АСЫЛ НҰСҚА АЙДЫНЫ БАТЫР БАУКЕҢМЕН БІРГЕ БОЛҒАН СӘТТЕРДЕН

Бауыржан Момышұлы туғанына 80 жыл толуына орай

АСЫЛ НҰСҚА АЙДЫНЫ

БАТЫР БАУКЕҢМЕН БІРГЕ БОЛҒАН СӘТТЕРДЕН

 

 

 

002

Халқының мақтанышына айналып, ел құрметіне бөленген Бауыржан Момышұлындай абзал азаматты өз көзімен көріп, әңгімесін естуге кім құмартпас дейсің. Сондай тілек менде де болатын. 1972 жылы бұл тілегім ойламаған жерден орындала қалды. Онда мен «Сарыағаш» курортына дем алуға барғанмын. Баукең де сонда демалып жатыр екен. 20 күндей бір корпуста бірге болдық.

Алғашқы күндері ол кісіні сырттай көргеніммен, «қияңқылау» мінезі туралы аңызға айналып кеткен әңгімелерді көп естігенімнің әсерінен бе, көпке дейін қасына келе алмай жүрдім. Шынында да маған жанары от шашқан, түсі суықтау болып көрінді.

Осылай айналшықтап жүргенімді өзі де аңғарды ма, бір күні:

  • Әй, жігіт, сен бері келші, — деп қасына шақырып алды.

Мен таяп келіп, сәлем бердім де өзімді таныстыра бастадым.

 

  • Соғыста болып па едің, — деді ол.
  • Жоқ, болған жоқпын, — дедім мен, ол кезде «броным» болғандықтан әскерге шақырылмағандығымды айтып.
  • Иә, ондай бронды білемін, сендердің қызметтерің тылды ұстап тұру үшін керек болды ғой. Жалпы оның тылға да, майданға да көмегі аз болған жоқ.

Оның бұл пікіріне мен көтеріліп қалдым.

Осылайша жүздесіп, танысып, бойым үйренгеннен кейін мен Баукеңнің қасынан бір елі қалмай көп әңгімелесетін болдым.

Сондағы көп сұрайтыным соғыста болған туралы естеліктер еді. Сонда Баукеңнің өз аузынан естіген әңгімелерінің бірі мынау еді:

— Мен онда батальон командирі болатынмын, — деді бірде ол. – Жаудың өзімізден әлде қайда басым күшімен шайқасқа түскен бір ұрыста жауынгерлерімді сақтап қалу үшін стратегиялық = тактикамен 20 шақырымдай кейін шегінуге тура келді. Менің бұл әрекетімді кейбіреулер «қорқақтық жасады» деп кінәлауға тырысқан. Бірақ, оны түсінген жоғарғы жақтағылар бұл тактикамды дұрыс деп тапты… Менің батальоным Москваны қорғауда да қатты соғып, көзге түскен еді. Сондақтан болар бір күні мені Жоғарғы қолбасшы Сталиннің өзі шақырыпты. Волокалмс тас жолының бойында шайқас қызу жүріп жатқан кез. Оқ пен оттың арасында жүріп, ештеңеден де қорықпасам да, мына хабардан аздап сескенгендей болдым. Бірақ, бармай қалудың реті тағы жоқ. Қолбасшының қабылдау бөлмесіне келіп, Поскребышев деген кісіге баяндап едім, ол мені бәгетсіз Сталиннің кабинетіне кіргізді.

Кабинетке кірген соң үлкен столдың арғы басында отырған Сталинге:

  • Майор Бауыржан Момышұлы Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр! – деп честь бердім. Ол орнынан тұрып, аяңдап басып, менің қасыма келді де:
  • Мен ертеде Тұрар Рысқұлов деген қазақты білуші едім, енді міне, сенімен де таныс болдым, — деп қолымды алды.

Бар айтқаны сол ғана, ештеңе сұраған да жоқ. «Жүре беруіңізге болады, — деді. Мен

таң = тамаша қалып кете бардым. Артынша маған подполковник, одан көп ұзамай полковник атақтары берілді…

Бір күні Баукеңнің курорттағы демалушылармен кездесуі болатын болды. Соған

баруға дайындалып жатып, ол мені бөлмесіне шақырған.

— Мынаны дұрыстап байлап берші, — деп галстугін ұсынды. Мен онысын дұрыстап байлап бердім. Сонысын:

— Ал, мынауым қалай екен? – деп үстіндегі костюм = шалбарын көрсетті. Шалбарының балағы сәл ұзындау екен, соны айтып едім:

— Иә, сен менің басымды көп қатырма, маған сән не керек, — деп кесіп тастады.

— Сөйтіп, клубқа келсек, көп адам жиналып қалған екен. Курорттың бас дәрігері қысқаша сөзбен кездесуді ашып, Баукеңе сөз берді. Ол ортаға шығып, соғыс туралы естелік = әңгімелерін айтып тұрғанда кездесуге келушілердің аяғы әлі де басылмай есік қайта = қайта ашылып = жабыла берді. Мына мазасыздық ойын бөле бергесін ол бір кезде бас дәрігерге қарап:

— Бар ана есігіңе ие бол, — деп саңқ етті. Амалы құрыған бас дәрігер, орнынан ұшып тұрып, есікке ұмтылды…

Тағы бірде Баукеңнің өз аузынан мына бір әңгімесін естіген едім.

— Бірде, — дейді ол, — маған әскери академия лекция оқу тапсырылған. Оған дайындалып барсам, жиналған тыңдаушылар кілең оқымыстылар, ғалым, профессорлар екен. Лекциямды оқып шықтым. Біткеннен кейін жаңағы «дөкейлердің» біреуінен: « Қалай лекциям дұрыс болды ма?» деп сұрасам, әлгім: «Ничего, все же акцент есть», — деп қарап отыр. «Олай болса, мынада акцент жоқ шығар», — деп нықтап тұрып орысша басып жібердім.

Оған ашуланған анау менің үстімнен шағым айтып, Қорғаныс министріне дейін барған екен. Министр оны «Сен Момышұлын білмеуші ме едің, мұнымен құтылсаң ештеңе етпес», деп тоқтау айтыпты.

Баукең үш  = төрт күндей курортта болмады. Сұрастырып білсек, сол Сарыағаш ауданындағы совхоздардың біріне кездесуге кеткен екен. Ол жақтан келген соң, мен оған бойым үйрене бастаған еркіндікпен:

— Бауке-ау, тым болмаса осындайда атқосшы етіп болса да ертіп ала бармайсыз ба? – деп наз айттым. Онда = мұндайға оңай келісе бермейтін ол:

Сенің кінәлауыңның жөні бар-ау, ала баруым керек еді, — деп тоқталғандай болды. Сонысын ол жақта көргендерін асықпай отырып, баяндап берді:

— Кездесудің соңында клубқа жиналған жастарға батамды берейін деп қолымды жайдым. Онымды көргенде жанымда отырған парткомның хатшысы елең ете қалды. Оның мұнымды жақтырмағанын мен де сезе қойып: «Қорықсаң бар, райкомыңа айта бар», — дедім де батамды бердім. /Баукеңнің сол батасының біраз жерлерін ұмытып қалсам да, жадымда қалғанын еске алып көрейін/:

Тілегімізді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет.

Дозақтың отынан сақта,

Қаңғыған оқтан сақта.

Ынтымақсыз туыстан сақта,

Көкдолы әйелден сақта.

Адамды қадурлемес есерден сақта,

Қолбасшы болсаң, сондай бол,

Жосылып жатқан жолдай бол.

Қайрат етер мезгілде

Жүк көтерер нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде

Мың жасаған шалдай бол.

Мейірім түсер мезгілде

Ағарып атқан таңдай бол.

Жауды бөгер кезіңде

Көлденең жатқан ордай бол…

            Бірер күннен сол біз оны құрметпен үйіне шығарып салдық. Осы кездесуімді мен бұған дейін ел аузынан естіп жүрген Баукең туралы аңыз әңгімелерге тағы да бір өз құлағыммен қанық болдым. Әрине, оның бәрін осы шағын мақалада түгел айтып беру мүмкін емес қой. Сондақтан мен бірер жайларға ғана тоқталдым. Және осы естеліктерді жазу кезінде жақында Б.Момышұлына Совет Одағының Батыры атағы берілгені туралы хабарды естіп, тағы бір қуанышқа кенелдім.

Төре Болатұлы