Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Әмір Мөлдәбекөв
Аптордың мекен-жайі: Almaty
Қосымша қайнары:http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=782
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=782
توتە جازۋ نۇسقاسى: http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=782
Төмиристей аруды – үлгі тұтқан
(марқұм Алма Қыраубайқызы туралы)
Алма Қыраубайқызы шын мәніндегі ұстаз деген атқа лайықты бір туар тұлға еді. Мен бұл кісіні студенттік кезден білемін, әсіресе кейін өзім қазақтың қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журнәлистикә фәкультетіне мүғәлімдік жұмысқа ауысқан күннен бастап ол кісімен жиі-жиі кездесу мүмкіндігіне ие болдым.
Алма Қыраубайқызы тұнып тұрған терең білімімен, біліктілігімен қоса әдәмгершілігі мол, аса ізетті, бауырмал, ашық-жарқын адам еді. Бұл кісіні үлкен де, кіші де, қатты сыйлайтын. Одан дәріс алған студенттер қазақ әдебиеті тарихынан, оның қыры мен сырынан мол мағлұмат алып, бір өзінен тұтас бір университеттік білім алатын. Сондықтан да болар шәкірттері Алма апайларының бір де бір лекциясін жібермеуге тырысатын.
Өз көркіне ақылы сай, аса инабатты, сөйлесе сөзге шешен, ұлтын жанындай сүйетін ерекше жан еді. Алма Қыраубайқызының жүріс-тұрысы, сөз саптасы, кімнің алдында болсада өзін ұстай білуі, кімге де болса үлгі боларлықтай, нағыз Ұстаз деген қәсиетті де қүрметті атқа лайықты біртумә бірегей қазақ әйелі болды.
Оңтүстік өңірде туып өскен Алма Қыраубайқызының шыққан жері де текті әулиеттен болды. Бүкіл түрік дүниесінің ұлы тұлғасы, қазақ халқының төл перзенті, ғұмыры ұлтының азаттығы үшін күресте өткен Мұстафа Шоқай бабамызға жиен болып келетін, яғни алтынның сынығы, асылдың тұяғы-тын. Содан да болар бұл адамның асқақ біткен болмысы айрықша жаратылған-ды.
Алма Қыраубайқызының айрықша мақтан тұтатын қәсиеті- барша түрік дүниесінің әдебиетін,мәдениетін, тарихын жан – жақтылы білуінде және соны халық игілігіне жаратуында дер едік.
Белгілі тележурнәлист Жұмаш Кенебәй екеуміз1995 жылдан бастап, Қазақ телевизиясінің бірінші және «Алатау» арнасынан барша түрік қандастардың ортақ ұлы тұлғалары туралы әрқәйсісі жарты сағаттан тұратын «Түрік даналары» атты хабарды апта сайын эфирден беріп тұрдық. Ж.Кенебәй авторлық бағдарламаның авторы әрі тұрақты жүргізушісі болды. Мен әр хабардың түсірілуі, монтаждалуы, эфирге сапалы шығуы, әвтөрләрмен жұмыс істеу сияқты жақтарын алдым. Бұл авторлық телебәғдәрләмәғә негізінен әдебиетші, тарихшы мамандар қатыстырылатын.
Бұл бағдарлама 2000-шы жылға дейін эфирден тұрақты түрде өтіп тұрды. Осыған байланысты айтайын дегенім «Түрік даналары» хабарына қатысуға құлшыныс танытқан және әр хабарға қатысуға тыңғылықты дайындалатын бір адам – осы прөфессөр Алма Қыраубайқызы еді. Бүгінде марқұм болған прөфессөр Марат Бәрмәнқүлөвпен (прөфессөр Марат Барманқұлов «Түрік даналары» хабарына ғылыми жетекшілік жасайтын ) тығыз байланыста болған Алма Қыраубайқызы осы хабарға қатысуға уақыт тауып және кез келген тақырыпты майын тамыза отырып әңгімелеп беретін. Алманың эфирде өзін ұстасы, сөз саптасы, құлаққа жағымды дауысы, терең білімі – біздің әр хабарымыздың ажарын аша түсетін. Монтаж кезінде режиссер Клара Қорғанова Алманың бір сөзін қиюға қысқартуға қимай, берілген уақыттың аздығына өкініп, Жұмаш екеуімізді соған көндіретін де кездер болғанын неге жасырайын.
«Түрік даналарынан» – Томирис, Зарина, Білге қаған, Күлтегін, т.б. ұлы тұлғаларына қатысты хабарларының толыққанды, саналы, тартымды болып шығуына Алма Қыраубайқызының қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Әсіресе Алма Қыраубайқызы осыдан 25 ғасыр бұрын өмір кешкен, ұлы даланың ұлы аруы, жат жерлік басқыншы Кирдің басын кескен, «өз қаныңа өзің той» деп қан толы торсықтағы жауыз патшаның басын ағып жатқан Сырдарияға лақтырып жіберген Сақ ордасының патшайымы Төмиристі аса қүрмет, мақтаныш тұтатын Алманың өзі де қәсиетті Сырдың бойында туып өскені тағы да себеп болды ма екен немесе текті тарихын жақсы білетін жанның ұлы даласына деген шексіз махаббаты түрткі болды ма, әйтеуір өзі де Төмиристей ақылды жан еді ау! Тек ғұмыры қысқа болды, нағыз кемелінее келген тұста көз жұмды Төмиристей қазақ аруы – Алма Қыраубайқызы.
Әмір Мөлдәбекөв
Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.