«Джунгли кітабы» қазақ тілінде шығуына байланысты 24.kz арнасы мен «Хабар» арнасындағы cюжеттерге салыстырмалы талдау.
Алдымен, 24.kz арнасында жарық көрген сюжетке тоқталайық. Сюжет авторы – Жамбыл Зейнолла. Ұзақтығы 1 минут 26 секнд.
Сюжет тақырыбы: «Маугли» қазақша сөйледі
Әйгілі «Джунгли кітабы» хикаясы көрермен қауымға қазақ тіліндегі дубляжбен жол тартты.
БМ: Фильмнен үзінді.
Маугли: Мен олар сияқты жүгіре алмаймын ғой, Багира. Тек ағашт дұрыс таңдамадым.
Багира: Ең болмаса, солар сияқты әрекет жасасаңшы.
КСМ: Эпикалық, шытарман оқиғаға толы фильм жабайы тропикалық ормандағы қасқырлар үйірінің ортасында өскен кішкентай баланың өмірін баяндайды. Режиссер Джон Фавроның «Джунгли кітабы» фильмі отандық дубляж шеберлерінің қазақ тілінде биыл жасаған тұңғыш туындысы екен. Кинокартинаның әрі мен сәнін келтіру үшін арнайы 14 адам іріктеліп алынған. Олардың арасында тіс қаққан тәжірибелі әртістермен бірге үлкен өнерге енді аяқ басып жатқан балақайлар да бар. Сапалы әрі заманауи талаптарға сай жасалған дубляж шетелдік мамандардың қатаң бақылауынан өткен.
СНХ: Ақарыс Әшімхан, «Маугли» кейіпкерін дыбыстаған актер:
– Кейбір кезде мен Маугли, ал Маугли мен болып кеткен кездер болды. Менің мінезім оған қатты ұқсайды. Ол жүгіріп жатқанда, мен өзім жазып жатқанда жүгіріп кеттім.
СНХ: Айжан Жамшитова, «Джунгли кітабы» фильмінің дубляж режиссері:
– Егер біз сол жоғары сапада аударатын болсақ, біз сол фильмді қазақша шығарғандай болып көрінеді. Сондықтан балалар үшін бұл – таптырмайтын аударма. Өйткені актерлер үлкен актерлік шеберлікпен рөлдерді орындап шықты. Сондықтан көрермен бағасын бере жатар.
Енді «Хабар» арнасында дәл осы тұсаукесерге арналған сюжетке тоқталайық. Сюжет авторы – Талғат Алманов.
Сюжет тақырыбы: Маугли енді қазақша сөйлейді
Қазақстанда фэнтези жанрындағы «Джунгли кітабы» фильмінің әлемдік премьерасы өтеді. Disney толықметражды жаңа өнімі – қазақ тіліне дубляждалған 14-інші туынды.
КСМ: Редьярд Киплингтің шығармасындағы Маугли, Балу, Багира, Шерхан және басқа да кейіпкерлерді біздің балалар ана тілінде тыңдайды. Филиппин, Сингапур, Чили, Ресей және тағы басқа елдерде режиссер Джон Фавроның туындысы таныстырылады. «Джунгли кітабы» қазақ көрермендерінің көңілінен шыққан сыңайлы.
СНХ: Ақарыс Әшімхан, Мауглидың образын дубляждаған актер:
-Өте қызық болды. Оның әр тынысын, әр дыбысын, әр жүрісін, барлығын жасау керек. Кейбір кезде Маугли мен, ал мен Маугли болып кеттім. Менің мінезім оған қатты ұқсайды. Ол жүгіріп жатқанда, мен өзім жазып жатқан кезде жүгіріп кеттім.
СНХ: Айжан Жамшитова, дубляждың режиссері:
-Бұл – балалар үшін үлкен таптырмайтын аударма. Сапалы түрде. Өйткені актерлар беріліп, нағыз шынайылықпен, үлкен актерлік шеберлікпен орындап шықты. Көрермен бағасын бере жатар. Бірақ сапасыз жасауға Диснейдің продюсерлері жол бермейді. Қай тіл болмасын жоғарғы деңгейді талап етеді.
Байқағаныңыздай, екі арнадағы сюжеттің арасында ұқсастықтар мен айтарлықтай айырмашылықтар бар. 24.kz арнасы сюжетті жүргізуші сөзінен кейін бірден «Джунгли кітабы» фильмінен үзінді көрсетумен бастады. Бұл көрермендерді елең еткізіп, жаңа туындыға назар аудартады. Ал, «Хабар» арнасының сюжеті көрермен құлағына жатық болып қалған, қалыпты жүргізуші сөзінен бастап, КСМ-ге ауысты. Бұл жаттанды тәсіл.
24.kz арнасы КСМ оқылып жатқанда, фильмнен үзінділер көрсетіп, оны тамашалап отырған көрермендерді де кадрдан тыс қалдырмаған. Сондай-ақ, кионтеатрға келген адамдар мен касса алдындағы кезекті де көрсете білген. Бұл қазақ тілінде сөйлеген кезекті туындыға деген көрерменнің қызығушылығын көрсетті.
«Хабар» арнасы болса, КСМ мәтіні оқылып жатқанда, фильмнің тұсау кесер сәтінің ашылу салтанатынан үзінді көрсетіліп, кейін көрермендердің фильмнің тамашалау сәті де кадрға ілінген. Сондай-ақ, сюжет авторлары тұсаукесерді тамашалуға келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті де көрсетіп өтті. Сюжеттің ұтқыр тұсы осы болса керек. Себебі, әлемдік туындылардың қазақ тілінде сөйлегені қала басшысының да қызығушылығын тудырғаны көрерменге жақсы әсер қалдырады.
Екі арна да синхронды бірдей адамдардан алған, тіпті бір уақытта алынғаны да айқын көрінеді. Тек, 24.kz Мауглидың образын дубляждаған актер Ақарыс Әшімханның синхронынан «Кейбір кезде мен Маугли, ал Маугли мен болып кеткен кездер болды. Менің мінезім оған қатты ұқсайды. Ол жүгіріп жатқанда, мен өзім жазып жатқанда жүгіріп кеттім» деген жерін ғана, қысқартып көрсеткен.
Ал, «Хабар» арнасы Ақарыстың сөзін «Өте қызық болды. Оның әр тынысын, әр дыбысын, әр жүрісін, барлығын жасау керек. Кейбір кезде Маугли мен, ал мен Маугли болып кеттім. Менің мінезім оған қатты ұқсайды. Ол жүгіріп жатқанда, мен өзім жазып жатқан кезде жүгіріп кеттім» деп, толығымен берген. Бұл жерде «Хабар» арнасы ұтып тұр. Себебі, кішкентай көрермендер өзі сияқты баланың фильмнің өте қызықты болғанын айтқанын естігенде, фильмнің тағы қандай үзінділері көрсетілетінін күтіп сюжеттің соңына дейін қарау мүмкіндігі өседі.
«Джунгли кітабы» фильмінің дубляж режиссері Айжан Жамшитованың синхроны да 24.kz арнасында қысқартылып берілген. Ол жерде дублzж режиссері тек аударма сапасының жақсы екенін, бағасын көрермен беретінін айтады. Ал «Хабар» арнасы Айжан Жамшитованың аударма туралы пікірін берt келе, фильмді сапалы аударылуын Дисней ұжымы тікелей бақылап отыратынын айтты. Синхрон беруде «хабар» арнасының тағы бір ұтқан тұсы осы болды. Себебі, фильмдердің аударылуын фильмнің өндірушісі Дисней компаниясының продюссерлері бақылайтынын дубляж режиссерінің аузынан естіген көрерменде фильмнің аударма сапасының жоғары деңгейде екеніне сенімділік оятады. «Хабар» арнасы сюжетінің ұзақтығы 1 минут 27 секунд. Екі арна сюжетінің ұзақтығы бірдей болғанымен, ақпаратты беру тәсілдері әртүрлі екені жоғарыда дәлелденді.. Егер «Хабар» арнасы 24.kz сияқты сюжет ішінlе фильмнен үзінді көрсетсе, сюжет басындағы сұйық ақпараттан құтылар еді. Қалай дегенде де, сюжетті беру оның авторына байланысты.
Әсел САРҚЫТ