Асыл дос әмірге

АСЫЛ ДОС ӘМІРГЕ

 

Бұл дала  –  мақтанады данасымен,

Бұл дала  –  мақтанады баласымен,

Мекені өсіп – өнген Ер Түріктің

Қазақтың мынау ұлы даласы кең.

 

Қашан да ұлы далам – ұлы  маған,

Ерекше нұрлы және күні маған.

Шындықты Мағжан болып қайталасам

Отаны – бар Түріктің Ұлы Далам!

 

Бір кезде Есіл бойын қыстап қалған,

Қазақтың бар асылын ұстап қалған,

Сұрасаң арғы тегі бұл ӘМІРДІҢ

Әйгілі өсіп – өнген  Қыпшақтардан….

 

 

Бұл Дала  жасықтарды қаламаған,

Ездерге мойын бұрып қарамаған,

Сондықтан ӘМІР досым Текті әулеттен

Жәй адам жәй адамнан тарамаған….

 

 

Тектілік бұл ӘМІРДІҢ қанын да бар,

Тап – таза кір шалмаған арын да бар,

Бусанып бурқыраған алай – дүлей

ӘМІРДІҢ қайнап жатқан қаныңда бар!

 

ӘМІРДІҢ жан – дүниесі таза дер ем,

ӘМІРГЕ қия басу  –  жаза дер ем ,

Блім де, білік те бар бір бойында

Мінезді адамшылық ғажап ерен!

 

Ержеткіз азамат қып Ұлыңды ана,

Әлпештеп аялай бер  Гүліңді ана!

АЛПЫСТЫҢ қырқасына шыққан жанға

Тілермін – әлі де ұзақ ғұмыр ғана !!!

 

Құрметпен  жан досың ЖҰМАШ КӨКБӨРІ

Алматым қаласы  08 06 2007жыл