Арабтар қыздарын тірідей көмген заманда біздің бабаларымызда әйел затының статусы әлдеқайда жоғары деңгейде болған. Оған бір дәлел — Еуразия төсіндегі сансыз аналарымыздың тас мүсіндері. Қазақстандағы Меркі өніріндегі зерттелген тас мүсіндердің басым бөлігінің әйел ескерткіштері болуы — ежелгі қазақ даласында да даналығымен көзге түскен аналарымыздың көп болғанын, оларға деген құрметтің айрықша болғанын білдіреді.
Арман Аубәкір