Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» картинасының астында тағы бір сурет бар болуы мүмкін. Француз зерттеушісі, ғалым Паскаль Контенің мәлімдеуінше, Мона Лиза кескінінің астында флоренциялық жібек сатушының жұбайы Лиза Герардинидің портреті бар көрінеді.
Паскаль Конте соңғы 10 жылын «Мона Лиза» картинасын зерттеуге арнаған. Ғалым 2004 жылы шыққан «күшейтілген қабаттар» технологиясын пайдаланып, суретке жарық берген. Жарық түскен кескінді камераға түсірген кезде бояу қабаттары арасындағы қосымша суреттер көрінген. «Мона Лизаның» астындағы әйел бейнесі қырымен суреттелген. Ол Джоконда сияқты күлімсіремейді, дейді ғалым. Леонардо да Винчи Лиза Джоконданың портретін 1503-1505 жылдар аралығында салған.
Алайда, «BBC News» ақпарат агенттігі Лувр қызметкерлері ғалымның бұл тұжырымына қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отырғанын айтады, дейді «Астана» арнасының тілшісі Ләйлә Қазиақпарова.
Ақпарат жинаған: Әсел САРҚЫТ