Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық сот төрағасының қатысуымен медиация және сот отырысы оқу залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Худайбердина Г.А.

әль-Фараби атындағы  заң факультетінің

азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Алдашев С.М

әль-Фараби атындағы  заң факультетінің

азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының доценті,

заң ғылымдарның кандидаты

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық сот төрағасының қатысуымен

медиация және сот отырысы

оқу залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Тұсаукесерде Ақжан Ештай үздік университетте аталмыш аудиторияның ашылуы аса маңызды оқиға екенін атап өтті. Ендігі күні сабақ уақытында студенттер арнайы жабдықталған сот отырысы залында тәжірибе жинақтай алады. Заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдиновтың пікірінше, оқу аудиториясы студенттердің сот ісін жүргізу жұмысына қатысып, оның маңыздылығын түсінуге, алып отырған білім сапасын одан әрі арттыруға ықпал етеді. Сот органдарының қызметкерлері, прокуратура, адвокатура, медиатор және басқа да тәжірибелі мамандар сот отырысының оқу залында тәжірибе сабақтарын жүргізетін болады.

Ректорат залында өткен студенттермен кездесуді ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева ашып, университетке келіп, «Ұлт Жоспарын» іске асыру аясында сот жүйесін реформаландыру жайлы студенттерге арнайы дәріс оқығаны үшін Алматы қалалық сот төрағасы Ақжан Жайлауханұлына алғысын білдірді. Ш.Жаманбалаева өз сөзінде заңгер студенттер жаңа аудиторияда теориялық білімдерін шыңдап, соттың риторикалық дағдыларын үйренетіндігін сенімдігін білдірді.

Ақжан Ештай студеттер мен ұстаздарға дәріс оқу барысында екінші институционалды реформа аясында сот жүйесіне бекітілген 10 арнаулы қадамның орындалуын атап айтты. Сонымен қатар, ол баяндамасында жаңа заңнама шарттары бойынша үш сатылы сот жүйесі туралы, сот төрелігі Академиясының пайда болуы, алқабилер сот институты қызметінінің шеңберін кеңейту жайына тоқталды. Мәселен, заманауи технологиялардың енгізілуі негізінде бірсыпыра бюрократиялық кедергілер мен сот органдары қызметкерлерімен қарапайым азаматтар арасындағы қарым-қатынас азайып бара жатыр. Барлық жаңалықтар мен өзгерістер еліміздің әрбір тұрғыны үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, студеттерге арнап сот қызметі және заңнамалық өзгертулер мен толықтырулар туралы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесуге қатысқан Алматы қалалық сотының аппеляциялық сот коллегиясының азаматтық істер жөніндегі төрағасы Бақыт Мәлік-тегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспарында белгіленген тапсырмалар мен міндеттеріне сәйкес жаңадан қабылданған Азаматтық Процесс Кодексінің нормаларына тоқталды. Аталған Кодекс құқықтық тұрғыда әлеуметтік қайшылықтар мен қоғамдық келісімді сақтап қалуға бағытталғандығын атап өтті.

Кездесу соңында қонақтар студенттердің сан түрлі сауалдарына жауап беріп, «Қазақстанның сот реформасы: Кеше. Бүгін. Ертең» атты кітапты сыйға тартты.