ҚазҰУ студенттері алда

ҚазҰУ студенттері алда

Әр мамандыққа байланысты жыл сайын Республикалық пәндік олимпиадалар өтіп тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2016 жылдың 29-30 наурыз күндері «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл Олимпиадаға осы мамандық оқытылатын ЖОО студенттері қатыса алады. Жылдағы әдет бойынша биыл да Олимпиада аясында қытай тілі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ және Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ден келген 25 студент өзара сайысты. Сайыстың бірінші кезеңінде тест және эссе жазу жарысы өткізілді. Бұл жерде қатысушылар өздерінің қытай тілі мен елтану бойынша алған білімдерін қаншалықты игергендерін дәлелдеп, артынан берілген тақырыптардың біріне эссе жазулары керек болды. Олардың бұл еңбектерін ЖОО ұстаздарынан және Конфуций институтының өкілдерінен жасақталған әділқазылар бағалауы тиіс болды. Биыл әділқазылар құрамына Шы Хуэйчжи, Ахметбек Г., Кенжебаева А., Дауен Д. секілді ұстаздар кірді. Бірінші кезеңді қорытындылай келгенде жарыстың екінші кезеңіне 10 үміткер жол тартты. Бұл жерде студенттер өздері дайындаған жобаларын қытай тілінде баяндап және әділқазылардың сұрақтарына жауап берулері тиіс еді. Үміткерлердің қытай тілін қаншалықты меңгергендері, олардың сөйлеу, есту, түсіне білу және жауап беру қасиеттері сынға түсетін бұл сайыс өте қызғылықты өтті. Студенттер бүгінгі күні өте өзекті болып отырған мәселелерге көп назар аударыпты. Екінші кезең аяқталған соң, әділқазылар жалпы жаарыс қорытындысын шығарып, жария етті. Сонымен тартысты әрі қызғылықты өткен жарыс қорытындысы былай өрнектелді:

1-орын-Бейбіт Айдар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті;

2-орын-Саханов Абай, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ 4 курс студенті

2-орын-Мурзагельдина Лаура, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті;

3-орын-Қабесова Мөлдір, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті;

3-орын-Рамазанова Айнұр, Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ 4 курс студенті;

3 орын-Курпасова Жұлдыз, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ 4 курс студенті.

Олимпиаданы қортындылау кешінде жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бағалы сыйлықтар тапсырды. Бұдан тыс, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы үш жеңімпазға Қытайда білім алу грантын бөлді. Олар Қытайдың өздері таңдаған жоғарғы оқу орнында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Сапанов С.Ж.

Арзықұлов А.А.

қытайтану кафедрасының оқытушылары