ЖАСҚАНБАЙ ЖАУ ҚАЙТАРҒАН ЗИЯДА ҚЫЗ

Таңжарық БекдәулетовКел, сырласайық

4 мая, 10:19  ·

Қазақтың тағы бір батыр қызына бір бір лайк. СССРдің солақай саясатың арқасында аты аталмай қалған батырларымыз қаншама.. Жатқан жерлері жайлы болсын(((

 

 

Burahan DaqanovӘр Qazaq бай болсын…

ЖАСҚАНБАЙ ЖАУ ҚАЙТАРҒАН ЗИЯДА ҚЫЗ

Адамзат тарихындағы қанды қырғын – Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына жетпіс бес жыл толды.

Ел басына төнгенде ерлерме…

Ещё

ЖАСҚАНБАЙ ЖАУ ҚАЙТАРҒАН ЗИЯДА ҚЫЗ

 

Адамзат тарихындағы қанды қырғын – Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына жетпіс бес жыл толды.

Ел басына төнгенде ерлермен бірге қолына қару алып қазақтың 5183 қызы майданға аттанды. Жауынгер қыздардың əскери мамандықтарды игерудегі ерлігі жөнінде Кеңес Одағының маршалы А.Еременко өзінің əскери мемуарлық еңбегінде: «Ұлы Отан соғысында қыздар араласпаған, қыздар меңгермеген əскери мамандық кем де кем», – деп бағалаған екен. Кеңес Одағының Батыры атанған қазақ қыздары мерген Əлия Молдағұлова мен пулеметші Мəншүк Мəметова, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанова, радист Орынкеш Мысырова, партизан Жамал Ағаділова, барлаушы Рахима Ералина, танкист Жамал Байтасова сияқты майдан даласында ерлік көрсеткен қазақ қыздарының есімін осылай жалғастыра беруге болады.

Бүгінде осы аты аталған апайларымыздың қатарын толықтыратын тағы бір қаһарманның есімі – Зияда Досбергенова!

Алматы облысы, Жамбыл ауданының топырағында туған Зияданың жауынгерлік өмір жолын мақала арқауына айналдырып, көпшілік қауымға ұсынғанды ұрпақ парызы санадық.

Зияда Досбергенова 1924 жылы Ұзынағаш ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс ауылында дүниеге келген. Ол бауыры Тойшыбек Берсүгіровпен Алматының жанындағы Каменская платода бірге тұрған. 1938 жылы дене шынықтыру сабағының мұғалімдерін дарярлайтын техникумға оқуға түскен. Бұдан соң 1941 жылы тамыздың 14-де Алматы қалалық оқу бөлімінің № 217 жолдама бұйрығымен қаланың № 17 жəне № 18 мектептерінде дене шынықтыру сабағынан оқытушы қызметін атқарған. Зияда техникумда бірге оқыған 9 құрбысымен жұмыс істей жүріп, Ташкенттегі радист-байланысшылар курсын тамамдаған соң 6 қарашада майданға жолдама алды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Надежда Лушникованың «Қарғалының қарлығашы» атты мақаласында Зияда апайдың құрбысы, профессор Шағила Əкімбекқызы өз естілігімен бөліскен екен. Онда қос құрбы 33-гвардиялық артиллериялық екпінді полктың құрамында жүріп, тұңғыш рет 1942 жылдың 19 ақпанында Қырым түбегі, Керчь қаласы Федосеяны азат етуге қатысқан. 1943 жылдың тамызында Дон өзенінен өту кезіндегі ерлігі үшін Шағила мен Зияда «Ерлігі үшін» медалін иеленіп, одан əрі Харьков түбіндегі соғысқа қатысады.

Капитан А.Қаңтарбаевтың 1944 жылы «Жауға қарсы аттан!» газетінде жарияланған «Қазақ қыздары» атты мақаласында Мəншүк, Əлиялармен қатар соғыстағы екі жыл ішінде талай батылдық танытқан Зоя Досбергенованың ерлігі жайлы сөз болады. «Зоя армияға келгенде қатардағы жауынгер еді. Ол қазір сержант», – делінген онда. –Отан соғысына келген екі жыл ішінде Зоя талай қызметтер атқарды. Байланысшы, санитарка, автоматшы, т.б. Бұл қызметінің барлығында да ол іскерліктің, батырлықтың үлгісін көрсетті. Сондықтан да Отанымыз өзінің антына, халқына адал батыр қызының бірі Зоя Досбергенованы 3 рет орденмен наградтады. Қазір қазақтың батыр қызы Зояның көкірегінде Ұлы Отан соғысының ІІдəрежелі жəне «Қызыл Жұлдыз» ордендері, «Батырлығы үшін» медалі жарқырайды…»

«З.Досбергенова артиллериялық бір бөлімшенің взводында радист болып істейді. Мұнда осы бір өткір қарақат көзді, орта бойлы, сымбатты қызды білмейтін жан жоқ. Жауынгер жас қыз өзінің əрбір қимылы мен іс-əркетін тиянақты ұштастырып, алған білімін ұрыс жағдайында шеберлікпен жүзеге асырып келеді. Ол майдан шебінде өз мамандығына қосымша медсестралар курсын бітіріп, жауынгерлердің денсаулық сақшысы да болып алды». «Красная Звезда» газеті Зияда Досбергенқызы жөнінде міне, осылай жазған еді.

Мұның біз үшін қымбаттылығы –З.Досбергенованың майданда жүріп бірден екі мамандықты меңгергендігі айтылады.Зияданың соғыстағы қаһармандығын, ерлігін баяндайтын бірден-бір материал «Отан намысы үшін» газетінде жарияланған «Батыр қыз» мақаласы. Енді сол мақаладан үзінді келтірейік:

«Советтің ер азаматтарымен қатар, қасиетті Отанымызды қорғау үшін

Зура да майданға аттанды. Сержант Досбергенқызы Зура бір саяси бөлімде қызмет атқарып жүрді. Ол бұл орында əрі хатшы, əрі машинистка болып стеді. Екі қызметті бірден мүлтіксіз атқарды.Ол орта мектепті бітіріп өз қызметінде білімін толық іске асырды. Жиырмаға жаңа жеткен Зура ақылымен де, ісімен де қызмет істейтін бөліміне жағымды, сүйкімді болып алды.

Зура атқарып жүрген қызметін місе тұтпады. Қолына қару алып, майданның алдыңғы шебіне барып, ұрысқа араласқысы келеді. Ақыры полковник Зураға рұқсат берді. Ұрысқа бой ұрған өжет қыздың тілегін орындады. Зура батальон комсоргі болып тағайындалды. Қазақтың қайратты қызы бұл қызметте жап-жақсы ұйымдастырушы екенін тағы көрсетті. Совет батырларының соққысынан тозғындап шегінген жау маңызды бір елді мекеннің маңында табан тіреп қарсыласты. Үлкен ұрыс болды. Осы соғыста рота командирі саптан шықты. Осындай сын сағатта Зура үлкен батылдық істеді. Ол бəріне тым жауапты қызмет жүктеді. Ұрыста ротаны басқарды.

Батыр қыздың ерлігін көрген полковник:

– Жарайсың, Зоя! Ерлігіңе Отаның риза! Өркеннің өссін! – деді. Осы ұрыста Зура «ҚызылЖұлдыз» орденімен наградталды». Байқаған шығарсыздар, мақала жұпыныжазылған.

Асығыстық байқалыптұр. Бірақ, мəселе мұнда емес. Совет Армиясы жауынгерлерінің қарапайым қазақ қызының майдандағы ерлігін сол тұстағы

Қарулас достарына, кейінгі ұрпаққа баяндап берген.

Біз бұрын пулеметші, мерген, штурман, байланысшы, партизан қыздарымыздың қаһармандығы жайында білуші едік. Енді міне,шешуші шайқаста тұтас бір ротаны басқарған қазақ қызының өжеттігі мен ерлігініңкуəсі болып отырмыз.

Оқырмандарға бір ескертерім: батыр қыз есімінің «Красная Звезда» газетінде Зоя, «Отан намысы үшін» газетінде Зура, «Социалистік Қазақстан» газетінде Зияда болып үш түрлі аталуы біздің көңілімізге титтей де күмəн туғызбауы тиіс. Бұл үш есімде де сол қыз – Досбергенова!

«1941-1945 жылғы Совет Одағының Ұлы Отан соғысы» дейтін тарихи кітапқа үңілсек, жерлесіміз Зияда Досбергенова болған бірінші Украина майданының жауынгерлері 1944 жылдың қысында интернационалдық борышын атқарып, Польшаның жерінде аянбай соғысады. Висла өзенінің бойында аса ауыр əрекеттері соғыс тарихында «Висла-

Ордер» операциясы деген атпен белгілі.Зияда туралы лейтенант С.Исабековтің «Отан намысы үшін» газетінде жарық көрген мақаласының мерзімі осы тұс.

Майдан газеттеріндегі мақалаларға қарағанда, Зияда Досбергенқызы 1944 жылдың ақпан айында ұрыс даласында атой салып жүрген. Осы жылы наурыздың 9-да 658-ші полк командирі майор Ключанский қол қойған 3-гвардия армиясының бұйрығы шыққан екен. Оның қосымша марапаттау қағазында:

«Досбергенова Зоя Досбергенқызы, 1-атқыштар батальонының комсоргі, 658 атқыштар полкінің, 213 атқыштар Ромодано – Киев Қызыл Тулы дивизиясының сержанты ІІ дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденіне ұсынылды. Ұлты – қазақ. 1943 жылданВКП (б) мүшесі, партбилет № 5161350. ҰлыОтансоғысында 1941 жылдыңтамызы мен1944 жылғыақпанның 8-і аралығында үш рет жарақаттанған. Полесье, Озариевский ауданы, Литвиново селосын азатетуде қаза тапты. Қызыл Армияға Алматының аудандық соғыс комиссариатына аттанды» делінген.

Соданкейін «За боевые заслуги»№ 04/н; 08.03.1943 жылы «За отвагу»

медальдарымен, 07.02.1944 жылы «ҚызылЖұлдыз» орденімен, № 347/н наградталған»,– деген рəсімді сұрақтарды толтырған соң, қандай ерекшерлігі, іскерлігі үшін екенінен қысқаша дерек беріліпті.

Онда Зияда Досбергенованың ұрыстағы батылдығы, аса үлкен жауапкершілігі жазылған. Ұлы Отан соғысының ІІ дəрежелі ордені З.Досбергенова қаза болғанда жеткен екен. Ол 1944 жылдың 23 сəуіркүні, № 34/нбұйрығында аса құпиягрифпен № 08721көрсетілген.

Бүгінде тарих беттерінің сырлары ашыла бастағанына, батыр дүниеге елдің азаматы ретінде шын қуанамыз. Дегенмен, жарық дүниеде бар болғаны 20 жыл ғана өмір сүрген Зияда Досбергенқызы туралы бір жүйеге түспеген деректер əлі де аз емес.

Жалпы, Шапырашты тайпасының Айқым руынан шыққан Досберген бидің əулетінен 17 жігіт жəне кенже қызы Зияда соғысқа аттанған екен. Олардың біразы (саны анық емес) майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Бүгінде ауданымыздың абыройын арттырған арыстарымызды ұрпақтары ұлағат тұтады.Сірə, «Ерлік елге – ұран, ұрпаққа – үлгі» дегеніміз осы болар.

Сөз соңында белгілі ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың

Иегері Рəтбек Терлікбаев ағамыздың Зияда Досберген қызына арнаған өлең жолдарын қосуды жөн көріп отырмыз.

Су алған Ұмай атты ұлы анамыз,

Майбұлақ қырандарға ұя нағыз.

Мəншүк пен Əлиядан қай жері кем,

Жасқанбай жау қайтарған Зияда қыз.

Тағы бір айта кетер жақсы жаңалығымыз, бүгінде Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының бір көшесіне Зияда Досбергенованың есімі берілді. Жалынды жастық шағын қан майданда Отан қорғауға арнаған, арманы Алатаудай батыр ару ерліктің биігінен көріне білді. Зияда əпкеміздің өмір жолы жастарды отан сүйгіштік пен ерлікке, парасаттылық пен ізгілікке тəрбиелеудің теңдессіз көрнекті үлгісі. Аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болған батыр қыздың есімі жадымызда мəңгі жаңғыра бермек.

Əйгерім ҚОЙГЕЛДІ.

Осы топқа, яғни “Әр Qazaq бай болсын” тобына тіркеле кетуіңізді және достарыңызды шақыруды сұраймыз.. Күніге осындай мағыналы жазбалар салып тұрамыз. Топта арзан әңгіме, өсек- төсек мүлдем болмайды. Лайық деп тапқан жазбаны басқада топтарға таратуға көмек беріп, лайк басып, жазба жіберіп, қолдап тұрыңыздар. Бағыт бағдарды бірге түзейік ағайын!!!

 

380380

Комментарии: 5

Поделились: 15

Нравится

Комментировать

Поделиться

Комментарии: 5

Показать ещё 4 комментария

Все комментарии

 

 

Кайрат Мухамбетов

мескеу казак кыздарынын ерліктерін бізден жасырып жарияламауга тырысты