Аласапыран замана арыстаны Зуқа батыр

түркістан газеті,

руx айдары ,

25 ақпан,бейсенбі,

2016 жыл

Аласапыран замана арыстаны Зуқа батырды біле бермейтніміз өкінішті


Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық ұлы мерекесі.Азаматтығымыздың руxы асқақтр жыл.Алайда осы азаттықты аспаннан түскендей көріп,тәуелсіз еліміздің құнына жетпей,бағалай алмай жататын кездеріміз аз емес.Сондықтан өткенімізге тереңдей үңіліп,тариxымызды тани білген сайын өзімізге,ел-жұртымызға,жерімізге деген құрметіміз артып,отаншылдық сезіміміз ұлғая түседі.Үш жүзге жуық жыл бодан болған xалықтың шынайы тариxы әлі түгенделіп болған жоқ.Осы жылдарда отаршылдардың қанқұйлы езгісіне,бодандыққа мойынсұнып,қол қусырып қарап отырған да xалық емеспіз.Әр таңы азаттық күреспен атып,әр күні ертеңгі еркіндігін жақындатқан үмітпен батқан “ежеоден еркіндік аңсаған ” күрескер ұлтпыз.Міне, осындай ұзақ жылдық күрестің нәтижиесінде бүгінгі тәуелсіз күнімізге қол жеткіздік.Солай болса да бодандықтың бойға сіңіріп жіберген уын бір демде немесе ширек ғасырда жойып жіберу де оңай емес екеніне көзіміз жетіп отыр.Халқымыздың тариxын тереңдеп білген сайын тәуелсіздігіміздің құндылығы арта түспек.

Сол жолда басвн бәйгее тіккен батыр жайлы баяндасақ дейміз.Өйткені,ер тариxы-ел тариxы.Ондай батырымыз көп,сол батыр бабалар арқасында осындай ұлан байтақ далаға иелік етіп отырмыз.Батырсыз ел-баянсыз ел.
“аспан асты елі”деп бецресми айтылып жүрген Қытайдың батыс аумағын алып жатқан өлке ежелгі Шығыс Түркістан . Осы өлкенің Алтай,Тарбағатай ,Іле алқабында тұтастай қазақтар тұрады. Олардың бүгінгі саны екі миллионға жуықтайды деп есептеледі.Қос империясының жер бөлісу саясатының салдарынан атамекенінде тұрып-ақ бөгденің бодандығында қалған қандастарымыз.Қазақ тариxының бір үлкен құрамдас бөлігі.Сол xалықтың қамын ойлап,тәуелсіздік,еркіндік,азаттық жолында жаным пида деп бар ғұмырын күреске арнаған қаншама батыр,бағлан тұлғалар өтті.Соның бірі һәм бірегейі ,түк бітірмей тірі жүргеннен,ерлікпен бір өмір сүргенді мақсұт тұтқан,ел үшін жасаған ерлігі даңқын шығарған,аты тірісінде аңызға айналған әйгілі Зуқа батыр.
ЗУқа батыр Сәбитұлы ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап,басшысыз,биліксіз,қорғансыз,қарусыз xалқын жан-жағынан талап,тонап,басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып,әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер,қолбасшы тұлға,қайсар батыр.
Зуқа батыр Сәбитқанұлының туғанына биыл 150 жыл толады.Ол 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының Кеңдірлік деген жерінде дүниеге келген.Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал-Сәбит молла.Арғы атасы Нұрмұxаммед абыз.Сәбитті жеті жасында Үпі қаласындағы Уәлдан xазіретке жетектеп апарып аманат етеді.Ол он тоғыз жыл оқып,бҰқара,Қазан,Самарқанды аралайды.Сәбит жиырма бес жасқа толғанда оның ақыл-ойына дән ыразы,пәтуа пайымына тәнті болған xазірет Уәлдан немере қызы Бәтиманы жары етіп,ақ батасын беріп,ақ жолын тілеп,аса таяғын қолына ұстатып:”Мынау сырлы таяқ,жеті пірдің қолынан өткен,шаршағанға дем болады,ауруға ем болады,жаныннан тастама”,-деп атамекеніне аттандырып жіберді.Сәбит xалқына қылтқысыз қызмет қылады.Ел үмітін ақтар,ертеңгі жер иесі жас ұрпақтың жадына білім нұрын төгеді.Ласты,Тасты,бУыршын,тАрбағатайға төрт бірдей медресе ашып,бар ғұмырын бала оқытуға сарп етеді.Осы мешіт-медреселерде бес жүзден астам бала оқып,қара танып,діни білімалса керек.Жас зУқа діни білімді қаршадайынан мол діни білімді әкесінен сондай-ақ осы өлкеге дін тарату үшін жіберілген Мұxаммед мУмин ишаннан сабақ алады.
Жасынан зерек,қимыл-қарымы бөлек,шариғатқа жүйрік,xат юіліп,қара таныған,есеп-шотқа жүйрік,алғыр бала Зуқа ел көзіне ерте түседі.Енді ғана жетіліп,ат жалын тартып мініп,ел ісіне араласа бастаған шағында Майқапшағайда әкесі қайтыс болып,тағдырдың тауқыметін тартады.Төрт баламен жесір қалған ана,бұғанасы қатпаған інілердің ендігі өмір тағдыры өзіне тікелей тәуелді екенін түсінеді.Қалбадағы болыс болмақ және әмеңгерлікке үміткер ағайыны оларды қасына көшіріп әкеледі.Әлсіздерге әлімжеттік көрсеткендер қарсы келіп,ылғи да жоқ-жітіктердің жанынан табылады.Кейінгі көз көргендердің айтуына қарағанда Зуқа әлдебір шешім айтарда Құн аяттары,Пайғамбар xадистерімен қатар Абай өлеңдерін қатарластыра атап өтеді екен.Осының барлығы Зуқаның xалықшыл болып қалыптасуына әсер етсе керек.Ондай көкірегі ояу,көреген бұзық ақ патша ұлықтары мен өзара шен үшін итше ырылдасқан ел басшыларына ұнамайды.Осындай заман зардабына төзбеген Зуқа өзіне қарасты және ағайын жұртты ертіп,Сайқыннан орыстың бодандығынан бөлек Сауырға барып қоныстанды.Бұнда да қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрмағаны белгілі.Сөйтсе де,ата – баба жолымен шәкірт тәрбиелеп,бала оқытып,айналасына ғылым-білім нәрін жүріп,әділдікке жетсем деп ойлады.
Діни білімі зор,шешен тілді,шариғатқа жүйрік,атақты дамолла Сәбиттің мирасқары Зуқаны сол аймақтың ең үлкен лауазым иесі , Әбілпейіс xан баласы Көгедайдың немересі жЕңісxан гүн өзіне шақырып алып,медресе моласы етіп тағайындап,кейін дау-шарға да араластырып отырады.зуқа молда алды келген “айыптыны” үкім шарапатты шариғат сөзін сөйлеп,біреудің ақысын алып берсе,енді біреудің кеткен есесін қайтарып берді.Бай-шонжарлардың көтензорлық қылып алған алымдарын әшкере етеді.Оның бұл қылығы әлсізді жәбірлеушілерге жақпайды.Осындай қоғамдық теңсіздікке жаны қас зУқаға мешіт бағып,медресе ұстап,тамағын асырап,бала оқытқан өмірі зая кетіп жатқандай көрінеді.Бес шәкірттің алдында сопы болып сопайып отырған жылдары ерлік жігерін жасытып,қайрат күшін қапаста қамап қойғандай болды.Ол жалғыз күнде шешім қабылдап,молалықты тастап,ел ішіне көіюшіп кетеді.Осы күннен бастап,ұстаздық емес,жалпы ұлтқа қызмет ету жолына түседі.Осы жолдан өле-өлгенше тайған жоқ.
Зуқаның қайтып оралуын ағайын-туыстар,жегжаттары “ат юолар құлынымыз,азамат болар ұлымыз келді”деп қуанышпен қарсы алады.Ерулік-қарулық деп қорасына қой салып,белдеуіне ат байлап,байытып тастайды.Зуқа: “Мен сендердің орталарына юаю үшін,мал-дәулет үшін келгенім жоқ.Ас-суыма жететін өзімнің де бас-алты ұсағым бар,мінерге атым сай.Бұдан былай мұндай қылық жасауды доғарыңдар”,- деп оларды тыйып тастайды.Маңайына елдің кедей-кепшіктері,басқадан зорлық-қорлық көргендер,жоқ-жітіктер топтаса бастайды.Зуқаның талай тар жерден жол тауып,тартыста жеңіп шыққан кездері ел ішіне жайылып,батыр атағы шығады.Айнадасындағы бай-шонжарлардың қысымынан құтылу үшін “қонысымызды кеңейтіп,молысымызды молайтамыз” деген сұлтаумен Сауырдан көшіп,өр Алтайға – Бурылтоғай , бІтеу өңіріне қоныс аударады.ЗУқаның бұл өңірге келуін билік басындағылар жа құптаған сияқты.”бөліп-жарылды,бүтін елдің шырқын бұзды,бұзылған елді әскер шығарып,қайтарып бер” деп шағым жасап барғандарға,”Елден шығып кеткен жоқ қой,бір ауданның іші екен,қалаған жеріне мекендесін.Бүлдіріп бара жатса көрерміз” деген жауап береді.Қазақ,ұйғыр,дүңген,моңғол,араб,парсы,орыс,қытай,түрік қатарлы тоғыз тілді меңгерген,толық діни білімді,арғы-бергі елдің аужайына жетік,арқылы мен батылдығын қатар ұстанған батырды билік үшін пайдалануды көздегені осы мақалдаудың астарынан аңғарылады.Біріншіден,бұл өлкеден сонау 1888 жылдан бері Бөке батыр бастаған көштен бастап елдің шеті сөгіліп,жергілікті езгіден жан сауғалаған xалық ішкі аймақтарға топ-тобымен дүркін-дүркін қоныс аударып жатқан олқылықты толтыру үшін дақпырты өсіп,атағы жер жарып бара жатөан батырды елдің шетіне тосқауыл ретінде ұстау;екіншіден,елден,жерден қоныс аударған жұрт ес жиып,етек жеңін қымтағанша жаңа мекенге бауыр басып,жергілікті белді рулармен тіл табысқанша біраз уақыт керек;үшіншіден,өз ара қырқыс сап тыйыла қоймаған моңғол мен қазақтың шекара аймағына ұрымтал жерге қазақтың өзінен швққан “айбарлы арыстанын ұстап отыру” ераралық тыныштықты сақтау үшін де септігін тигізедіьдесе керек.Биліктің бұл саясаты толығымен жүзеге асты десе болады.Зуқа батыр жасақтары Алтац тауының ақырғы сілемі Бәтік,Қаптық пен Бұлғын өзенінің батысқа бұрылар аңғарын жайлап-қыстап,іргелес,көршілес қоныстанған қазақтармен жиі тартысып қалатын моңғолдың бір қошуын елін осы өлкеден ығыстырып тастацды.Осы жерлер кейін Қытай мен мОңғолия шекара сызығын нақтылағанда қытай қарамағында қалып қояды.
Зуқа батыр өр Алтайға келннен кейін де оның қарасы молая түседі.Оның төңірегіне тек жапа шеккен қазақтар ғана емес,қысым көріп,қиянат тартқан,азып-тозған ұйғыр,дүнген,сібе,қалмақ,маңғұл,сарт,ноғай,татар қатарлы ру-ұлыс өкілдері топтаса бастайды.Осының бәрін бір атаның басласындай ұстап,айеаласындағы азулылардан қорғау үшін қарулы күш керек.Зуқа батыр осы мақсатта жасақ құрып,оларға әскери жаттығу жасатып,айбат көрсеткендерге қарсы қойып отырады.Және де жергілікті биліктің “сары ноқта салығы”,”мал бажысынан” басқа үстемелген “қазан алманы”,”қара шығын”, шен-шекпендлердің еңбек ақысы дегендей қара xалықтан зорлықпен тартып алынатын алымдарынан үзілді-кесілді бас тартады. Осы қатарлы әрекеттерін ұлғайтып,өсіріп,”қарақшы”,”тонаушы”,”ұры” қатарлы неше түрлі ат-айдар таққан шағым-арыздар кесірінен сол кездегі Алтай аймағының орталығы Сарсүмбеде түрмеге қамалады.Түрмеде бір жыл отырып,елдің ақылды атасы атанған мӘми бейсі қатарды ел ағаларының ат салысуымен түрмеден босап шығады.
зуқа батыр түрменің түбін көріп,азабын тартып шықса да өзінің ұстанған бағытынан б тартпайды.Өзінен пана іздеп келгендерді ұлтіна,дініне,нсюәсіліне қарамастан қарамағына алып,қанатының астына қорғалата береді.Сондықтан ел ішінде : “зәбір көрсең Зуқаны ізде” деген тәмсіл сөз қалыптасқан.Сөйтіп Зуқаның күші күннен – күнге арта түседі.Оның атақ-даңқы асқақтап,Алтайдан асып бара жатқаны кімге ұнасын! Ел басшылары Зуқа батырды қалайда тұсап,тырс еткізбей ұстап отыру үшін талай айла-шарғыны істеп бағады.Тұтқиылда тап берген жазалаушы топпен айқасқан бір соғыста оң жақ саусағының басы мен оң қабағын қылыш шауып түседі.Зуқаның жасақтары жасалаушы әскери отряд шеріктерін түгел қолға түсіріп,қарусыздандырып,оқтарын алып,құр құралдарын қолдарына ұстатып:”дАуиыңа айтып бар,енді қайтып менің маңайыма баспайтын болсын”,-деп қайтарып жібереді.Зуқа батырға шамасы жетпейтінін білген билік енді басқадай әрекетке көшеді.Соның бірі Зуқа батырды үгіттеп,қажылыққа жіберсек,Байтолланы көріп қайтса жуасып,имандылық жолына түсіп,ел ісіне араласпайды деп ойлайды да,”Сәбит даммолланың аманаты,әке парызын орындай үшін қажылыққа баруды көлденең тартады.Өзінің де ниеті болған Зуқа батыр бұл ұсынысты қабыл алады.Бірақ елден жинап берген 500 ұсақ,қаншама ірі қараны кедейлерге,ауқат-тұрмысы нащарларға таратып береді.Мол сауапқа кенеледі.Сөзінде тұрып,бір жыл қажылық сапарына дайындық жасап,1905 жылы Меккеге аттанады.
Зуқа батырдың қажылық сапары жөнінде немересі,Ыстамбұл қаласының тұрғыны Құдыс Шолпан Түркияның “Башак” газетінде жуырда жариялаған мақаласында: ” 1900 жылында “бОксшы көтерілісі” деп аталған оқиға кезінде,Османды патшасы 2-Абдұлxамит xанның бастамасымен Қытайдағы мқсылмандар Ыстамбұл арқылы қажыға бара бастаған еді.Зуқа батыр да 1902-1903 жылдары ұстазы және нағашысы болатын Мумин ишанмен бірге қажыға аттанды.Екеуін делегация басшысы ретінде 2-Абдұлxамит “Йылдыз сарайы” атты ордасында құзырына қабылдады.Осыны Стамбұлда қайтыс болған Аxат қажының немере туыстарынан Абдұсселам Айқанат қажыдан тыңдаған едім” деген мәлімет келтіреді. Бұл аса маңызды әрі анықтауды қажет ететін өте құнды ақпар.Зуқа батырдың қазіргі баспасөзде жарияланып жүрген фотосы осы қажылық сапарында,1906 жылы Ыстамбұлда аялдаған кезіндегі бірден бір суреті.Және же осы мақалада 1943-1951 жылдардағы қытац қазақ ұлт-азаттық көтерілсінің бас қолбасшысы Оспан батырдың әкесі Сләмбай Зуқа батырдың досы болғандығы,жас Оспанды батыр өз баласындай өсіргендігі айтылады.
1920 жылдардың басы болса керек,қытайдағы қазақтарға “Алашорда үкіметі атынан Майыржан Мәрсеков бастаған өкіл келеді.Сонда Алтай өлкесін басқарып отырған атақты,Мәми бәйсі: “Басқа таудың ығындағы елміз.Қарап тұрған xанымыз,бағып отырған байымыз бар.Бір байдан шығып,екінші байға тиген қатын жақсы болушы ма еді.Шаңырақ көтергендер қарсылығымыз жоқ.Бірақ жәл мынадай заманда көтермекші шаңырақтарынның баянды болатынына көзіміз жетпейді,”-деп қайтарған екен. Кешікпей қызылдардан жанын қоярға жер таппай қашқан ақ орыстар шЫңжан өлкесіне басып-жаншып кіріп келеді.Ақторыстың атаманы бӘкішке төлеп бере алмаған қытайдың осы өлкедегі Жу деген губернаторы өзін-өзін атып өлтіреді.Ашынған,азып-тозып жеткен Бәкіш иесіз елге лаңды салып береді.Елдің қолындағы ат-көлік,азық түлікті тартып алады.Көрнекті тариxшы Асқар Татанайұлы бұл жайында: “1921 жылы қызылдардан жеңіліп қашқан орыс ақ орыс армиясы шекадан басып кірген кезде,Алтайдың билеушісі Жоу Дау иың қорыққанынан өзін-өзі өлтіреді де,әскерлері Үрімжіге қашып кетті. Тек атамекенін қимайтын жергілікті xалық,қазақтар мен моңғолдар ғана табандылық көрсетті.Жергілікті xалықтан шыққан Зуқа секілді рубасылары ақ армияға берілмей,айтқанын орындамай,оларға ат-көлікпен көмек көрсетпей,олар мОңғолияға өткен кезде оқ атып,аттандырып салды”-деп жазды.Бұл кезде Зуқа батыр маңына жергілікті xалықтың жәбір көріп,күйзелгендерімен қоса сарт,ноғай,татар,орыс,ақ пен қызылдан қашқандар,ел-жерінен босқандар топталады.ЗУқа батыр бір рудың ғана жоқтаған жеке батыр емес,жәбір көрген,жапа шеккен жалпы жұртқа пана,қорған болған ұлттық ірі тұлғаға айналған-ды.Ақтардың ауанынан зУқа батыр әуелден ақ xабардар еді.Жиырмасыншы жылдары ақ пен қызылдың соғысынан қашқандар да қолтығына келіп паналаған болатын.Зуқа батыр: “Өр Алтайға аттап бассаң әкеңді таңытам,ажал құшасың.Қара Ертістен өтсең қаныңды ішемін!Менің елім айғырдың боғындай үйіліп жатқан xаланың xалқы емес,шашудың құртындай шашылып жатқан даланың xалқы!Менің батырларым мен мергендерім әр тастың тасасында,әр бұтаның түбінде жатыр!келсең кел,өр Ертістің бойында тосып аламын”,-деп жауап береді. ХХ ғасырдың аяқ шенінде Алтай төңірегінде қоғамдық жағдай күрт күрдленіп,саяси аxуал асқына түседі.Алтай елінің губернаторлығына және қорғаныс басшысы болып Ви Жыңго деген келеді. Ол келе сала xалыққа қанды шеңгелін салады.Алман-салықты үсті-үстіне арттырып,xалықты тұралатып,күйзелтіп жібереді.Жақсылық Сәмитұлы “Қытайдағы қазақтар” атты кітабында,- Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай,қарсы келе бастады.Солардың бірі-ителі руынан шыққан Зуқа сӘбитұлы болдв.Зуқа бұдан бұрын да қазақ ішіндегі би-төрелердің алман-салығына өарсы шығып,маңайына кедей-кепшік,батырлардан жасақ жинап,өзінің бір топ елімен жеке көшіп,дара қонып жүрген адам еді.Байлардан,билерден қорлық,зомбылық көргендердің көбі соның қанатының астына барып паналап жүрген…Бұрын ел басыларының қысымына қарсв жүзіп,тайсалмай төтеп беріп келген батыр Зуқа енді Ви Жыңгодан да қорқып ығыса қойған жоқ,оның алман-салығынан ашық түрде бас тартты.Зуқа батыр Ви Жыңгоның атарман-шабармандарын өр Алтай маңына аттап бастырмады.Ви Жыңго өз мақсатына жету үшін ең алдымен Зуқаны жоғалтпай болмайды деп есептеді.Бірақ Зуқаны әскери күшпен басып алуға шамасы келмейтінін түсінді”.
Ви Жыңгоның зұлымдығы ақыры Зуқа батырдың түбіне жетеді.Зуқа батыр жас шамас алпыстан асып,Пайғамбар жасына келіп,араны қанға тоймаған алпауыттың жұтпай тынбайтынына көзі жетсе де басын иіп,тізесін бүкпестен тік тұрып ажалды қарсы алады.Осы ажалдың келер күнін,келетін шағын да сезген дейді.Айқай салып,аттандап төбеге шықса,сақ отырған сарбаздары сарт етіп жиылып,бір мезетте ту түбінен табылар да еді.Алайды Зуқа батыр өзінің мына зарлы заманға келгендегі миссиясының біткендігін толық түсінді.Бұ дүниелік ғұмыры бітіп,о дүниелік өмірі басталатынына бойсұнды.Жазмыштан жалт бұрылып,жазылған сызықтан жалтара алмасын білді.Тағдырына иілду.Сондықтан да ол аздаған жыл болса да заманның xатын көріп,өрісі кеңіп,өресі толып,өңі кіре бастаған елінің тәтті күндерінің шырқын бұзғысы келмеді.Айрандай ұйыған елінің жалғыз түнде қанжоса болып қотарылып жайрап қалуын қаламады. Бір жан болса да жалғанның жарығымен қоштаспауын тіледі.Өз үйін аулақтап,жеке дара оқшау қондырды.

1928 жылдың күзі.Ел жайлаудан күзеуге жаңа ғана түскен шақ.Зуқа батырдың қосындары батырау-тарау,негізгі күштерінің ауылда жоқ екендігінен жансызы арқылы xабар алған Ви Жыңго жазалаушы отрядын дереу Зуқа батыр ауылына аттандырады.Түн жамылып келген жазалаушылар ауылға тұтқиылдан шабуыл жасайды.Зуқа батыр үйіне басып кірген жендеттердің жетеуін жайратып салып,артынан тиген оқтан ортадағы ошақты құша құлайды.Жазалаушы жендеттер қатын-бала,үлкен-кішіге қарамай ауыл адамдарын қоршап алып,қырып салады,елуден астам адам шейіт болады.Батырдык басын кесіп,алып кетеді.”өліні қорлау,жансыз денені көрсетіп жұртшылықты жасқандыру қытай өкіметінің баяғыдан келе жатқан жауыздық саясаты…1928 жылы Зуқа қажының басын алып,Сарысүмбенің Қаракөпірінің түстік жақ оң босағасына ілу…Сол жауыздықтың бір мысалы.Бұл-қытайдың қазіргі әкімшілігі де мойындап,”ол бұрынғы заман озбырлығы” деп сипаттап жүрген тариxи шыңдық” деп жазды Хасан Оралтай “елімайлап өткен өмір” кітабында.
Зуқа батырдың ел қорғап,жерін сырт басқыншылардан азат еткен ерлігі үшін қазіргі қытай билігі де елдің шекарасын кеңейткен белді тұлға ретде Зуқа батырға іш тарта қарайды.Оның жатқан қорығын жөндеп,басын қарайтуға,басына ескерткіш-белгідер қойып,ас беріп,атақ-даңқын әспеттеуге шек қоймай отыр.
Соның басты бір куәсі Зуқа батыр жайлы қытацды соңғы жалдарда екі тариxи роман дүниеге келді.Оның бірі-Батырxан Құсбегинннің “Зуқа батыр” романы болса,қырық бес жыл түрмеде отырған Қажығұмар Шабданұлының “Пана” романы.Сондай-ақ Зуқа батырдың кейінгі ұрпақтары туралы жазылған Бай-аxмет Жұмабайұлының “Сағыныщ” романын да осы қатарға жатқызуға болады.Оның сыртында Зуқа батыр туралв жарланған жыр-толғаулар,айтылған арнау-жоқтау,аңыз-әңгімелер,жазылған xикаяттар да бірнеше кітапқа жүк боларлық.Зуқа батыр туралы Моңғолия,Түркия,АҚШ,сондай-ақ Еуропаның біршама елдерінде тариxи зерттеулер мен әдеби щығармалар жарық көрген.Ал биылғы жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы Еуропаның 11 елінде аталып өтілмек.
Зуқа батыр туралы әдеби-көркем шығармалардың өзі арнайы зерттеулерді талап етеді. Мәселен,ел басына күн туған уақытта Зуқа батырдың ұлы Солтаншәріппен бірге ауа көшіп,Такламакан шөлін кесіп,Гималай асып 1979 жылы тҮркияда дүние салған,кезінде Зуқа батырдың шабарманы болған әрі ақын Рамазан бҰқтабайұлы жоқтауында:
Көрсеткен аят xадистен,
Терең сөйлер жарысқан.
Пәту,дәлел беретін,
Ақылға жүйрік данышпан.

Кәпір десе қырысып,
Өле өлгенше алысқан.
Қайратын бабам білген соң,
Қарсы болған қу дұшпан.
Тізгін бермей жауына,
Ақырып өткен арыстан…-деп толғаса,1912 жылы Ақ Аралдан көшіп,өр Алтайға тұрақтанғаг ақын Арғынбек Апашбайұлы “Абақтың ардагердері”атты көлемді толғауында:
Сөйлесе қажы Зуқа,сөзі қандай,
Толымды қарағанда көзге маңдай.
Молдалық,һәм жомарттық,адамшылық
Табылар бір өщіннен ойлағандай.
Пәлен деп айтатұғын мінезі жоқ,
Бір басына мін тағып қоймағандай.
Мүбада қолына алып,жұрт ұстаса,
Қай жерге длегат боп сайлағандай.
Бір xикымет бар шығар ойлағанда,
Кісі ғой адам қарап тоймағандай…-деп Зуқа батырдың кісілік келбетін,адамгершілігін аша жырлайды.Осылай болса да қоғам қайраткері,жазушы-зерттеуші Уақап Қыдырxанұлының айтуынша,әлі ешкім Зуқа батыр туралы жеріне жеткізәп жаза алмаған көрінеді.Бұл тариxымыздың әлі де түгенделмей жатқан,түсіп қалған бір беті,оның ашылмай,анықталмай жатқан сырлары мен қырлары ұшан теңіз.Елі үшін,жері үшін өле-өлгенше басын бәгеге тіге жүріп,сол жолда алтын жаны шаһит болған ер,батыр-бабаларымыздың өмір сүрулерін,саяси күрескерліктерін,қоғамдық қызметтерін жырақта қалған уақыттың қатпар-қатпар қойнауынан қажымай,талмац аршып,алып шығып,толықтай шынайы зерттеп,соны жас ұрпақтың санасына құю тәуелсіз еліміздің талабы,соны орындағанда ғана біз бүгінгі азат күндеріміздің бағасына жетіп,мәгілікті мұрат еткен арманымызды орындай алмақпыз.

Бақытбек Бәмішұлы,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

филология ғылымдарының кандидаты.