АБАЙ ҒЗИ-да өткен «Абайтану» семинары

Мұсалы Л.Ж, ҚазҰУ-дың

 шетел филологиясы және

аударма ісі кафедрасының доценті.

АБАЙ ҒЗИ-да өткен «Абайтану» семинары

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты орта мектептің «Абайтану», «қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізіп келеді. Жуырда өткен кезекті семинарда абайтануды мектеп қабырғасында оқыту мәселелері бойынша кейбір өзекті мәселелер де қозғалды. Абай ғылыми-зерттеу институтының ресми сайтын (http://www.abai-inst.kz/ )  және оның бөлімдерін  мектеп мұғалімдеріне көрсетіп, сайт материалдарын мектептегі «Абайтану» сабақтарында пайдаланудың тиімділігі  атап өтілді.

Абай ҒЗИ-дің директоры, профессор Ж.Дәдебаев  қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері жөнінде кіріспе сөз сөйледі. Семинар барысында факультеттің оқытушы-профессорлары осы бағыттағы ғылыми зерттеулері бойынша мектеп мұғалімдеріне дәріс оқып, ой бөлісті. Атап айтқанда, профессор Т.Есембеков, доцент Мүбәрак Үмбетаев, С.Жусанбаева, профессор Д. Әлкебаева дәріс оқыды.

Абай ҒЗИ директорының орынбасары Пазылбек Бисенбаев Абай ҒЗИ-дың ғылыми жобасы аясында жарық көрген 10 томдық таңдамалы еңбектерді таныстырды.

Тыңдаушыларға «Абайтану» оқу-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы арнайы сертификат берілді. Семинар мұғалімдер үшін кәсіби-танымдық тұрғыдан өте пайдалы болды.