КЕМЕҢГЕР ҰЛТ — ҚАЗАҚПЫЗ!

 

 

135AMIR  СУРЕТ 004

 

“Қазақ кім?”-деп, шыныменен білгің келсе, бауырым,
Кешегі — Ғұн, кешегі — Сақ менің алтын тамырым.

Көк семсерлі, көк байрақты — Қағанаты Көк Түрік,
Атақ-даңқы жер жарғанда — қалған қанша шет біліп…

Бұл да менің ертеден-ақ — асыл тегім саналған,
Тамырлардай тоғысатын — тарап-тарап сан алуан.

Аң төресі — Көкбөріні еміп өскен Тегім бар,
Арпапалысқан дұшпаныма — кеткен біраз кегім бар…

“Кек сақтау ма?”— Атамаңыз, бәрін,бәрін кешіргем,
Иолығ-Тегін хаттарымды тасқа қашап көшірген.

Еділ патша — Атилла боп, мен Батысты ояттым,
Дүр сілкінген — тұлпар мініп, жеткен жері аяқтың!..

Мекендеген жауынгер ел — Дешті Қыпшақ даласын,
Көзбен көрсең — менің қандай болғаныма нанасың!

Қыпшақ тілде “Куманикус Кодексті” — жазған біз,
Тек жағынан — мүмкін аққу, мүмкін аппақ Қазданбыз…

(Осылардан мүмкін сосын — “Қазақ” болып қалғанбыз)
Шыңғыс хан да, Жошы хан да, Құбылай да — жат емес,

Батыс… орыс… айтқанындай: “жауыздардың” аты емес.
Бір бастаудан, бір анадан — бәріміздің қанымыз,

Сондықтан да — өлсектағы бірге біздің жанымыз.
Алтын Орда, Көк Орда, Ақ Орда да — бізге ортақ,

Барша түрік қандастарым — және бұлар Сізге ортақ!
Бабыр, Жиһан, ӘмірТемір, Керей, Тәуке — қандасым,

Ұлы дала, сенің даңқың мәңгі-бақи самғасын!
Әз Жәнібек, Қасым, Есім, Ер Абылай — Хандарым,

Қажыр-қайрат күштеріңді — қазағыма арнадың!
Бұлардан соң — ойлы-қырлы болды менің тағдырым,

Бірақ көштен қалғамын жоқ — әлі көптің алдымын.
Бауырымды езе алмады — Ресейдің тепкісі,

Шығын болды осы жолда — қазағымнан көп кісі…
Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы — “Алаштың”

Халел болып, Мұстафа боп, Мағжан болып таң астым!
Менің Текті Бабаларым соққан төсте қайралдым,

Ең соңында буырқанған — Желтоқсанға айналдым!
Бізден күткен Бабалардың — ақ үмітін ақтадым,

Қазақстан — Тәуелсіз ел! Атты осылай ақ таңым!

Ал, бауырым, аңдадың ба — біз о бастан ғажаппыз,

Елі де бай, Жері де бай — кемеңгер ұлт Қазақпыз!!!

 

Abai.kz  Жұмаш КЕНЕБАЙ.

Abai.kz Жұмаш КЕНЕБАЙ