«Ағаш-күндіз саяң, түнде панаң»

«Ағаш-күндіз саяң, түнде панаң»

«Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның» дейді халық даналығы. Ағаш айналамызды көгалдандырып қана қоймай, жаздың ыстығында салқын саямыз, жауын шашыннан панамыз.       Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «GreenKampus» жобасы аясында «Ағаш-күндіз саяң, түнде панаң» атты іс-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты университеттің Қазақстандағы экологиялық инновацияны дамыту және іске асыру жолдарының бірі «GreenKampus» жобасын қолдау, сонымен қатар студенттерде қоршаған ортаны қорғау, аялау сияқты патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында студенттер өздері оқитын оқу ғимаратының алдына жеміс ағаштарын отырғызды. Еліміздің әрбір азаматы осындай шараларды өзінің борышы ретінде қараса қаламыз көркіне көрік қосары сөзсіз!

Қойбақова А.С.,

ҚазҰУ аға оқытушысы

Сапанов С.Ж., ҚазҰУ профессоры