Алқабилер институтының кейбір өзекті мәселелері

Алматы қаласы Университет «Алматы»

Максутхан Ш.М.

 з.ғ.м, аға оқытушысы

 

Алқабилер институтының кейбір өзекті мәселелері

                      

        Алқабилер соты халық өкілдерінің  қатысуымен сот билігін жүзеге асырудың аса ұтымды нысаны болып табылады. Ол сондай – ақ сот әділдігінің, ақиқат және әділ болуын қамтамасыз етеді. Алқабилер институты еліміздегі халықтың құқықтық  сауаты мен құқықтық санасын  жетілдіруге жәрдемдеседі. Қазақстанда алқабилер институтын одан әрі жетілдіру қажет деп санаймыз және мүмкіндігінше алқабилер соты кең қолданғаны дұрыс.  Алқабилер  институтының мәні мен беделі әділетті бағалануы мен  нақты шешім шығаруында болуы тиіс. Алқабилерге  ақыл-ойы озық, өмірден түйгені бар, адамгершілікті түсіне білетін азаматтарды сайлау уақыт талабы

Алқабилердің  іс жүргізу қатысу нәтижесі халық  сенімінің нәтижесімен көрініс табады. Сонымен қатар алқабилерге тағайындалатын әрбір азаматтың мемлекеттік тілді еркін  меңгеруі шарт.

Әлем халықтары  арасында  қалыптасқан ірі үш  құқықтық  жүйе: роман-германдық құқық жүйесі, ағылшын – саксондық құқық жүйесі және мұсылмандық  құқық  жүйесі  бар. Ал, төртінші  құқықтық  жүйе-қазақ  әдеп-ғұрып  құқықы  жүйесі, тек соңғы  кездерде  ғана ауызға  алынып, енді-енді әңгімелене  басталды. Бұл  жүйе  өзгелерге  ұқсамайтын  өз  ерекшеліктері  мен  жалпы  адамзат  баласы  армандайтын  демократиялық  сипаттаға  ие, таңғажайып  рухани  мұра. Өзіне  тән  тұрақты  сипаттарды  нәтижесінде  қазақ құқығы  өз  орны  мен  күшін  ұзақ  уақыт  сақтап  қала  алды. Кезінде  жойқын  күшке  ие  болған  орыс, монгол құқықтарды  да  өз  ықпалын тигізе алмады. Тек  тирандық  озбырлық  әдіспен  ғана  қызыл  империя  қазақ  құқығын  әлсірете  алды, бірақ  түпкілікті жоя  алмады.

Қазақ  халқы  жөн сөзге құлақ  асып, мәнін түсіне, қастерлей  білген. Былайша айтқанда қазақ қоғамындағы құқықтық сана өте жоғары  көтерілгенді. Мұндай  әрлеу  өздігінен  бола  қойғаны  жоқ. Бұл жолында  ел  көсемдері, абыздары, билері, ақсақалдары, жыраулары үздіксіз етіп, үгіт-насихаттар жүргізу нәтижесінде  қол  жеткізді. Олар  әділдік  туын тік көтере  отырып, оны  халық  мүддесімен  ұштастыра  білді. Сондықтан  сот  билігі  мемлекеттік  биліктің  ең  маңыздысы  әрі  халыққа  мейлінше жақын, қарапайым да түсінікті  болып, оны  халық  қолдап., қуаттады,  кұрметтеп  таяныш  бола  алды. Сол  себепті  де  қазақ қоғамындағы  сот  билігі  қарыштай  дамып, өз мүмкіндігі мен  қасиетін  айқара  ашты. Тіпті хандық билікті  де  өзіне  бас  иіре, көндіре алды. Сөйтіп «Сот  билігі  далалықтардың  мемлекеттік  өмірінің  символы  іспеттес  еді  және ондағы  мемлекеттік  биліктің  жалпы  көрінісі, оның  қолданылуының  және  іске  асуының  ең қолайлы да ұтымды, жедел  де арзан, тіптен әмбебап  десе  де болғандай  нысаны (құралы) еді.[1] Сондықтан да қоғамдағы  мемлекеттік  органдардың  барлығы дерлік өз алдарында  тұрған  мақсат-міндеттерді шешуде және өз қызметтерін атқару барысында  соны  пайдалануға  тырысатын  немесе  соған  арқа  сүйеп  бағатын». Алқабилер соты ешкімге тәуелді болмай,  тек  өмір  тәжірибесімен өз арына ғана  тәуелді болады. Алаламай арының  алдында  әділ шешуге, құдай  алдында қарабет болмауға  тырысады. Бұл  сот әділдігін орнатуға, өмірдегі  тәжірибесін өзгелерге үлгі етуге, сөз  өнерін дамытуға, құқықтық  сананы  көтеруге, азаматтардың құқықты  ойлап – түсінуіне  зор  ықпал  етеді.

Өкінішке  орай, соншама  пайдасы  зор «алқабилер  соты» қазақилық  дәстүрден  алшақтап, континентальдық  үлгідегі елдерге  еліктеушілік әрі классикалық үлгідегі елдердің  қылмыстық  сот і сін  жүргізуіне  көбірек көңіл  бөлушілік нысаны байқалады. Оған мысал ретінде «Қазақстан  Республикасындағы ант берушілердің қатысуымен сот ісін жүргізудің классикалық  үлгісін  енгізудің  пайдасына  негізгі  дәйектер» деген  тақырыпта  Демократияландыру және азаматтық  қоғам  мәселелері жөніндегі  Ұлттық  Комиссияның …..  осы  салаудағы  кеңес салт – дәстүрінен  бас  тартқан  дұрыс  және қазақ  тарихындағы қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  де  халықтың  қатысу  нысанын  Шоқан  Уәлиханов сипаттағандарды  назарға  алмай,  ант  беруші заседательдерінің қатысуымен  қазіргі  кездегі  Қазақстанның  талаптарына  жауап  беретіндей  сотты  құру  керек – дегенінен  дәстүрлі  сот  ісін  жүргізудің қазақи үлгісіненбас тартуда білдіреді. Ш. Уәлиханов билер сотының  қарапайымдылығы  мен  жариялығын, халықтың  сот  процессіне қатысуына  кең  мүмкіндік  берілетінін,  айыпталушыға  қарсы  нақты  айғақ  болмай,  бірақ күшті күмән ғана болғанда  таңдап алынған  адал  руластарының  делдалдығына  жүгініп, оларға ант  ішкізетінін, билер соты  ағылшындардың  деректер  туралы мәселе  (question  of  fact) деп  аталатын  шешіміне  ұқсас  екенін  айтады  ғой.

«Алқабилер соты» қазақ қоғамында ежелден бар болып, ол екі  көріністен  тұрған. Бірі «билер  кеңесі»  және  екіншісі  – «жүгініс». Алқабилер  соты»  аса  маңызды,  күрделі  істерді  қарап,  соңғы  шешімін  шығарған. Екі  көріністе де  тараптар  ақылдаса  келіп,  орталарынан  бірін  сол  кеңеске  төраға етіп  қояды.  Алқа  мүшелерінің  саны  әрбір  қылмыстың  түрімен  күрделігіне  орай  әртүрлі  болады. Жүгініс  билер кеңесінен  гөрі кішірек,  оның  саны – 3 не 7 биден  аспаған. Алқабилер  кеңесі  шешімін  шығара  алмай,  соңғы  нүктесін  қою  үшін  «жүгініс»  сотына  жанжалды  шешуді  тапсырған.  Билер  кеңесі де,  жүгініс те  ашық  аспан астында, көптің  қатысуымен  өткен.

«Алқабилер  соты»  істі  қарау  процесін  мынандай  тәртіппен  өткізген:

– әзірлік – ымыраластыру;

– нақтылы  жағдайлар  мен  дәлелдемелерді  зерттеу  (тараптарлы, куәларды  тыңдау,  билердің  жарыс  сөзі);

– дәлелдемелерге  баға  беру, бір  шешімге  келіп,  іс  бойынша  үкім  шығару;

– сот  ісін  аяқтау,  ала – жіп рәсімін  жасау.

Сот процесінде «Алқабилер  соты» мүшелері  процеске  қатысушыларға  сұрақтар қоюға,  сөз  сөйлеуге, тіпті  уақиға  болған  жерді  көруге, айғақ  заттармен  танысуға  құқықты. Төраға  бәрін  тыңдап,  тек ең  соңынан  өз пікірін  айтады. Негізінен  екі тарап (жәбірленуші  және айыпталушы) өз  айғақ – дәлелдердің  айтып,  таласады. Төраға  бұларды  сараптап, қажет  болса  сұрақтар бере алады. Сот процесінде кім қанша сөйлеймін десе де шектелмейді, бірақ ол  нақты  іс  жөнінде  болуы  тиіс. Іс нақтыланбай,  күмәнді  болған  жағдайда  ант  беру  дәстүрі  қолданылған. Ант беру  дәстүрі өте  ауыр. Оны кез – келген адамның  орындауы  екі  талай. Себебі, жәбірленуші  жақ  ант  беруге  айыпкер жақтың руластарынан ең әділ, иманды, өтірікке  жаны қас адамдардың  бірнешеуін  атап, солардың  бірі міндетті  түрде  қылмыскердің ақ  не қара  екені  жөнінде  ант беру  тиіс. Ант  беруші  адам  кебінделіп,  қолына  Құран  ұсталып, ата – бабаларының қабірі  басына, не  әулиелі жерге, не мешітке  апарылады  әрі  сол  жерде  ант беруші  міндетті. Ешкім  мұндай  жағдайда  өтірік  ант  бере  алмайды. Бар  шындықты  жайып  береді.

Ал  маңызы  аз, кішігірім қылмыстық  не  азаматтық  дау – дамайларды  жеке  бір  би – ақ шеше  алған.

«Алқабилер сотын» мемлекетіміздегі демократия деңгейін көтеріп,  мемлекеттік билікті  іске  асыруға  халықтың  қатысуын,  сөйтіп  азаматтық  қоғам  құруға  айқын  жол  ашудың  алғашқы  сатысы.  Сот  әділдігін  жүзеге  асыруға  көпшіліктің  қатысуы  мен  бақылау  мүмкіндігіне  жол  жүзеге  асуы. Әділ  өкілеттік  не  болу  «Алқабилер  сотының» демократиялық  сипаттарына  мүмкіндік әпереді. Ой мен ұятты,  адамгершілікті  нысана  еткен  бұл  сот  бұрынан  етене  сайысушылықты,  адам  құқығы  мен  теңдігін, құқықтар  сананы  жоғары көтеріп, халық  қолдауына қайтадан  не  боларына  дау жоқ. «Алқабилер соты» тұралық қазақстандық үлгі  бойынша «ант  берушілер» немесе  «алқа  билер»  құрамына  бір  кәсіби  сот  қоғамның  әр – түрлі  топтарынан  таңдап алынған 12 мүшесі болады. Біздің  ойымызша, мүшелерінің  саны тақ болуы тиіс. Өйткені, кәсіби сот араласуынсыз  «алқа билер»  мүшелері тараптардың дәлелдемелері мен  айғақтарын  таңдап,  қылмыс  жасаудағы сотталушының кінәлілігі  мен  кінәсіздігі туралы  шешім  шығарады. Сол  кезде  мүшелердің тақ  болуы  қажет. Ал,  кәсіби  сот  шешімі  шығаруға  қатыспайды. «Алқабилер»  сотының  мүшелерінің  25  жастан  кем  болмауы,  лауазымды  адамдар  діни  мекеме  өкілдері  мүше  бола  алмайтыны  көрсетілген. «Алқабилер» соты  мүшелерінің  тізімін  сот әкімшілігі  комитетіне  жүктеледі. Ол  комитетке  арнайы  статус беріп,  сот  жүйесінен  шығарылып,  мемлекеттік  дербес  орган  ретінде  құрылатыны  айтылады. Көбінесе  мұндай  сот  өте  ауыр  қылмыс  түрлеріне, оның  ішінде  өлім   жазасына  кесілетіндерді  қарап,  үкім  шығарады. Сот  ісін  жүргізу  бірнеше  бөліктердің:

1) Алдын  ала  тыңдау,

2) Сот  мәжілісін  даярлау,

3) «Алқабилер»  коллегиясын  құру,

4) Сот  тергеу,

5) Сайысушылық  және  сотталушының  соңғы  сөзі,

6) «Алқабилер»  шешетін  мәселелерді  дәйектеу,

7) Төрағаның  сөзі,

8) Вердикті (үкім)  шығарып, жариялау,

9) Үкімді  талдап,  талқылау,

10) Үкімнің  қаулысы.

Осы жинақта «Қазақстан Республикасындағы алқабилер  соты»  жайлы  Қазақстан  Рсепубликасының  Заңы  берілген.  Бұл  азаматтық  қоғам  құруға, мемлекетіміздегі құқықтық – демократиялық сипаттарды  одан  әрі  тереңдетуге  жасалған  ірі  қадам  деп  санауымыз  қажет. «Алқабилер» сотының  мүшелері  әділеттікті  басшылыққа  алып,  қоғам  мүшелерінің  ар – ұятын  көтеруге, құқықтық сана  мен  мәдениетінің өсуіне игі  қадамдар  жасай  алады  деп  сенеміз.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Қазақстанның  сот жүйесіне алқабилер институты ресми түрде енгізіліп сәйкесінше тиісті заңдарға өзгертулер мен толықтырулар ендірілді.

Алқабилер сотының қолданысқа енуі, әрине әділ сот шешімін  шығаруда өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт өте үлкен.

Әрине, алқабилер сотын  қолданысқа енгізудегі ең басты мақсаттарының бірі сот билігіне жаңа серпін беріп Қазақстанның сот жүйесіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты бағыт, бағдар, мақсат ретінде белгіленген болатын.

Соңғы әлемдік тәжірибеден жинақтаған ақпараттарға сәйкес алқабилер соты әдетте әлеуметтік – экономикалық жағдайы жақсы және халықтың тұрмыс тіршілігі жоғары мемлекеттерде алқабилер  соты кең қолданыс тапқан. Сондай – ақ, алқабилер соты осы қоғамда өмір сүретін адамдардың құқықтық сана сезімнің жоғары болуын талап етеді.

Өкінішке орай, Қазақстанда халықтың экономикалық, әрі әлеуметтік тұрмыс деңгейі әліде болса төмен, сәйкесінше азаматтардың құқықтық санасында қалыпты деңгейде деп айтуға келмейді. Сондықтан да болар алқабилер сотын ендірген алғашқы жылдарда бірден айтарлықтай жаңа сапалық деңгейге сот әділдігін жүзеге асыру көтерілді деп айтуға әзірше келмейді.

Алқабилер сотының басқа да соттардан, яғни әкімшілік, азаматтық, қылмыстық соттардан басты айырмашылығы бұл жүйеде қылмыс жасаушының жеке басының рөліне, яғни мінез-құлқына, өмір танымына т.б. басты назар аударатындығымен ерекшеленеді

Өмірлік тәжірибе көрсетіп отырғандай алқабилер соты әліде болса тәжірибелік сынақтан терең өтуі керек.

 

ПАЙдаЛАнылған әдебиеттер 

 

1 Антонян Ю.М. Всегда ли прав глас народа? Суд присяжных –иное мнение // Интернет-экспресс. – № 20. – июнь 2003.- С.3