«22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні»

 

Қытайтану кафедрасы оқытушысы

Бодау Г.

Арзыкулов А.А.

Сапанов С.Ж.

Шығыстану факультетінде

«22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні»

мерекесі атап өтілді

 

1989 жылы қыркүйектің 22 күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып,  бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі  ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде  бұл күн елеулі мерекелердің біріне айналды. Жыл сайын  «22 қыркүйек Қазақстан республикасы халықтарының тілдері күні» мерекесі республиканың түкпір-түкпірінде аталып келеді. Білім саласының  киелі қара шаңырағы –  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде де тілдер күніне орай әртүрлі қызықты мерекелік шаралар өткізу дәстүрге айналған. Осы дәстүрдің жарқын бір көрінісіШығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған қытай тілінде шығарма жазу сайысы және университетіміздің  студенттік ұйымдарының белсенді бастамасымен өтетін  «Бауырсақ party» деп атап айтуға болады. Бауырсақ  party іс-шарасына қатысушылар қазақ тілінде түрлі мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ айтып, бауырсаққа ие бола алады. Мақсат, әрине, жастардың тіл байлығын молайту, шешендік өнерге баулу. Осы арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуге атсалысу. Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген қытай тілінде шығарма жазу сайысына қатысушылар қарасы жылдан-жылға көбейіп, көлемі кеңейіп келеді. Биылғы сайыста жалпы саны 37 шығарма сарапқа салынып, кафедра профессорларынан жасақталған қазылар алқасының шешімімен 12 шығарма екінші кезеңге сараланып, 22 қыркүйек күні қазылар алқасының алдында қорғалды. Нәтижесінде үздік деп танылған 6 шығарма жүлделі орынға ие болды. Үш үшінші орынды: Бұрхан Баян, Шарипова Камила және Мәди Дана өзара бөлісті. Жүлделі екі екінші орын иегерлері ретінде Мурзагельдина Лаура мен Бажығалиева Айя аталды. Ал жарыс жеңімпазы 4 курс студенті Азбаева Арай. Жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтар табыс етілді.

Тіл – әр ұлттың қазынасы, ұрпаққа қалдырар мұрасы.

В.В.Радлов писал : «Я считаю великими три языка из всего число мировых языков – русский,французский и КАЗАХСКИЙ   ( одним из тюрских языков!) ».

Василий Васильевич Радлов (Фридрих Вильгельм Радлов) При этом  сами казахи мало знают , что их родной язык входит в топ наиболее богатых. Ведь словарный запас государственного языка  Казахстана больше чем русский, эстонский, фламандский вместе взятые.

Еще один этнический немец знаток русского , немецкого и казахского языков Герольд Бельгер

писал, что в самом большом академическом 17-томном словаре русского литературного языка зарегистрировано  и обьяснено 120 488 слов, а 4 тома «Словаря» Даля вмещают  в себе 200 тысяч слов с большим количеством поговорок, толкований. Он же при этом пишет , что, только в 10-томник казахского толкового словаря вошло 2 миллиона 550 тысяч слов.

Можете себя предстаить более чем 2миллиона слов водном языке?.

Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейтуге өз әлінше үлес қосу әрбір азаматтың борышы десек артық болмас. Қазақ  тілі- шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік ел» болу идеясына белсенді үн қосып келе жатқан Қытайтану кафедрасы мұндай салиқалы іс-шараларды алдағы жылдарда да тіпті де дамыта түсуді жоспарлап отыр.

Қытайтану кафедрасы оқытушысы

Бодау Г.

Арзыкулов А.А.

Сапанов С.Ж.