Т.Әбдіковтің парасат әлемі

Ләйла Мұсалы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

 

 

 

 

Т.Әбдіковтің парасат әлемі

(ҚазҰУ-да өткен әдеби кеш)

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті қаламгер, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Т.Әбдіковтің 75 жылдығына арналған «Т.Әбдіковтің парасат әлемі» атты шығармашылық кездесу өтті. Шығармашылық кездесудің мақсаты – көрнекті  жазушы, драматург Т.Әбдіковтің шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдің зиялысының болмысын бағамдау, мән-маңызын ашу.

 

Конференцияға  Нұрлан Оразалин, Ғалым Жайлыбай, Бексұлтан Нұржекеев, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков  тағы басқа белгілі қаламгерлер, әдебиетші ғалымдар,  Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысып, жазушыға арналған жүрекжарды тілектерін айтты.

 

Кездесуде Т.Әбдіковтің көркемдік әлемі, қаламгердің шығармашылық келбеті, Әбдіков шығармаларындағы рухани әлем суреттері тағы басқа мәселелер сөз болды. Филология және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубының мүшелері, жас әдебиетшілер жазушының шығармалары бойынша ғылыми мақалалар жазып, талдау жасады. Мазмұнды да әсерлі өткен әдеби-шығармашылық кештің болашақ әдебиетшілер үшін берері мол болды.

 

Ләйла Мұсалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті