Мәдениет жаңалықтарынан
Салыстыру барысында екі телеарнаны негізге алдық. Біріншісі тәулігіне 24 сағат бойы ақпарат тарататын 24 kz телеарнасы. Оның ақпаратты жеткізудегі басты ерекшелігі – жылдамдығы. Жаңалықтың негізгі бөлігін статистика мен фактілерге негіздейді. Мәселен, фестиваль жөнінен таратылған ақпарат – көрерменге сюжетімен ғана емес, жазылған мәтінмен де ерекшеленеді. Ақпаратты дайындаған тілші сондай-ақ студиядағы жаңалық жүргізушінің арасында өзіндік байланыс бар.
КСРО және ҚР Халық әртісі Еркеғали Раxмадиев атындағы xалықаралық байқау басталды. Қазақтың біртуар композиторы атындағы шара ел ішінде алғаш рет өткізілмек. Оған көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері мен елімізден 100-ден астам өнерпаз қатыспақ. Жас таланттар вокал мен хорды дирижерлеу сынды екі аталым бойынша 4 күнқатарынанбақсынайды. Азамат Жылтыркөзов, Е.Раxмадиеватындағы байқаудың директоры: – Байқаудың идеясы Е.Рахмадиевтің бақилық болған күнінен бастап туындады. Өнер университетінің ұстаздары, профессорлары бірауыздан өткізсек дедік. Әр номинация 3 секцияғабөлінеді. Олар: колледж оқушылары, ЖОО, магистратура және кәсіби орындаушылар. Клара Рахмадиева, Еркеғали Раxмадиевтің жұбайы: – Жастардың ішінен дарынды әншілерді, дирижерлерді анықтау.Үш тур болады. Ең дарындыларға сыйақы беріледі.
Ал, келесі телеарна – хабар агенттігі. Жаңалықты беретін уақыты кешкі 20-30. Кешіктіріліп беріледі, бірақ ақпарат жеткізуде өзіндік стильдері қалыптасқан телеарналар қатарына кіреді.
Келесі аптада мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығына арналған 11-інші «Жұлдызай» республикалық фестиваліне іріктеу басталады. Қазақстанның белгілі эстрада жұлдыздарынан құралған қазылар тобы еліміздің 16 қаласын аралап шықпақ. Ел ішіндегіөнерпазбалғындарды таңдап, үздіктерді даралайды. Жас таланттар хореография, вокалдық орындау, сәндік-қолданбалы шығармашылық, бейнелеу өнері, әнді ишарамен орындау сынды алтыаталым бойынша бақсынасады. Жеңімпаздар есімі 1 маусымда белгілі болмақ. Биылғы фестиваль Бурабайда өтеді. Айта кетейік, байқауға 11 жыл ішінде 36 мыңнан астам бала қатысып, өнерәлеміне жолдама алған. Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі директорының орынбасары -Іс-шараны өткізу мақсаты – әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру. Ол – еңмаңыздысы. Әлеуметтендірудің жолы әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, адам біздің қоғамдық өмірімізге белсене араласуы керек. Оның жолы әртүрлі болуы мүмкін. Ол шығармашылық жағынан өте маңызды.
(Хабар агенттігі) және (24 kz)
Еңлік Әбдіқадыр