“Астана мен Хабар телеарнасының ” жаңалықтарындағы “Білім- Ғылым” тақырыбындағы өзекті мәселердің берілу тәсілдеріне талдама.

“Астана мен Хабар телеарнасының

жаңалықтарындағы “Білім- Ғылым” тақырыбындағы

өзекті мәселердің берілу тәсілдеріне талдама.

 

 

 

Астана :

Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру ақысы 2 242 теңге.

Ал сынақты қайта өту тамыз айына белгіленген. Ол кезде мектеп бітірушілер тестті 4 пәннен тапсырады. Ол – математика, Қазақстан тарихы және өзі таңдаған пән мен қазақ не орыс тілі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал екінші рет сынақ өткізілетін жоғарғы оқу орындарының тізімін министрлік бекітпек. Еске салайық, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның бірі мен 15-і аралығында өтеді.

 

  1. Ал келесі бір жаңалықта

“Хабар” арнасы:

Ұлттық біріңғай тестілеу тәртібіне өзгерістер енгізілді  дейді:

Келесі жылдан бастап мектеп оқушылары екі мәрте емтихан тапсырады. Мектеп бітіруіне және ЖОО-на түсуіне байланысты. Ұлттық бірыңғай тест тапсыру талаптарына да бірқатар өзгерістер енгізілмек. Биыл мектеп түлектері ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік алады. Яғни ең төменгі бал жинаған оқушылар кезекті мәрте бағын сынап, ақылы бөлімге түсуі мүмкін.  Бұл балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасына енгізілген өзгеріс.   Елімізде ҰБТ тапсырмайтын түлектердің қатары артуда. 2015 жылы олардың саны 46 мыңды еңсерген.  Ал ең төменгі деңгейге 1-2 балл жетпей қалғандар Ресей, Қытай елдерінің оқу орындарын таңдайды. Осылайша өзге елдің білім беру жүйесіне қаржы салуда.  Заң жобасына енгізілген өзгеріс қалыптасқан мәселені шешуге сеп болмақ. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі -Тест қиын. Сосын біразы Ресейге кетіп жатыр. Біздің балаларымызды сол жерде тестсіз университеттер алып отыр. Көп балаларымыз Қытай, Түркияға кетіп жатыр. Соны жөндеу үшін екінші сондай мүмкіндік беріп отыр. ҰБТ сұрақтары 5 жылдың ішінде 25 пайыздан өзгере бастайды. Оған 5 жыл беріледі. Қазіргі уақытта біз екі деңгеймен балалардың мектепті бітіру, институтқа түсу, университетке түсу екіге бөлінді. Өздеріңіз білесіздер, бұрын бірыңғай болған. Оның көп кемшілігі бар. 10 жылдың арасында белгілі болды.  Тиісті заңға сәйкес жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың деректік базасы жасалады.  Осы мақсатқа 120 млн теңге бөлінбекші. Үкіметтік емес ұйымдар базадан қажетті ақпарат та ала алады.

“Астана мен Хабар телеарнасының ” жаңалықтарындағы “Білім- Ғылым” тақырыбындағы өзекті мәселер жайында Астана телеарнасының жүргізушісі Оксана Петерс-Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру ақысы 2 242 теңге. десе-“Хабар” арнасы тілшісі – Ұлттық біріңғай тестілеу тәртібіне өзгерістер енгізілді  дейді. Екі арнаның айтар ойы тең.

                                                                                         Жансерікова Назкен.