Елбасының «Ұлы Дала ұлағаттары» еңбегі насихатталды

          Елбасының  «Ұлы  Дала  ұлағаттары»  еңбегі  насихатталды

30 қараша күні Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Ұлы Дала ұлағаттары»  еңбегін талқылауға арналған  семинар-дәріс өтті. Дәріске «Журналистика» факультетінің деканы, қаламгер ұстаз Сағатбек  Медеубекұлы  қатысып, білімгерлерді мемлекетімізді табысты басқарып келе жатқан Елбасының  өмір жолынан үлгі алуға шақырды. Біраз өткенге ой жүгіртіп, қасіретті «Желтоқсан  оқиғасы» туралы да құнды мәліметтер айтты.

tb_v7faxcfm

Ұстаздарының әңгімесінен студент жастар желтоқсан оқиғасы кезінде болған не бір қиын сәттерді қазақ жастарының бастарынан өткізгендіктерін тыңдап, біліп отырды. Факультетдеканы  16желтоқсан егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн екенін еске сала отырып: «Ұмытылмас оқиғадан бері 30 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол – дүниені  дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет  мәңгі болып қалады» деді.

Дәріске қатысқан студенттер өздерін  толғандыратын сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңына түсті. Молдахан Кәріпбайұлының ұйымдастырылуымен өткізілген семинар-дәрістің мақсаты – оқырмандарға  тәуелсіздігіміздің туын тіктеп,  іргетасын бекемдеген Президентіміздің еңбегімен таныстыру. Сондай-ақ , жас ұрпаққа Елбасымыздың ел игілігі үшін  жасап жүрген еңбегін насихаттап, тәуелсіздіктің бізге оңай жолмен келмегенін, ол жолда  қандай қиыншылықтардың болғанын еске салу.

Студенттер үшін  тағылымы  мол  дәрістердің  маңызы зор.  Өйткені  мұндай сабақта әрқайсымыз  білуге  тиіс керекті  мағлұматтар айтылады. Ол болса, өз кезегінде  білімге талпынған  жастардың  тарихымызға  деген  қызығушылығын оятады.  Ізденуге талпындырады. Жігер береді.

«Ұлы Дала ұлағаттары» еңбегін еліміздің 25 жылдық тойына арналған сый тарту деп қабылдауға болады. Бұл туындыны Н.Ә.Назарбаев: «Өз еліңе пайдалы болу, өз Отанының тағдыры үшін жауапты болу – әрбір отандық саясаткердің, әрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы» сөзімен бастаған. Яғни, «Менің Қазақстаным!» деген тіркес әрбір қазақстандықтың жан жүрегін баурайтын сөз ғана емес, заман зердесіндегі жауапкершілікті одан әрі терең сезіне түсесің.  Президент бұл еңбегінде  ел мен жердің тағдыры, әлемнің және қоғамның дамуы, жас буынның  алдында  тұрған келелі міндеттер және басқа да көптеген мәселелер туралы өзінің ой-толғамдарын баяндайды. Жаңа шығарма осынысымен де құнды.

Құрметті  оқырман, Елбасының «Ұлы Дала ұлағаттары» кітабымен танысыңыз. Туынды жастарды патриоттық тәрбиеге үйретіп, өз тарихымызды тереңірек білуге баулиды. Бұл «Қазақ халқының өткеніне құрмет көрсету арқылы еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосуға бар күш-жігерімізді жұмсай берейік» дегеннің нағыз дәлелі болмақ.  Ал, кез келген жұмыс жәй ғана құрғақ сөз құр аттанға құрылмай, іспен көрсетілгенде  ғана  жемісті болады.

 

                                                                                                     Майра Ілес