Шоқтығы биік қытайтанушы

Шоқтығы биік қытайтанушы

    Ол кісіні алыстан көресің, көресің де бірден танисың. Алатаудың ақбас шыңдарындай артқа қайырылған қайратты ақшаңқан шашы онсыз да ұзын бойды тіпті асқақтатып көрсетеді. Бойын тік ұстаған бойы оқу ғимаратына қарай бет түзейді. Пайғамбар жасына келіп,

зейнеткерлікке ілікті демесең, әлі де анау-мынау жігітіңнен осал көрінбейді. Мұқырдың саф ауасы мен керемет табиғаты сыйлаған ұзын бойдың арқасында айналадағы орта бойлылардан шоқтығы бір биік болса, қытайтану ғылымында, оның ішінде қытай қазақтарының тарихын зерттеуде Нәбижан Мұқаметханұлының тағы да шоқтығы биік тұр. Ел егемендік ала салысымен ол жақтақтағы мансапты да, жайлы жағдайды да тастап туған жерге жеткен ғалым арманынан айнымады. Көп жылдық ізденістер, ғылым жолындағы жанкештілік бүгінде өз жемісін беріп отыр. Ол кісінің ғылыми монографиялары мен мақалалары Қытайды зерттеушілердің кәдесіне жарап жатқанына барлығы куә.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасын басқарып отырған Нәбижан аға ғылыммен бірге кафедраның халықаралық байланыстарының артуына, оның материалдық базасының нығаюына барынша еңбек етіп келеді. Докторанттардың ғылыми жетекшілігі тағы бар. Сіздің келіп отырған зейнет жасыңызбен құттықтап, қытайтану ғылымына одан әрі үлес қоса беруіңізге тілектеспіз!

 

С.Сапанов

А.Арзықұлов

Қытайтану кафедрасының ұстаздары