Мұсылман әлеміндегі бірінші әйел билеуші қыпшақтар арасынан шыққан

 

 

Сұлтан Разийя (Толық есімі — Джалаат ад-дин Разийя-сұлтан бинт Елтұтмыш).

XIII ғасырда Дели сұлтанаты

 

 

 

         Мұсылман әлеміндегі бірінші әйел билеуші қыпшақтар арасынан шыққан. Оның есімі Сұлтан Разийя (Толық есімі — Джалаат ад-дин Разийя-сұлтан бинт Елтұтмыш).

«Тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасының кезекті түсірілімі XIII ғасырда Дели сұлтанатын басқарған, Сұлтан Разийя туралы айтылмақ.

Разийя 1236-1240 жылдары Солтүстік Үндістан жерінде әмір жүргізген қазақ (Дешті-Қыпшақ) даласынан барған қыпшақтардың ұрпағы. Жан-жақты білімді, ел басқаруға әбден лайықты Сұлтан Разийя Шамса ад-дин Елтұтмыштың қызы.

Жазба деректердің айтуынша, ол сауыт киіп, әскерін өзі бастап жүрген. Шайқастарға қатысқан. Жалпы, бүкіл Солтүстік Үндістанды қару күшімен біріктірген. Оған дейін сұлтанатты басқарған даңқты Шамса-ад-дин Елтұтмыштың үш ұл балалары болса да, ол өз орнына қызы Разийяны тағайындап кеткен.

Толығырақ төмендегі видео сілтемеден көретін боласыздар…