ТЕКТІ ХАЛЫҚ

ТЕКТІ ХАЛЫҚ

Біреуге аз, ал біреуге көп те едік,
Біз ежелден: жалынды едік, отты едік!
Тарихқа із қалдырған өшпестей,
Жаралғаннан біз өйткені Текті едік!

Кімге болсын ашық-жарқын жүзіміз,
Өшпей жеткен ұлылықтың ізіміз.
Оқпен ойнап, от пен суға шыңдалған,
Ер Түріктің қызы менен ұлымыз!

Санатқа алмас: үндемесек тегі біз,
Қәсиетті Жеріміз бен Еліміз.
Алмастайын тек асылдан соғылған
Бұл ақиқат — біздің ұлы Тегіміз!

Жұмаш КЕНЕБАЙ,
1995 ж.