2 дүниежүзілік соғыс – әлем елдерін түгел қамтыған, адамзат тарихындағы ең алапат соғыс.

2 дүниежүзілік соғыс – әлем елдерін түгел қамтыған, адамзат тарихындағы ең алапат соғыс.

Оқ атпаған елдердің өзі – майданға көмектесіп отырды.

Ол соғысты ешқашан санадан өшіре алмайсыңдар! Саяси бояу жағудың да қажеті жоқ!

Сырбай Мәуленов:

Жаутаңдап қарап дала тұр,

Көз жасын сүртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға

Жолыңды тосып ана жүр.

Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар?!

Көрдің бе үлын ананың,

Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кешікпей жарым келер деп,

Төрінен сайлап орынды,

Батысқа қарап елеңдеп,

Ару жүр тосып жолыңды.

Көтерді бәрін ауырдың,

Азамат болып арды ақтар.

Көрдің бе жарын арудың,

Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кетерде сарбаз жарының

Ішінде қалған ана жыл,

“Көкемді айтпай танырмын”

Деп бір сәби бала жүр.

Қайрылмай қалай кетесің,

Хабарсыз қалай ол тоқтар?

Көрдің бе ұлдың көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар?

… Қаралы қағаз жіберіп,

Қаншама қайғы салды оқтар?!

Барады үнсіз түнеріп,

Соғыстан қайтқан солдаттар…