ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, КӨКТЕММЕН!
Бұл, Бірінші Наурыз –
Бастауы ғой Көктемнің.
Көктем – жасыл Бағымыз,
Бәрі есте ме, өткеннің?..
Барша Қазақ Арулары –
Барша Ұлтымның Гүлдері,
Қыз-Жүректер, жалындады,
Сезім біткен бүрледі…
Бұл Табиғыт-Анамыздың,
Бар мейірін төккен күн!
Өңі кіріп, Даламыздың,
Келген күні Көктемнің!
Барша Қазақ Арулары,
Гүл Көктемнің көркі ғой.
Шешек атар бағым, бәрі ,
Сүйген жүрек өрті ғой…
Махаббаттың Ханшасы ма,
Қазағымның сұлулары.
Ерін – қызыл алшасы ма,
Естен алар бұның дәмі…
Сүйген – татса, бал шырынын,
Ләззат алар – от демнен!
Қазағымның бар сұлуын,
Құттықтаймын, Көктеммен!..
Құттықтаймын, КӨКТЕММЕН!!!
Жұмаш Көкбөрі,