Ұят. Бір жыл емес төрт-бес ай болды келгеніне

 

Құдиярбек Ағыбаев

 

Ұят. Бір жыл емес төрт-бес ай болды келгеніне

 

Жалпы баспасөз, оның ішінде электронды ақпарат құралдары, телеарна мен радио әрбір ақпаратты сараптап, ақ пен қарасын, пайдасы мен зиянын салмақтап берген дұрыс. 31 арнаның сары прессаға айналғанын қаламас едік. Келген ақпаратты қалай болса солай атүсті қарап, жаптып жала, жақтым күйе етіп, эфирге немесе экранға жөнелте салу мұндай арнаның қасықтап жиған беделін шелектеп төгері анық. Тіпті жаңадын кеп, жұмысты енді қолға алып жатқан басшының, жаңа келген ректордың жұмысына шам алып түсу әдепсіздің әдісі. Ұят. Бір жыл емес төрт-бес ай болды келгеніне. Келе сап ұжымның жұмысын жандандыруға атсалысып жатыр. Жаңа ректор сыйқыршы немесе фокусшы емес, келе сап бәрін бір күнде, не бір айда өзгертіп жіберетін. Уақыт керек. Ал 31 арнаға бұл үлкен сын, абырой әпермесі анық. Бәле іздегенге бұрыла салу — көргенсіздік. Шераға айтпақшы, теле мен радиодан айтылар әр сөзге абай болған жөн. Әр сөз — бомба секілді. Министр ханым мен оның водомствосына да бұл тарапта ойланар, қолға алар жұмыс та, мәселе де көп дегіміз келеді. Ал КазМу секілді қасиетті қарашаңыраққа етекке жармасқанға еңкейтестен, жұмыстарын жолға қойып, ал ондағы басшылық пен ұстаздар қауымына ақ жол тілеймін!