“Әділетті Қазақстан” үшін дауыс беру маңызды  

    Мұхаметқалиева Г.О.

                                                                              Халықаралық қатынастар

                                                                             факультеті, дипломатиялық

                                                                             аударма кафедрасы

 

“Әділетті Қазақстан” үшін дауыс беру маңызды

     Қазір Қазақстан бай, әлемдік деңгейде маңызы бар мемлекеттер қатарына қосылу жолында маңызды істер атқаруда. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдаулары мен бірегей стратегиялары маңызды орын алатыны айдан анық. Ел президенті ұсынған “Жаңа Қазақстан”, “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” идеялары  еліміздің өркендеу жолындағы басты ұранына айналды. “Жаңа Қазақстан” идеясы халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы керек. “Жаңа Қазақстан” идеясының негізгі бағыттарында қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Бастаманың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру, жағдайын жақсарту. Қоғамда үлкен талқылауға салынып жүрген саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани мәселелер қайта қаралып, нақты шешу жолдары ұсынылуда.

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген “Жаңа Қазақстан” идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің “Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам” атты кезекті жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды. “Біздің азаматтарымыз “Жаңа Қазақстан” дегеніміз не?” деген сұрақты өте жиі қояды. Меніңше, бұл сауалға қысқа әрі толыққанды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – бұл шындығында Әділетті Қазақстан”, – деді ҚР Президенті.   Ұсынылған концепция негізінде Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынған болатын. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі де бір жағынан дұрыс шешім деп ойлаймын. Президентіміз қабылдаған бағытбағдарларды іске асыру үшін жаңа көзқарас, жаңа бағыт керек. Оған сенімді мандат керек. Уақытынан  бұрын осындай қадамға барып отырғанының өзіПрезиденттің  “Әділетті Қазақстандықұрамын деген шын ниетінен туып отыр. Ел Президенті өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама “Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу” деп аталады. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.   Бағдарлама Сабақтасқтық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – әділетті мемлекет құру, еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жоғарғы өмір сүруі деңгейіне қол жеткізу. Президенттің бағдарламасы нақты және жүйелі түрде құрылған. Қ.Тоқаевтың бастамасымен алдыға қарай қадам басып, еліміздің талай  биіктерді бағындырарына сеніміміз мол.

Сайлауға қатысу азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны болып табылады. Әрбір Қазақстан азаматы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарап, өз басшысын таңдауға қатысуға міндетті және құқылы. Сайлауға қатысу бұл тек Президентті таңдауды білдірмейді, бұл болашаққа бастар маңызды қадам, кемел болашақтың іргесін қалар жауапкершілігі мол  іс. Әрбір азамат немесе азаматша бұл маңызды күнде дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын. Мен сайлауға жауапкершілікпен қарай отырып, әрбір қазақстандықты сайлауға қатысуға шақырамын.