Жолымбет Мәкіш    Жириновскийге жауап!

Жолымбет Мәкіш

 

   Жириновскийге жауап!

Мәскеудің маңында «Поклонная гора» дейтін дөңестеу келген бір атақты жер бар. 2011 жылы Мәскеуге барғанда соған арнайы соғып, «зиярат» етіп қайтқанбыз. Осы арада Мәскеудің басшысы ханның басқақтары мен елшісін күтіп алып, солардың аяғына жығылып, қожайынның адал құлы екенін көрсету үшін қайта-қайта басын иіп елпектеп (құрмет көрсетіп) қалады екен. Кейін Петр патшалары осы әдетті халықтың санасынан әрең дегенде өшіріпті. «Присяга на княжение» («Князьдыққа ант беру») деп аталатын мына суретті 1912 жылы В. Орлов-Петров деген орыс суретшісі салған. Суреттегі тізерлеп тұрған адам –   Соқыр Василий  (Василий темный) деген атпен тарихта қалған ІІ Василий (екінші Василий). Мәскеудің ұлы кінәзі  ханнның табаны басылған саз тақтайшаны сүйіп, билік етуге рұқсат сұрап тұр. Бұл тарих та – қазақ руларының арғы тарихы ғой. Осындай өткен тарихы бар қаһарман, ұлы халық екенімізге мақтанып, мұндай «тарихи сәттерді» тарих оқулықтарына жазып қоюымыз керек!

Отправлено из Mail.ru для Android