Үсіген баланы сақтап қаламын деген жылқының демінен ,сол маңдағы қар да еріп кеткен

Ибрагим Нұрпейіс Кенжеғалиұлы

Үсіген баланы сақтап қаламын деген жылқының демінен ,сол маңдағы қар да еріп кеткен

Болған оқиға желісімен

Шиелі ауданына қарасты бір совхоздан кішкентай бала ойнауға кетіп, содан үйіне қайта оралмады. Күнделікті ойынан кеш оралатын балаларының бұл күні қатты кешігуі күдік тудырған еді. Бала үйге қайта оралмаған соң,  ата-ана ендігі баланы іздеуге шыққан болатын.  Кешқұрым боран күшейіп бала ауыл сыртында ойнап  жүріп, қасындағы достарынан ажырап адасып қалады.

Әбден қорыққан бала далаға қарай үйін таппай басқа ауылға кете берген. Түн ортасы болғанда әлі кетіп, ашығып  тоңған бала, келе жатқан бір үйір жылқының жолына ес түссіз құлайды. «Жақсы айғыр үйірін бөріге алдырмас » дегендей үйір айғыры бұл баланы алғашында жыртқыш аңға балап осқырына кісінеп, жер тарпып, бір орында тұрмай бала жатқан жерге шауып келді. Құнанында бас біліп иесін далада қалдырмаған қасиетті айғыр ес түссіз жатқан баланы иіскелеп, жыртқыш емес екенін сезінді ме күдігі сейілді.

Айғыр қайта үйіріне шауып барып, үйіріндегі жылқыларды бала жатқан жерге қуып келеді. Үйірдегі барлық биемен айнала қоршап, бастарын балаға қарай иіп демдерімен таңға дейін жылытып тұрған. Таңертең көрші ауыл тұрғыны атпен мал іздеп келе жатып, ат шаптырым жерде өзінің айнала шеңбер жасап тұрған жылқыларын көреді. Әдетте жылқы бұрын соңды шеңбер жасап тұрмаушы еді. Бие құлындадыма деп ойлаған. Не де болса жақсылыққа балап үйірге қарай шаба жөнелген еді. Келіп көрсе  ортада шала жансар, өлі емес ,не тірі емес бала жатыр. Таң ертеңгісін ғана шай үстінде, үйіндегі әйелінен көрші ауылдан бала жоғалыпты деген әңгімені естіген болатын.

Осы уақытта баланың ауылдастары топқа бөлініп таңға дейін баланы іздеп таппайды. Бұл жағдайдан  көрші ауылдарда хабардар болған еді. Аттылы кісі баланы шапанына орап  үйіне дереу жеткізеді. Баланың туыстары кішкентайларының бас аман екенінен хабардар болып, қуанышта қауышты.

«Жақсы атын мақтар, жаман қатынын мақтар »дегендей  жылқы иесінің айтуына қарағанда, жылқылардың баланы қорғап қалуға бар демін салғаны сондай, жердегі қалың қарды ерітіп жіберген деседі.
Дереккөз: el24kz