ИМАНЫН ТАЗА ҰСТАҒАН АҚЫН

Құдиярбек Ағыбаев

Ақиық ақынды көргендер де көрмегендер де естеліктер жазып жатыр. Араларында “Араққа салынған еді, ішіп кеткен еді” дейтіндері де бар.Өзім куәсі болған, ақынмен мына бір әсерлі кездесу туралы жазбасқа амалым қалмады.

 

ИМАНЫН ТАЗА ҰСТАҒАН АҚЫН

 

2011 жылдың жазында дүркіреп өткен Қарасаз бен Шалкөдедегі 80 жылдық мерейтойдан Мұқағали ақынды кезіктіре алмасақ та, оның өзі айтқандай, «келер ғасырға өтіп кеткен ақынның» жыр әлемімен жүздесіп қайтқан едік. Қылышынан қан Құдайың үшін жаның!!!» деген ақиық ақынның батыл айтқан сөздерін де осы сапарымызда талай адамның аузынан естідік. Мерейтойдан алған әсерді айтып жеткізу тамған кеңестік кезеңнің өзінде де «дін апиын» деген сол дәуірдегі саясаттың салқындығына қарамастан «Қаймағы бұзылмаған, қайран дінім, қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?! Құбылаға бет алып, қол қусырып, Сәждеге жығылатын қайда күнің? Қаны аққан қайран менің, мұсылманым, Құрбан болсын мүмкін емес, әрине. Әсіресе, қайтар шақтағы ағылған ұзын-сонар көлік тізбегінің алды Алматыға жеткенде соңы Қарасаздан енді шығып келе жатқаны халықтың өзі ұйтқы болған осы той барысынан хабардар етсе керек.  Енді, арада бірер жыл өтіп кеткен мерейтойға қайта оралуымның себебіне тоқталайын. Тойға келген нөпірдің арасында үлкенмен де, кішімен де сөйлесіп жүргенде  «тірісінде Мұқағали ақын неге бағаланбады?» деген сауал қай жерге барсақ та алдымыздан көлденеңдеп шығып жатты.
– Асыл дініміз туралы, оның мінәйім күйіне араша түсіп, сол кезде  жыр
жазса басқа ақындарымыз бен жазушыларымыз қайда қалды? Сөйткен ақынды да біреулер «үнемі ішіп жүретін еді» деп жазғырды. Ол заманда ішпеген адам болды ма? «Дін – ғылымның анасы» дегенді айтқан Мұқағалиды мен ешбір жамандыққа қия алмаймын,- деген Саты ауылынан келген жас мұғалімнің жүрек жарды сөзі менің құлағымда әлі күнге дейін жаңғырып қалып қойды. Шындығына келсек, Мұқағали ақынның өзі де аузынан тастамай өткен Пушкиннің, Есенин мен Блоктың, орыстың басқа да талай-талай белгілі ақындарының соңынан осындай қауесеттің өрттен бетер лап етіп өргені рас қой. Сірә, ұлы болу деген де – ұлы ағысқа қарсы жүзіп, оған төтеп беру деген шығар?..
Ауылдан мерейтойға әдейілеп келген жастарға Мұқағали туралы естелік айтуға алдында жүрексінсек те, басымыздан өткен, көзімізбен көрген мына бір оқиғаны әңгімелеп берген едік.
1971 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетінде оқып жүрген кезіміз. Алматыда ашыққанда барып қарын тойдыратын туған-туыс былай тұрсын, ағайын-таныс деген атымен жоқ. Бәріміз түгел дерлік ауылдан келген, курстасымыз, бүгінде белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қуаныш Жиенбаев айтқандай, «қитабан шаруаның балаларымыз». Басымызға қиындық түскенде танитын бір-ақ адамымыз бар. Ол – кураторымыз Абдулхамит Мархабаев ағайымыз. Біздің топтың жігіттері білім нәрінен сусындап, сабақ оқуды ғана емес, қызға қырыңдап, құрметтеуді де сол кісіден үйрендік десек өтірік болмас. Сол Хамаң ағайымызбір күні сабақ үстінде:
– Мұқағали ағаларыңды көргілерің келсе, Жазушылар Одағының қарсысындағы саябаққа барыңдар. Күн көсемнің ескерткішінің түбінде күнде жыр оқып отырады, – деді бәрімізге естірте.
Осының алдында ғана М. Мақатаевтың «Армысыздар, достар» атты шағын жыр кітабын тауып алғанбыз. Қолдан-қолға тигізбестен оқып шықтық. Ол кезде сабақтан шығысымен Қазақ радиосына барып, журналист ағаларыма көмектесемін, әрі өзімнің де тәжірибемді ұштаймын. Кезінде студент жастардың сүйіп тыңдайтын «Гүлдәурен» радиожурналының редакторы әрі жүргізушісімін. Радионың қай хабарын тыңдасаң да «Сәлеметсіздер ме, құрметті радиотыңдаушылар» деп басталушы еді ол кезде. Тіпті, жас балаларға да «Сәлеметсіз бе, жас дос!» деп тіл қататын. Мұқағали ақынның кітабын қолыма алып отырып бір ой келді. Көп ұзамай хабарымды «Армысыздар, радиотыңдаушы достар!» деп бастадым. Күдігім расқа айналып, келесі «летучкада-ақ» сынға ұшырадым.
– Эфирдің өз заңдылығы бар. Тыңдарманға «Сәлеметсіздер ме» деп үн қату мәдениеттілікті білдіреді.  Осы қалыптасқан заңдылықты сыйлау керек, – деді бір журналист ағам. Сол жолы мені Мұқағалидің «Армысыздар, достар» деген кітабы құтқарды. Ол да бір заман екен ғой. Телерадио эфирінен «Ассалаумағалейкум» деп үн қатуға да жасқанатын кез болды ғой, несін жасырамыз.
1975 жыл. Атақты ақын Мұқағали Мақатаевты көру үшін КазГУ-дің журналистика факультетінің бір топ түлектері Сағидолла Көшімбаев, Ермек Әзімбаев, Қуаныш Жиенбаев, Әуез Бейсебаев, Әлімжан Сатыбалдиев, Фархат Әлиев және осы жолдардың авторы бар ұстазымыз Ә. Мархабаев айтқан орталық саябаққа келдік. Мезгіл күз айы болса да,күн жылы, айнала тамылжып тұр.  Қызғылт реңкке   енген емен мен жаңғақ жапырақтары  жап-жасыл  шыршалармен араласып, көз алдыңызға ғажайып табиғат картинасын әкеледі.
-Әне, қараңдар, Мұқағали Есениннің өлеңдерін жатқа айтып жатыр, – деді бірге келе жатқан Ермек Әзімбаев деген досымыз өзінің бұл ақынның шығармаларыменбіршама хабардар екендігін танытып. Анадайдан ақынның саңқылдап естілген даусы, шынымды айтсам, басында әлде бір радиодан немесе магнитафон үнтаспасынан орындалып жатқандай әсер қалдырды. Саябақтағы жайма орындыққа шалқая отырған ақынды он-он бес адам қоршап алыпты. Барлығы дерлік немерелерін осында қыдыртуға алып келген алматылықтар(дені орыс ағайындар) десе де болғандай. Ақын өзінің шығармаларын, арасында орыстың ұлы ақындарының өлеңдерін өз тілінде оқыды. Әр өлең оқылған сайын, жұрт оған құрмет көрсетіп, қызу қол шапалақтап қояды.
Танауларымыз делдиіп, бірдеңеден құр қалғандай ентелеп жеткен біздерді көріп, ақын арқаланып калды. Студенттер екенімізді білгесін қуанышын сездіріп, өзінің соңғы күндердегі шығармашылығы туралы ойын ортаға салды.
-Ағаларыңды көптен бері жоғалтып,  сағынып қалған шығарсыңдар. Бір ай бойы далаға шықпастан, үйде жатып «Моцарт. Жан азасы» деген поэмамды, басқа да біраз өлеңдерімді  жазып бітірдім. Бүгін ғана жарық дүниеге шықтым. Енді осы толғауымды сендерге оқып бергім келіп отыр, – деді ол. Ақын әлі сиясы кеуіп үлгермеген шығармасын түгелге дерлік жаттап алғандай көрінді бізге.
Ақынның 1976 жылы дүниеден өткенін ескерер болсақ, өзі күнделігінде айтып кеткендей, «1974 жылдың 8 қарашасынан 1975 жылдың 24 қаңтары арасында 4000-нан астам өлең жолдарын тудырып»  үлгерген екен ғой. Ал өзі дүниеден өтер алдында «Реквием» атты толғау-өлеңін жазды. Толғаудың пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше еді. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан дүниесіндегі арман әнін жеткізіпті. Шамасы осы шығарманың ең алғашқы тыңдарманы біз болған шығармыз деп топшыладық. Поэма оқылып біткен соң сол жерде жүрген фотографты шақырып алды. Ақшасын өзі төлеп, «осы күннен естелік болсын» деп, біздерді құшағына қысып бірнеше рет суретке түсірді. Ол суреттер бүгінде біздің ең қымбат қазынамызға айналды. Үйміздің төрінде тұр.
– Бүгін радиодан бірталай қаламақы алып едім. Ашқұрсақ жүрсіңдер ғой, сендерді анау «шахтаға» апарып, лағман  жегізіп, қарындарыңды бір тойдырып жібергім кеп тұр. Жүріңдер қане, қырандарым, – деді ақын кетуге қимай қипақтап тұрған біздерге қарап. «Есік» қонақүйінің төменгі қабатындағы осылай аталатын асханаға ол кезде кімдер бас сұқпайды дерсің. Біз келгенде төрде қазақтың белгілі композиторлары Бекен Жамақаев, Абылақат Еспаев және Әсет Бейсеуов үшеуі отыр екен. Дуылдасқан түрлеріне қарағанда жағдайлары да біршама жаман емес секілді. Мұқаң кассадан бәрімізге бір-бір дұңған лағманы мен стақан толы қаймақты соқтырып әкелді де, шекті қолымызға ұстатты. Төрдегі ағаларымыз да «қай жағымыздан кім келіп жарылқайды» деп отырғанға ұқсайды. Мұқағалиды көріп,  қауқылдасып қалды.
Таңертеңнен сабақта боп, нәр тартпаған біздер ақын әперген лағманды аузымызға апара бергенде тосын бір қызық жағдайға тап болдық. Қолында портвейн шарабының үлкен шөлмегін қыса ұстаған ақын Мұқағали жанымызға келді.
-Лағмандарыңды жемей тұрып, мені жақсылап тыңдап алыңдар, – деді ол бізге жағалай көз тастап.–Қазақта:  «Атау кере» деген жаман сөз бар.Мағынасын түсінесіңдер ғой?!.
– Білеміз!.. – дедік, ақын ағаның шалт мінезінен сескеніп қалған біздер жарыса сөйлеп.
– Білсеңдер, бұл шарапты сендерге алған жоқпын. Өздерің де сезіп отырған шығарсыңдар. Дәметпей-ақ қойыңдар… кәне, қолдарыңдағы қасықтарыңды тосыңдар… – деді де, осы сәт шөлмектен тамызып, бәрімізге бір-бір қасықтан құйып шықты.
– Енді, лағмандарыңа араластырыңдар. Одан уланып, өліп  қалмассыңдар…
Бәріміз үн-түнсіз айтқанын орындадық. Ақын кеудесін керіп, біруақ терең күрсінді де, бізге қарады.
-Сендерге айтар жалғыз ғана тілегім бар. Осы  жынды суға сендер, үйір болмай-ақ қойсаңдар екен. Бұл «атау кере»… о дүниеге,мына, бізбен бірге кетсін!.. Жылдар өтеді, заман өзгереді. Сол кезде сендер ержетіп, Мұқағали ағамыз осылай өтініп еді деп, айтқанымды… осы қылығымды естеріңе алып жүрерсіңдер, айналайындар!..
Ақын осыны айтып, бір сәтке тамағына бірдеңе тұрып қалғандай бөгеліп, үнсіз қалды. Неге екені, бұдан әрі сөйлегенді артық көрді де, кілт бұрылып, адымдай басып, төрдегі отырған ағалар жаққа қарай беттеді.
Арада талай жылдар өткенде өртке қарсы қанатымен су сепкен қарлығаштай болған ақынның осы әрекетін еске түсіргеніміз, қолға қалам алғанымыз кейінгі ұрпақ үшін бәлкім дұрыс та шығар деп ойладық. Сол күндері Мұқағали ақынның басынан небір қиын-қыстау күндердің  өтіп жатқанын түсінбеппіз. Бұл – оның ден саулығының да сыр беріп жүрген кезі екен ғой. Сондықтан да, осы оқиғаны еске алу – ақын әруағы алдындағы парызымыз деп түсіндік.
Ұлы сыншы Белинский Пушкин туралы: «Балауса жігіт шағынан-ақ әлемнің тілсіз сөздерін, құпия сырларын ұғымды тілге аудара бастады» деп бағалаған екенғой. Десек те, ұлы сыншы Белинский айтқан осығажайып теңеудің Мұқағалиға да жарасып, сай келетінін оның қалың оқырманы жақсы біледі. Оған мысал, сонау қылышынан қан тамып тұрған дәуірдің өзінде ақиық ақынның қаламынан бір Алланы шексіз сүю мен одан ғана медет тілеуге шақырған жырларының туындауы тегіннен тегін құбылыс емес еді.
«Алла – ақиқат. Аллаға сеніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серік екен.
Адаспаймын аллама сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын – жолы бөтен!» – деуі.
Немесе:
«Жаратушы – жалғыз ием, қуат бер,
Азабымды, тозағымды жеңейін,
Жаратушы – жалғыз ием, шуақ бер,
Өзіме де, өзгеге де төгейін» – деуі, бұл өмірдің мәңгілігін терең сезінген адамның, жұмыр бас пенденіңұлы жаратылыстың бір бөлшегі екенін бар болмысымен ұғынған жанның сөзі еді.
Тірісінде Мұқағалидың атына айтылған, қарша бораған өсектер ақын өмірден өткеннен соң да толас таппағанын білеміз.
«… Өзімнің есебімде,
Жасым менің қырық бестің бесеуінде.
Сарқылып өсегің де, есебің де,
Ұйықтап кетсем жарар еді төсегімде…- деп жазып, сол 45-інде
өмірден озған, соңғы қолтаңбаларында өзі қайтыс болар күнді көрсеткен, «Мен өлеңді қиналып жазбаймын. Құлағыма бір сыбыс келеді. Соны қағазға түсіремін», деген сөздерін артында қалдырған ақынның иманын таза ұстаған дара талант екенін келер ұрпаққа  жеткізу – бүгінде тірі жүрген біздердің басты парызымыз.