“24 КZ арнасы мен Алматы телеарнасы ” “Мәдениет”

 

 

Алматы телеарнасы :

Ең әдемі бойжеткен. Астанада “Қазақ аруы-2016″ таңдалды.

Байқаудың нәтижесі бойынша  Атырау облысының өкілі Әлмира Ахатова жеңімпаз атанды. Бойжеткенге алтын тәж кигізілді.
Ақтық сынға Қазақстанның түрлі қалаларынан 16-22 жас аралығындағы 21 ару қатысты. Бойжеткендерге қойылған негізгі талап – ұлттық дәстүр мен қазақ тілін жетік білу. Бірінші орынды астаналық Сәбина Теңбай алды, екінші орынға Аяулым Мақұмова лайық болды, үшінші орынды Қарағанды облысының тумасы Гүлімай Оразбек иеленді. Естеріңізге сала кетейік, “Қазақ аруы” байқауы осымен алтыншы рет өтіп отыр.

 

 

24.кз арнасы:

Жаңа ғана Астанада «Қазақ аруы-2016» байқауы мәресіне жетті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені атыраулық Альмира Ахатова иеленді. Ол Астанадағы медициналық университеттің ІІІ курс студенті. Жалпы, байқауға 21 үміткер қатысып, бақ сынаған еді. Үміткерлерге қойылған басты талап ана тілі мен тарихын жетік білуі болатын. Сондай-ақ сыртқы сұлулық пен ішкі әдеміліктің үйлесімділігі де негізгі қағиданың бірі. Жалпы, бастапқыда байқауға 600-ге жуық ару қатысуға ниет білдірген. Сайыстың толық нұсқасын көрермендер «Хабар» арнасынан наурыздың 22-сі күні сағат 21:30-да тамашалай алады.

 

 

“24 КZ арнасы мен Алматы телеарнасының ” жаңалықтарындағы “Мәдениет” тақырыбындағы «Қазақ аруы-2016» байқауы

Екі арнада да тең дәрежеде көрсетілген. 24 KZ  жүргізушісі Жанар Меңдібай және Алматы телеарнасының жүргізушісінің ойы көрерменге нақты жеткен.

 

 

 

                                                                                             Жансерікова Назкен.