Заман талабына бейімделген болашақ ҚазҰУ түлектері

Заман талабына бейімделген болашақ ҚазҰУ түлектері

 

SAM_0650 Конференция пленарный

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заман талабына бейімделген болашақ мамандарды дайындауда ғылым негіздерін  оқытудағы өз жүйелерін жаңарту үшін, университетті ең жоғары халықаралық талаптарға сай келетін зерттеу типіне өзгерту және әлемнің жетекші ЖОО-ның қатарына қосылу үшін университет аясында білімнің, ғылыми зерттеулердің және өндірістің тығыз бірігуіне негізделіп жасалған концепция бойынша курс қабылдады.

Соңғы үш жылда ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 350 орында және осы жылы 800 үздік университеттердің арасынан 275 орынды иеленіп, 300-топ университтерінің қатарына енді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті барлық заманауи рейтингтердің көшін бастап тұр. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстанның алдыңғы қатарлы көп бағдарлы жоғары оқу орны. ҚазҰУ–дың көп дәрежелі оқу жүйесіне мыналар кіреді:  жоғары негізгі білім (бакалавриат), арнайы жоғары білім (магистратура) және докторантура (PhD). ҚазҰУ–ға қабылдану мемлекеттік білім беру гранттарымен және келісімшарт негізінде жүзеге асады. Мамандарды даярлау 180 мамандық бойынша іске асады.

Университетіміздің қабырғасында білім алып жүрген студенттерге бүгінгі күні жан-жақты мүмкіндік ұсынылған. Университетіміздің басты мақсаты академиялық саясатқа сәйкес студенттерімізді тек қана білім берумен ғана шектемей, сонымен қатар ұлттық тәрбиемен сусындап, шетелдік және отандық қарым-қатынастағы ғылыми жетістіктермен таныстырып, алған білімдерін өмірде, ғылым, білім жолында пайдалануға бағыт-бағдар беру болып табылады. Мәселен, филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының мүмкіндігі зор. Шетел филологиясы және аударма ісі мамандығын меңгеріп жүрген студенттер екі тілдің маманы атағына ие болмақ. Бірінші шетел тілі – ағылшын тілі болса, екінші шетел тілі – неміс немесе француз тілі. Аталмыш тілдер елдің төл тілі – қазақ тілінің тілдік құбылытарымен салыстырыла, салғастырыла оқытылады.  Қазіргі шетел тілін меңгерген студенттер үшін осы игерген тілдер де аздық етеді, тіл маманы тек қана бір ғана ағылшын тілімен шектелмей, басқа да шетел тілдерін неғұрлым көбірек меңгерсе, білім нарығында бәсекелестікке қабілетті қытай және түрік тілдерінде де қарым-қатынас жасай алса нұр үстіне нұр болып, жаңа формациядағы таптырмас, тез өзгеретін нарықтық жағдайларға бейімделе алатын мамандық иесі болмақ.

Аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп, үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып келе жатыр. Елімізде арнайы оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандар даярлануда. Соның бірі кафедраның «Аударма ісі» мамандығы  жыл сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне еркін аудара алатындай мамандар даярлауда қажымай, аянбай еңбек етуде. Осы орайда кафедра ұжымының бастамасымен барлық деңгейлерде оқытылатын мамандық бағдарламалары  қайта қаралып, заман талабы қажет ететін, отандық және әлем елдерінде де сұранысқа ие бола алатындай кәсіби түлектер дайындауға негіз болатын пәндер оқытылуда.

Біздің факультетімізде, мәселен, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында осы шетел тілдеріне қосымша испан тілінің меңгеріліп келе жатқанына міне екінші жыл болып қалды. Енді, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасына қарасты аударма орталығы студенттер, магистранттар, докторанттармен, оқытушылармен тынбай еңбек етудің арқасында «аударма орталығы» мен ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру институты бірлестікте әр түрлі тақырыпта біліктілікті арттыру курстарын, атап айтқанда «Мәтінді филологиялық талдау қағидалары» сонымен қатар қазіргі таңдағы шетел тілдерін оқыту әдістерімен таныстыру, толықтыру және дамыту мақсатында республикамыздың мектеп  және жоғары оқу орындары  оқытушыларына арналған «Шет тілдерін оқыту әдістемесі» т.б. курстар өткізу жалғасын табуда. Кафедра оқытушыларының бастамасымен әртүрлі мастер-класс, кездесулер, шетел тілдерін (ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай, грек тілдері) оқытудың арнайы курстарын ұйымдастыруы – осы болашақ студенттерімізді тәрбиелеп отырған оқытушыларымыздың да жан-жақты ақпараттандырылған, кәсіби білімнің заманауи парадигмасына сай жоғары дәрежелі маман екендігінің дәлелі деп айтпақпыз.

 

 

Шетел филологиясы және аударма ісі мамандығының меңгерушісі,

PhD докторы Д.А. Қарағойшиева мен ф.ғ.к., доцент М. Жанабекова

  SAM_0650 Конференция пленарный SAM_0822 Әлем тілдері SAM_0638