Киелі шаңырақ

з.ғ.к.доценті Алдашев С.М.

аға оқытушы Карашева Ж.Т.

 

Киелі шаңырақ – ҚазҰУ

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті –  көпжылдық тарихы бар, білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.

Университетіміздің тарихына тоқталып өтетін болсақ, 1991 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жариялануына байлансты С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист ғалым, «Шығыстың екінші ұстазы – Әбу Насыр әл-Фарабидің» аты берілді. Бүгінгі таңда ҚазҰУ – бұл 16 факультет, кафедралар, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк қызмет ететін, сонымен қатар, 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек ететін еліміздің үздік унивеситеті.

Университетте 20 мыңнан астам студенттер мен магистранттар және докторанттар білім алуда. Студенттермен алмасуда, тәжірибе жүргізу мен білім бағдарламаларын жүзеге асыруда біздің университетіміз 418 халықаралық жоғарғы оқу орындарымен  ынтымақтастық орнатқан. Соңғы жылдары университетіміз келесідей жетістіктерге жетті: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды;  Алғаш рет Қазақстандық университет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де 2020 жылға дейін БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабын жүргізү мәртебесіне ие болды; ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars – «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болды;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингінің 150-тобына енген жалғыз университет. Университеттін бұл жерде айтылғандардан басқа да жетістіктері өте көп.

Ендігі кезекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтік инфрақұрылымына келетін болсақ, университеттің ең басты мақтаныштарының бірі –университет қалашығы (КазГУград). Қалашықта 14 оқу ғимараты, Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, Әл-Фараби кітапханасы, 4 мұражай, оқу-ғаламтор орталығы, спорттық-сауықтыру кешені, “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығы, жатақханалар, жас ғалымдар үйі, “АЙ-ТҰМАР” қоғамдық тамақтандыру комбинаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік медициналық пункті, арт орталығы студенттердің жан- жақты дамып, сапалы білім алуы үшін жұмыс жасайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті- сапалы білім беретін, кәсіби маман дайындайтын Қазақстан Республикасының бірден-бір заманауи жоғарғы оқу орны.

 

 

з.ғ.к.доценті Алдашев С.М.

аға оқытушы Карашева Ж.Т.