«ТОМИРИС АПАЙ», КІМ?..

Төмиристей аруды – үлгі тұтқан
(марқұм Алма Қыраубайқызы туралы)

 

959a557f5f6beb411fd954f3f34b21c3
Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері Әмір Молдабековтың аталмыш мақаласы Dashti Kypchak сайтында жарияланған екен. Әмірдің мақаласы маған қатты ұнады. Профессор, марқұм Алма Қыраубайқызы туралы тамша танымдық мақала жазған екен.

Әмір екеуміз сонау жылдары «Түрік даналары» атты менің авторлық телебағдарламамды апта сайын Қазақ телевизиясы мен «Алатау» арнасынан беріп тұрғанымыз, әлі күнге дейін есімде. Әмір Молдабек екеуміз осы телебағдарлама үшін Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығын да алып едік.

Профессор Алма Қыраубайқызы, біздің әр телехабарымызға тыңғылықты дайындалып, тамаша пікірлер айтатын. Алма апайымыз Қазақ деген ұлтын жанындай сүйетін. Біз ол кісіні сыртынан «Томирис  апай» дейтінбіз.

 

Ол кісі жарты сағаттық бұл телебағдарламаға қатысып, ойларын керемет жеткізіп еді. Алма Қыраубайқызының маған айтқан мына әңгімесі назар аударалықтай еді. Алма Қыраубайқызы:

-Жұмысқа автобуспен келе жатқам. Сонда отырған екі қазақ әйелі: «кеше «Томирис» атты телехарды көріп қалып едім, аяғына дейін көре алмай қалып едім. Сен, аяғына дейін көрсең, Сол Жұмаш Көкбөрінің хабарын. Томирис кім дегенде, мен әңгімеге араласып: «Томиристің қазақ даласынан шыққан ұлы тұлға екенін айтып беремін» деп, өз аялдамамнан өтіп кетіппін,- деген әңгімесінен марқұм, профессор Алма Қыраубайқызының қандай жан екенін түсіну қиын емес…

 

 

Жұмаш Кенебай (Көкбөрі),

Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, тележурналист, ақын.

03.03.2016 жыл.