ДӘШТІ ҚЫПШАҚ – ҚАЗАҒЫМ!..

ДӘШТІ ҚЫПШАҚ   ҚАЗАҒЫМ!..

 

 

 

 

135ДӘШТІ ҚЫПШАҚ   ҚАЗАҒЫМ!..

 Дәшті Қыпшақ даласы –

Ұлы Қазақ Даласы.

Ұлы Далам – шегі жоқ,

Көз жетпейді, қарашы!

 Мақсаты бір, мұраты,

Тасқа жазған – тұр аты.

Дәшті Қыпшақ – ежелгі

Қазағымның бір аты.

 Тұрды Римде таңғы асы,

Ұлылықтың арнасы.

 Кешегі Ғұн, Сақтардың,

Көк Түріктің – жалғасы.

Ұлылардың аттарын,

Есім біле – жаттадым.

Анахарсис, Томирис,

Зариналар – мақтаным!

 Ұланбайтақ жерім бар,

Өрнек салған зерім бар.

Мөде қаған сияқты,

Жер бермеген ерім бар.

 

 

Қылшылдаған жас еді.

Ғашықтыққа мас еді…

Ер Атилла ежелгі,

Ақ Ғұндардың басы еді.

 Ұлы дала  бағы бар,

Көкжиектен ағылар,

 Иолық Тегін, Күлтегін,

Естеми хан – тағы бар.

 Ту астына жинаған,

Кең далаға сыймаған,

Шыңғыс Қаған сияқты,

Бахадүрлер сыйлаған.

 Атойлаған сан қырдан,

Дала төсі жаңғырған.

Бабыр және Шах Жихан,

Тәж Махалды салдырған…

 Хан Абылай, Қабанбай,

Ер Жәнібек, Бөгенбай,

Біздің Қазақ, әскери

Түрлі ойынға – өнерлі-ай.

 Ұлыларым ірі еді,

Күкіреген күн еді.

Өр Әлихан, Ахмет,

Міржақыптар, шың еді.

 

 

Жанып тұрған от еді,

Қазағыма бет еді,

Ұлы Абай мен Мағжанды

Ұлтым, мақтан етеді.

 Онда заман тар еді,

Бостандыққа зар еді.

Ал, Мұстафа Шоқайым,

Бар Түріктің ары еді.

 Малым қайда, мыңғырған,

Қандай жауыз қырдырған?

Дәшті Қыпшақ даласы,

Осы ерлерді тудырған.

 Дәшті Қыпшақ  Қазағым,

Мен барыңды жазамын.

 Ұлы Далам – мәңгілік,

Жалғыз сен де назарым!..

 

 

Жұмаш Көкбөрі,

04.03.2016 жыл.