирса болсам» – деген армандары бар екендігін да айта кетті. Осы кездесудің мән – жайын толық біліп келу үшін ҚазҰУ – нің журналистика факультетінің 4 курс студенті Мархаббат Ілиясты жіберген болатынмын. Бізге барлық ақпаратты жеткізіп отырды. Мектеп оқушылары біргіп «Қожанасыр тірі екен» қойлымынан үзінді қойып берді. Оқушылардың қойылмы көпшіліктің көңілінен шықты. Бекжан Тұрысқа арналған мерекелік бағдарламалары біткен соң, әр оқушы өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жас ұрпақты бірлікке, ұлтжанашыры болуға, елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
Бекжан ТҰРЫС:
– Қазіргі қоғамда ұрпақ тәрбиесі бүгінгікүннің басты мәселесі. «Ұлым саған айтамын» қойлымында ұлым арқылы ұлтыма айтарымды жеткіздім. Сол қойылымның арқасында биліктегілер мен халық та мені түсінді деп ойлаймын. Қазақ қазір қиын жағдайда тұр. Жасанды мәдениет бізді жайлап алған. Қойылымға түрткі болған жәйттар көп-ақ. Солардың бірі, Астана қаласына барған кезімде мұражайда қазақтың «ертұрманын»білмейтін жастарды кезіктірдім. Қарным ашты. Күйіндім. Айналайын – ау, ел басына күн туғанда ата-бабаларымыз жауға осы ертұрман мен шапқан. Ертұрманды білмесең қазақ емес шығарсың, – дедім. Сенің тек түрің қазақ, жаның қазақ емес, -деп налыдым. Осы жағдайдан соң, үйге келіп балама ренжідім. Сенің замандастырың – осылар. Қарашы, арттан келе жатқан ұрпақ не болып бара жатыр?Қәзір экранда қаптаған әзіл – ысқақ.Бұрындары экранды тәрбие ретінде пайдалантынбыз. Ал, қәзір түсіну қиын.Мен, елуге келіп осыларды елге айтуым керек болды. Бәріміз әдемі сөйлеп, әдемі сұхбат беруге шеберміз. Алайда, қәзіргі қоғамда сөз бен ісі сәйкес келетін адамдар аз. Айналамнан адамды емес, мың қазақтың ішінен «қазақ» іздеп жүрмін. Кешегі, « Жаным арымның садағасы», – деген сөздер ұмытылып барады. Сондай – ақ бала туыла салысымен, кіндігін туған топырағына байлаушы еді, қазір сол кіндіктің сұрауы дажоқ. Бесіктей жеңіл өмірді, алыптай ауырлатып алмайық. Біздің, сақтардан келе жатқан салтымыз бар, ғұндардан келе жатқан ғұрпымыз бар, түркіден келе жатқан жұртымыз бар. Осының бәрін, «Ұлым саған айтамын, сенен басқа кімге айтамын?» – деп үндеу тастау арқылы жұртыма жеткізуге тырыстым.
Бекжан Тұрыстың көпшілікке айтқан сөздері, түсінген адамға керек дүние. «Қазақтың жанашыры кім?», «Қазақтың қамын ойлайтын азамат» дегенде оқушылар Бекжан Тұрысты үлгі ретінде айтып жүргендіктерін де жасырмады. Осы кездесу арқылы Бекжан аға қазақы болмысымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді құрметтеуіміз керектігін, қазаққа қазақтан басқа ешкімінің жаны ашымайтындығын, болашақ сіздер мен біздердің қолымызда екенідігін көпшілікке түсінідіре білді.Бұл кездесуден, жүрегі «қазақ» деп соққан әрбір жас, рухани азық алып қайтты. Кеш соңында, көпшіліктің сұранысы бойынша Бекжан Тұрыс «қонақкәдеге» терме орындап, мектеп оқушыларымен естелік суретке түсті. Осындай әсерлі, рухани азық алатын, тәрбиелік мәні бар кездесулер жалғасын таба берсе екен дейміз! Қазаққа «Бекжандай» рухты азаматтар керек – ақ!
Әмір Молдабеков
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ –нің
журналистика факультетінің оқытушысы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.