Жыр додасы

 

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                                    аға оқытушысы ;               

                                                                                              Советхан Тілеубаев,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының     доценті

 

                                          Жыр додасы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай филология  факультетінің ұйымдастыруымен  әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің  студенттері арасында көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы онлайн форматта өтті.

Жыр додасына  барлық факультеттен отызға  жуық талапкер қатысты . Іріктеу барысында  талапты жастардан он екі қатысушы алғашқы сыннан сүрінбей өтті. .Студенттердің  бойындағы ұлтжандылық қасиеттерді дамыту, тарихи сананы тәрбиелеу, жыр әлеміне бейімдеу  мақсатында ұйымдастырылған шараның соңғы айналымына  университетіміздің түрлі факультеттерінен  жеті студент  қатысып, бақ сынасты. Байқауға қатысқан үміткерлерге ҚР Жазушылар Одағының аға әдеби кеңесшісі, ақын Бекзат Смадияр , М.Әуезов  атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық  театрының актері  Әділ Жомарт, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Нұрлан Сағындықов , филология факультетінің студенттер деканы Назира  Атабаевалар төрелік етіп, әділ бағасын берді.

Қазылар алқасы жыр додасына қатысушылардың таңдап алған өлеңдеріне, лирикалық туындыны оқу мәнеріне, сахнада өзін –өзі ұстауына аса мән берді. Поэзия сайысының жеңімпаздары әділ қазылар  алқасының шешімімен анықталды. Жүлделі үшінші орынға  журналистика факультетінің студенті Әсем Абай, екінші орынды филология факультетінің студенті Фатима Талғат   иемденсе, бірінші орынды  тарих факультетінің  магистранты Саягүл Бірлесбек еншіледі.  Сайысқа қатысып  өнер  көрсеткен студенттерге  алғыс хат пен  сыйлықтар табыс етілді.

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                                    аға оқытушысы ;               

                                                                                              Советхан Тілеубаев,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының     доценті