Әл Фараби атындағы ҚазҰУ – білімді де білікті кадрларды дайындайтын негізгі көшбасшы оқу орда
Қай заманда болсын, адамзаттың алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі – ол саналы, білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу. Ол, ұзақ мерзімді жоспарлау және экономикамыздың тұрақты өсуімен қатар, елдігіміз бен бірлігіміздің, ерлігіміз бен еңбегіміздің мүлтіксіз орындалып, әрбір қазақстандықтың еліне қосқан титтей де болса пайдасы болып табылады.
82 жылдық тарихы бар қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің соңғы уақытта жеткен жетістіктерін ауыз толтырып айтсақ та, ол аз болатын шығар. Қазіргі таңда, біздің оқу ордамыз -ТМД университеттері арасында үшінші орында, QS рейтингісі бойынша соңғы екі жылда әлемдегі үздік топ университеттер қатарында, Қазақстан университеттерінің арасындағы ең үздік университет болып саналады.
QS сарапшыларының кеңесімен, ҚазҰУ-дың айтулы тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеуге кірісті. Бұл көрсеткіш университеттің білім мен ғылымның әлемдік нарығында бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді.
Университеттің мұндай жоғары жетістікке қол жеткізуіне Президент Н.Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа Жолдауында «Қазақстанның кем дегенде екі университеті әлемдегі үздік университеттер рейтингіне енуі тиіс» деп атап айтқан міндеті түрткі болғаны анық.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кешенді құрылымдық жаңғырту жүргізіліп, нәтижеге бағытталған басқару жүйесі және жетістікті рейтинг арқылы бағалау енгізілді. Әлемнің жетекші универсиеттері үлгісімен ҚазҰУ-да халықаралық жоғары стандартқа сай және халықаралық тіркеуден өткен,тәжірибелік білім бағдарламалары әзірленіп, енгізілді. Олар Соңғы жылдары университет қабырғасында «идея генерациясынан оны коммерциялауға дейін» атты технологиялық дәліз құрылып, тиімді жұмыс істеп тұр.
Соның ішінде, экономика және бизнес Жоғары мектебі – еліміздің дамуына, оның ғылыми-инновациялық қызметтерінің өркендеуіне, «Еліміздің басты капиталы – білімді жастар» деп Елбасымыз айтып кеткендей, болашақ жастардың білім мен тәрбиеге бет бұруына үлкен үлесін қосып отырған жоғары мектеп.
Бүгін де, оқу ордасының қабырғасында студенттердің ғылыми-инновациялық тұрғыдан, білім мен тәрбиесінің дамуына баса назар аударылып отыр. «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студені оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты дене мәдениеті», «Green campus» , «Al-Farabi Smart city» жобалары аясында факульетттің профессор-оқытушыларының құрамы студенттердің бойынан патриоттық сезімді ұялатуға барынша тырысып жатыр.
Еліміздің басты капиталы – ол санасы мен тәрбиесі жоғары, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген қазіргі ұрпақ болса, ҚазҰУ-дың студенттері,университте алған бар күш-жігерімізді алдағы уақытта еліміздің дамуы үшін жұмсауға дайын.
Садыханова Д.А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісінің
ғылыми-инновациялық жұмыстар және
халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Салғараева А.М.
«Қаржы» мамандығының 4-курс студенті
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.