«ЖІГІТТІҢ ТӨРЕСІ – ӘМІР-ТЕМІР»

 

 

Құдиярбек Ағыбаев

.

 

«ЖІГІТТІҢ ТӨРЕСІ – ӘМІР-ТЕМІР»

 

Мені үнемі іздеп жүретін бір досым бар. Кейде, сүйекке біткен мінез дейміз бе, бір-бірімізден алыста жүргенде біраз уақыт үнсіз кететін де кездеріміз болады. Ондай жағдайда, досымыз, мерекелерде телефон шалып, ұмытпай құттықтап, хабарыңды, хал-жағдайыңды сұрап жатады. Шынымды айтсам, ондай достардың қатары да бұл күнде сиреп барады емес пе? Хакім Абайдың отыз жетінші қара сөзіндегі: «Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол» дейтін ұлағатты сөзі де осындайдан айтылған болса керек. Міне, сондай, санаулы боп қалған достың бірі – филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, Қазақстан Журналистер Академиясының Алтын жұлдыз иегері Әмір Молдабеков!

Екеуміз, сексенінші жылдарда Қазақ радиосында бірге қызмет еттік. Репортерімізді арқалап, журналистік іссапармен Қостанай мен Целиноград өлкесінің шегі-шеті көрінбейтін астықты алқаптарын бірге араладық. «Журналистің жегені – жантақ, көтергені – алтын» деп Шерхан ағамыз айтқандай, қашанда болмасын журналистің жұмысы жолда жүрііп бітеді.    Ал астықты өлкедегі егін жинау маусымы қызған кезде іссапарға бару дегеніңіз – қырық бес күн ұйқысыз-күлкісіз, бірде аш, бірде тоқ жүріп, толассыз еңбек ету деген сөз. Егін орып, астықты жинап жатқан дала еңбеккерлерімен бірге тұрып, бірге ұйықтап жүрген сол бір жауапты күндерде қаншама репортаждарды егін басынан тікелей жөнелтіп, кейде студияда әзірлеп, Алматыға күн сайын ұшақпен жөнелтетінбіз. Осындай аса жауапты кезеңде «бөрі арығын білдірмейді» демекші, Әмір досымды бірге жүріп, жақыннан таныдым. Содан кейін-ақ, арамыздан қыл өтпес дос боп кеттік.

 

Мен оны, ылғи да, «Қыпшақ досым» дейтінмін. Ол да сөзден жаңылмайды, «Сен, кімсің?» деп сұрайды. «Қазақпын!». «Онда, сен де, қыпшақсың!..» деп жымияды. Торғайдың, Қостанайдың, Ақмоланың егінді даласын, астымызға берген «Волга» көлігімен аралап жүріп, оның тарихы жөнінде әңгіме бастасаң болды, жанындай сүйеді, ол туралы барлық жұмысын ысырып қойып, ұзақты күнге тыңдауға бар.

 

Ол жалғыз жүріп, өз күшімен 2013 жылы «Дешті қыпшақ» интернет- сайтын ашып (edq.kz), қыпшақтар-қазақтар туралы ғылыми-тарихи тақырыптарға мол мәліметтер жинады.

 

Бұл оның хоббиі. Сайттан небір қызықты ғылыми-тарихи мақалаларды табасыз.

«Дешті қыпшақ» сайты туралы жеке тоқталып өтуге болады. Бұл сайт – негізінен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен оның журналистика факультетінің оқу-ағарту, білім беру процесімен тығыз байланыста жұмыс жасап, интернет-сайттың жұмыс жоспарын осы саладағы еңбектерді, қазақстандық белгілі ғалымдардың, зерттеушілердің, жазушылар мен журналистердің, оқу-білім жолында жүрген студенттердің материалдары мен ғылыми мақалаларын жариялап тұруды өзіне басты мақсат етіп қойды. 2018 жылы осы сайтта жарияланған ғылыми материалдар «Біздің сайт – «Дешті Қыпшақ» деген атпен баспадан екі томдық кітап боп жарық көрді.

 

Филология ғылымдарының кандидаты Әмір Молдабеков – университетте алғаш құрылған «Электронды университет жобасы» авторларының бірі. «Хабардың бес белесі», «Бес белес», «Телередактор шеберлігі» тағы басқа да бірнеше оқулықтардың авторы.

 

 

 

Белгілі тележуналист-ғалым Әмір Әбусағитұлы Молдабеков әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітіріп, Қазақстан телерадиосында студиядан тыс хабар тарату бөлімінде өзінің еңбек жолын бастады. Содан бергі оның өмір жолы өзі оқыған білім ордасымен тығыз байланыста болып келеді. Атап айтқанда, журналистика факультетінің сол кезде жаңадан құрылған «Сана» телестудиясында жетекші, 1993 жылдан бастап университеттің техникалық құрал-жабдықтар мен жаңаша оқытудың технологиясы бөлімінің бастығы (ТСО и СОТ) қызметтерін атқарды.

 

Сондай-ақ, Әмір Абусағитұлы 1994 – 2000 жылдар аралығында «Қазақстан» телеарнасынан апта сайын беріліп тұрған «Түрік даналары», «Дара тұлғалар», «Тұлпардың тұяғы» атты тізбекті телебағдарламалардың тұрақты ғылыми кеңесшісі болды. Қазақ телевизиясына үлкен жаңалық әкелген осы бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі, белгілі ақын Жұмаш Кенебай-Көкбөрі екеуінің бірлесіп жасаған шығармашылық одағы нәтижесін берді де. Осы және басқа да жасаған телебағдарламалары үшін 1995 жылы оларға халықаралық ЮНЕСКО сыйлығы берілді. Әсіресе, «Түрік даналары» авторлық бағдарламасы бойынша Түркие және Германия мемлекеттерінде іссапарда болып, тізбекті хабарлар жасауға ат салысты. Жұмаш екеуі «Түрік даналары» авторлық телевизиялық бағдарламасының ұзын-саны 40 сериясын түсіріп, эфирден өткізді. Бұл хабарларды сондай-ақ, Түркие, Әзербайжан телевизиялары көрсетіп тұрды. Дәлірек айтқанда, бұл хабарларды, оның ішінде, «Түрік даналары» телебағдарламасын Түркие мәдениет министірлігінің ұсынысымен «Нихал Атсыз» деген интернет-сайтынан қазіргі кезде де тамашалауға болады.

2014 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетінде «Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция болып өткен еді.

Осы конференция барысында Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев М. Барманқұлов атындағы телестудияны құруға белсене атсалысып, сіңірген еңбегі үшін өз қолымен Академияның «Алтын жұлдыз» сыйлығын Әбекеңе табыс етті.

 

  • Телевидение Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың шынайы өмір серігіне  айналған еді. Көзі тірісінде отандық тележурналистиканың атасы атанып, телевизия туралы көптеген мазмұнды да құнды оқулық кітаптар жазды. Осындай аты аңызға айналған адамның есімін ел есінде қалдыру барысында оның сүйікті шәкірттерінің бірі, жанында жүрген әріптесі Әмір Әбусағитұлы Молдабековтың сіңірген еңбегін елемеу мүмкін емес.

Бүгіндері журналистика факультетінің ғана емес, бүкіл университет қауымына, студент-жастарға телеөнерінің қыр-сырын танытып, лайықты қызмет көрсетіп келе жатқан телестудияның аяғынан тік тұрып, жұмысының дұрыс жолға қойылуына оның қосқан еңбегі өлшеусіз дер едім. Сондықтан да, Әмір Әбусағитұлын осынау құрметті атаққа лайық деп таптық, – деген еді, конференцияда сөз алған академик Сағымбай Қозыбаев.

 

Әмір Молдабеков – бар өмірін ұстаздық жолға арнап келеді. Жоғары оқу орнында талай жылдардан бері тәлімгер бола жүріп, шәкірттерді тәрбиелеп, өмірге қанат қақтырды. Бір өзі осындай таудай жүкті шаршамай арқалап келе жатқан досымның есімі – Әмір Молдабеков!

Мен оны мақтан етемін. Баяғыда, бізге сабақ берген, кейін бірге қызметтес болған үлкен ұстазымыз, академик Зейнолла Қабдолов ағамыз, студентердің алдында кезекті лекциясын оқып, аудиториядан шыққанда осы Әмір досымызды көрген сайын: «Жігіттің төресі – Әмір-Темір» деп қалжыңдап қояды екен.

 

Иә, ұстаз, шәкіртін дәріптеп, жақсы көрген соң айтады! Ендеше, тағы да «Қайратсыз – ашу тұл, тұрлаусыз – ғашық тұл, шәкіртсіз – ғалым тұл» деп хакім Абай айтқандай, Әбекеңнің өзі де, осындай ұлы ұстазының ұлағатының шапағатын көріп жатса, бұл да, оның азамат деген атқа лайық екендігінің бір белгісі болса керек.

 

 

 

Все реакции:

 

 

 

25

Сауық Жақан     Әмір туралы айтқан бәріңнің шындықтарың тамаша, ал осы жан өте қарапайымдылығымен де ардақты. Дені сау болсын!

  • Gulzhakhan Akimbaeva Жақсы досыңыздың болғаны қандай керемет аға!Сіщ арқылы елге еңбегі сіңген жақсы жандарды танып білудеміз!!!
  • Ерінбей жазып отырғаныңызға алғысым шексіз!

Ерлан Кожакелдиев    Қазақ радиосының “Ауыл өмірі” редакциясында жүргенде Әбекеңмен бірге бірнеше рет іссапарда болғанбыз. Көбінесе Ақмола облысына барушы едік. Мінезге бай, ісіне тиянақты. Үнемі күліп жүретін азамат. Әмір ағамыздың ұстаздық жолында жаңа биіктерді бағындыра беруін тілейміз.

Иманбай Жубай      Әбекең, шынында да, керемет жан!

Nurgul Karagoishina       Жылы сөзіңізге алғысымыз шексіз. Ағайдың шәкірті ретінде айтарым, адамгершілігі мен адамдық парасаты биік жан. Жүз жасаңыз, Әмір ағай!

Бағдат Мүптекеқызы  Шындығында, Әбекең керемет жан. Құдияр Аға ол кісінің бар болмыс-бітімін ашып жазыпсыз.      Қашан көрсең де күлімсіреп, жұртқа жылылық сыйлап жүретін Әмір ағаны Қазақ радиосында қызмет еткен жылдары көрдік қой. Еңбекқор, өз ісінің нағыз маманы Әбекеңе зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін!

Ләйла Мұсалы  Әмір ағаны қадірлейміз! Аман болыңыздар

Темирхан Алиханов

Гулнар Магзумова     Біздің староста — Әмір Молдабеков!!! Абзал азамат!!!

Талгат Айтбай   Әбеке, азаматтығыңызды, адалдығыңызды Құдиярбек аға әдемі жазыпты. Жүректерге жол тапқаныңызды жазбалардан көріп, разы болдым. Жақсы жүріп, жүзге келіңіз.

Бейбит Мекеев    Күліп жүретін, күлдіріп жүретін жайсаң аға, жүз жасаңыз! Ғұмырлы болыңыз!

 

GIPHY

Nazigul Abutrapova     Әбекең – өз ісінің мықты маманы, сөзіне тыянақты, пайым парасаты биік, достыққа адал жан! Сондықтан да ол кісіні қатты құрметтейміз! Әркез аман жүрсін деп тілейміз!

Өмірхан Әбдиманұлы    Әмір, Құдекеңнің сөзі шын сөз! Оған ештеңені қосудың қажеті жоқ. Аман бол!!!

Лаура Қожа      Керемет ұстаз

Лаура Қожа    Аман болыңыз ағай

Нурлан Даутов    Құдеке, рахмет! Әмір-Темір досымыз туралы керемет жазыпсыз 200 % қосыламын. Мына қысқа өмірде бәріміз аман болайық, жақсылықта кездесейік!!!

Гулнар Балманова   “Староста-Әмір ағай!”, “Староста-Әмір Молдабеков”-деп атап жүретінбіз, курста. Мақаладан көп нәрсені аңғардық, өте жақсы жазылған екен! Әмір ағаймен мақтанамыз, амандық тілейміз!

 

Шаяхмет Құсайынұлы  Өте тамаша үлгі аларлық, жастарға қажет мақала.

 

Жұмаш Кенебай ,Құдиярбек Ағыбаев Жұмаш досым, сенікі жөн, айып етпе. Қателік кеткенін мойындаймын. Кейіпкер досыңды “қуалап” біржақты кетіппін. Түзету енгізіледі. Уәде!

Жұмаш Кенебай Оқасы жоқ…

 

Жұмаш Кенебай Жөнге келді, досым.Дұрыс ескерттің.

Жұмаш Кенебай рақмет!!!

Құдиярбек Ағыбаев

Бақытхан Ақылбай

Анар Жумабаева     Әмір ағайым мықты!

Сауық Жақан        Әмір туралы айтқан бәріңнің шындықтарың тамаша, ал осы жан өте қарапайымдылығымен де ардақты. Дені сау болсын!