Қазақстан Ресейдің кесірінен шығынға батып отыр! 

Қазақстан Ресейдің кесірінен шығынға батып отыр!

  1. РФ Қазақстанға Набукко жобасына қол қоюға бөгет жасады да, Қазақстан 2019 жылға дейін Ресейге газды 166$ ға сатуға мәжбүр, ал Ресей ары қарай Украинаға 350-450$ ға сатады (Қазақстан тікелей Украинаға сатып, ал Ресей тек транзит үшін ғана төлемақы алуы тиіс болатын). Осы мәселеде Қазақстан жылына шамамен 100 000 000 $ жоғалтып отыр.

  2. РФ 2000 жылдарда Қытаймен арадағы Иран мен Түркия арқылы Еуропаға шығуға болатын Трансқазақстандық тар жолды Теміржол желісін салуға да кедергі болған. 2020 жылға қарай Қытай — ЕО арасындағы жүк айналымы 600 000 000 тонна көлемінде болады деп болжанып отыр. Осы айналымнан 20% үлес алып отырып қана өз аумағымыздан 120 000 000 тонна транзиттік жүктерді өткізуге болады. 2012 жылы Қазақстандық теміржол арқылы өткізілген транзиттік жүктердің жалпы көлемі 16 300 000 тоннаны құрады. Бұл істен 1 000 000 000 $ шамасында табыс келді.

  3. Ресей өз территориясы арқылы жүк таситын біздің экспорттық өнімдер үшін жеке тариф енгізген. Ресейдің Вентспилс портынан Қазақстан дәнді дақылдар терминалын сатып алған болатын, 2009 жыл бойынша Вентспилс арқылы тек 75 000 тонна бидай шығарылған, ал негізі терминал қуаты 1500 000 тонна болатын. Соның салдарынан, яғни бидайды экспорттай алмаудан Қазақстан даласында жыл сайын шамамен 1 млн. тонна бидай шіріп қалады, себебі, РФ порттары өз бидайымен лық толып тұрады.

  4. Ресей Байқоңырда экологиялық таза жанармай қолданылатын Ангара кешендерін іске қосуға асығар емес. Қазақстан үшін улы гептилмен ұшатын Протон да жарайды деп шешкен сияқты.

  5. РФ Қазақстандық автоөндіріс алдына «утилизациялау жинағы » деген бөгет қойып отыр. 2013-2014 жылдары РФ — на 2 500 авто сатуды жоспарлаған Қазақстан тек 2 автокөлікпен шектелді.

  6. Қазақстандық ет өндірушілер мен сүт өнімдеріне қойған техникалық регламенттерге қарасақ, РФ Қазақстандық өндірістерге есігін жуық арада аша қоймайды.

  7. РФ Мұхтар Жәкішевті ҚР ұлттық мүддесін жақтап Росатоммен келісімге отырудан бас тартып, Жапония мен Франция компанияларымен бірігіп жұмыс істемек болғаны үшін түрмеге қамауға мұрындық болды. Мұхтар Жәкішевты бостандығынан айырған соң бірден Қазақстанның уран өндірісінің 100% құқын иеленіп Росатом пайда бола кетті.

  8. Ресей Эйр Астанадан Моңғолияға ұшатын желіден өз жерін басып өтетін 300 км үшін роялти төлеуді талап еткен. Ал Ресейлік авиакомпаниялар Қазақстан арқылы өтетін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан және т.б. маршруттары ешқандай роялти төлемей ақ ұшып жатыр.

Отправлено из Mail.ru для Android

Нажмите, чтобы Ответить, Ответить всем или Переслать