БЕС БЕЛЕС (ЕКІНШІ КІТАП)

300

АЛҒЫ СӨЗ

Көптеген жылдар қазақ телевизиясында қызмет істеп, одан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқытушылыққа ауысқан Әмір Молдабековтің бұл сала бойынша тәжірибесімен қатар теориялық дайындығы мол.

Кітап ғылыми тілде, нақты деректер негізінде жазылған. Автордың өзі “Хабар” агенттігінің қыр-сырын, ішкі жұмысын, жетістіктері мен кемшіліктерін жан-жақты қарастырған. Өзі әңгіме қылып отырған телеарнаның басшыларымен қатар көптеген қызметкерлерімен де сөйлесіп, олардың ойларын оқырманына ұтымды жеткізеді. Сондай-ақ, бұл еңбекте телекөрермендердің де, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалым-жазушылардың да осы агенттік туралы әр кездерде айтылған ой-пікірлері келтірілген.

Ғалым “Хабардың” бес жыл ішінде істеген істерін жалаң баяндап қана қоймайды. Күнделікті берілетін шағын жаңалықтардан бастап, ірі-ірі бағдарламалардың сценарийлерін талдау арқылы сол хабардың мән-мазмұнын, жетістігі мен кемшілігін оқырманына нанымды түрде нақты деректер  арқылы баяндайды. “Тәуелсіздіктің ауыр жүгі” деген алғашқы тарауда автор көп мәселенің басын қайырған. 1995 жылдан арнайы үкіметтің қаулысымен құрылған агенттіктің бірте-бірте 400-ден астам қызметкерлері бар үлкен ұжымға әрі республикадағы телеарналардың көшбасшысына айналғанға дейінгі тыныс-тіршілігін толықтай ашып берген. Сондай-ақ айналдырған бес жылдың ішінде 60 миллионнан астам көрермен жинап, қосымша таза ұлт тілінде “Хабар-2” арнасын ашуы да үлкен ерлік, жасалып жатқан істердің нәтижесі. Әйтсе де, “Хабарда” әлі де болса шешілмей жатқан проблемалар мен кемшіліктер де жоқ емес екен. Оны да автор көбінесе агентіктің өз қызметкерлерінің аузымен айтқызып, оқырмандарды сендірудің жақсы жолын тапқан.

Мысалы, “Хабар-2”-нің ашылуына байланысты “Хабардағы” казақ тіліндегі хабарлар азайып кетуі; күнделікгі “Хабардан” еститін жаңалыктарды “Хабар-2”-ден қайталануы;  “Хабар-2” де беріліп жүрген “Қырық өтірік”, “Мың бір мақал”, “Деген екен…” ток-шоу, телеойындарының сценарийлері бір адамның қолынан шыққандықтан бәрі де мазмұн және түсірілім жағынан бір-бірінен ерекшеленбеуі кейбір тілшілердің таяздыкқа салынуы… т.б.

Алайда осының барлығьша қарамастан “Хабар” агенттігінің республика көрермендері үшін жасап отырған жақсылық істері өте көп. Зерттеуде солардың барлығы да жан-жақты қамтылып, көрсетілген. Бір сөзбен айтқанда, автор қазір төртінші билік иелері аталып отырған республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып саналатын “Хабар” агенттігінің 5 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын оқырмандарына салиқалы түрде жеткізе алған.

Сағымбай Қозыбаев,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

КІРІСПЕ

 

Дүние жүзінде ғылым мен техниканың жылдан-жылға адам айтқысыз дәрежеде дамып отыруы бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде телевизияны алдыңғы қатарға шығарғандығы шындық. Өзінің тез хабар таратқыштық, аудиториясының молдығымен, оқу, көру, есту мүмкіншілік-терінің артықшылығымен дараланған телевизиялық хабарлар бүгінгі таңда миллиондаған көрермендердің негізгі рухани байлығына айналып отыр. Адамдар арасында түрлі қоғамдық пікір туғызып, жақсыны дәріптеп, жаманды сынай алатын электронды ақпарат құралдарының бұл  түрі  қандай  да  бір  идеологияның  негізгі   қаруына  айналған. Соңғы  кезде  осыған  орай  бұқаралық ақпарат құралдарының бұл саласы ғалымдардың қызығушылығын тудыруда.

Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы тарих керуенімен ілесіп келген бай мұрамыз, асыл қасиеттеріміз, ортақ құндылықтарымыз қайта жаңғырды. Содан бері көптеген тәуелсіз және жекеменшік телеарналар ашылып, өз жұмыстарын түрлі бағытта жүргізіп келеді. Олардың үкімет саясатына, әлеуметтік-экономикалық реформаларға көзқарасы қандай бағытта өрбісе де принципі – өз көрермендері мен тыңдаушыларын жаңа, әділ, сенсациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

«Хабар» мемлекеттік агенттігі туралы айтпас бұрын, ең алдымен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген толып жатқан телеарналардың басында Қазақ телевизиясының тұрғанын айта кеткен абзал.

Қазақ телевизиясы дегенде оның өмірге әкелген хабарлары, тележурналистері, режиссерлері, техникалық қызметкерлері ауызға алынады. Олардың Қазақ телевизиясының қалыптасуына сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Тындырылған істердің барлығына бірдей тоқталып жату мүмкін емес. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішіндегі өзім журналист ретінде қал-қадарынша ат салысқан және оның ыстығы мен суығына бірдей төзген кейбір телехбарларға ғана тоқтала кеткенді жөн көрдім. Өйткені өзің жақсы білетін істі ғана қолға алған жөн сияқты.

Әсіресе, «Қазақстан» телерадио корпорациясының басшылары: Камал Сымайылов, Сағат Әшімбаев және Қазақ телевизиясының бас директоры болып, белгілі тележурналист Рафаэл Жұмабаев істеген жылдар ерекше жемісті болғаны рас. Бір ғана мысал, осы жылдары Қазақ телевизиясының қазақ тіліндегі хабарлары 75 пайызға барған екен. Бұл – сол жылдардағы
Р. Жұмабаев сынды басшылардың еңбегінің көрсеткіші болса керек (сол жылдары «Алматы ақшамы» газетінде жарық көрген сұқбатта айтылған дерек). Сол жылдары «Алатау» телеарнасының жұмыс істегені белгілі. «Алатау» телеарнасының журналистері: Кәмал Васылов, Рахметолла Мамиров, Нұрдәулет Нұрәділов, т.б. азаматтардың қазақ телевизиясына қосқан үлестері ауқымды екенін айта кеткен жөн. Қазақ телевизиясын телефильмдермен жабдықтауда «Қазақтелефильм» студиясының қосқан үлесі өз алдына бөлек әңгіме.  Қазір көптеген телеарналар бұл көрсеткіштің шаңына да ілесе алмай жүргені тағы шындық. Осы тұстағы тележурналистер, режиссерлар: Дияс Омаров, Өмірзақ Жолымбетов, Жақсылық Темірбеков, Серік Байхонов, Рабат Жанибеков,Нұртілеу Иманғалиұлы, Жұмаш Кенебай, Бейбіт Құсанбек, Иманбай Жұбаев, Фатима Бегенбай, Абдолла Алтый Сүлеймен, Мұса Рахманберді, Қажы Қорғанов, Клара Қорғанова, Боран Мұсабаев, Нұрлан Жікебаев, Құсман Игісін, Иманбай Жұбаев, Нұрлан Дәуітов, Лұқпан Есенов, Жүрсін Ерман, Төкен Халимұллин, т.б. көптеген өз істерінің нағыз мамандарының өмірге әкелген телехабарлары өз тұсында көрермендер жүрегіне жол тапқан, Қазақ телевизиясының алтын қорына қосылған сүбелі дүниелер болғанын ерекше атап өткен жөн.

Бұлардың арасынан өзім атсалысқан, марқұм профессор Марат Барманқұлов ғылыми жетекшісі болған, ал өзім ғылыми кеңесшісі болған, белгілі тележурналист Жұмаш Кенебай жүргізушісі әрі авторы болған тізбекті «Түрік даналары» телебағдарламасының 90-жылдардың басында жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыруда ерекше роль атқарғанын баса айту менің азаматтық парызым іспетті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығы осындайға арналса керек. Бұл турасында басқа тележурналист ағайындар маған өкпе арта қоймас деп ойлаймын. Барша түріктілдестерге ортақ ұлы тұлғалар жайындағы бұл авторлық телебағдарламаның қырыққа жуық хабарлары дайындалған еді.

Бұдан басқа профессорлар: Марат Барманқұлов, Жанғара Дәдебаев, Намазалы Омашұлы, Сағымбай Қозыбаевтардың жетекшілігімен Қазақ телевизиясында дүниеге келген телебағдарламалар көптеп саналады. Атап айтқанда: «Дара тұлғалар», «Тұлпардың тұяғы», т.б. көптеген авторлық бағдарламалардың өз тұсында телекөрермендердің ыстық ықыласына бөленгенін несіне жасырайын. Бір ғана Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналып түсірілген «Абай тойынан кейінгі ойлар» атты Жұмаш Кенебайдың авторлық телебағдарламасын дүниеге әкелгеніміз өз алдына бір әңгіме. Әрқайсысы
30 минуттан тұратын осы телехабарлар үшін Әмір Молдабек пен Жұмаш Кенебайға халықаралық ЮНЕСКО сыйлығы 1995 жылы берілген болатын. Бұл – біз жасаған телехабарларға берілген жоғары баға дер едім.

Иә, Қазақ телевизиясының бауырынан ұшып шыққан жаңадан ашылған телеарналар парасат деңгейіне, көзқарас біліктілігіне, жас ерекшелігіне, мамандық сипатына қарай өз аудиториясына ие болғанынан көзіқарақты көрермендер хабардар болар дейміз. Бұлардың ішінде “Хабар” мемлекеттік агенттігі ғана республикалық көлемде хабар таратса, қалғандары қалалық, аймақтық шеңберден әріге аспайды (“КТК”, “Рахат”, “Таң”, “31-арна”, “НТК”, “Шаһар”, “ЮСА”). Сондай-ақ, бізге қазақстандық, ұлттық бояуы басым теледидар қалыптастыру керектігін ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ.

Әсіресе, бұл тұрғыда аз уақыт аралығында қазақ телевизиясының көш басшысына айналып үлгерген “Хабар” агенттігіне артылар үміт көп.

Осыған орай біздің бұл зерттеу жұмысымыз “Хабар” агенттігінің даму проблемаларына арналып отыр. Өзі дүниеге келген жылдар ішінде бұл телеарна тәуелсіздігіміздің нығаюына, ел экономикасының дамуына, ел ішіндегі әлеуметтік жағдайлардың жақсаруына, мәдениет, әдебиет, өнеріміздің өркендеуіне айтарлықтай ықпал етті.

Жалпы, қазақ телевизиясының қалыптасу, даму тарихы туралы теориялық, ғылыми еңбектер болғанымен, “Хабар” агенттігі туралы жекелеген мақалалардан басқа толыққанды зерттеу еңбек әлі жазылған жоқ.

Қазақ тележурналистикасының тарихы, қалыптасуы мен даму жолдары, теориясы мен практикасы кеңес үкіметі тұсында да, одан былайғы тәуелсіздік алған он жыл аралығында да азды-көпті зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген.

Оған мысал ретінде телевизиялық журналистика негіздерін зерттеуші
С. Масғұтовтың, тележурналистиканың жанрларын, табиғатын зерттеуші
М. Барманқұловтың, Қазақстан теледидарының қалыптасуы мен дамуын зерттеуші Қ. Аманбаевтың, алдымен балалар теледидарын, одан кейін қазақ телевизиясының бүкіл проблемаларын біріктіре зерттеген Ғ. Ибраеваның, теледидардағы көптілділік проблемасын зерттеуші Ә. Сүлейменованың еңбектерін көлденең тарта аламыз. Ал біз өз кітабымызда “Хабардың бес белесі” деген атына сай, осы тақырып аумағында ғана әңгіме еттік.

Кітаптың басты мақсаты: “Хабар” ақпарат агенттігінің қалыптасу, даму жолдарын айқындап, ондағы негізгі бағдарламаларға талдау жасау. Бұл тұрғыда мынадай негізгі міндеттер күн тәртібіне қойылады:

  • “Хабар” агенттігінің қалыптасу, даму кезеңдеріндегі жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету;

  • “Хабардағы” ақпарат таратудың негізгі әдіс-тәсілдерін анықтау;

  • телерепортаждың басты жанр екендігін айқындау;

  • деректі фильмдердің пәрменділігін дәлелдеу;

  • ағылшын тіліндегі жаңалықтардың ерекшеліктерін саралау;

  • “Жеті күн” ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының хабарларына талдау жасау арқылы оның жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталу;

  • “Жетпіс жеті күн” әзіл-сықақ бағдарламасының тәрбиелік-тәлімдік мәніне сараптама жасау;

  • “Қырық өтірік”, “Мың бір мақал”, “Деген екен…”, телеқойылымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына баға беру.

Кітапта негізінен “Хабар” агенттігі архивінің, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құжаттары пайдаланылды. Ең бастысы “Хабар” агенттігінің 6 жыл бойы эфирден өткен басты бағдарламаларының жеке бейнетаспаға жазылған, мәтіндерінің қағазға түсірілген нұсқалары кәдеге жаратылды. Сонымен бірге әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген телевизия туралы және “Хабар” телеарнасы жайындағы материалдар алынды. Белгілі тележурналистердің тақырыпқа байланысты сауалнамаға берген жауаптары мен анкеталар және олардың творчестволық қызметтеріне қатысты пікірлер, сондай-ақ көрермен хаттары пайдаланылды…

Бұл еңбекте “Хабар” агенттігінің алты жыл ішінде жүріп өткен жолына, еліміздің тәуелсіздікті нығайту ісіне саяси, экономикалық-әлеуметтік өміріне қосқан үлесі алғаш рет зерттеліп, ғылыми айналымға түсіріліп отыр. Мұнда негізінен қазақ тілінде берілетін хабарларға тұңғыш рет талдау жасалған. Сондай-ақ, салыстырмалы түрде кейбір орыс тілді бағдарламалар мен ағылшын тілінде берілетін жаңалықтарға да бірінші рет назар аударылған. Телеарнаның ақпараттық-сараптама хабарлары “Жеті күн”, “Жаңалықтар” туралы, сатиралық-сауыктық бағдарлама – “Жетпіс жеті күн”, танымдық-тағылымдық “Қырық өтірік”, Мың бір мақал”, “Деген екен” секілді телеқойылымдар хақында, сондай-ақ телеарнада жиі кездесетін репортаж, деректі фильмдерге жаңаша мән беріліп, теориялық және практикалық талаптар тұрғысынан тың тұжырымдар жасалған.

Оның үстіне “Хабар” агенттігінде қызмет істейтін журналистердің шеберлік дәрежесі және тәжірибелеріне де тұңғыш рет назар аударылып, олар дайындайтын түрлі бағдарламаларға ғылыми тұрғыдан алғаш рет баға берілді.

Журналистиканың тарихы, теориясы мен тәжірибесі туралы ғылыми еңбектер жазған Б. Кенжебаев, Қ. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеев,
Ш. Елеукенов, Ә. Ыдырысов, Н. Омашев, С. Қозыбаев, Қ. Алдабергенов,
Б. Жақып, тележурналистиканың тарихы мен теориясына қатысты
Э. Багиров, Р. Борецкий, А. Юровский, Г. Кузнецов, С. Масғұтов,
Қ. Аманбаев, М. Барманқұлов, Рабат Жанибеков, С. Барлыбаева әр түрлі жинақтарға енген жекелеген авторлардың ғылыми мақалалары алынды.

Әрі жоғары оқу орындарының журналистика факультеттері мен бөлімдерінде “Хабар” ақпараттық агенттігінің туу, қалыптасу, даму жолдары және теориясы мен практикасы жайында арнаулы дәрістер оқуға, сонымен қатар жас тележурналистерге көмекші құрал ретінде де пайдалануға болады.

Бұл еңбектің негізінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері үшін арнаулы пән оқытылады. Зерттеудің басты қағидалары мен жекелеген қорытындылары “Хабардың бес белесі” атты монография мен республикалық әр түрлі мерзімдік басылымдар және ҚазҰУ Хабаршысында (журналистика сериясы) жарияланған
5 мақалада және 3 халықаралық, 2 республикалық ғылыми конференцияларда жасалған баяндамалар мен хабарламаларда көрініс тапқан.

Кітап кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен зерттелу деңгейі және мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ғылыми жаңалығы, сонымен қатар материалдық көздері мен теориялық-әдістемелік негіздері айтылады, ғылыми-практикалық мәні мен маңызы сөз болады.

Бірінші тарау «Хабар» ақпарат агенттігінің туу, қалыптасу кезеңдері» деп аталады. Тараудың «Талпыныстар мен өзгерістер» деп аталатын бөлімінде «Хабар» ақпарат агенттігінің өмірге келуі мен ұйымдық құрылымына байланысты жүзеге асқан шаралар нақты деректер арқылы зерттеледі. Қазақ тележурналистикасына тыңнан қосылған жаңалықтар мен өзгерістер ғылыми таным тұрғысынан теориялық-әдістемелік негізде сараланады. Телеарнаның дүниеге келуінің алғы шарттары мен тарихи заңдылықтары журналистика мүмкіндіктерімен   қатар қарастырылады. Қалыптасу кезеңдері анықталады.

«Жетістіктер  мен алда  тұрған міндеттер»  деп аталатын бөлімінде телеарнаның әлемдік ақпарат кеңістігінде өзіндік өрнегімен көрінген бағдарламалары мен қойылымдарына жаңаша көзқарас тұрғысынан ғылыми баға беріледі. Өмір қажеттілігі мен заман талабы, уақыт сұранысынан туындаған жаңа міндеттер мен атқаратын істер әлем журналистикасының тәжірибелеріне сүйене айтылады.

«Хабар» телеарнасындағы жанрлық және бағдарламалық ерекшеліктер» деп аталатын екінші тарау да екі тақырыпшаға бөлінген. «Тележанрлардағы жаңа мазмұн мен пішін» деп аталатын бөлімінде жанрлардың жаңғыруы мен мазмұндық-пішіндік өзгерістеріне талдау жасалады. Әсіресе, репортаж бен деректі фильмдердің аталмыш телеарнадағы жаңаша берілуіне қатысты нақты мысалдар келтіріледі және зерттеу нәтижесінде туындаған ғылыми тұжырымдар беріледі.

«Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардағы тақырыптық-сюжеттік өзгешеліктер» деп аталатын екінші тақырыпшада телеарнадағы соны хабарларға талдау жасалады. «Жеті күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының хатқа түсірілген сюжеттерінің қойылымдық ерекшелігі мен мәтіндік болмысына айырықша мән беріледі. Сонымен қатар, қазақ телевизиясына жаңалық болып енген ағылшын тілінде жүргізілген тұрақты хабарлар арнайы қарастырылады. Мұндағы ақпарат алудағы, жаңалық таратудағы әлемдік тәжірибелер мен мемлекет мүддесіне қызмет етудегі соны ізденістер сараланады.

Үшінші тарау «Хабар» және «Хабар-2» («Еларна») телеарналарындағы сахналық-қойылымдық бағдарламалардың өзіндік сипаты» деп аталады. Бұл тарау да екі тақырыпшаға бөлінген.

«Сатиралық-сауықтық бағдарламалар» деп аталатын бірінші бөлімінде «Жетпіс жеті күн» бағдарламасына талдау жасалып, өзіндік сипаты, сюжеттік-қойылымдық жаңалықтары анықталады. Тілдік-стилдік ерекшеліктеріне баға беріледі. Композициялық тапқырлықтар мен музыкалық безендірулерге талдаулар жасалады, сюжеттегі саяси астарларға түсінік беріледі. Артықшылықтар мен кемшіліктерге назар аударылады.

«Танымдық-тағылымдық телеқойылымдар» деп аталатын бөлімінде жаңа ізденістер нәтижесінде өмірге келген «Қырық өтірік», «Мың бір мақал», «Деген екен» секілді телеқойылымдардың мазмұны мен пішіні, көрермендердің рухани сұранысын өтеуі ғылыми ой елегінен өткізіледі. Қойылымдардың жаңалығы мен кейбір көкейге қонбайтын тілдік, сюжеттік, танымдық, тағылымдық олқылықтары туралы пікір айтылады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

“Хабар” агенттігінің өмірге осыдан бес жыл бұрын, тәуелсіздік алғаннан соңғы Қазақ телевизиясының қарлығашы ретінде дүниеге келгенін жақсы білеміз. Өзінің алдында Қазақ телевизиясының 40 жылдық тарихы мен тәжірибесі болса да қанатын қомдаған жас ұжымға бірден аспан жүзіне самғап ұша жөнелу оңайға түскен жоқ. Жолында қиындықтар мен кедергілер көп болды. Алғашында тек қана ақпараттық хабарлар таратумен эфирге шыққан агенттік бірте-бірте одан да күрделі міндеттерді шешулеріне тура келді. Бұл тұрғыда өзін журналистен гөрі ұйымдастырушы-менеджер деп есептейтін “Хабар” агенттігінің президенті Д.Н. Назарбаева көп іс тындырды. Соның арқасында бұл арада айналдырған бес-ақ жыл ішінде қай жағынан болмасын (техникалық жабдықталуы немесе кадрлармен қамтамасыз етілуі) Республикада, тіпті ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарға шықты деуге болады.

Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған басты міндеттердің бірі – Қазақстанның әлемдік дидарын қалыптастыру. Сондықтан, адамзаттық қарым-қатынастар орнап, мәдени-тарихи, этникалық ерекшеліктер қалыптасатын орта қоғам болып табылады. Ал, ондағы ақпарат көздері хабар алмасудың, аралас-құралас болудың басты арқауы. Таратып айтар болсақ “indopmutio” (латын тілінде) -түсіндіру, құлағдар ету деген мағынаны береді. Бұл ұғымның аясында адамдардың бір-бірімен ауызша, жазбаша және басқа жолдармен хабар алысуы жатыр.

Бұл турасында кибернетиканың негізін қалаушы Н. Виннер; “Ақпарат – біздің сыртқы әлемге деген бейімделу процесінің көрінісі”, – деген болатын. Демек, бұл анықтаманың журналистік қызметте ақпараттың алатын орны ретінде біздің зерттеуімізге тікелей қатысы бар.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық өмірдің айнасы екендігі, оның алып қуаты жердің тартылыс күшінен кем түспесі зердесі ояу азаматқа белгілі нәрсе. Баспасөз, радио, теледидар рухани тәрбие беруде аса маңызды рөл атқарады. Әр заттың, құбылыстың себеп-салдарын анықтауда да, әлеуметтік тегін тануда да оның маңызы ерекше.

Күллі жер шары ақпараттар толқынының алақанында. Оны шартты түрде “бейнелік” және “дыбыстық” деп екі топқа бөлуге болады. Бейнелік топқа теледидарды, ал дыбыстық топқа радиохабарды жатқызамыз. Бұл екі топтың да табиғатына да шұғылдылық пен репортаждық қасиеттер тән. Сондықтан, басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда теледидардағы ақпарат тарату пішіні бейнелік көрініс табумен ерекшеленіп, оны қабылдаушы көрерменнің ақпаратқа деген сенімін арттыра түседі. Оған өзіміз қарастырып отырған “Хабар” телеарнасының берілімдері негізінде көз жеткізуге болады. Енді осы мәселелерге назар аударалық.

Кітаптың “Хабар” телеарнасының қалыптасу кезеңі” деген алғашқы тарауы басты-басты деген төрт тақырыпшаға бөлініп қарастырылған. Оның “Тәуелсіздік алғаннан кейінгі телеарнадағы өзгерістер” деп аталатын тақырыпшасында “Хабар” агенттігінің туу, қалыптасу кезеңдері қарастырылып, оның алдына қойып отырған мақсат-міндеттері анықталып, бағыт-бағдары айқындалады. Тәуелсіздіктен соң пайда болған телеарнаның Республикамыздың өсіп-өркендеуіне, саясаты мен әлеуметтік-экономикалық жағдайының қалыптасуына қосып отырған үлестері сөз болады.

Ал, осы тараудың “Жетістіктер мен кемшіліктердің себеп-салдарлары” деген екінші тақырыпшасында болса “Хабар” агенттігінің аз уақыт аралығында қол жеткен табыстарымен қатар әлі де болса кездесіп қалып отыратын кемшіліктердің себеп-салдарлары нақты мысалдар арқылы айқындалады.

Сондай-ақ, бұл тараудың “Телерепортаж – өмірдің өзі” деген үшінші тақырыпшасында осы жанрдың телевизияда, оның ішінде “Хабарда” алатын орны көрсетіледі. Репортаж – ақпараттық жанрлардың ішіндегі ең күрделісі болғандықтан, оны түсіну де, жүзеге асыру да кез келген журналистің қолынан келе бермейтіндігі анық. Осыған орай зерттеуші бұл теориялық жағымен қатар тәжірибелік қажеттіліктерін де күн тәртібіне шығара білген. Және бүгінгі телерепортажға қойылатын талаптарды былайша санамалап көрсетіп берген:

  1. Оқиғаны толық түсіну үшін оған өзінің де белсенді араласуы;
  2. Оқиғаға қатысты адамдарды сөйлету (қысқы, нақты, дәл);
  3. Не болды? Қайда? Қашан? Не себепті? Осы сұрақтарға толық жауап таба білу;
  4. Репортаж мәтінін қысқа, сан-салалы аудиторияға қарапайым етіп жазу;
  5. Бейнематериалдарды репортаж мәтініне қарай негіздеп монтаждау (басы артық, қажетсіз көріністерден аулақ болу);
  6. Орайы келсе “Стендап” (эфирден журналистің сөйлеуі) жасау;
  7. Кадр сыртында мәтінді оқу барысында шынайы эмоциялық
    қасиеттерді көрерменге жеткізе білу;
  8. Болған оқиғаны сол күннен қалдырмай көрерменнің көз алдына келтіру.

Бұл тараудың “Деректі фильмдердің пәрменділігі” деген соңғы төртінші тақырыпшасында “Хабар” арнасынан берілетін деректі фильмдер жайы зерттеліп, олардың бірқатарына талдау жасалынады. Автор деректі фильмдердің пәрменділігі туралы мынадай пікір білдіреді.

Біріншіден, танымдық сипаттағы фильмдердің барлығын жанрлық жағынан суреттеме түріне жатқызуға болады. Өйткені, оларда экран тілі, яғни, көріністік қатар бірінші орында тұрады. Оған, ең алдымен, телеоператордың қосар үлесі зор. Екіншіден, қандай да бір көріністік қатарды түсінікті етіп монтаждау шеберлігі. Бұл туралы атақты режиссер С.М. Эйзенштейннің: “Онда (кинода) монтаж бар, мысалы, оқиға суреткердің ой-сезімі арқылы шығармашылық өңдеуден өткеннен соң ғана көрермендерге сапар шегеді” деген сөзінен-ақ монтаждаудың қаншалық маңызды екендігін түсінуге болады. Үшіншіден, кез келген көріністі ешқандай мәтінсіз түсінуге музыканың (әуен) қосар үлесі туралы. Мысалы, тақырыпшада сөз болған “Көлсай” фильміндс ешқандай да мәтін жоқ. Өйткені, бүкіл фильмнің айтары көрініс пен музыка арқылы берілген. Төртіншіден, қандай бір деректі фильм болмасын көбіне нақты бір проблема төңірегінде түсіріледі. Ал, деректі фильмнің бұл түрінің негізгі салмағы сценарийге түсетіндігі белгілі. Сондықтан да бұл фильмдердің мәтініне құлақ түріп қана қоймай, бейнекөріністердің қыры мен сырына үңілу қажет. Осы арқылы ғана деректі фильмдердің пәрменділігіне айқын көз жеткізуге болады.

Диссертация жұмысының екінші тарауы “Хабар” ақпарат агенттігінің қарқынды дамуы” деп аталады да, алғашқы тараудағыдай “Арнаның ағылшын тіліндегі жаңалықтары”, “Жеті күн” ақпаратты-сараптамасының ерекшелік-тері”, “Жетпіс жеті күн” әзіл-сықақ бағдарламасының тәрбиелік-тәлімдік мәні”, “Қырық өтірік”, “Мың бір мақал”, “Деген екен…” телешоу, телеойындарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары” деген төрт тақырыпшаға бөлінеді.

“Арнаның ағылшын тіліндегі жаңалықтарының ерекшеліктері” деп аталатын алғашқы тақырыпшада 1999 жылдың 21 қарашасынан эфир арқылы беріле бастаған ағылшын тіліндегі жаңалықтар бағдарламасына төмендегідей баға береді:

Ең алдымен “Хабар” агенттігіндегі ағылшын тіліндегі жаңалықтар аз уақыттың ішінде айтарлықтай табыстарға жетті. Оны көрермендер қызығушы-лықпен қарайтын болды. Осы уақыт аралығында “Khabar News Weerly Reuiew” бағдарламасының ұжымы өздеріне біртұтас ынталы аудитория жинау үшін республикамызда болып жатқан оқиғаларды білуге құмар шетел инвестициялық қоғамдастығы мен дипломатиялық корпустың өкілдерін тарта білді.

Бағдарламаға енетін, қамтылатын оқиғалар шеңбері өте кең. Мұнда ресми саяси хроникамен қатар Қазақстан бизнестерінде алыптарының арасындағы билік үшін өзара болатын кикілжіңдермен қатар мәдени шаралар да молынан қамтылады. Өйткені, ағылшын тіліндегі жаңалықтар жоғарыда айтқанымыз-дай, үнемі сан алуан көрермендер сұранысымен есептесіп, олардың қажетін орындауға тырысады. Олар информацияның көзі ретінде аудиторияның сенімін пайдаланады. Міне, бағдарламаның осындай тұрақты құрылымдық формасы, оның сапалық қасиетін арттырып, көрермендермен ашық пікір алысуға жағдай жасайды.

Ал, “Жеті күн” ақпараттық сараптамасының жетістіктері мен кемшілік-тері” деген екінші тақырыпшада болса оның жетістіктері мен кемшіліктері былайша сараланып көрсетіледі.

Жетістіктері:

  1. Болған оқиғаны сол күйінде қалай болса солай бере салмай, көрермен-деріне сараптама жасау арқылы ой тастауы.
  2. Бейнеқатарлардың көптігі, яғни, деректілігі әрі сенімділігі.
  3. Журналистердің өзі зерттеп отырған нысананы жан-жақты терең білуі.
  4. Журналистердің эфирде өзін-өзі ұстай білуі және сөйлеу мәнерлерінің жолға қойылғандығы.
  5. Журналистердің микрофонмен жұмыс істей білуі әрі тіл, стиль байлығы.
  6. Сюжетті эфирге берудегі режиссердің шеберлігі.

Кемшіліктері:

  1. Кейбір сюжеттердің шектен тыс ұзақтығы.
  2. Көптеген оқиғалардың бейнеқатарсыз құрғақ сөзге құрылуы.
  3. Апта бойы жаңалықтарда берілген хабарлардың қайталанып берілуі.
  4. Кей журналистердің эфирде өздерін дұрыс ұстай алмауы.
  5. Сөз байлықтарының жоқтығы.
  6. Бағдарламаны жүргізушілердің бір сарындылыққа салынып, көрермен-дерін жалықтарып жіберетіндігі.
  7. Саяси, экономикалық тақырыптардың көп қамтылып, басқа мәселелер-дің ұмытылып қала берілуі.
  8. Бағдарламада ауыл шаруашылығы, әлеуметтік жағдайлар, мәдениет пен спорт проблемалары аз қамтылады.

Ал, “Жетпіс жеті күн” әзіл-сықақ бағдарламасының тәрбиелік-тәлімдік мәні” деп аталатын үшінші тақырыпшадан болса кезінде “Алтын жұлдыз” иегері болып, көптің сұранысына ие болған танымал бағдарламаға мынадай талдау жасалады.

Негізінен “Жетпіс жеті күн” әзіл-сықақ бағдарламасы ақпаратты хабар түріне бейімделген әр аптаның жаңалықтарын өзінше талдап, сарапқа салып отырады. Репортаж, сұхбат жанрларын шебер пайдаланады. Хабарда сатиралық өлеңмен сынау әдісі де қолданылады. Экран тілі мүмкіндіктері барынша мол пайдаланылады, хабарда шұбалаңқылыққа, көп сөзділікке жол берілмейді. Актерлердің ойыны нанымды. Бағдарлама сюжеттері шымыр, қарапайым, оқиғалары қызықты өрбиді, актерлердің іс-әрекеттері баурап алады. Бағдарлама дыбыстық, музыкалық әрлеуді түрлендіре қолданады, қимыл үстіне әшкерелеуді шебер пайдаланады. Операторлық, монтаждық әдістер, хабардың эфирге берілу түрі сәтті таңдалынып алынған. Хабар ашық та, батыл сынайды. Сатиралық объектісін дәл таңдап алатын бағдарлама, оны көрермендерге қарапайым жеткізе алады.

Бағдарлама көрермен көңілінен шыға білген, аудиториямен байланысы тығыз. Оған редакция қоржынындағы өзіміз оқыған мына мазмұндас хаттар куә:

  1. Көбінесе актерлерге арнап жазылған ғашық хаттар.
  2. Әділеттік іздеп, бағдарламаның көмектесуін сұраған шағым хаттар.
  3. Бағдарламаның игілікті ісін қолдап, тілек айтатын хаттар.
  4. Хабардың саяси кейіпкерлерді сынағанын айып көретін көрермен хаттары.
  5. Мәселе қозғап, тақырып ұсынатын көрермен хаттары.

Сөйтіп, бұл бағдарламаның басқа сатиралық хабарлардан айырмашылы-ғы, өзіне тән ерекшелігі – бағдарламада көтерілген мәселенің қоғамдағы жаңалықпен астасып жатуы, яғни хабарда сол аптада болған саяси жаңалықтардың сатиралық тұрғыдан талдануы, әсіресе, саяси қайраткерлердің теріс істерінің астарланып болса да сынға алынуы дер едік.

Соңғы тараудың соңғы төртінші тақырыпшасы “Қырық өтірік”, “Мыңнан бір мақал”, “Деген екен…” телешоу, телеойындарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары” деп аталады.

Алдымен “Қырық өтірік” бағдарламасы туралы айтатын болсақ, онда біріншіден, бұл қойылымдық хабар, яғни, телеойын болғандықтан, оның түсірілу алаңы әбден ойластырылып, көрерменнің көңілінен шығатындай дәрәжеде болуы керек. Тек, әшейін телестудияның бір бұрышын киіз үйге айналдырып, бар оқиғаны бір қалыпта түсіруге болмайды. Оның өзі көрерменді жалықтырады. Басты рөлдерді артистер ойнайтын болғандықтан, көптеген салмақты оқиғалар жеңіл-желпі күлкі объектісіне айналып кетеді де, көпшілікті қызықтырмайды.

Екіншіден, сценарийлердің тілі қарабайыр. Фактілерді ойнатып беру, көрерменді қызықтыра білушілік кем соғып жатыр. Көбінесе болған оқиғаны баяндаумен ғана шектеледі. Хабарлардың оқиғалары, объектілері бөлек болғанымен, ойнауы, халыққа жеткізілуі бір-біріне ұқсас. Хабардың басталуы, өрбуі, аяқталуы біртектес болып келеді. Жүргізуші Райхан Қалимолдина мен Асылбек Боранбаевтар қаншама артистіктеріне салғандарымен, сценарийден асып кете алмайды. Дабылдарын қағып, саусақтарын сытырлатып отыра береді. Бағдарламаның бір ұтатын жері монитор арқылы берілетін “Қарнама. Сарнама. Жарнамалары” ғана.

Бірақ, ұра берсе құдай да өледі дегендейін, “Қырық өтіріктің” соңғы кездердегі кейбір қойылымдары сапалық әрі мазмұн жағынан түзеліп, көрермендерінің көңілінен шыға бастағандай. Оны байқау қиын емес. Негізінен сатиралық бағдарлама болғандықтан, өмірде болып жатқан кемшіліктерді дөп басып, шындықты айтып жатқан түрі бар.

Ендігі сөз қылатын “Мың бір мақал” телеойынының тақырыбы қазақша болғанымен, заты орыстікі, яғни, “ОРТ”-нікі екені бірден байқалады. Бірден айта кету керек, студияның безендірілуі мен жүргізуші Рахманның жүріс-тұрыс, сөйлеу мәнері де Ресей жүргізушілері мен хабарларынан аумай қалған. Бір айырмашылығы тілінде ғана. Осы күнге дейін ойынға қатыспаған адам қалмаған сияқты. Балабақшадағы сәбиден, құрметті демалыстағы шал-кемпірлерге дейін білетін мақалдарын айтып, бір жасап қалғанға ұқсайды. Ғалым да, ақын да, жазушы да, актер де – бәрі-бәрі бар. Тек бұл хабарға қатыса алмай арманда жүрген, заң шығарудан мұршалары келмейтін депутаттар ғана сияқты. Шіркін-ай, Ғани Қасымов, Болат Әбіловтарға бір мақал айтқызып, қазақша сайратса бағдарламаның рейтингі бірден көтерілер еді-ау!

“Мың бір мақал” телеойын болғанымен, бір жағынан телешоуға да келеді. Әйтсе де көбіне өткірлігі, тартымдылығы жетпей жатады. Аудиторияға дайындығы жоқ, кездейсоқ адамдар шақырылады. Кейде жібі түзу бір мақал айта алмай абдырап тұрған соқталдай азаматтарды көргенде ұяттан жерге кіріп кете жаздайсың. Бір сөзбен айтқанда бұл бағдарламаның жетістігінен гөрі кемшілігі көп сияқты. Сондықтан, бұл тұрғыдан алғанда әлі де болса көп жұмыс істеп, тер төгу керек.

Енді, “Деген екен…” ойын-сауық бағдарламасы туралы бірер сөз. Бұл жартылай сахналық қойылым. Бір бөлігі студияда, келесі бөлігі хабардың мазмұнына қарай далада, үйде немесе табиғат аясында түсіріледі. Бірақ, барлық басты рөлдерді артистер ойнайды. Хабардың қандай дәрежеде шығатындығы да соған байланысты. Көбіне ел ішіне кеңінен танымал азаматтардың әр кезендерде бастарынан өткізген қызықты жайлар сахналанып, қайталанып, айтылып беріледі. Жарты сағат ішінде бір немесе бірнеше адамның басынан өткен оқиғалар сюжеттерге бөлініп, көз алдыңнан өтіп жатады. Хабардың дені әзіл-қалжыңға құрылғандықтан, эфирден кейде басы артық көріністер мен сөздер өтіп кетіп жатады. Артистер кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесінен гөрі сыртқы пішіндерін салуға құмар. Оларды мақтаймын деп отырып, кейде көрермендеріне қарсы қойып алғандарын да білмей қалады. Әрине, хабар түгелдей артистерге тәуелді болғандықтан, кейде өмірдің өзі жаттанды нәтижелерден тұратындай әсер қалдырады. Алайда, бүгінгідей жақсылығынан қиындығы көп заманда осындай әзіл-қалжыңы көп хабарлар да керек шығар бәлкім. Қалай болған күнде де бұл бағдарламаны да жал-құйрығын күзеп, өмірге жақындата түскен жөн сияқты.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні “Хабар” арнасының айналдырған алты жыл ішіндс жүріп өткен жолы “соқтықпалы, соқпақсыз” болмағаны анық. Десек те, ұлттық психологияны қалыптастыруда “Хабардың” әлі де болса ақсап жатқан тұстары баршылық. Сондықтан да Ресейге, батысқа жалтақтамай, өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізге бет бұратын уақыт баяғыда жеткен сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1         Масғұтов С. Көгілдір экран – өмір айнасы. – Алматы: Мектеп,
1986.

2 Барманқұлов М., Қ.Тұрсынов. Көгілдір экран құпиясы. –
Алматы:  Қазақ университеті,   1998.

3 Н. Назарбаев. 2001 жылдың  19 қаңтар күні республика жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінен // Егемен Қазақстан. – 20 қаңтар, 2001 жыл.

4 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. – Алматы:
Қазмембас, 1956.

5 Бекхожин. Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы: Мектеп, 1981.

6 Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы: Санат, 1996.

7 Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы: Ғылым, 1984.

8 Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Мектеп, 1984.

9 Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.

10 Елеукенов Ш. Кітаптану  негіздері. – Алматы: Санат, 1997.

11 Қозыбаев С. Рамазанова А., Алдабергенов Қ. Әлем баспасөзінің тарихынан.  – Алматы: Санат, 1999.

12 Алдабергенов Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасы-ның тарихы. – Алматы, 1996.

13 Юровский А.Я., Борецкий. Р.А. Основы телевизионной журналистики. – Москва: МГУ, 1966.

14 Назарбаев Н. «Қазақстан-2030». – Алматы: Білім, 1995.

15 Сәрсенұлы Ғ. “Хабар” – өзгерістер айнасы // Жас Алаш. – 1998. – 20
тамыз.

16 Назарбаева Д. Азаматтарға арналып, қоғамға қызмет ету // Егемен Қазақстан. – 1998, 23-қазан.

17 Джефферсон  Т. Томос Джефферсон  о демократии. – Москва: Наука. 1992.

18 Барманқұлов М. ТВ, деньги или власть? – Алматы: Санат, 1998

12 Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1991.

13 Гуревич С. Репортаж в газете. – Москва: МГУ, 1966. 224-6.

14 Борецкий РА. Основы телевизионной журналистики. Москва: МГУ, 1966. – 224 с.

15 Сиранов. Қ. Кино туралы әңгіме. – Алматы: Жазушы, 1983.129-6.

16 «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы.

17 Шорманов Ә. “Жетпіс жеті күнді” көресіз бе? // Егемен  Қазақстан. 1999, 17-наурыз.

18 Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы: Санат. 1996, 26-6.

19 Шыңғысова Н. Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламасы. – Алматы: Қазақ университеті. 1999, 113-6.

20 Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993.

21 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.

22 Назарбаев Н. «Қазақстан-2030». – Алматы: Білім, 1995.

23 Сәрсенбаев. А Елдігіміздің ертеңі – ерлерге сын // Қазақ елі. – 1996. –29-желтоқсан.

24 «Жеті күн» бағдарламасының 1999 жылдың сәуір айында берілген хабарынан сюжет.

25 Молдабеков Ә. Хабардың бес белесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 96 б.

26 Назарбаева Д. Стране нужно сильное национальное телевидение // Казахстанская правда. – 1996. – 23 июля.

27 Есәлі А. Тек қана қазақша сөйлейтін “Хабар-2” телеарнасы дүниеге келді // Егемен Қазақстан. – 1998. – 23-қазан.

28  Танысбай Л., Сапарғали Н. Барлығына бірдей ұнау мүмкін емес // Ана тілі. – 1998. – 25-маусым.

29  Бердімұратов Қ. «Хабардан» туған соң қайдан оңсын? // Алтын
Орда. – 2000. – 25-мамыр.

30 Джефферсон  Т. Томос Дефферсон о демократии. – Москва: Наука, 1992.

31 Амантай Д. Алға басу ауызбірліктен басталады // Парасат. – 1999. –
1-қаңтар.

32 Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1991.

33 Борецкий. Р.А. Основы телевизионной журналистики. Москва:
МГУ, 1966. – 224 с.

34 Барманкулов. М. Сравнительный анализ жанров. – Алматы: КазГУ,
1975.

  1. 3 Чеснокова Б.Д. Влияние проблематики  на  жанровую определенность общественно-политических передач документального телевидения//    Вопросы теории и практики массовых средств пропаганды. – Москва: Мысль, 1971. – 262 с.
  2. 3 Дэвид Рэндалл. Универсальный журналист. – Москва: Наука, 1996. – 45 с.
  3. «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы. – 90-саны.

38 «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы. –
97-саны.

39 «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы. – 98-саны.

  1. 40. «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы. – 96-саны.

41 «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы. – 102-саны.

42 «Хабар» ақпарат      агенттігінің         2000 жылғы бейнематериалы. – 103-саны.

43 Телевизионная журналистика / Кол. автор. – Москва: МГУ, 1994. –
192 с.

44 Советская культура. – 1987, 18-май.

45 Голдовская.  М.Е.  Творчество и техника. – Москва;  Искусство, 1986. 52 с.

46 Шуб Е. Жизнь моя кинематограф. – Москва: Искусство, 1972. – 263 с.

47 «Хабар» ақпарат агенттігінің 1996 жылғы бейнематериалы.

48 Кенебай. Ж. Қашан қазақша сөйлейді? “Қазақстан-1”, “Хабарға” қосылды. Бағы ма, соры ма? – Алматы: Ана тілі, 2001. – 27 қыркүйек.

49 «Хабар» ақпарат агенттігінің  1999 жылғы бейнематериалы.

50 «Хабар» ақпарат агенттігінің 1998 жылғы бейнематериалы.

51 «Хабар» ақттарат агенттігінің 1998 жылғы бейнематериалы. – №-45.

52 «Хабар» ақпарат агенттігінің  2000 жылғы бейнематериалы.– №-47.

53 «Хабар» ақпарат агенттігінің  2000 жылғы бейнематериалы. – №53.

54 «Хабар» ақпарат агенттігінің 2000 жылғы бейнематериалы. – №62.

55 һttр//www. Кһаbаг kz.16 қантар, 2000 ж.

56 Информационно-аналитический бюллетень Ассоциации социологов и политологов. – Алматы, 1999.

57 Информационный бюллетень НИА «Поли Тон Казахстан». – 1998. – декабрь.

58 Жолаушы А. Телміргенмен қазақшасы мардымсыз // Егемен Қазақстан. 2000. – 26 сәуір.

59 Шорманов Ә. «Жетпіс жеті күнді» көресіз бе? // Егемен Қазақстан. 1999. – 17-наурыз.

60 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 13-саны.

61 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 63-саны.

62 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 71-саны.

63 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 74-саны.

64 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 57-саны.

65 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 40-саны.

66 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 16-саны.

67 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 45-саны.

68 «Хабар» ақпараттық  агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 27-саны.

69 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 69-саны.

70 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 47-саны.

71 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 31-саны.

72 «Хабар»  ақпараттық  агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 62-саны.

73 Демеуов К. «Жетпіс жеті күнді» көресіз бе? // Егемен Қазақстан. 1999. –17-наурыз.

74 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 15-саны.

75 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 43-саны.

76 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 75-саны.

77 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 78-саны.

78 Құнанбай  Ә.  Билік  табалдырығына  сүрінген  тіл // Егемен Қазақстан. 1999. – 5-желтоқсан.

79 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1999, 49-саны.

80 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 1998, 31-саны.

81 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 81-саны.

82 Бровченко Г.Н. Методика работы телевизионного журналиста: Публицистический сценарий как этап творческого процесса. – Москва: МГУ, 1982. – 51 с.

83 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 82-саны.

84 «Хабар» ақпараттық агенттігі. «Жетпіс жеті күн» бағдарламасы. 2000, 56-саны.

85 Мамырбаева Д. Шынар және «Жетпіс жеті күн» // Егемен Қазақстан. —1999. – 26 маусым.

86 Қожакеев Т. Сатира – күштілер қаруы. – Алматы: Жазушы, 1985. –
181 б.

87 Сыбанбай С. «Бауыржан-шоу» туралы үш миф // Жас алаш. 1998, 18-сәуір.

88 Тарақ Ә. Теледидар көргім келеді-ақ… // Алматы ақшамы. – 1997. – 18-сәуір.

89 Сыбанбай С. Сыннан зиян көрген жоқпыз // Жас алашн. – 2000.

90 «Хабар-2»-нің 2001 жылғы 22-наурыз күнгі эфирлік кестесі.

91 «Хабар» ақпараттық агенттігі «Қырық өтірік» бағдарламасы. 2000 жыл.

92 «Хабар» ақпараттық агенттігі «Мың бір мақал» бағдарламасы. – 2000 жыл.

93 «Хабар» ақпараттық агенттігі «Деген екен» бағдарламасы. – 2000 жыл.

94 Виннер Н. Кибернетика немесе хайуанаттар әлемі мен машина саласындағы байланыс пен басқару. – М., 1968. – 289 с.

95 Жұмабеков О. Телеарнаның түйіткілдері табылып тұр // Егемен Қазақстан, 2000. – 6-қыркүйек.

96 Ералы Е. Ұлттық телеарналарда не жаңалық? // Алматы ақшамы. – 2000. – 28-маусым.

97 Тарақ Ә. Теледидар досың ба, қасың ба? // Алматы ақшамы. – 2000. –12-қаңтар.

98 Тұрсын Қ. Халықтың академия // Егемен Қазақстан. – 2001. – 23-тамыз.

99 Назарбаева Д. Ақпарат айдыны арандатудан ада болсын // Егеменді Қазақстан. – 2001. – 3-шілде.

100 Жұмабеков О. Телеарнаның түйіткілдері табылып тұр // Егемен Қазақстан. – 2000. – 6-қыркүйек.

101 Балғарина Б. «Хабар» арнасының астаналық шаңырағы // Ана тілі. – 2000. – 1-сәуір.

102 Иманасов С. Күлесіз де күйінесіз… // Егемен Қазақстан. – 2001. – 1-тамыз.

103 Смаилов К. Жаңалық күтеміз, жаңалық жоқ… // Егемен Қазақстан. – 2001. – 19-қыркүйек.

104 Бекниязов Т. Радиостанса біздікі, хабар кімдікі // Егемен Қазақстан. –2001. – 7-қараша.

105 Күмісбайұлы Ш. «Мың бір мақалды» кім шешеді? Қазақ радиосының жалғыздығы жанға батады // Егемен Қазақстан. – 2001. – 29-қараша.

106 Кенебай Ж. Азамат ердің бірегейі еді // Ана тілі. – 2001. – 2-тамыз.

107 Алтынбекова Р. Қытықтап   күлдірмесін //Егемен Қазақстан. – 2001. – 5-қыркүйек.

108 Қозыбаев С. «Хабар» туралы жазылған тұңғыш кітап // Жас алаш. – 2000. – 21-қараша.

109 Нурбеков С. Ролъ СМИ в расширении функции государственного языка // Вестник КазНУ. – 2001. – №11.

110 Сыбанбай С. 50-50 дегенді кім шығарған? // Жас Алаш. – 2002. –
4 сәуір.

111 Жұбаев И. «Саясат» авторлық теле бағдарлама. – 2001. – 18-желтоқсан.

112 Құлиев Ж. «Саясат» қазанының сарқылы // Жас Алаш. – 2002. –
14 ақпан.

113 Меңдеке Ә. Бұл қай арна? Бұл – «Ел-арна» // Жас Алаша. – 2002. –
25 наурыз.

114 Телевизионная мозайка / Сборник статей (Библиотека ТЭФИ). –
М.: Издательство МГУ, 1998.

115 Техника и технология видеомонтажа: Учебное пособие / Под ред. П.Олефиренко. – М., 1999.

116 Уллмен Джон. Журналистские расследования. – М., 1998.

117 Работа телерепортера службы новостей (Реферативные обзоры) МД995.

118 Сценарное мастерство: кино и теледраматургия как искусство, ремесло и бизнес (Реферат книги Р. Уолтера). – МД993.

119 Телевизионная мозайка: Сборник статей / Под ред. Засурского Я. – М.: Издательство МГУ, 1997.

120 Отт Урмас Вопрос + ответ = интервью. – М., 1991.

121 Новикова В.И. Речевые ошибки в эфире. – М., 1998.

 

РЕЗЮМЕ

 

В данной книге дается подробный и достоверный анализ деятельности государственных телевизионных каналов «Хабар» и «Еларна».

Автор-Молдабеков А.А. отразил современные проблемы развития телевидения в новом информационном пространстве. Книга состоит из трех глав. В первой главе определены перспективы развития телевещания и показаны основные изменения в подаче материала, оформлении формата вещания, которые происходят с периода становления Казахского ТВ и до сегодняшнего дня. Кроме того, автор уделяет внимание основным достижениям и предстоящим задачам, решение которых, по его мнению, существенно повлияет на имидж канала и улучшит качество телепродукции.

Во-второй главе автор говорит о жанровом своеобразии телепередач. Обращая внимание на современные требования к телепередачам, указывая на самые актуальные  функции журналистики, А.А.Молдабеков дает ясную картину трансформации жанров телевидения. Скрупулезно и научно выверены и отражены в работе  особенности развития аналитических жанров ТВ.

В третьей главе речь идет о художественно-постановочных жанрах. В частности, автор анализирует сатирические и игровые передачи. В выводах дает положительную оценку в постановке художественно-сатирических передач, которые востребованы зрительской аудиторией.

Анализирую проблемы развития научно-познавательных передач, автор книги подробно останавливается на недостатках и путях решения этой проблемы. В частности, отмечается, что не все отрасли общественной жизни пропорционально представлены в научно-познавательных передачах «Хабара», отсюда и слабое освещение всех событий, происходящих в республике. Это, в свою очередь, по словам автора, ведет к тому, что многие телезрители остаются в стороне научно-просветительской жизни общества.

В работе автор дает выводы и рекомендации, ценность которых неоспорима, т.к. литература по данной тематике издается нечасто. Освещение проблем современного телевидения и  его перспектив имеют большую актуальность, т.к. восполняет информационный пробел в области исследования и анализа современного телевидения. В связи с этим, книга  А.А.Молдабекова заслуживает высокой оценки и рекомендуется к изданию.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М А 3 М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….3

«ХАБАР» АҚПАРАТ АГЕНТТІГІНІҢ ТУУ,  ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ………..8

 

Жетістіктер мен алда тұрған міндеттер……………………………………………………………24

«ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНДАҒЫ ЖАНРЛЫҚ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР……………………………………………………………………………………………..30

 

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардағы тақырыптық-сюжеттік өзгешеліктер…………………………………………….. …………………………………………………………….        …..55

 

«ХАБАР» ЖӘНЕ «ХАБАР-2» («Еларна») ТЕЛЕАРНАЛАРЫНДАҒЫ САХНАЛЫҚ-ҚОЙЫЛЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК

СИПАТЫ………………………………………………………………………………………………………..88

 

Танымдық-тағылымдық телеқойылымдар……………………………………….. ….101

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………….. ………115